«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту



бет28/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту.
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы негізінде балаларды тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі. Елді мекеннің ішінде бір мектепке дейінгі ұйымнан басқасына орын алмастыру жас топтары сәйкес келген жағдайда, ата-аналардың және мектепке дейінгі ұйым басшыларының келісімімен жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйым қызметі екі кезеңге бөлінеді:
1)1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – Үлгілік бағдарлама мазмұнын игеру кезеңі;
2) 1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.
3) 1 қыркүйекте 6 (7) жасқа толған балалар мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1 тамызға дейін босатылады;
4) балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат негізінде бөбекжайда 1 маусымнан бастап жазғы сауықтыру кезеңі басталады. 2017-2018 оқу жылының жазғы сауықтыру кезеңінің жоспары дайындалып, бөбекжай директоры А.Назированың қолымен бекітілді. Жоспар бойынша аптаның 4 күні жазғы кестеге сәйкес жеңілдетілген оқу қызметтері өткізіледі. Аптаның бесінші күні апталық тақырыпты қорытындылау нәтижесінде ойын-сауық өткізіледі. Ойын-сауыққа жауапты педагогтар бекітілді. Балаларды жазғы кезеңде дене-сауықтыру жұмысы (спорттық және қимылды ойындар, таңертеңгі гимнастика, сергіту сәттері, музыкалық-ырғақтық қимылдар, дербес қимыл белсенділігі, ұсақ моториканы дамыту ойындары, тыныс алу жаттығулары, көзге арналған гимнастика және т.б.), тиімді тамақтануды ұйымдастыру, шынықтыру (күннің көзіне қыздырыну, серуендер, жорықтар, жарыстар және т.б. сауықтыру жүйесін қамтиды. Мектепке дейінгі ұйымда жаз кезеңі шығармашылық, сауықтыру мен қарым-қатынас, ойындар, сауық-кештер, бірлескен және жеке еңбек, тәжірибелік-эксперименттік әрекет түрлерін де қамтиды.
SWOT – талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет