«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова



бет20/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Күшті жақтары:

  • балабақша және педагогтардың жұмысының ата-аналар тарапынан жағымды бағалануы;

  • ата-аналардың бөбекжай жұмысына араласуы және көмек көрсетуге дайындықтары;

  • Бөбекжай жұмысынан жалпы ата-аналардың хабардар болуы.



Шешу жолдары:

  • Бөбекжайға әртүрлі себептермен келмейтін балалардың ата-аналары үшін кеңес беру орталығын ашу. Аталған орталықтың мақсат-міндеттерін, жоспарын құру.

  • Ата-аналарған арналған стендттерде балалармен күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстарды арнайы рубрикалар арқылы көрсету, мысалы «Біз бүгін немен айналыстық», «Біздің жетістіктеріміз» т.б.

  • топта жүргізіліп жатқан іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметтеріне шақыру;

  • балалардың денсаулықтарын сақтауға бағытталған ортақ тәсілді қалыптастыруда «Сіздің балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда» атты жалпы ата-ана жиналысын өткізу.

  • Ата -аналар жиналыстарында ата-аналарға бөбекжайда енгізіліп жатқан білім беру бағдарламалары, балаларды тәрбиелеу және оларды оқыту жайлы мәлімет беру.

  • Ата-аналарды балалар мекемесінде өткізіліп жатқан денсаулық сақтау шараларының нәтижелерімен ақпараттық стендеттер және ата-аналар жиналысы арқылы таныстыру.

  • Әр топта медбике ақпараттық стендте «Айболит кеңестері» атты рубрикасын жүргізу.



2.4. Жылдық жоспардың барлық бағыттары бойынша мамандардың жұмысының талдауы (орыс тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, этнопедагог, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог)
2.4.1. Орыс тілі мұғалімінің жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы
2017-2018 оқу жылында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысы  талаптарына сәйкес қазақ тілінде оқытатын топтарда «Коммуникация» саласының орыс тілі бөлімі бойынша жұмыс жүргіздім. Жылдық жоспар бойынша орыс тілі ұйымдастырылған оқу қызметі кестеге сәйкес жүргізілді. «Қарлығаш» және «Қазына»ІІ кіші топтарында орыс тілі айына екі рет-2-ші және 4-ші апталарды өтіп отырылды. «Еркетай» ортаңғы тобында әр айдың 1-ші және 2-ші аптасында өтіп отырылды. Ал «Ақбота» ересектер тобында әр аптаның сейсенбі күндері өтілді. Орыс тілі мұғалімінің жұмыс уақытының циклограммасы жасалынды.Қыркүйек айында Тілдер мерекесіне байланысты «Еркетай» ортаңғы тобында «Даша в гостях у ребят» тақырыбында орыс тілі бөлімі бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: учить правильному произношению гласных и согласных звуков русского языка; Учить отвечать на корткие вопросы простыми предложениями. Развивать голосового и артикуляционного аппарата, речевого дыхания, четкой дикции. Воспитывать уважения друг к другу. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларға қонаққа қуыршақ Даша келеді. Балалар қуыршақ Дашамен орыс тілінде сөйлесіп, оның сұрақтарына қарапайым сөздермен жауап беруге үйренді. Орыс тілінде ойыншықтардың атауын, түстердің атауын айтып үйренді. Балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізілді. Оқу жылының басында қыркүйек айында балалардан бастапқы диагностика нәтижелері алынды. Бастапқы диагностика қорытындысы бойынша «Қазына» ІІ кіші тобы балаларының нәтижелері І деңгей-100%, ІІ деңгей-0%,ІІІ деңгей 0%-ды құрады, аралық диагностикада балалардың біліктері мен дағдыларының сапасы едәуір артты. Аралық диагностика қорытындысы бойынша І деңгей-18%, ІІ деңгей-73%, ІІІ деңгей 9%- құрады. Қорытынды диагностикада І деңгей-30%, ІІ деңгей-35%, ІІІ деңгей-35% құрады. «Қарлығаш» ІІ кіші тобы балаларының бастапқы диагностика бойынша нәтижелері-І деңгей 92%, ІІ деңгей-8%, ІІІ деңгей-0 % құрады. Аралық диагностика қорытындысы бойынша І деңгей-69%, ІІ деңгей-31%, ІІІ деңгей 0%-ы құрады. Қорытынды диагностикада І деңгей-17%, ІІ деңгей-55%, ІІІ деңгей -28 % құрады. «Еркетай» ортаңғы тобы балаларының бастапқы диагностика бойынша нәтижелері-І деңгей 30%, ІІ деңгей-70%, ІІІ деңгей-0 % құрады. Аралық диагностика қорытындысы бойынша І деңгей-0%, ІІ деңгей-38%, ІІІ деңгей 62%-ы құрады. Қорытынды диагностикада І деңгей-0 %, ІІ деңгей-21%, ІІІ деңгей -79% құрады.«Ақбота» ересектер тобы балаларының бастапқы диагностика бойынша нәтижелері-І деңгей 12%, ІІ деңгей-88%, ІІІ деңгей-0 % құрады. Аралық диагностика қорытындысы бойынша І деңгей-12 %, ІІ деңгей-19%, ІІІ деңгей 69 %-ы құрады. Қорытынды диагностикада І деңгей-12,5 %, ІІ деңгей-12,5%, ІІІ деңгей -75 % құрады. Балалармен, тәрбиешілермен жеке жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарға кеңестер берілді. Топ балалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты бойынша өз деңгейінде білім алды деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет