«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


-2018 оқу жылына арналған «Коммуникация» білім беру саласы «Шет тілдер» (Ағылшын тілі) бөлімі бойынша балалардың білім-білік, дағды бойынша мониторингі (қорытынды)



бет15/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
2017-2018 оқу жылына арналған «Коммуникация» білім беру саласы «Шет тілдер» (Ағылшын тілі) бөлімі бойынша балалардың білім-білік, дағды бойынша мониторингі (қорытынды)


Топ

«Ақбота» ересектер тобы

Қорытынды

Саны

17

18

1 деңгей

-

-

2 деңгей

9 (56%)

12 (64%)

3 деңгей

8(44%

6 (36%)

ҚР «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру барысында бөбекжайда ҚР баспалары шығарған газет, журналдарға жазылу жүргізілді. «Орталық Қазақстан», «Абай ақиқаты», «Ізденіс», «Егемен Қазақстан» газеттерімен қатар «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту», «Отбасы және балабақша», «Асанәлі» журналдарына жазылды. Педагогтардың мақалалары «Абай-Ақиқаты» аудандық газетіне жарияланып тұрды. Жыл бойы балабақшамызда мерекелік іс-шаралар өз мәнінде өткізілді. Атап айтар болсам, «Қош келдің, Наурыз!», «9 Мамыр», «Тілдер мерекесі», «Алтын күз», «Тұңғыш президент», «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «8-21 наурыз мерекелері», «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «7 мамыр Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр Жеңіс күні», «Рәміздер күні», «Астана күні» мерекелері кең түрде атап өтілді.
2.2.10. Әдістемелік кеңес. Педагогтардың жұмыста диагностикалық әдістемелерді және мониторинг бағдарламаларын қолдану, балалардың даму деңгейін тексеру және бақылау мақсатында әдіскер К.О.Жылкыбаеваның басшылығымен, әдістемелік кеңес отырыстары жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, өткізілді. №1 әдістемелік кеңес «Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, барысында өтпелі тақырыптар бойынша перспективалық жоспар мен циклограмманы жазу, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы дайындаған Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу нәтижелеріне талдау жасалынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. №2 әдістемелік кеңес «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары» тақырыбында конференция түрінде өткізіліп, онда тәрбиешілер мен мамандар шығармашылық жобалары мен вариативтік компонент бағыты бойынша жұмыстарына тоқталды. Тәрбиеші С.Абдуллаева «Дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді дамыту» тақырыбы бойынша топтарда дамыту орталықтарын жүйелі ұйымдастырудың тиімділігі жөнінде айтып өтті. Әдіскер К.Жылкыбаева «Тәлімгер мектебі» жұмысының барысына тоқталып, педагогтарға әдістемелік көмектің уақытылы беріліп жатқаны туралы айтты. №3 әдістемелік кеңесте «Көптілділік саясаты-оқыту процесінде» тақырыбы бойынша презентация жасалып, тіл мамандары үштілділік бойынша өз ойларын ортаға салып, қазіргі заман талабына сай үш тілде оқыту балаларымыздың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алатынын айтты. «Құзіретті педагог-жаңа формация педагогы» тақырыбында өткен №4 әдістемелік кеңесте қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу-заман талабы, жаңа формация педагогы деп кімді атай аламыз деп жаңа форматтағы педагог моделімен таныстырылып, педагог-тәрбиешілер өз ойларын ортаға салды. №5 әдістемелік кеңес «Жылдық оқыту мен тәрбиелеу жұмысының қорытындысы» бойынша өтті. Онда жыл бойы жүргізілген әдістеелік жұмыстарға тоқталып, келесі жылдың мақсат-міндеттері айқындалды.
Аталған мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттер анықталады:

  • Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда, олардың тәрбие және оқыту процестерінің жекешелендіру жолында, балалардың моральдық-рухани және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, дамыту ортасын орнату, педагогтардың біліктігін әрдайым дамыту мақсатында арнайы семинарларды, кеңес берулерді, «Шығармашылық бөлме» жұмысын ұйымдастыру;

  • Педагогтардың өзіндік білім алуына жағдай жасау, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін бағалауда объективті пікірлерді қалыптастыру және шығармашылық есептерді ұйымдастыру, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізу арқылы педагогтардың объективтілігін тексеру.

  • Әдістемелік көмекті уақытында көрсету және мақсатты бағытталуын қамтамасыз ету үшін педагогтардың сұраныстарын қарастыру және талдау.

  • Мониторинг жұмысын мақсатты түрде қолдану: сауалнама жүргізу, әдістемелі кжұмыстың тиімділігін талдау және өзіндік талдау, алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірбиені қарастыру, аттестация кезінде тәжірибиелік әрекет етуді талдау.

Жаңа оқу жылында әдістемелік жұмыстың тиімділігін талдауда келесі бағыттарды есепке алу керек:

  • Педагогтар үшін тиімділік;

  • ата-аналар үшін тиімділік.

Әдістемелік жұмыстың тиімділігін өлшеуге арналған критерийлер:
Педагогтар үшін тиімділік:

  • ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал;

  • педагогтарды творчествалық инновацияларға тарту;

  • педагогтардың атқаратын қызметтерімен қанағаттануы;

  • біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы;

  • кәсіби әрекет етудің жоғары деңгейі, кәсіби шеберліктің өсу динамикасы;

  • аттестация нәтижелері бойынша квалификациялық деңгейдің өсуі.

Ата-аналар үшін тиімділік:

  • балабақша, тәрбиешілердің жұмыстары мен қызметтерінің ата-аналармен жағымды бағалануы;

  • педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жолында ата-аналардың тәрбиешілерге көмек көрсетуге дайындығы және талап етуі;

  • ата-аналардың балабақшадағы жағдай туралы жоғары ақпараттандырылуы.

Оқу жылында өткізілген ОТЖ талдау негізінде және бөбекжайдың «Балалардың моральдық-рухани тәрбиесі» ортақ мақсатынан туындап, жаңа оқу жылының ортақ әдістемелік тақырып ретінде «Балабақша тәрбиеленушілердің моральдық-рухани тәрбиесін және білім алуын арттыру жолында педагогтардың кәсіби біліктілігін жоғарылату» алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет