«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Музыка жетекшісі маманының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы



бет22/51
Дата06.09.2022
өлшемі388.79 Kb.
#38510
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Музыка жетекшісі маманының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы

Ән айту - музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы болып табылады және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі рөл атқарады. Бала дауысы-нәресте кезінен қалыптасқан табиғи құрал. Сондықтан да ән айту балаға жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіреді, тынысын тереңдетуге, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Ән айту барысында баланың музыкалық есту қабілеті, ырғақтық сезімі, ой-өрісі дамиды. Көңіл-күйін білдіруге, музыканы терең сезінуге көмектеседі. Музыкаға деген эстетикалық танымы өз бетімен қалыптаспайды. Балабақшада балалардың музыкамен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Әр топта музыкалық ұйымдастырылған оқу қызметтері, ертеңгіліктер, әр түрлі шаралар өткізіліп тұрды. Балалармен «Алтын күз» мерекелікертеңгілік өткізілді. Онда балалар күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырылып, Күз ханшайымының тапсырмаларын орындады. Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы!» мерекелік ертеңгілігі өтті. балаларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мәліметтер беріліп, олар тақпақтар мен жырдан шашу шашты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздігімді жырлаймын!» мерекелік ертеңгілікте тәуелсіздік туралы тақпақтармен би билеп өнер көрсетті. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл» атты шырша мерекесі өтті. Мерекеде балалар Аяз ата мен Қарша қызға арнап тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Қонаққа келген Қоян, Түлкі, Қарақшы, мыстан кемпірлермен ойын ойнап, көңілдерін көтерді. Ал, аналар мерекесі қарсаңында «Әнім саған арналады» атты ертеңгілік өтті. Онда балалар аналарына, әжелеріне арнап тақпақтарын айтып, әннен шашу шашты. Мереке соңында аналарына арнап жасаған сыйлықтарын табыстады. Наурыз айының 19-күні «Қарлығаш» ІІ кіші тобында «Музыка әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткіздім. Онда балалар ұлттық музыкалық аспаптармен танысып, аспаптарды дыбысына қарай ажыратты. Наурыз-мұсылман қауымының ұлттық мерекесі. Наурыз мерекесі арқылы ұлтық құндылықтарымызды танып, дәріптеп жүрміз. Кішкентай бүлдіршіндердің бойында өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, ұлттық құндылықтарды ойына сіңіру мақсатында балабақшада наурыз мерекесі кең түрде тойланады. «Құт дарыған-Наурызым» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар салт-дәстүрден көрініс көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сәуір айында «Жер шары балаларының достығы» ҚР халықтарының бірлігі күніне арналған ертеңгілік, Жеңіс күніне орай «Ардагерлерді ұлықтаймыз» атты ертеңгіліктер өтті. мамыр айының 30-күні «Ақбота» ересек топ балаларының балабақшамен қоштасу кеші өтті. Онда балалар білім мен тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын айтып, балабақша туралы тақпақтары мен әндерін айтып, би биледі.Музыкалық тәрбие баланың ақыл-ойының дамуына әсерін тигізеді.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет