«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Психолог маманының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы



бет24/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
2.4.6. Психолог маманының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы
Психологиялық қызметтің нормативтік негізі – Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы, ҚР-ның «Білім беру туралы» заңы (2016 ж 9 сәуірі жағдайындағы өзгертулері мен қосымшалары); Қазақстан республикасында 2016-2019 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; ҚР Конституциясы; Психологиялық қызмет жайлы Ереже, Психологтың этикалық кодексі, ҚР білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің құқықтық статусы жайлы ереже жобасы болып табылады. Психологиялық қызметтің мақсаты бөбекжай балаларының толыққанды психологиялық дамуы үшін жағдай жасау. Ол үшін әрбір баланың жан-жақты дамуы, бөбекжайдың тәрбиелеу-білім беру үрдісінің сапасын арттыру, педагогтың психологиялық құзыреттілігін арттару үшін жағдайлар жасалған.
Психологиялық қызмет жұмысы екі негізгі бағытқа – өзекті және перспективалық бағытқа бөлінген.

  • Өзекті бағыт-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қандай да бір қиындықтарымен байланысты маңызды мәселереді шешуге бағытталған.

  • Перспективалық бағыт-әрбір баланың жеке қалыптасуына, дамуына, оның мектепке психологиялық дайындығының қалыптасуына жұмылдырылған.

Психолог педагогикалық ұйымның қызметіне негізгі психологиялық идеяны – әр бала тұлғасының үйлесімді даму мүмкіндігін енгізіп, оның тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асуына ықпал етті. Бөбекжай психологиялық қызметінің негізгі міндеті балалардың дауы, психологиялық қолдау көмегін көрсету үшін психологиялық жағдай жасау болып табылды.
Бөбекжай педагог-психологы қызметінің негізгі бағыттары психологиялық диагностика, түзетуші-дамытушы жұмыстар, психологиялық ағарту және психологиялық алдын-алу, психологиялық кеңес беру, бөбекжай қызметін психологиялық тұрғыдан қолдау болып табылады.
Психодиагностиканың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуы мен толыққанды дамуына кедергі келтіретін жағдайларды анықтау. Зерттеулер жас ерекшеліктеріне сәйкес сапалы, бала тұлғасына білім беру ортасына әсері нәтижелерінің диагностикасына негізделген. Диагностикалық зерттеулер қабылданған шаралардың нәтижелілігін қадағалау мақсатында түзетуші-дамытушы жұмыстар жүргізілгеннен кейін де өткізілді.
Оқу жылының басында келесі мінез-құлық (даму) белгілері бойынша зерттелген, мектеп жасына дейінгі баланың даму ерекшелігін бағалау жүргізілді:

  • Ата-аналар қатынасы

  • Топтағы мінез-құлық

  • Балалармен ойын және қатынас

  • Танымдық даму

  • Әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен бағыт

  • Қызметтің қарқынды сипаттамасы

  • Тілдік даму

  • Денелей даму

  • Моторикалық даму

Атқарылған жұмыстардың сапалық талдауы түзетуші-дамытушы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілеуге, «тәуекел топтарын» анықтауға мүмкіндік берді.
Бөбекжай педагог-психологының түзетуші-дамытушы жұмыстары келесі жұмыс нысандарын құрды:

  • Топтық психотүзетуші сабақтар, дамтыушы ойындар;

  • Жеке психотүзету сабақтары;

  • Балаларды мектепке дайындау бойынша сабақтар.

Педагог-психолог балаларды мектепке психологиялық тұрғыдан дайындау мәселесі бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Баланың мектепке баруы – оның өмірінде жаңа кезең. Осы кезеңді балалар әрқилы көңіл-күймен қабылдайды. Осы кезде негативті эмоциядан аулақ болу үшін және олардың бейімделуіне септігін тигізу үшін педагог-психолог «Орман мектебі» атты түзетуші ертегіні қолданды. Ертегі кейіпкерлері үшін алаңдай отырып, балалар өз сезімдеріне назар аударады. Орман мектебі оқушыларының бейнесі арқылы өздерің алаудау себептерін түсініп, өз әрекеттерін бағалау оларға жеңіл тиеді. Мектеп атрибуттары, сынып, ереже және т.б. сипаттау балалардың мектеп алдындағы алаңдаушылық сезімдерін қалыпқа келтіруге көмегін тигізеді. Бұл ертегілер дидактикалық, түзетушілік және терапиялық міндеттерді шешті; балалардың елестете білулері мен ойцлауын дамытты.
Педагог-психолог жылдық жұмыс жоспарына сай бөбекжай топтарының ата-аналарымен жыл бойы қарым қатынаста болып, кеңестер беріп, тренингтер өткізді.
Сонымен қатар жоспарға сай және қажетіне қарай жоспардан тыс бөбекжай педагогтарымен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, кеңестер беріліп, тренингтер және әртүрлі психологиялық тесттер өткізілді
Сондай-ақ, бөбекжай педагогтарының аттестаттау құжаттарын жинастыруында көмек көрсетіліп, педагогтардың психологиялық портрет сипатамасы жасалды.
Демек, аталмыш оқу жылында психологиялық қызметтің барлық жұмысы келесі бағыттарда жүргізілді:

  • Психодиагностикалық

  • Кеңестік

  • Алдын-алушылық

  • Түзетуші-дамытушылық

Нақты бағыттар психологиялық-педагогикалық мониторингте көрініс тапты.
Диагностика нәтижелері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет