«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Жылдық жоспар бойынша ата-аналармен жұмыстың талдауы



бет19/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
2.3. Жылдық жоспар бойынша ата-аналармен жұмыстың талдауы
Жанұяда баланы тәрбиелеу үлкен көңіл бөлуді талап етеді. Ата-ана мен балалардың арасында болатын барлық жағдайлар тікелей махаббатпен байланысты. Бірақ бала тек қана отбасы тыныштығымен шектеліп қалмауы керек, себебі, мұның салдарынан балада түрлі ортада өзін ұстауына байланысты қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан, балабақша мен отбасы өсіп келе жатқан бүлдіршіндерді тәрбиелеуде өз күштерін біріктірулері тиіс.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен отбасының бірегей қарым-қатынасы ата-аналардың көздерінің ашықтығымен тығыз байланысты. Тәрбиешілер төмендегідей жұмыс түрін қолданады:
- Әр ата-анамен жеке сөйлесу, бұл тәрбиешінің немесе ата-ананың құптауымен жүргізіледі;
- Кеңес алу, балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнінде көмек көрсету;
- Ата-аналар жиналысы, ата-аналар ұжымымен жұмыс істеудің жалпы формасы;
- Стендтер – ақпарат берудің жолы;
- Буклеттер – белгілі бір тақырыпқа жасалған жима қағаздар. Буклеттерді баланың құқығы, қорғалуы және денсаулығы жайында жасауға болады;
- Еске түсіру белгілері – жақсы жазылған ықшамдалған мәтін, қандай да бір ақпарат жөнінде еске салуы тиіс;
- Ауызша журналдар – түрлі мамандар мен ата-аналарды кездесуге шақыру;
- Көрмелер – балалар және ата-аналар қызықтай алатын заттардың жиынтығы.
Балабақша мен отбасының ортақтасуы тәрбиешілердің бірігіп жұмыс істеуі және бала мен ата-анаға байланысты.
Тәрбиешілер, ата-аналар және балалардың ортақтастығына мыналар жатады:
- белгілі бір мақсатқа (топты,аумақты жабдықтау)қолданылатын шаралар;
- балалар мен ата-аналарға ортақ көрмелер;
- мерекелік кештер, поэзия, театр кештері-балалар мен ата-аналарды өнер саласында біріктіру;
Ертеңгіліктер, мемлекеттік және күнделікті мерекелерге байланысты іске асатын іс-шаралар әрдайым қызықты,ұмытылмас шақтар. Денені шынықтыратын шаралар, байқаулар, интеллектуалдық ойындар балабақшаның басқа да мамандары атсалысуымен өтеді.
Ата-аналармен жұмыс жүйелі түрде жүргізілгенін ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы байқауға болады. Мысалы, «Қариялар күні» мерекесіне орай «Ардағым-Ардагерім» атты іс-шаралар жоспары жасалынып, «Менің сүйікті-ата-әжем» тақырыбы бойынша ата-аналар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып, барлық топтар арасында «Атадан балаға өнеге» атты аталар сайысы өтті. Сайысқа төрт топтың аталары қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, балаларға баталарын берді. Алтын күз мерекесі қарсаңында «Күз керемет» атты табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылып, ата-аналар табиғи материалдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ата-аналардың қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан!» атты суреттер көрмесі өтті. Көрмеге барлық топтың ата-аналары белсенді қатысты. «Баланың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» атты жылжымалы папка, «Менің отбасыммен демалысым» - фотокөрме, «Ойлаймыз да ойнаймыз» - фото көрініс, «Балабақша мен отбасы» атты педагогикалық консилиум, «Балаларды қалай жақсы көру керек?» ата-аналар үшін қарым-қатынас сабағы, практикалық ұсыныстар, «Баланың үрейі» психолог кеңесі, «Мектепке барамын» тақырыбында ата-аналарды, психолог, бастауыш сынып мұғалімдерін қатыстыру негізінде ашық есік күні, «Іш-асқазан ауруларының профилактикасы» медбике кеңесі, «Отбасында баланы еңбекке баулу» кеңес, «Дені сау болып өсемін!» (І кіші топ балаларын тамақтандыру) Тағамдық қоспалар мен дәрумендер», «Егу не үшін қажет?» медбике кеңесі, «Компьютер ойындарының зияны» атты кеңес, «Жол тәртібін білейік, Аман есен жүрейік!»-жылжымалы папка, «Құстарға қамқорлық» табиғи материалдардан көрме, жас ата-аналарға кеңес: "Сөйлеп үйренемін", «Ата-ана балаңыз мектепке дайын ба?» атты сауалнама, «Ертегілер әлемі» кітаптар көрмелері ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысында оқу жылында өткізілген жұмыстар жайлы ақпарат беріліп, балабақшаның негізгі мақсат-міндеттерінің орындалуы, сонымен қатар балабақша және үй жағдайында балалардың өмірлерін сақтау және денсаулықтарын қорғауды ұйымдастыру шаралары айтылды. Оқу жылының аяғында ата-аналар арасында «Балабақша жұмысы жайлы Сіз не ойлайсыз?» атты сауалнама жүргізілді. Жалпы ата-аналар жиналысында және арнайы топтық отырысқа ата-аналардың 70 пайызы қатысып, аталған мәселелерге қатысты жоғары белсенділікті танытты.
Сауалнама парақтарын талдау келесі нәтижелерді көрсетті:
Сауалнамаға 86 % астам ата-ана қатысты:

  • Сауалнамаға қатысушылардың 95% балабақша жұмысын жоғары бағалады;

  • Балабақша жүмысын орташа деп бағалаған ата-аналардың 5%.;

  • Балабақшаның жұмысы нашар деп ешкім айтпаған.

Екі жыл ішінде ата-аналармен сауалнаманың келесі түрлері жүргізілген:

  • «Өз балаңыз туралы не айтасыз?» - қыркүйек, 2016 ж.

  • «Ата-ана, балабақша тынысымен таныссыз ба?»– қазан 2016 жыл

  • «Балалардың темпераментін анықтау «Ата-аналар, балаңыздың мінез-құлқы» -сауалнама, ақпан 2017 ж.

  • «Бала мектепке дайын ба?» - жоғары топтағыларға - сәуір 2017 ж.

  • «Бала мектепке дайын ба?» - жоғары топтағыларға –мамыр 2017 ж.

Ата-аналардың бөбекжай жұмыстарына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау мақсатындағы, өзін-өзі бағалау материалдарын дайындау үдерісінде, ата-аналармен сауалнама жүргізілді, оған 91 адам қатысты.
Ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыстарына деген қанағаттанушылық мәселесі жөніндегі сауалнама нәтижесі төмендегідей болды:

  • 97% ата-ана мектепке дейінгі мекемедегі өзінің баласының білімі және тәрбиесі туралы мақсаттары мен міндеттері, мектепке дейінгі мекеменің жұмыс кестесі және балалардың тамақтануы туралы ақпарат алады;

  • 89% ата-ана мектепке дейінгі мекемеде балаларды бейімдеу жөніндегі арнайы жұмыстардың қалай өткізілетіндігіне қанағаттанады;

  • 85 % ата-ана тәрбиешілердің, олармен балалардың мектепке дейінгі мекемеге келуіне қатысты әр түрлі мәселерді талқылайтындығын атап көрсетті;

  • 90% ата-аналар топтағы күнделікті оқиғалар туралы, баланың білім жетістігі, денсаулық жағдайындағы өзгерістері және т.б. туралы (ақпарат қабырғасы, қызметкерлердің ауызша хабарламасы) ақпарат алады;

  • 90% ата-аналардың қызметкерлермен бірге бірлесе өткізілетін жиналыстарда балалардың жетістіктері туралы талқылау мүмкіндіктері бар;

  • 93% ата-ананы баласының мектепке дейінгі мекемедегі күтімі, алатын білімі және тәрбиесі (сауықтыру, қабілеттерін дамыту және т.б.) қанағаттандырады;

  • 97 % ата-ана мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері оларға және олардың балаларына тілектестікпен (жылы шыраймен) қарайтындығын сезінеді;

Сауалнама соңында ата-аналарға мектепке дейінгі мекеменің басқа да жұмыстары және оларға енгізуге болатын өзгерістер туралы кез-келген қосымша ойларын жазуына ұсыныс жасалды. Ата-аналардың көпшілігі балабақша туралы жақсы пікірде. Олар барлық қызметкерлерге балаларға деген қамқорлықтары мен сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтады. Ата-аналардың балабақшадағы тәрбиеге және білімге көңілі толады.
Бірақ әкімшілікке қатысты мынадай өтініштер болды:

  • балалар алаңындағы керек-жарақтарды ауыстыру, жаңа әткеншектер, сырғанау төбешіктерін орналастыру;

  • балабақша қабырғасынан бастап ұлттық тәрбиеге көп мән берілсе;

  • жазуды, санауды ІІ кіші топтардан бастаса.

Ата-аналарға қойылған социологиялық сұрақтардан, ата-аналар балабақша жұмыстарына (92 %) өте риза деген қорытынды жасауға болады. Олардың тәрбие және білім беру жұмыстарының ұйымдастырылуына, педагогтар мен олардың балалары арасындағы өзара қарым-қатынасқа, баланың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілгендігіне, тамақтанудың ұйымдастырылуына және өздері мен балабақша қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасқа көңілі толады.
Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Ата-аналар бөбекжайда өткен «Атамның өнегесі», «Өнерлі әже» атты сайыстарға белсенді қатысты, сонымен қатар, балалармен бірге дәстүрге айналған іс-шараларға, мейрамдарға ата-аналар белсенді қатысып, өз көмектерін аямады.
Бөбекжайда ұйымдастырылған жұмыстарға ата-аналардың қанағаттануын анықтау және педагогтардың өздерінің кәсіби жұмыстарына деген қанағаттануын анықтау мақсатында, жыл сайын психолог ата-аналармен және педагогтармен сауалнама жүргізеді. Жыл бойы ата-аналарға арналған екі ашық есік күндері ұйымдастырылды. Олардың мақсаты жас ұрпақты тәрбиелеу және білім берудегі педагогтардың көптеген мақсат-міндеттерін іске асыру жұмыстарымен таныстыру болып табылады. Оқу жылы бойы ата-аналар комитетінің мүшелері белсенді жұмыс істеді.
Қиындықтар:

  • Ата-аналардың арасында балабақша жұмысын объективті бағаламайтындар кездесуі;

  • Бөбекжай қызметкерлерінің баланың тәрбиелену, білім алуы және олардың денсаулықтарын сақтау кеңестеріне ата-аналар арасында құлақ салмайтындардың болуы.

Себептер:

  • Балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы, оның ішінде тәрбиеленушілердің денсаулықтарын сақтау жайлы ата-аналар арасында ақпараттың аз болуы және жұмыстардың жүйесіз жүргізілуі;

  • Бөбекжайда жүргізіліп жатқан шараларға ата-аналардың қатысу төмендігі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет