Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетті дәуірлеуі Қазақ әдебиетін дәуірлеу Ахмет Байтұрсыновтан бастау алады. Ғалымның 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш»



Дата06.01.2022
өлшемі13,74 Kb.
#14574

Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетті дәуірлеуі

Қазақ әдебиетін дәуірлеу Ахмет Байтұрсыновтан бастау алады. Ғалымның 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегінде дәуірлеу тақырыбы ғылыми тұрғыдан қарастырып, алғаш жүйелі түрде бөліп көрсетілген. Еңбекте әдебиет ғылымын ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті деп бөліп, оларды да ішінара бірнеше түрге жіктейді. «Әдебиет танытқыштың [143 б.]» «Жазу әдебиет» бөлімінде жазба әдебиет тарихын «діндар дәуір» және «ділмар дәуір», «сындар дәуір» деп бөледі.


Жазба әдебиеті

Діндар дәуір

Ділмар дәуір

Діндар- діншіл деген мағынадағы сөз;

Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты –дінді жаю, дінді күшейту.

Ділмар – тілшең деген мағынадағы сөздер;

Соңғы әдебиеттің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту.




Діндар дәуірі деп бөлуінің себебін былай түсіндіреді: «Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішінде молдалық қылып, дін үйретушілер, бала оқытушы қожалар, ноғай молдалар болған себепті жазба сөзді шығарушылар да бастапқы уақытта солар болған. Қазақтың өлеңді, сөзді сүйретін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Шарттарын шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған. Ертегі өлеңдерді қазақтың ертегі жырларының түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс».

Дегенмен молдалар мен қожалар ақын болмағандықтан өлеңдері қазақтың ертегілеріндей шерлі, әдемі етіп шығарылмаған деп баяндайды. Шығарған сөздерінің бағыты адасқан адамның бағытындай, нақты емес. Тек ақиретке азық жинауға, ораза, намаз, қажылық, зекет секілді діни тақырыптарды түсіндіріп, ақыл айту жағы ғана негізгі мақсат болып саналған. Яғни, араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті діндар әдебиеті деп, ділмар дәуірге орыс әдебиеті ден қоя бастаған әдебиетті, сындар дәуірге Абайдан басталған кезеңді жіктейді.

Діндар дәуір ауыз әдебиетіне жаңалық қосқан жоқ. Діндар жағының басымдылығымен айрылатын түрлері мынау: қисса, хикаят (мысал), насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме.

Сындар дәуір деп қазақ әдебиетінің сынды болған, яғни сын арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сөз, бір мағынасы сыны бар деген болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, сипатты деген болады.

Қазақ ақындары өздерінің, сөздерінің кемшіліктерін Европа әдебиетімен салыстыру нәтижесінде байқап, қазақ әдебиетінің дәрежесін көтере білген. Қазақ әдебиетінің жаңа белеске шығуын Абай өлеңдерімен байланыстырады. Басқа ақындар Абай секілді жырларымен ерекшеленбегендіктен, сындар дәуірі Абайдан бастау алған деп көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет