«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Материалдық-техникалық база



бет18/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
2.2.12. Материалдық-техникалық база
Бөбекжайдың ашылуы барысында жақсы материалдық-техникалық база құрылған, ол балалармен денсаулық сақтау және тәрбиелік-білім беудің жұмыстарына қойылатын талаптарға сай келеді. Бөбекжайда арнайы топтық бөлмелер, жатын орындар, тамақтану орындары бар. Кабинеттер: әдістемелік, психолог, мұражай кабинеті. Музыкалық зал заманауи музыкалық құралдармен жабдықталған.
Бөбекжай алаңы безендірілген, әр жастық алаңы қажетті ойын және спорттық құралдармен қамтамасыз етілген. Әдістемелік кабинетте балалар мен ата-аналар арасында жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсететін қажетті әдістемелік, анықтамалық, танымдық әдебиеттер бар. Жыл бойы балалар әдебиетінің кітапханасы толықтырып отырады. Сонымен қатар, қазақстандық баспаларға «Отбасы және балабақша», «Бала мен балабақша» «Өзін өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті әдістемелік құралдармен толықтырылып отырылады. Материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудің маңызды орыны - пәндік дамытушы орта. Ол ата-аналардың көмегімен және педагогтардың шығармашылық жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Топтардың ұйымдастырушылық ортасы рольдік ойын орталықтарынан, көркемдік-ауызша, денсаулық сақтау, құрылыс-конструктивті ойындар және театрланған әрекет етуге қажетті дидактикалық ойын құралдарынан тұрады. Барлық ойын құралдары балаларға қол жетімді және барлық санитарлық талаптарға сай келеді. Бөбекжайдағы даму ортасының талаптарға сай келуі мемлекеттік стандарттарға сай жүргізіледі.
Қиындықтар:

  • бабалардың эксперименталдық жұмысына қажетті материалдардың жеткіліксіздігі, соған арналған арнайы орталықтардың болмауы және балалар үшін қол жетімсіздігі;

  • Бөбекжайда дене шынықтыру залының жоқтығы.

Себептер:

  • тәрбиешілердің біліктілігінің төмендігі және бөбекжай топтарының тар болуынан балалар экспериментталдық орталықтарының болмауы.

  • Ғимаратта артық бөлмелердің болмауы.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, анықталады:
Келешек жұмыстардың міндеттері

  • Материалдық базаны толықтыру және нығайту мақсатында жұмыстарды әрі қарай жалғастыру;

  • Тәрбиленушілердің маңызды компетенцияларын қалыптастыру үшін пәндік-дамытушы орта жұмыстарын жандандыру және оны «ҚР мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарттарына» сәйкестендіру;

  • Қазақстанда шығарылатын жаңа әдістемелік құралдармен, ұсыныстармен толықтыру;

  • Сонымен қатар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын» және «Өзін-өзі тану» моральдық-рухани білім беруді іске асыру үшін әдістемелік базаны нығайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет