«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Ағылшын тілі мұғалімінің жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы



бет21/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
2.4.2. Ағылшын тілі мұғалімінің жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы
2017-2018 оқу жылында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысы  талаптарына сәйкес «Коммуникация» саласының шет тілдер (ағылшын тілі) бөлімі бойынша жұмыс жүргіздім. Жылдық жоспар бойынша орыс тілі ұйымдастырылған оқу қызметі кестеге сәйкес жүргізілді. Тілдер мерекесі қарсаңында «Ақбота» ересектер тобында «What? Where? When?» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Онда тәрбиеленушілер үш тілде заттардың атауын атап, тіл туралы үш тілде тақпақтар айтып, дидактикалық ойындар ойнады. Тәрбиеленушілердің қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды. Тәрбиеленушілермен жыл бойы жеке жұмыстар жүргізіліп, балалар ағылшын тілінде өздерінің атын, туысқандар атауын, дене мүшелері, жыл мезгілдерін, жануарлардың атауын атап біледі. 1-ден-10-ға дейін санап, түстерді ажырата алады. Суретке қарап ертегі мазмұнын айта алады. Балалар жас ерекшелігіне сай білім қорына ие болды.
2.4.3. Этнопедагог мұғалімінің жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы
Халықтық педагоиканы ерте жастан балалардың бойына сіңіру мақсатында балабақша ішінен «Мұражай» ашылып, этнопедагогика бағытында жұмыс жасайды. «Ұлттық қазына» вариативтік компоненттік бағдарламасы жасалып, балаларға ұлттық құндылықтармен сусындатып, білім мен тәрбие берілуде. Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған этнопедагогиканы, яғни халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, қоғамның да басты борышы. Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогиқалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе түседі. Олар: ертегілер, жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал - мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері, халықтық ойындар мен ойыншықтар. Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді. Жаңылтпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін кеңейтеді. Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарыктатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның мақал - мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн сайын толықтырып отырады. Халықтық ойындар мен ойыншықтар бала тәрбиесінде елеулі орын алады. "Ақсерек пен көксерек", "Алтыбақан" сияқты ойындармен бірге "Көкпар", "Аударыспақ" тәрізді спорттық сайыстар дене тәрбиесінің асыл арқауы. Балалар салт-дәстүрлермен танысып, мақал-мәтелдерді жаттап үйренді. Бағдарлама жоспарына сай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық құндылықтармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет