«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова



бет5/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
2.2.1. Педагогикалық кеңес
Бөбекжайда педагогикалық кеңес жылына бес рет өткізіліп, әр түрлі тақырыптар талқыланды. Басым бағыттар бойынша жұмыстар педагогикалық кеңесте қаралды. Педагогтар жұмыс істеген бірыңғай әдістемелік тақырып та осы бағытпен байланысты болды. Балалардың әлеуметтік дамуы жөніндегі жұмыстардың жағдайын, басым бағыттың және бірыңғай әдістемелік тақырыптың жүзеге асырылуын анықтау мақсатында тақырыптық тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ, бұл мәселе педагогикалық кеңесте қаралды, педагогтар үшін жадынамалар әзірленді. Жасалған жұмысты талдау бөбекжайда нақты жағдайлардың құрылғандығын, алайда оның балалардың рухани-адамгершілік білімдеріне, тәрбиесіне және зияткерлігін дамытуға қатысты міндеттерді шешу үшін жеткіліксіз екендігін, әрі осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін барлық педагогтардың бірдей игермегендігін көрсетті.
№1 педагогикалық кеңес «Бөбекжайдың жаңа оқу жылына дайындығы» тақырыбында теориялық түрде өтіп, педагогтарды жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен және мемлекеттік стандарт (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) талаптарымен, сондай-ақ 2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырылды.
№2 педагогикалық кеңес «Балабақшада балалардың дене бітімінің жан – жақты дамуына жағдайлар туғызу» тақырыбында алынып, педагогтар мен медбике баяндамалар оқып, «Балабақшада баланың дені сау болу үшін не көмектеседі?» тартымды рефлексивті-рөлдік ойын көрсетіліп, қызықты пікірталас түрінде өтті.
№3 педагогикалық кеңес «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында дөңгелек үстел түрінде өтті. Онда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтармен таныстыруды барлық шараларда іске асыру, латын әліпбиеніе көшудің маңыздылығы жөнінде пікір алысып, ой бөлісіп, қазіргі кезде латын әліпбиінің қажеттілігі жөнінде талқыланды.
№4 педагогикалық кеңес «Педагогтардың өздігінен кәсіби дағдыларының жүзеге асуының қалыптасуы» тақырыбында шығармашылық қобдиша түрінде өтіп педагогтың кәсіби құзіреттілігі-білім сапасын көтерудің факторы екеніне тоқталынды. Педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру қазіргі заман талабы екенін, тәрбиеленушілерді жан-жақты дамыту қазіргі педагогтың міндеті екені, сонымен бірге, педагогтардың өзіндік білім жетілдіру тақырыптары бойынша көрме ұйымдастырылды.
№5 педагогикалық кеңес «2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайын анықтау, келесі оқу жылының мақсат-міндетін айқындау» тақырыбында жыл бойы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасалынып, келесі оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалды.
Алдағы кезеңде жүргізілетін жұмыстар

  • балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;

  • балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» кіші бағдарламасы);

  • ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту;

  • балалардың тарихқа, табиғатқа, мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру;

  • балаларды мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.

Оқу жүктемесі барлық жастағы мектепке дейінгі білімнің санитарлы-гигиеналық нормасына және ережесіне сәйкес келеді. Мектепке дейінгі балалардың жалпы білім алу көлемі ойнау және оқу барысы педагогтарды денсаулық сақтау технологиясын қолдануға итермелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет