Иә, ұлы Алла осы оқылған "Фатиха", "Ықылас" сүресінен болған сауапты Адам ата мен Хауа анаға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу ьәләйһи уә сәлламға),барша дүниеден өткен пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқандарыма (Жарылқасымұлы Шайжан,Шайжанұлы Ратбек,Айған апа,Шайжанқызы Баян,Манауұлы Бақытжан,Ариспаганбетқызы Мадемхан,Бақытжанұлы Сабит,Бақытжанқызы Жансая,Тайшибайұлы Ташмаханбет,Бектұрғанқызы Ғалия) бағыштадым.
Иә, Алла! Ол кісілердің рухтарын осы оқылған құран аяттарымен нұрландырып, қабiр азабынан сақтап,қабірін жаннаттын бір бұрыштан етіп,жандарын Жәннәттық ете көр! Бұл дүниеде біліп-білмей істеген күнәларын кешіре көр! Иә,Жаратқан Ием, ақірет күні ол кісілердің амал кітаптарының оң жақтан болуына нәсіп ете көр!