Ахметкалиева ғ.Қ. «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» кмм, Өскемен қ



Дата07.01.2022
өлшемі21,86 Kb.
#17473

АХМЕТКАЛИЕВА Ғ.Қ.

«Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ, Өскемен қ.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Баланың бастауыш сыныпта алған білімі оның болашағына негіз болып қаланады, сондықтан да ол маңызды рөл атқарады. Қазіргі жағдайда баланың бастауыш сатыда тек оқып, жазып, санап тұрғаны жеткілікті деп ойлау қате пікір. Жаңартылған білім берудегі негізгі міндет-баланы сапалы, болашағына жол көрсете алатын, өзін-өзі дамытуына көмектесетін жан-жақты біліммен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде теорияда және практикада бастауыш сыныпта білім беруде танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді.

Балаға барлығын дайын күйінде бере салу мүмкін емес, бірақ оған өз бетінше білім алуға, талдау жасап одан өздігін шешешім табуға, қорытынды жасауға үйретуге болады. Оқушы өз жұмысының нәтижесін көрген кезде оқуға ынтасы артып, талпынысы да күшейе түседі. Баланың оқуға қызығушылығын сабақ барысында ашатын жетекшілік рөл мұғалімде тұрады. Бұл орайда ұстаздың сабақты жаңа шабағытта құруы, инновациялық технологияны ұтымды кіріктіре алуы, белсенді әдіс-тәсілмен үйлесімді жұмыс жасауға ұйымдастыра алуы аса қажет. Сабақты жан-жақты ойластырып, мақсат орындалатындай деңгейде өткізу керек. Берілген 40 минуттың көп бөлігі баланың өздігінен жұмыс жасауына арналғаны дұрыс. Кіші жастағы баланың оқуын дұрыс ұйымдастырылуы оның өзіне деген сенімсіздігінен, білмей қаламын деген ойдан арылуына көмектеседі.

Бұл орайда сабақта қолданылатын технолгияларды саралап алған жөн. Топпен немесе жұппен жұмыс, өз бетінше және шығармашылық жұмыс, мәтінмен жұмыс түрлері, оқушылардағы дағдылардың қалыптасуы/айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым/ барлығы белгілі бір технология арқылы жүзеге сады. Бұл жерде оқушы мен мұғалім арасында алшақтық сезілмей, өзара сенім, түсіністік болуы шарт. Бастауыш сынып оқушысының оқу әлеуетін көрсетуіне, ақыл-ойына жүгінетін әрекетке жетелейтін, жеке тұлға ретінде дамуын айқындайтын технолгияны, ондағы әдіс-тәсілді баланың жас ерекшелігіне сай таңдай алу да мұғалімнің шеберлігіне сын болады. Енді осыларға ретімен тоқтала кетейік.

Проблемалық оқыту технологиясы.

Бұл технологияның өзектілігі оқу қызметіне мотивацияның жоғары деңгейін дамытумен, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын белсендірумен анықталады, бұл туындаған қайшылықтарды шешу, сабақта проблемалық жағдайларды жасау кезінде мүмкін болады. Сабақта проблемалық жағдайларды құру-бұл бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын дамыту тәсілдерінің бірі.

Оқушылардың жан-жақты қиындықтарын жеңуде жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге деген үнемі қажеттілік туындайды. Сұрақтың дайын жауабы жоқ, проблеманы ізденіс арқылы шешу талап етіледі. Проблеманы шешу:топпен,жеке, мұғаліммен бірлесе, тәжірибе жасау арқылы жүзеге асады. Оқушы жұмыс барысында,жаңа білімді меңгереді,іздейді,шешімін табады,қуанады, оның дұрыстығын тексереді, салыстырады, қорытындылайды, жинақтайды. Проблемалық оқыту технологиясымен жұмыс жасау кезінде сабағымыздың Блум бойынша құрылымы түзіліп,оқыту категориясы ретімен орындалатынын көреміз.

Денсаулық сақтау технологиясы. Әр адамда өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру-заманауи адамның табыстылығының қажетті шарты.Ғылыми дәлелге сүйенер болсақ,оқушылардың үштен бірінің жұмыс істеу қабілеті әр сабақ сайын төмендейді. Шаршау мен жалығу сабақтың қиындығына, ұзақтығына, эмоционалдылығына қарай анықталады. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы да жоғалуы мүмкін.

Сабақ алдындағы психологиялық ахуал қалыптастырудағы алынатын жаттығулар балаға жақсы көңіл-күй сыйлап,сабаққа белсенділікпен қатысуға ықпал ететіндей болып ойластырылып алынуы керек.

Сабақта ойын формасын қолдану денсаулық сақтау технологиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бастауыш сыныптарда көбінесе ойындар көп қолданылады, және жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс түрлері беріледі. Кіші жастағы балаларға сабақ үстінде ойындар ұйымдастыру танымдық әрекеттің белсенділігіне ие болады. Оқушылар ойнай отырып, күрделі ұғымдарды игереді және бекітеді, дағдыларын және шеберлігін қалыптастырады. Сабақтың тақырыбына қарай ұлттық ойындар да ойналады. Балалармен таза ауада өткізілетін сабақтар да маңызды болып табылады.

Бастауыш сыныптарында оқушылардың дене бітіміне және олардың тез шаршамауы үшін сергіту сәттерін жиі қолданамыз. Сергіту сәттері арқылы оқушылар қолдарына және барлық денеге әсер ететін жаттығулар орындаймыз. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз, он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он, он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына әсіресе бірінші, екінші оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайдыӘсіресе жазбаша жаттығу жұмыстарынан кейін сергіту сәттері көп көмек береді Жаттығулардың көлемі 7 жастағы оқушы үшін сабақтың бастапқы кезеңінде 2 минут 40 секунд, ал соңында 1 минут 45 секунд уақыт болу керек. Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырма берілсе, оқушылар шаршамайды, себебі жұмыс түрлерін өздері таңдайды. Сабақтың 20 минуты жазбаша түрде болса, қалған 20 минуты ауызша жұмыс түрлерімен өткізілсе оқушылар шаршамайды және сабақ қызықты, тартымды өтеді. Сонымен қатар көрнекіліктерді сабақта жиі қолдану керек. Оқушылардың көру қабілеттері арқылы есте сақтау қабілеттерін бірге дамытуға болады.

Ақпараттық коммуникациялық технология. Қазір балаларды телефон, теледидар, компьютермен таңғалдыра алмайсыз. Тіпті мектеп табалдырығын аттамаған баланың өзі ақ электрониканың қыр сырын меңгеріп алған. Жыл сайын өзгеріп отыратын ақпарат құрылғыларына бала қызығушылығы артпаса төмендемері анық. Бастауыш сынып оқушыларының АКТ-ға қызығушылықтары өте басым болғандықтан визуальды қабылдаулары өте жоғары еске сақталады.

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сабақ оқушылар үшін қызықты болады, нәтижесінде білімді игеру тиімдірек болады; сабақта көрнекілік деңгейі жақсарады. Көрнекілік есебінен сабақтың тиімділігін арттырады. Компьютерлік технологиялар, сөзсіз, көрнекіліктің анағұрлым жоғары деңгейін жасайды, сондай-ақ қызмет түрлерінің жиі ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, сабақта уақытты үнемдейді

Мультимедиялық ақпарат ұмытылмай бастауыш сынып оқушыларының миында сақталуы үшін мүмкіндігінше мәтін аз қолданылып жасалған анимациялық презентация тиімді болады. Қысқаша айтқанда, бейне мен мазмұны бірге ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиеді. Мәтінге қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге жақын берілсе, баланың қабылдауы да жылдам болады. Біртұтас, жинақы тұрған ақпаратты оқитын оқушылар ақпаратты жеңіл қабылдап, тез түсініп, игеріп алады. Оқушыларға өз жасына сай келетін тапсырмалар беру мысалы жануарды, басқа да затты фотоға түсіру, слайд, фотошоп жасау арқылы танымды жетілдіруге болады.

Ойын технологиясы. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын десек, оқыту процесінде оларды біртендеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімдеу тиімді. Ол оқыту процесіндегі ойын технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Ойын технологиясының жай қарапайым ойыннан айырмашылығын олардың мәнді белгілерінің болуы. Олар: нақты қойылған оқыту мақсаты мен соған сәйкес оның педагогикалық нәтижесінің дәлелденуі мүмкін; оқу-танымдылық бағыттылығымен сипатталатын, айқын түрде бөліп көрсетуге келеді.Оқыту процесінде қолданылатын ойының негізгі мақсаты бағдарламада анықталған білім, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау. Міндеті оқушының қызығушылығын оятып, белсінділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен аныкталады,

Ойын технологиясы оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген, жаңа тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын технологиясы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа бауиды. Оқушылар ойын ойнау барысында меңгерген білім, білік, дағдылармен қатар, оны практикада дұрыс, орынды қолдана білуге үйренеді. Ойын технологиясы оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.

Жоғарыда аталған технологиялардың барлығы дәл осы уақытта қолданылатын, жаңартылған бағдарламаның талабына нақты жауап беретін тәсілдер деп білемін.

Бұл технологиялар:

- өз жұмысымды білім беру мақсатына бағыттап жоспарлауға;

- баланың жеке тұлғасын дамытуға;

- шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға;

- дене және психикалық денсаулығын сақтауға;

- оқушылардың танымы мен қызығушылығын жетілдіруге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту

4. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы,

5. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. – Алматы:



6. Баширова Ж.Р., Төлешова Педагогикалық технологиялар арқылы оқыту-Алматы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет