Ағымдық бақылау тапсырмалары тапсырмалар: тапсырма. Педагогика категорияларының мазмұнын ашыңыз: білім, оқыту, тәрбиелеу және т б. (глоссарий) Педагогика



бет1/2
Дата07.10.2022
өлшемі36,7 Kb.
#41738
  1   2

5 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тапсырмалар:
1 тапсырма. Педагогика категорияларының мазмұнын ашыңыз: білім, оқыту, тәрбиелеу және т.б. (глоссарий)
Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.
Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.
Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Білім - адам ойындағы шындықты дұрыс бейнелеуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Түсіндіру- тәрбиеленушілерге эмоционалдық-сөздік әсер ету әдісі. Ол жаңа моральдық сапаны немесе тәртіп түрін қалыптастыру және бекіту үшін немесе істелінген белгілі бір әрекетке деген тәрбиеленушілердің көзқарасын қалыптастыру үшін қолданылады.
Жаңа оқу материалын түсіндіру – жаңа түсініктер, деректер, құбылыстар жөнінде олардың мағынасын, негізгі құрамдарын, белгілерін, байланыстарын, заңдылықтарын тәжірибеде қолданбалы жақтарын ашу мақсатында оқушыларға хабарлама беру.
Жаңа материалдарды баяндау – оқыту барысының құрамды бөлігі. Жаңа материалды баяндауға қойылатын талаптар: жоғары теориялық деңгей, ғылыми тұрғыдан қарағанда сапалы, мұқият тексерілген материалды пайдалану, қол жетерлігі, баяндаудың жүйелілігі, бірізділігі болуы.
Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.
Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.
Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет