Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет21/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

 

Тəртіптік жазалар 

 

1. Еңбек тəртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінəсінен 

оған  жүктелген  еңбек  міндеттерінің  орындалмағаны  немесе 

тиісінше  орындалмағаны  үшін  жұмыс  беруші  тəртіптік 

жазалардың мынадай түрлерін қолдануға: 

1) ескерту жасауға; 

2) сөгіс беруге; 

2-1) қатаң сөгіс беруге; 

3)  осы  заңның 26-бабының 9)-12)  тармақшаларына  сəйкес 

жеке еңбек шартын бұзуға құқылы. 

2.  Осы  заңда  көзделген  тəртіптік  жазалау  шараларын 

қолдануға жол берілмейді. 

 

Байқап  отырғанымыздай,  бұл  бапта  жазаның  үш  түрі 



көрсетілген: ескерту, сөгіс жариялау жəне қызметінен босату (жеке 

еңбек  шартын  бұзу).  Бұл  жерде  ескеріп  өтетін  бір  жайт,  тəртіптік 

жазалар  түрлерінің  тізімі  осымен  шектеледі,  яғни,  аталған  баптың 

2-тармағында  аталып  өткендей,  тəртіптік  жазаның  өзге  түрлерін 

қолдануға  жол  берілмейді  (бұл  ереже  арнайы  тəртіптік 

жауапкершілікке таралмайды). 

Жоғарыда  келтірілген  баптан  көрініп  тұрғандай,  жұмыстан 

босату  (жеке  еңбек  шартын  бұзу)  басқа  жазаларға  қарағанда  ауыр 

болып  табылады  жəне  бұл  шара  еңбек  тəртібін  бұзу  барысында, 

яғни, қызметкер еңбек функцияларын орындау кезінде жүріс-тұрыс 

ережелерін  бұзған  жағдайда  өзге  де  шараларды  қолдану  ешбір 

нəтиже бермесе ғана қолданылады. 

Бұл жағдайда еңбек тəртібін бұзу, тəртіптік теріс қылық ретінде 

жұмысқа себепсіз шықпау, кешігіп келу, жұмыс орнына мас күйде 

немесе  есірткі  пайдаланып  келу,  жұмыс  нормасын  орындамау, 

сапасыз  өнімдер  жасау,  заңсыз  ереуілге  шығу,  жеке  еңбек  шарты 

бойынша өзіне жүктелген міндеттерін орындамау түсіндіріледі. 

Бұл  ретте  қасақана  немесе  абайсыздықпен  жасалған  əрекеттер 

мен  əрекетсіздіктер  кінəлі  ретінде  танылады.  Қасақаналық 

жағдайында  қызметкер  өз  əрекетінің  жағымсыз  салдарын  біледі 

немесе алдын-ала біледі жəне еңбек тəртібін саналы түрде бұзады, 

сөйтіп  белгілі  бір  зиянның  келуіне  не  өз  əрекетінің  қандай  бір 

жағымсыз  салдарына  жағдай  жасайды.  Тəртіптік  теріс  қылықты 

абайсыз  жасаған  кезде  қызметкер  өз  əрекетінің  нəтижесінде 

жағымсыз  салдар  мен  зиян  келудің  орын  алдын-ала  білмейді 

(алайда, мұндай жағдайда алдын-ала көріп-білуге мүмкіндігі болса 

да). 

Алайда, қызметкер өзінің жұмыстағы міндеттерін өзіне тəуелсіз 



жағдайлардың салдарынан тиісті түрде орындай алмай, сол арқылы 

зиянның  орын  алуына  жағдай  жасаса  да,  мұндай  əрекеттер  кінəлі 

ретінде  танылмайды,  себебі,  бұл  жағдайда  оның  кінəсі  жоқ. 


Сондықтан,  қызметкердің  əрекетінің  салдарынан  тəртіптік 

жауапкершілік 

туындамайды. 

Сонымен 


қатар, 

қызметкер 

əкімшіліктің  заңсыз  өкімдері  мен  бұйрықтарын  орындаудан  бас 

тартқаны  үшін  де  тəртіптік  жауапкершілікке  тартылмайды. 

Мысалы,  жеке  еңбек  шартында  көзделмеген  жұмыстарды  істеу 

туралы бұйрықтарды орындамау. 

Сонымен қатар, еңбек тəртібін бұзу, яғни, тəртіптік теріс қылық 

болып  жұмыс  берушінің  заңсыз  қызметті  жүзеге  асыруға  бағытталған 

əрекеттері  де  табылады.  Жұмыс  берушінің  мұндай  тəртіптік  теріс 

қылықтары,  ҚР  Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы 

«Мемлекеттік 

кəсіпорын 

туралы» 

заң 


күшіне 

ие 


Жарлығының 8-бабына  сəйкес  тəртіптік  жауапкершілік 

шараларын қолдануға негіз болып табылады. 

Бір  тəртіптік  теріс  қылық  үшін  тек  бір  тəртіптік  жаза  ғана 

тағайындалады.  Мысалы,  қызметкердің  жұмысқа  себепсіз 

жағдаймен  келмегені  үшін  оған  сөгіс  жариялап,  қызметінен 

босатуға  болмайды.  Алайда,  қызметкерге  бір  тəртіптік  теріс 

қылығы  үшін  бір  тəртіптік  жазамен  қатар  өзге  де  тəртіптік  емес 

шараларды  қолдануға  болады.  Мысалы,  егер  қызметкердің 

тəртіптік теріс қылығының нəтижесінде жұмыс берушіге қандай да 

бір  материалдық  зиян  келтірілген  болса,  онда  қызметкер  тəртіптік 

жауапкершілікпен  қатар  материалдық  жауапкершілікке  да 

тартылады. 

Тəртіптік жазаларды тағайындау құқығы жұмыс берушіге жəне 

(немесе)  оның  əкімшілігіне  тиесілі.  Егер  ұйымның 

жарғысында  көзделсе  немесе  оларға  жұмыс  беруші  арнайы 

құқықтарды  тиесілі  етсе,  өзге  де  лауазымды  тұлғалар  мұндай 

құқықты иеленуі мүмкін. 

Тəртіптік жазаны тағайындау кезінде жұмыс беруші қызметкер 

кінəсінің  дəрежесін,  əрекеттің  ауырлығын  жəне  оның  келтірген 

зиянының  мөлшерін,  əрекеттің  жасалу  жағдайларын,  əрекетті 

жасағанға  дейінгі  қызметкердің  жүріс-тұрысын  жəне  жұмысын, 

оның  жұмыстағы  міндеттеріне  деген  қатынасын,  сонымен  қатар, 

тəртіптік  жазаның  жасалған  теріс  қылықтың  ауырлығына 

сəйкестігін ескеруге міндетті. 

Бұл  ережеден  шығатын  қорытынды:  жұмыс  беруші  ҚР  «Еңбек 

туралы»  заңының 94-бабында  көзделген  жазалау  шараларының 

кезектілігін  сақтауға  міндетті  емес.  Ал  қызметкерді  қызметінен 

босату  тəртіптік  жазаның  ең  ауыр  түріне  жататындықтан, 



жұмыстан  босату  туралы  шешім  аса  жауапкерлікпен  қабылдануы 

жəне  жасалған  тəртіптік  теріс  қылықтың  ауырлығына  сай  болуы  

тиіс. 

Заңнамада  тəртіптік  жазаларды  тағайындаудың  бірыңғай 



тəртібі көзделген. Жалпы ереже бойынша, тəртіптік жаза тəртіптік 

теріс  қылық  жасалған  соң  бірден,  бірақ  теріс  қылық  анықталған 

күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей тағайындалады жəне 

теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткеннен кейін, 

ал  тексеру  немесе  қаржылық-шаруашылық  қызметтің  нəтижелері 

бойынша екі жыл мерзім өткен соң оны қолдануға жол берілмейді. 

Бұл  мерзімдерге  қылмыстық  іс  бойынша  өндірістің  жүргізілген 

уақыты енбейді. 

Жазаны  тағайындағанға  дейін  құқық  бұзушыдан  жазбаша 

түрдегі,  өз  қолымен  жазылған  түсіндірме  талап  етіледі.  Мұндай 

түсіндірмелердің  мақсаты – қызметкер  шынымен  де  осы  əрекетті 

жасады ма, ол осы əрекетті жасағаны үшін өзін кінəлі деп санай ма 

жəне  т.б.  осындай  мəселелерді  анықтау.  Қызметкердің  жазбаша 

түсіндірме  беруден  бас  тартуы  жаза  тағайындауға  кедергі 

болмайды, алайда бұл жағдайда тиісті акт толтырылуы  тиіс. 

Құқықтық  салдармен  байланысты  барлық  заңды  фактілер 

сияқты,  жазалау  да  тиісті  түрде  бекітілуі  керек.  Сол  себепті, 

жазалау  бұйрық  немесе  өкім  арқылы  шығарылып,  қызметкер  қол 

қоя  отырып  хабарландыруы  тиіс.  Бұл  мəселенің  маңыздылығын 

келесі мысалдан байқауға болады. Егер қызметкер тəртіптік құқық 

бұзушылықты  алғашқы  рет  жасап,  оған  тəртіптік  жаза 

тағайындалса,  алайда,  бұл  жаза  тиісті  түрде  рəсімделмесе,  яғни, 

қызметкерге  қол  қойғыза  отырып  хабарландырылмаса,  онда 

қызметкердің  келесі  тəртіптік  теріс  қылығы  екінші  құқық 

бұзушылық ретінде қарастырылмайды. 

Қызметкер  өзіне  қатысты  тəртіптік  жаза  тағайындау  туралы 

бұйрыққа  қол  қоюдан  бас  тартуы  мүмкін,  мұндай  жағдайда  бас 

тарту тиісті актімен рəсімделуі тиіс. 

Аталған  талаптардың  кем  дегенде  біреуін  бұза  отырып 

қызметкерге  қатысты  тағайындалған  тəртіптік  жаза  жарамсыз  деп 

танылады.  Мысалы,  алдын-ала  жазбаша  түсіндірмені  талап  етпей  немесе 

мерзімдерді бұза отырып жарияланған тəртіптік шаралардың заңды 

күші  болмайды.  Мұндай  тəртіптік  шаралар  ҚР  «Еңбек  туралы» 

заңының 26-бабының 8-тармағы бойынша жұмыстан босату туралы 



мəселені шешуде жəне еңбек тəртібін бірнеше рет бұзған жағдайда 

ескерілмейді. 

Көтермелеу  шараларымен  салыстырғанда  тəртіптік  жазалар, 

жұмыстан 

босатуды 

есептемегенде, 

еңбек 

кітапшасына 



енгізілмейді.  Бұны  мына  жағдаймен  түсіндіруге  болады,  егер 

тəртіптік  жаза  тағайындалғаннан  кейін  қызметкер  бір  жыл  ішінде 

жаңа тəртіптік жазаға тартылмаса, ол тəртіптік жазаға тартылмаған 

тұлға ретінде саналады. 

Тəртіптік жаза бір жыл өтпей де алынып тасталуы мүмкін. Егер 

жазаланған  тұлға  жаза  тағайындалған  кезден  соң  жаңа  тəртіптік 

теріс қылық жасамаса жəне өзін тəртіпті қызметкер ретінде көрсете 

білсе, орган, лауазымды тұлға немесе жұмыс беруші өз бастамасы 

бойынша,  жазаланған  қызметкердің  тікелей  бастығының  немесе 

еңбек  ұжымының  өтініші  бойынша  тəртіптік  жазаны  мерзімінен 

бұрын  алып тастауға  құқылы.  Тəртіптік  жазаны  мерзімінен  бұрын 

алып тастау жұмыс берушінің бұйрығымен рəсімделуі тиіс. 

Алайда, тəртіптік жазаның бүкіл мерзімінде жазаланған тұлғаға 

көтермелеу шаралары қолданылмайды. 

 

Тақырып бойынша сұрақтар: 

 

1. Еңбек тəртібінің түсінігі жəне мəні. 



2. Технологиялық тəртіп дегеніміз не? 

3. Өндірістік тəртіп дегеніміз не? 

4. Еңбек тəртібін қамтамасыз етудің əдістері. 

5. Ішкі еңбек тəртбінің ережелері. 

6.  Ішкі  еңбек  тəртібін  құқықтық  реттеу  қандай  нормативтік-

құқықтық актілермен қамтамасыз етіледі? 

7.  Ішкі еңбек тəртібінің ережелері қандай бөлімдерден тұрады? 

8.  Қызметкердің еңбек тəртібіне қатысты негізгі міндеттері. 

9.  Жұмыс берушінің еңбек тəртібіне қатысты негізгі міндеттері. 

10. Көтермелеу шаралары жəне оларды қолдану тəртібі. 

11. Қазақстан Республикасында қандай мемлекеттік наградалар  

белгіленген? 

12. Тəртіптік жауапкершіліктің түсінігі жəне мəні. 

13. Тəртіптік жауапкершілік шараларын атаңыз. 

14. Тəртіптік жазаларды тағайындау тəртібі. 


15  Т А Р А У 

 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

 

 

Еңбекті  қорғаудың  түсінігі  жəне  қағидалары.  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясында  адамдардың  еңбегі  мен 

денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, əрбір азаматтың қауіпсіздік 

жəне  тазалық  талаптарына  жауап  беретін  жағдайда  еңбек  ету 

құқығы  жарияланған.  Мемлекет  бұл  талаптарды,  ең  алдымен, 

еңбекті  қорғау  жəне  оларды  орындауға  қадағалау  жүргізу  туралы 

нормалар жүйесі арқылы орындайды. 

Еңбекті қорғауды кең жəне тар мағынада түсінуге болады. Кең 

мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі 

барысында  оның  өмірі  мен  денсаулығын  қорғауға  бағытталған 

шаралар  жүйесі.  Кең  мағынада  еңбекті  қорғау  құқықтық, 

медициналық, 

техникалық 

жəне 


экономикалық 

құрамдас 

бөліктерден  тұрады.  Бұл  жерде  ескеретін  бір  жайт,  еңбекті 

қорғаудың  кем  дегенде  бір  құрамдас  бөлігі  бұзылса,  онда  бүкіл 

еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. 

Мысалы, 


еңбекті 

қорғаудың 

техникалық 

аспектісі 

машиналарды,  жабдықтарды  жасау,  өндірістік,  ғимараттарды  салу 

жəне  т.б.  кезінде  еңбекті  қорғау  ережелерінің  сақталуы  тиіс 

екендігін  білдіреді.  Егер  жабдықтар,  станоктар,  машиналар  жəне 

т.б.  оларда  жұмыс  істейтін  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына 

қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік 

жарақаттар  орын  алатыны  сөзсіз.  Немесе  егер  ластанумен 

байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық 

бөлмелер  жабдықталмаса,  ал  ыстық  цехтарда  тиісті  тұзды  су 

болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса 

не  оларда  зиянды  заттардың  рұқсат  етілген  нормалары  шамадан 

тыс  асып  кетсе – бұл  еңбекті  қорғаудың  медициналық  құрамдас 

бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау 

бұзылған,  яғни,  сол  жерде  жұмыс  істейтін  қызметкерлердің  өмірі 

мен денсаулығына қауіп төнген. 

Дəл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі 

бұзылған  кезде  де  орын  алады,  яғни,  еңбекті  қорғау 

қаржыландырылмаса  жəне  осының  нəтижесінде  қызметкерлер 

қорғау  құралдарымен,  арнайы  киіммен  қамтамасыз  етілмесе, 

ескірген  жабдықтар,  машиналар  ауыстырылмаса,  бұл  жағдайлар 


қызметкерлердің  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қауіпті  еңбек 

жағдайларын тудыратыны сөзсіз. 

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде 

қажет.  Еңбекті  қорғау  барлық  меншік  нысанындағы  ұйымдардағы 

еңбекке,  сонымен  қатар,  қызметкерлердің,  жұмыс  берушілердің, 

кооператив  мүшелерінің,  тəжірибеден  өтіп  жүрген  студенттердің, 

соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне 

таралады. 

Тар  мағынада  еңбекті  қорғау  дегеніміз  бұл  қызметкерлердің 

өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. 

Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген: 

· еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда; 

· ауыр, зиянды жəне қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін 

жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда; 

·  əйелдердің,  кəмелетке  толмағандардың  жəне  еңбекке  қабілеті 

төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда; 

·  өндірістегі  қайғылы  оқиғаларды  тергеу  жəне  есепке  алу 

ережелерінде; 

·  қауіпсіздік  техникасы  жəне  өндірістік  санитария  жөніндегі 

ережелерде. 

Еңбекті  қорғау  саласындағы  ұлттық  саясаттың  негізгі 

қағидалары  ҚР  «Еңбекті  қорғау  туралы»  заңының 4-бабында 

көзделген. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кəсіподақтар 

мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік 

жəне  басқару  органдарының  қызметінің  бірлесуін  көздейді 

жəне келесі қағидаларға негізделеді: 

-  кəсіпорынның  өндірістік  қызметінің  нəтижелеріне  қарағанда 

қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі; 

-  меншік  иесінің  немесе  оның  уəкілетті  өкілінің  толық 

жауапкершілігі; 

-  еңбекті  қорғау  міндеттерін  осы    мəселелерге  қатысты 

мемлекеттік  бағдарламалардың  жəне  еңбекті  қорғау  саласындағы 

қызметтің  экономикалық  жəне  əлеуметтік  саясаттың  өзге  де 

бағыттарымен үйлестірудің нəтижесінде кешенді түрде шешу; 

- еңбекті қорғау саласында меншік нысанын жəне шаруашылық 

қызметіне  қарамастан  барлық  кəсіпорындар  үшін  бірыңғай 

талаптарды белгілеу; 



-  кəсіпорындардағы  еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік  техника 

талаптарының 

орындалуына 

мемлекеттік 

қадағалау 

жəне 


бақылауды жүзеге асыру; 

-  еңбекті  қорғауға  қатысты  алдыңғы  қатарлы  ұлттық  жəне 

шетелдік  тəжірибені,  ғылым,  техника  жетістіктерін  кеңінен 

пайдалану; 

-  қызметкерлерді  қорғайтын  қауіпсіз  техниканы,  технологияны 

жəне  құралдарды,  еңбекті  қорғауға  қатысты  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жасауды жəне енгізуді ынталандыру; 

- еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы; 

кəсіпорындарда 



еңбектің 

қауіпсіз 

жағдайларын 

қалыптастыруға жағдай жасайтын салықтық саясатты жүргізу; 

-  кəсіпорындардың  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз 

етуге қатысты, ал қызметкерлердің еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік 

техникасының  нормалары  мен  ережелерін  сақтауға  қатысты 

экономикалық мүдделілігі; 

-  кəсіпоырндардың  қызметін  еңбекті  қорғау  тұрғысынан 

лицензиялау; 

-  өндірістік  мақсаттағы  өнімдердің  қауіпсіздік  талаптарына 

сəйкестігіне қатысты сертификациялауды жүргізу; 

-  еңбек  жағдайына  сараптама  жүргізетін  мемлекеттік 

органдарының  тікелей  жұмыс  орындарында,  сонымен  қатар  жаңа 

жəне 

өңделіп 


жатқан 

кəсіпорындардың 

құрылысының 

жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалау; 

-  қызметкерлерді  арнайы  киіммен  жəне  аяқ  киіммен,  жеке 

қорғану 


құралдарымен, 

емдеу-сауықтыру 

орындарындағы 

демалыспен жəне т.б. қамтамасыз ету; 

-  өндірістегі  əрбір  қайғылы  оқиғаны  жəне  əрбір 

кəсіптік 

ауруды 

қарау 


мен 

есепке 


алудың, 

қызметкерлердің  өндірістік  жарақаттың,  кəсіптік  аурудың 

деңгейі  жəне  еңбекті  қорғауды  жақсартуға  қатысты 

шаралар  жөнінде  хабарландырылуын  қамтамасыз  етудің 

міндеттігі; 

-  өндірісте  қайғылы  оқиғалардан  жəбір  шеккен  немесе  кəсіптік 

аурумен  науқастанған  қызметкерлердің  мүдделерін  əлеуметтік 

қорғау; 


-  жоғары  жəне  орта  арнайы  оқу  мекемелерінде  еңбекті  қорғау 

жəне қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау; 



- қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кəсіпорындардың 

жəне  жекелеген  тұлғалардың  өкілдік  ұйымдарының  еңбекті 

қорғауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  қызметіне  жан-жақты 

қолдау көрсету; 

-  еңбекті  қорғау  мəселелерін  шешудегі  халықаралық 

одақтастық. 



Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  басқару.  ҚР  «Еңбекті  қорғау 

туралы»  заңының 5-бабына  сəйкес,  еңбекті  қорғауға  мемлекеттік  басқаруды 

мыналар жүзеге асырады: 

- Қазақстан Республикасының Үкіметі; 

-  ҚР  Үкіметі  арнайы  құратын  мемлекеттік  орган  жəне  оның 

жергілікті жерлердегі бөлімшелері. 

ҚР  «Еңбекті  қорғау  туралы» 8-бабына  сəйкес  еңбекті  қорғауға 

мемлекеттік  бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар 

болып мыналар табылады: 

- Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган 

еңбек,  еңбекті  қорғау,  жұмыспен  қамту  туралы  заңдардың 

орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

-  Ауыл  шаруашылық  министрлігі,  бұл  министрлік  машина-

тракторлық  парктердің  техникалық  жағдайына,  өртке  қарсы 

қауіпсіздік  ережелерінің  сақталуына  мемлекеттік  бақылауды 

жүзеге асырады; 

- Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық 

жəне  жергілікті  атқарушы  органдардың  табиғи  жəне  техникалық  

сипаттағы  төтенше  жағдайлар  саласындағы  ғылыми  мекемелердің 

жұмысын  үйлестіреді,  сонымен  қатар,  өнеркəсіпте  жұмыс 

жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді; 

-  Облыстардың,  Алматы  жəне  Астана  қалаларының  əкімі 

жанындағы тəртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тəртіпті нығайту 

жəне  жергілікті  атқарушы  органдардың  лауазымды  тұлғаларының 

жауапкершілігін қамтамасыз ету мəселелерін қарайды; 

- Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында заңдардың, 

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының жəне өзге 

де  нормативтік  құқықтық  актілердің  дəл  жəне  бірыңғай 

қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады; 

-  жергілікті  өкілдік  жəне  атқарушы  органдар,  бұлар  тиісті 

аумақтың  əлеуметтік  жəне  экономикалық  даму  бағдарламаларын 

орындауды,  жергілікті  жерлерде  ҚР  Конституциясының,  ҚР 

заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, ҚР Президентінің жəне 


Үкіметінің 

актілерінің, 

мəслихаттардың 

жəне 


əкімшілік 

басшыларының  актілерінің  орындалуын,  республикалық  жəне 

жергілікті  билік  органдарының  өзара  байланысын,  халықты 

жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді. 



Мемлекеттік  қадағалау  жəне  басқару  органдарының  негізгі 

құқықтары.  Ескеріп  өтетін  маңызды  жайт,  ҚР  «Еңбекті  қорғау 

туралы»  заңының 9-бабына  сəйкес,  мемлекеттік  қадағалау  жəне 

бақылау  органдары,  олардың  уəкілетті  тұлғалары  өздерінің 

қызметінде  жұмыс  берушілерге,  шаруашылық  органдарына, 

қоғамдық  бірлестіктерге,  мемлекеттік  билік  пен  басқарудың 

жергілікті 

органдарына 

тəуелсіз 

болады, 

Қазақстан 

Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сəйкес əрекет етеді. 

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдарының  уəкілетті 

тұлғалары мынадай құқықтарға ие: 

-  меншік  нысанына  жəне  шаруашылық  жүргізуіне  қарамастан 

кəсіпорындарға  кез  келген  уақытта  алдын-ала  ескертусіз  ешбір 

кедергісіз кіру; 

-  министрліктерден,  мемлекеттік  басқарудың  өзге  де  орталық 

жəне 


жергілікті 

органдарынан, 

кəсіпорындардан, 

жұмыс 


берушілерден қажетті ақпарат алу; 

-  кəсіпорындардың  басшыларына  жəне  өзге  де  лауазымды 

тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар беру; 

кəсіпорындарды, 



жекелеген 

өндірістерді, 

цехтарды, 

учаскелерді,  жұмыс  орны  мен  жабдықтарды  пайдалануды  тоқтата 

тұру (тыйым салу); 

-  кəсіпорындардың  лауазымды  тұлғаларына,  қызметкерлерін 

еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңшығарушылық  жəне  өзге  де 

нормативтік  құқықтық  актілерді  бұзғаны  үшін  айыппұл 

тағайындау,  аталған  тұлғаларды  лауазымынан  босату  туралы 

ұсыныстар  жасау,  қажет  болған  жағдайларда  оларды  қылмыстық 

жауапкершілікке  тарту  туралы  мəселені  шешу  үшін  прокуратура 

органдарына материалдар беру. 

Жұмыс  беруші  мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау 

органдарының  өкілдеріне  жүктелген  функцияларды  орындау  үшін 

барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. 

Ал  мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдарының 

уəкілетті  лауазымды  тұлғалары  өздерінің  өкілеттіктерін  асыра 

пайдаланғаны  жəне  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 



заңдарына  сəйкес  негізсіз  санкцияларды  қолданғаны  үшін 

жауапкершілікте болады. 



Қызметкерлер  мен  жұмыс  берушілердің  еңбекті  қорғауға 

қатысты 

құқықтары 

мен 

міндеттері 

жəне 

олардың 

кепілдіктері. 

Əрбір  азамат  еңбекті  қорғау  құқығына,  яғни  қауіпсіздік  пен 

еңбек  тазалығы  талаптарына  жауап  беретін  еңбек  жағдайлары 

құқығына ие. Бұл ҚР Конституциясында жəне ҚР «Еңбек туралы» 

заңында белгіленген негізгі құқықтардың бірі. 

Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл: 

·  зиянды  жəне  қауіпті  өндірістік  факторлардан  қорғаулы  тиіс 

қауіпсіз  жұмыс  орны;  мұндай  факторлар  өндірістік  жарақатқа, 

кəсіптік  ауруға  немесе  жұмысқа  қабілеттің  төмендеуіне  əкелмеуі 

тиіс; 


·  қайғылы  оқиғалар  мен  кəсіптік  ауруларды  міндетті  түрде 

тергеу жəне мұндай жағдайларда əлеуметтік қорғауды қамтамасыз 

ету; 

· ұжымдық жəне жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз 



ету; 

· жұмыстың жəне еңбек тəсілдерінің қауіпсіз əдістеріне үйрету; 

·  өзінің  жұмыс  орнындағы  еңбекті  қорғау  жағдайы  туралы,  денсаулыққа 

келуі мүмкін зақымдарға қатысты тəуекелдер туралы жəне оларды 

қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу; 

· өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда 

осы қауіпті жойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту; 

·  кəсіпорындарды  жобалау,  салу  жəне  қолданысқа  беру  кезінде 

еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету; 

· еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау; 

· еңбекті қорғауды қаржыландыру. 

 

Қауіпсіз  жұмыс  орнына  құқық  кəсіпорындардағы,  əрбір  жұмыс 



орнындағы    еңбек    жағдайлары    еңбекті    қорғауға    қатысты 

стандарттарға,  ережелерге  жəне  нормаларға  сəйкес  болуы  тиіс 

екендігін  білдіреді.  Жұмыс  орны  өндірістік  жарақатқа,  кəсіптік 

ауруға  немесе  еңбекке  қабілеттің  төмендеуіне  əкеп  соғуы  мүмкін 

қауіпті,  зиянды  өндірістік  факторлардың  əсерінен  қорғалуы  тиіс. 

Еңбектің  қауіпсіз  жағдайларын  қамтамасыз  ету,  еңбекті  қорғаудың 

жағдайына  бақылауды  ұйымдастыру  жəне  еңбек  ұжымын  осы 


бақылаудың  нəтижелері  туралы  уақтылы  хабарландырып  отыру 

міндеті жұмыс берушіге жүктеледі. 

Еңбекті  қорғау  талаптарын  сақтаған  жағдайда  өндірістегі 

қайғылы  оқиғалар,  жарақат  алу,  кəсіптік  аурумен  ауыру  төтенше 

жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын 

алса,  қызметкерлер  өздерінің  тікелей  басшыларын  немесе 

басшылықты кез келген қайғылы оқиға, кəсіптік аурудың белгілері 

туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін 

кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті. 

Жұмыс  беруші  мен  басшылық  қайғылы  оқиғаны  тергеу  үшін, 

олардың  алдын  алу  үшін  жəне  апат  жағдайлары  туындаған  кезде 

қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін барлық 

шараларды  қолға  алуға  міндетті.  Қызметкерлердің  өмірі  мен 

денсаулығы  үшін  тікелей  қауіп  төнген  жағдайда  бұл  қауіпті 

жойғанға  дейін  олар  жұмысты  орындаудан  бас  тартуға,  сонымен 

қатар егер бұл жұмыстар еңбек шартында көзделмесе, зиянды жəне 

қауіпті  еңбек  жағдайларындағы  жұмысты  істеуден  бас  тартуға 

құқылы. Бұл əрекеттер тəртіптік жауапкершілікті туындатпайды. 

Өкінішке орай, мойындайтын бір жайт, ғылым мен техниканың 

қазіргі  кезгі  даму  деңгейінде  өндірістің  адамға  қатысты  зиянды 

əсері  əлі  де  толығымен  жойылмаған.  Сондықтан,  зиянды  жəне 

қауіпті еңбек жағдайлары, ерекше температуралық жағдай, ластану 

жəне  т.б.  орын  алған  жұмыстарда  қызметкерлерге  нормаларға 

сəйкес  арнайы  киім,  арнайы  аяқ  киім  жəне  де  маска,  қорғанышты 

көзілдіріктер,  қорғау  белбеулері,  сабын  жəне  т.б.  сияқты  өзіндік 

қорғанудың  өзге  де  құралдары  берілуі  тиіс.  Басшылықтың 

міндетіне тек өзіндік қорғану құралдарын беру ғана емес, сонымен 

қатар,  оларды  сақтауды,  жууды,  кептіруді,  тазалауды,  жөндеуді 

жəне т.б. қамтамасыз ету кіреді. 

Зиянды еңбек жағдайлары орын алған жұмыста қызметкерлерге 

сүт  жəне  белгіленген  нормаларға  сəйкес  оған  теңестірілген  азық-

түлік  өнімдері,  ал  аса  зиянды  еңбек  жағдайында  жұмыс 

істейтіндерге  емдеу-сауықтырушылық  сипаттағы  тамақтану  тегін 

берілуі тиіс. 

Мемлекеттік  стандарттарға,  еңбекті  қорғауға  байланысты 

нормаларға, ережелерге жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен 

құрылыстарды  жобалауға,  салуға  жəне  қолданысқа  беруге, 

машиналарды,  механизмдерді,  жабдықтарды  жəне  өзге  де 



өнімдерді, соның ішінде, шетелден əкелінген құралдарды шығаруға 

жол берілмейді. 

Олардың  адамның  ағзасына  жəне  денсаулығына  əсері  туралы 

токсикологиялық, 

санитарлық-гигиеналық, 

радиациялық, 

медициналық-биологиялық 

бағалаудан 

өтпеген 

заттарды, 

материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады. 

Еңбекті  қорғауды  қаржыландыру  мемлекеттік  жəне  жергілікті 

бюджеттер,  бюджеттен  тыс  қорлар,  кəсіпорындар  қаржысы  жəне 

өзге  де  көздер  есебінен  жүзеге  асырылады.  Кəсіпорындардың 

қызметкерлері осы мақсаттарға қатысты шығындарды көтермейді. 

Еңбекті  қорғау  туралы  заңдарда  қызметкерлер  мен  жұмыс 

берушілердің міндеттері де көзделген. 

Қызметкерлер  өндірістік  цехтардағы,  құрылыс  алаңдарындағы 

жүріс-тұрыс  жəне  жұмысты  орындаудың  белгілі  бір  ережелерін 

белгілейтін еңбекті қорғауға қатысты нормаларды, ережелерді жəне 

нұсқауларды  сақтауға  міндетті.  Сонымен  қатар,  қызметкерлер 

ұжымдық  жəне  өзіндік  қорғану  құралдарын  дұрыс  пайдалануға 

жəне  қолдануға  міндетті.  Егер  жұмысқа  кірісудің  міндетті  шарты 

болып қауіпсіздік техникасына қатысты арнайы білім алу, нұсқама 

алу немесе емтихан тапсыру болса, онда қызметкер бұл талаптарды 

орындауға  міндетті.  Бұл  талаптарды  орындаудан  бас  тарту  еңбек 

тəртібін бұзу ретінде қарастырылады. 

Өз кезегінде, жұмыс беруші еңбекті қорғау талаптарын сақтауға 

қатысты жұмыстар жүргізуге міндетті, яғни жұмыс беруші немесе 

басшылық  зиянды  жəне  қауіпті  заттардың рұқсат  етілген  деңгейін 

бақылауға,  олардың  асып  кетуін  болдырмауға,  қауіпсіздік 

техникасына  қатысты  нұсқама  беруге,  дəрістер  жүргізуге  жəне 

қауіпсіздік  техникасына  қатысты  ережелердің,  нормалардың  жəне 

нұсқаулардың  орындалуын  талап  етуге,  қызметкерлерді  жұмыс 

орнының  қорғалуының  дəрежесі  жəне  қауіпсіздік  деңгейі  туралы 

хабарландыруға,  қызметкерлерді  ұжымдық  жəне  өзіндік  қорғану 

құралдарымен  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Сонымен  қатар,  жұмыс 

беруші  өндірістік  ғимараттар  мен  қызметкерлердің  жұмыс 

орындарында  өндірістік  санитария  мен  гигиена  талаптарының 

сақталуын  бақылауға,  еңбекті  қорғау  талаптарының  орындалуына 

қадағалау  жəне  бақылау  жасауға,  еңбекті  қорғау  ережелерін 

бұзғаны  үшін  жауапершілікпен  байланысты  шаралар  қолдануға 

міндетті. 

 

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет