«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова



бет8/51
Дата06.09.2022
өлшемі388.79 Kb.
#38510
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Шешу жолдары: Бөбекжайдың танымдық хабардарлық міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жұмысын талдай отырып, балалардың тілін дамытуға ерекше назар аудару қажет, оларды көркем әдебиетпен және театрландырылған әрекеттермен таныстыру, Педагогтарды әр түрлі сайыстарға қатыстыруды ынталандыру.


2.2.5. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері
Оқу жылының басында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу арқылы тәжірибе жинау мақсатында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері жоспары түзіліп, бекітілді. Жоспар бойынша 19 (он тоғыз) ұйымдастырылған оқу қызметтері жоспарланды. Оның барлығы 18-і өтіліп, педагогтар өзара тәжірибе алмасты, ал 1-і тәрбиешінің денсаулығына байланысты өтілмей қалды. Тәрбиешіге ескерту берілді.
20 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімі А.Берлибаева «What? Where? When?» тақырыбында «Ақбота» ересектер тобында өткізді. Онда тәрбиеленушілер үш тілде жемістердің атауын атап, тіл туралы үш тілде тақпақтар айтып, дидактикалық ойындар ойнады. Тәрбиеленушілердің қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды.
21 қыркүйек күні «Ақбота» ересектер тобында орыс тілі мұғалімі М.Зейтова «Даша в гостях у ребят» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалар Дашамен бірге бірнеше тапсырмаларды орындап, ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылықпен қатысты. Онда тәрбиеленушілер тіл туралы тақпақтар айтып, мемлекетімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілі, тұратын үйі туралы екі тілде мәлімет алды. Тәрбиеленушілер қызығушылықпен қатысып отырды.
26 қыркүйек күні тәрбиеші Токсанова А. «Еркетай» ортаңғы тобында «Шығармашылық» білім беру саласының «Аппликация» бөлімі бойынша «Қарттарым - асыл қазынам. Ата-әжеге арналған сыйлық» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасқан. Айсулу Уразбековна қойған мақсаттарына іскерлікпен жете білді. Балалар мен педагогтың арасындағы өзара байланысы өте тиімді әрі тәрбиелік мәні болды. Балалардың іс- әрекеттері, орындаған тапсырмасы сөз арқылы жетік жеткізілді.
27 қыркүйек күні «Ақбота» ересектер тобында тәрбиеші А. Бодыкова «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет» бөлімі бойынша «Қадірлейік қарттарды» тақырыбындағы тақырыптық ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Онда көрнекіліктері эстетикалық талғамға сай, әр түрлі және оларды орынды пайдалана білді. Әдіс-тәсілдер оқу қызметінің мазмұнына сай қолданылған. Ата-әжелері туралы жұмбақтар, тақпақтар, ән айтқызып балаларды белсендіре білді.
29 қараша күні «Еркетай» ортаңғы тобында тәрбиеші С.Акишова «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет» бөлімі бойынша «Елбасым мақтанышым» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, Елбасының өмір жолы туралы мәлімет берді.
29 қараша күні «Қарлығаш» ІІ кіші тобында тәрбиеші С.Б. Абдуллаева «Әлеумет» білім беру саласының «Қоршаған ортамен танысу» бөлімі бойынша «Туған елім-Қазақстан» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балаларға қазақстан туралы мәліметтер беріліп, туған елдің табиғаты туралы түсінік берілді.
13 желтоқсан күні «Қарлығаш» ІІ кіші тобында тәрбиеші К.Муканованың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті туған жерім» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Онда тәрбиеленушілерге туған жер, Отан туралы мәліметтер беріліп, дидактикалық ойындар ойналды.
14 желтоқсан күні «Қазына» ІІ кіші тобында тәрбиеші Г.Б.Серік «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет» бөлімі бойынша «Тәуелсіз елім тірегім» атты тақырыптық ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп тәрбиеленушілерге тәуелсіздік туралы мәліметтер берілді.
14 желтоқсан күні «Ақбота» ересектер тобында тәрбиеші А.Бодыкова «Коммуникация», «Әлеумет» білім беру салаларының «Сөйлеуді дамыту», «Экология негіздері» бөлімдері бойынша «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел тұрағым» атты тақырыптық ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, тәрбиеленушілерге тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, көрікті Астана қаласы туралы мәліметтер берді.
29 қаңтар күні тәрбиеші А.Токсанова «Еркетай» ортаңғы тобында «Коммуникация» білім беру саласының «Сөйлеуді дамыту» бөлімі бойынша «Су асты патшалығы - балықтар» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, тәрбиеленушілерге теңіздер, ондағы тіршілік ететін балықтар, олартың түрлері туралы мәліметтер берді.
26 қаңтар күні тәрбиеші К.А. Толеубаева «Ақбота» ересектер тобында «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» бөлімі бойынша «Сайқымазақтың қызықты тапсырмалары» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балалар Сайқымазақтың әр түрлі тапсырмаларын орындап, математика әлеміне саяхат жасады.
08 ақпан күні тәрбиеші П.Умирзак «Балбөбек» І кіші тобында «Таным» білім беру саласының «Жаратылыстану» бөлімі бойынша «Мөлдір су» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен бірге суға тәжірибе жасап, кішкентай бүлдіршіндердің қызығушылығын оятты.
14 ақпан күні тәрбиеші С.О.Акишова «еркетай» ортаңғы тобында «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» бөлімі бойынша «Көліктер» атты тақырыптық ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балаларға көліктердің түрлері, олардың пішіндері, түстері туралы мәліметтер беріп, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындады.
14 наурыз күні музыка жетекшісі Г.Р.Салауатова «Қарлығаш» ІІ кіші тобында «Шығармашылық» білім беру саласының «Музыка» бөлімі бойынша «Музыка әлеміне саяхат» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балалар музыкалық аспаптармен танысып, олардың дыбысын дауысына қарап қандай аспап екенін атап үйренді.
19 наурыз күні тәрбиеші А.Б.Куршибаева «Қазына» ІІ кіші тобында «Әлеумет» білім беру саласының «Қоршаған ортамен танысу» бөлімі бойынша «Наурыз-жыл басы» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балаларға Наурыз мерекесі туралы мәліметтер беріп, салт-дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстырды.
03 сәуір күні тәрбиеші К.А.Толеубаева «Балбөбек» І кіші тобында «Коммуникация» білім беру саласының «Сөйлеуді дамыту» бөлімі бойынша «Ыдыстар» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балаларға ыдыстар, олардың неден жасалғаны, қажеттілігі жөнінде мәліметтер берді.
04 сәуір күні тәрбиеші А.К.Бодыкова «Ақбота» ересектер тобында «Коммуникация» білім беру саласының «Сауат ашу негіздері» бөлімі бойынша «Әріптер еліне саяхат» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалар әріптерді таниды, бір-екі сөзден сөйлем құрай алады. Буынға бөліп оқиды.
05 сәуір күні тәрбиеші С.Б.Абдуллаева «Қарлығаш» ІІ кіші тобында «Коммуникация» білім беру саласының «Сөйлеуді дамыту» бөлімі бойынша «Көктем» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балаларды көктем мезгілімен таныстырып, жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы мәлімет берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет