Ахметов А., Ахметова Г



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36

 

 

2 бап. Еңбек туралы заңдар 

1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан 

Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен 

қызметкерлердің  жекелеген  санаттарының  еңбек  қатынастарын 

реттейтін,  нормалары  осы  Заңның  нормаларынан  кем  бола 

алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 

2.  Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халықаралық  шарттардан 

осы  Заңның  жəне  еңбек  туралы  өзге  де  нормативтік  құқықтық 

актілердің  алдында  артықшылығы  бар  жəне  халықаралық  шарт 

бойынша  оны  қолдану  үшін  Қазақстан  Республикасының  заңы 

шығарылуы  талап  етілетін  жағдайларды  қоспағанда,  олар  тікелей 

қолданылады. 



 

3 бап. Осы Заңның қолдану аясы 

1.  Осы  Заң  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  еңбек 

қатынастарын реттейді. 

2. Егер Конституцияда, заңдарда жəне Қазақстан Республикасы 

бекіткен  халықаралық  шарттарда  өзгеше  көзделмесе,  осы  Заңның 

күші Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын 

шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.  

Қазақстан 

Республикасының 

аумағында 

орналасқан, 

құрылтайшылары  немесе  меншік  иелері  (толығынан  немесе 

ішінара)  шетелдік  заңдағы  немесе  тұлғалары  болып  табылатын 

ұйымдардың  қызметкерлеріне  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

туралы заңдары қолданылады. 

 

4 бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу 

1.  Əркімнің  де  өзінің  еңбек  құқықтарын  іске  асыруға  тең 

мүмкіндіктері  бар.  Жынысына,  жасына,  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне, 

мүлік  жəне  қызмет  жағдайына,  тұрғылықты  жеріне,  дінге 

көзқарастарына,  сеніміне,  азаматтықта,  қоғамдық  бірлестіктерде 

болуына,  сондай-ақ  қызметкердің  іскерлік  қабілеті  мен  оның 

еңбегінің  нəтижелеріне  байланысты  болмайтын  басқа  да  мəн-

жайларға  қарамастан,  ешкімнің  де  еңбек  құқықтары  шектелуге 

немесе  оларды  іске  асыруда  қандай  да  бір  артықшылықтар  алуға 

тиіс емес. 

2.  Еңбек  саласында  кемсітушілікке  ұшырадым  деп  есептейтін 

адамдар тиісті арызымен сотқа жүгіне алады. 

 


5  бап.  Жеке  еңбек  жəне  ұжымдық  шарттармен  реттелетін 

еңбек қатынастары 

1. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары 

нормативтік  құқықтық  актілермен,  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес 

жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледі. 

2.  Жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттардың  талаптарын  тараптар 

біржақты тəртіппен өзгерте алмайды. 

3.  Қызметкерлердің  жекелеген  санаттарының  өзге  нормативтік 

құқықтық  актілермен  реттелген  еңбек  жағдайлары  осы  Заңдағы 

жағдайлардан төмен болмауға тиіс. 

Жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттардың  жекелеген  талаптарының 

жарамсыздығы  тұтас  алғанда  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарды 

жарамсыз деп тануға əкеп соқпайды. 

4.  Осы  Заң  еңбек  қатынастарын  реттейтін  ең  аз  мерзімдер  мен 

талаптарды  жолға  қояды.  Жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттардың 

тараптары бұл ең аз деңгейді жақсарту жағына өзгерте алады. 

5.  Жеке  еңбек,  ұжымдық шарттардың тараптары,  егер олар  заң 

актілеріне  қайшы  келмесе,  тараптардың  орындауы  үшін  міндетті 

болып табылады. 

 

6 бап. Мəжбүрлі еңбекке тыйым салу 

Мəжбүрлі  еңбекке  тыйым  салынған. Мəжбүрлі  еңбекке  тек  сот 

үкімі бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған 

кездерде ғана жол беріледі. 

 

7 бап. Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері 

1. Қызметкерлердің: 

1)  жұмыс  берушімен  осы  Заңда  белгіленген  тəртіппен  жеке 

еңбек шартын жасасуға, өзгертуге жəне бұзуға; 

2) тең еңбегі үшін қандай да болсын кемсітусіз тең ақы алуға; 

3)  қауіпсіздік  пен  гигиена  талаптарына  сай  келетін  еңбек 

жағдайларына; 

4)  егер  басқа  заң  актілерінде  өзгеше  көзделмесе, 

кəсіптік  одақтарға  немесе  басқа  да  қоғамдық  бірлестіктерге  өз 

еркімен мүше болуға; 

5) демалысқа; 

6) өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына 

немесе мүлкіне келтірген зиянды өтеттіруге; 

7) кепілдіктер мен өтемақылар алуға; 



8)  еңбек  дауларын  тараптардың  келісуімен  немесе  сот 

тəртібімен шешуге; 

9)  жұмыс  берушіден  жеке  еңбек  шартында  тараптың  атынан 

өкілдік  ететін  лауазымды  адамның  өкілеттігін  растауды  талап 

етуге; 

10)  ұжымдық  шартпен  жəне  жұмыс  берушінің  актілерімен 



танысуға; 

11) өзінің кəсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар. 

2. Қызметкер: 

1)  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жəне  жұмыс  берушінің 

актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға; 

2) еңбек тəртібін сақтауға; 

3)  жұмыс  процесінде  жұмыс  берушіге  мүліктік  зиян  келтіруге 

жол бермеуге; 

4)  еңбек  қорғау,  өрт  қауіпсіздігі  жəне  өндірістік  санитария 

жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға; 

5)  жеке  еңбек  шартына  сəйкес  өзіне  сеніп  тапсырылған, 

қызметтік, коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны 

құрайтын мəліметтерді жария етпеуге; 

6)  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына,  жұмыс  беріші  мен 

қызметкер  мүлкін  сақталуына  қатер  төндіретін  ахуал  туындағаны 

туралы хабарлауға міндетті. 

 

8 бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері 

1. Жұмыс берушінің: 

1)  осы  Заңда  белгіленген  тəртіппен  қызметкерлермен  жеке 

еңбек жəне ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге жəне бұзуға; 

2)  жұмысқа  қабылдау  кезінде  қызметкерден  осы  Заңда 

көзделген, белгілі бір еңбек қызметімен айналысуға жəне (немесе) белгілі бір 

қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуге; 

3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға; 

4) қызметкерлерді көтермелеуге, оларды осы Заңда жəне де өзге 

де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тəртіппен тəртіптік 

жəне материалдық  жауапкершілікке тартуға; 

5) өзіне қызметкер келтірген зиянды өтеттіруге; 



6)  соттың  шешімі  бойынша  заңсыз  деп  танылған  ереуілді 

ұйымдастыруға  жəне  өткізуге  қатысқан  ретте  ұйымның  жұмысын 

тоқтатуға жəне қызметкерлерді жұмыстан шығаруға; 

7)  өз  құқықтары  мен  мүдделерін  білдіру  жəне  қорғау 

мақсатында  жұмыс  берушілер  бірлестіктерін  құруға  жəне  оларға 

кіруге; 


8) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге; 

9)  егер  жеке  еңбек  шартының  талаптарында  жазылған  болса, 

қызметкерді  оқытып-үйретуге  байланысты  өз  шығындарының 

орнын толтыруға құқығы бар. 

2. Жұмыс беруші: 

1)  қызметкерлерге  еңбек  туралы  заңдарға,  еңбек,  ұжымдық 

шарт-тарға сəйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етуге; 

2)  қызметкерлер  өкілдерінің  ұсынысын  қарауға  жəне  ұжымдық 

шарт жасасуға; 

3)  қызметкерлерді  олардың  еңбек  міндеттерін  орындауына 

қажетті құралдармен жəне материалдармен қамтамасыз етуге; 

4)  жеке  еңбек  шартын  жасасу  кезінде  қызметкерді  ұжымдық 

шарт-пен жəне жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға; 

5)  жалақыны  жəне  Қазақстан  Республикасының  нормативтік 

құқықтық  актілерінде,  жеке  еңбек,  ұжымдық    шарттарда,  жұмыс 

берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы жəне 

толық көлемінде төлеуге; 

6)  еңбек  туралы  заңдардың,  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттардың 

талаптарын сақтауға; 

7)  қызметкердің  еңбек  міндеттерін  атқаруы  кезінде  оның 

денсаулығы  мен  өміріне  зиян  келтіргені  үшін  жауапкершілігін 

сақтандыруға; 

8) қызметкерлердің еңбек қызметін жəне оларды зейнетақымен 

қамсыздандыруға  арналған  ақшамның  аударылуы  туралы 

мəліметтерді растайтын құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа өткізу; 

9)  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық 

актілерінде  көзделген  тəртіп  пен  жағдайларда  қызметкерге 

келтірген зиянды өтеуге; 

10)  егер  жұмысты  жалғастыру  қызметкердің  өмірі  мен 

денсаулығына қатер төндірсе, оны тоқтата тұру; 

11)  қызметкерге  еңбек  жағдайларының  зиянды  жəне  қауіпті 

екендігі  мен  кəсіптік  аурудың  мүмкін  екендігі  туралы  ескертуге 

міндетті. 


2  Т А Р А У 

  

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ

 

 

9 бап. Жеке еңбек шартының мазмұны 

1. Жеке еңбек шартында: 

1) тараптардың реквизиттері: 

жұмыс беруші – заңды тұлғаның толық атауы жəне орналасқан 

жері,  жұмыс  беруші – заңды  тұлғаның  құрылтай  құжаттарының 

мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты; 

жұмыс  берушінің  (оның өкілінің)  тегі,  есімі,  əкесінің  аты  (егер 

жеке  басын  куəландыратын  құжатта  көрсетілсе)  жəне  қызметі,  ал 

жұмыс  беруші – жеке  тұлға  болған  жағдайда  оның  тұрақты 

тұрғылықты  жерінің  мекен-жайы,  жеке  басын  куəландыратын 

құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; 

қызметкердің  тегі,  есімі,  əкесінің  аты  (егер  жеке  басын 

куəландыратын  құжатта  көрсетілсе)  жеке  басын  куəландыратын 

құжаттың  атауы,  нөмірі,  берілген  күні;  əлеуметтік  жеке  кодының 

нөмірі (ƏЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН); 

2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кəсіп бойынша 

жұмыс); 


3) жеке еңбек шартының мерзімі; 

4) еңбек міндеттерінің жүзеге асыру басталатын күн; 

5)  еңбек  жағдайларының  сипаттамалары,  қызметкерлерге  ауыр 

дене  жұмысын  немесе  зиянды  немесе  қауіпті  жағдайларда  жұмыс 

істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар; 

6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі; 

7) еңбекке ақы төлеу жəне еңбекті қорғау жағдайлары; 

8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; 

9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері; 

10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу жəне ұзарту тəртібі; 

11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тəртібі; 

12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс. 

2.  Тараптардың  келісімі  бойынша  жеке  еңбек  шартына  өзге  де 

жағдайлардың енгізілуі мүмкін. 



10 бап. Жеке еңбек шартының мерзімі 

1. Жеке еңбек шарты: 

1) белгісіз мерзімге; 

2) белгілі бір мерзімге; 



3)  белгілі  бір  жұмысты  орындау  уақытына  немесе  жұмыста 

уақытша  болмаған  қызметкерді  ауыстыру  уақытына  жасалуы 

мүмкін. 

2.  Егер  жеке  еңбек  шартында  оның  қолданылуы  мерзімі 

айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. 

 

11 бап. Жұмысқа қабылдауға жол берілетін жас 

1.  Жеке  еңбек  шартын  он  алты  жасқа  толған  адамдармен 

жасасуға жол береді. 

2.  Орта  білім  алған  не  жалпы  білім  беретін  оқу  орнын  тастап 

кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе 

қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартын 

жасаса алады. 

3.  Ата-анасының  бірінің  (қорғаншысының,  қамқоршысының) 

келісімімен  жеке  еңбек  шарты  оқудан  бос  уақытында 

денсаулығына  зиян  келтірмейтін  жəне  оқу  процесін  бұзбайтын 

жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы 

мүмкін. 


4.  Ата-ананың  (қорғаншысының,  қамқоршысының)  келісімі 

жазбаша нысанда (өтініш) беріледі, бұл орайда, ата-ана (қорғаншы, 

қамқоршы) кəмелетке толмаған адаммен бірге жеке еңбек шартына 

қол қояды. 

5.  Он  сегіз  жасқа  толмаған  адамдарды  ауыр  дене  жұмыстары 

мен  еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  (немесе)  қауіпті  жұмыстарға 

қабылдауға жол бермейді. 

 

12 бап. Жеке еңбек шартын жасау 

1.  Жеке  еңбек  шарты  жазбаша  нысанда  жасалады,  кемінде  екі 

дана  етіліп  жасалады  жəне  оған  тараптар  қол  қояды.  Жеке  еңбек 

шартының  бір  данасы  тараптар  қол  қойғаннан  кейін  қызметкерге 

беріледі. 

2.  Жеке  еңбек  шартында  көрсетілген  жұмыстың  басталу  күні 

қызметкердің  еңбек  міндеттерін  орындауының  басталуы  деп 

есептеледі. 

Жеке еңбек шарты болмаған жəне (немесе) ол жұмыс берушінің 

тарапынан  тиісті  түрде  ресімделмеген  жағдайларда  жеке  еңбек 

шартының күші жұмысқа нақты жіберілген кезден басталады. 



3.  Жеке  еңбек  шарты  жасалғаннан  кейін  жұмыс  беруші 

қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті, 

ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етіледі. 

4. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің 

еңбек  қызметін  растайтын  құжаттарды,  жеке  басының  куəлігін 

(төлқұжатын),  əлеуметтік  жеке  кодының  берілгені  туралы  куəлігі, 

зейнетақы  шартын,  он  алты  жасқа  толмаған  адамдар  үшін  тууы 

туралы  куəлігі,  білімі  немесе  кəсіби  даярлығы  туралы  құжатты 

жəне заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы.  

5.  Қызметкердің  бірнеше  жұмыс  берушімен  жұмыс  уақыты 

ұзақтығының  толық  болмауы  көзделетін  жеке  еңбек  шартын 

жасасуға құқығы бар. 

6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншік 

иесі  немесе  меншік  иесі  уəкілдік  берген  адам  немесе  орган 

ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде 

белгіленген мерзімге жасасады. 

7. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу оны 

жасасу үшін көзделген тəртіппен жүзеге асырылады. 

 

13 бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар 

Еңбек  кітапшасы  (ол  болған  жағдайда),  немесе  жеке  еңбек 

шарты  не  жұмысқа  қабылдау  мен  жұмыстан  босату  туралы 

бұйрықтардың  көшірмелері  қызметкердің  еңбек  қызметін 

растайтын құжаттар бола алады. 

 

14  бап.  Жұмыс  туралы  жəне  жалақы  мөлшері  туралы 



құжаттар беру 

Қызметкердің,  оның  ішінде  бұрынғы  қызметкердің  өтініші 

бойынша жұмыс беруші оған бес күн мерзімнен кешіктірмей оның 

мамандығы, біліктілігі, қызметі, жұмыс уақыты мен жалақысының 

мөлшері  көрсетілген  анықтаманы,  қызметкердің  біліктілігі  мен 

оның жұмысқа көзқарасы туралы мəліметтер жазылған мінездеме-

ұсынымды,  сондай-ақ  Заңда  көзделген  жұмыс  туралы  басқа  да 

құжаттарды беруге міндетті. 

 

15 бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ 

1.  Жеке  еңбек  шартын  жасасу  кезінде  қызметкердің  оған 

тапсырылатын 

жұмысқа 


сəйкестігін 

тексеру 


мақсатында 

тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. 



2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс. 

Бұл  талап  болмаған  жағдайда  қызметкер  жұмысқа  сынақсыз 

қабылданды деп есептеледі. 

3.  Сынақ  кезеңіндегі  қызметкерлерге  осы  Заңның  нормалары, 

жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады. 

4. Сынақ мерзімін үш айдан асыруға болмайды. 

қызметкер дəлелді себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ 

мерзіміне есептелмейді. 

 

16 бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақтың нəтижесі 

1. Тараптардың біреуі сынақ мерзімі біткенге дейін жеке еңбек 

шартын  бұзуға  құқылы,  бұл  орайда  жеке  еңбек  шарты 

хабарландырылған кезден бастап бұзылды деп есептеледі. 

2.  Жұмыс  беруші  қызметкерді  сынақ  мерзімі  бітпей  тұрып 

жоғары  қызметке  тағайындаған  жағдайда  қызметкер  жұмысқа 

қабылдау кезіндегі сынақтан өткен болып есептеледі. 

3. Егер сынақтың мерзімі бітіп, тараптардың ешқайсысы екінші 

тарапқа  жеке  еңбек  шартын  бұзу  туралы  хабарламаса,  шарт  одан 

əрі  қолданылады  жəне  оны  жалпы  негіздерде  ғана  тоқтатуға  жол 

беріледі. 

 

17 бап. Басқа жұмысқа ауыстыру 

Бір  ұйымда  басқа  жұмысқа,  не  ұйыммен  бірге  басқа  жерге 

ауыстыруға,  осы  Заңда  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  жеке 

еңбек  шартына  тиісті  өзгерістер  енгізіле  отырып,  қызметкердің 

жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. 

 

18 бап. Қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыру 

Қызметкерді  сол  ұйымдағы  басқа  жұмыс  орнына,  сол  жердегі 

басқа  құрылымдық  бөлімшеге  ауыстырған  ретте,  жеке  еңбек 

шартында  келісілген  мамандық,  біліктілік  немесе  қызмет  шегінде 

басқа  механимздегі  немесе  агрегаттағы  жұмысты  тапсыруға,  егер 

бұл  жеке  еңбек  шартының  талаптарын  өзгертуге  əкеп  соқпаса, 

қызметкердің келісімі талап етілмейді. 

 

19 бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі 

1.  Ұйымдарда  өндірістің  өзгеруіне  жəне  жұмыс  берушідегі 

жұмыс  көлемінің  қысқаруына  байланысты  сол  кəсіп  (мамандық), 

біліктілік,  қызмет  бойынша  жұмысты  кезінде  еңбек  жағдайларын 



өзгертуге  жол  беріледі.  Еңбек  жағдайларының  өзгеруі  туралы 

қызметкер бір ай бұрын жазбаша хабардар етілуі тиіс. 

2. Еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда жеке еңбек шартына 

тиісінше  толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізіледі.  Егер  қызметкер 

жаңа  жағдайларда  жұмысты  жалғастыруға  келіспесе,  онымен 

жасалған  жеке  еңбек  шарты  осы  Заңның 26 бабының 7 

тармақшасына сəйкес бұзылады. 

 

20  бап.  Өндірістік  қажеттілік  болған  жағдайда  басқа 



жұмысқа уақытша ауыстыру 

Өндірістік  қажеттілік  болған  жағдайда  жұмыс  берушінің 

қызметкерді  оның  келісімінсіз  бір  айға  дейінгі  мерзімге,  еңбегіне 

атқаратын  жұмыс  бойынша,  бірақ  бұрынғы  жұмысындағы  орташа 

айлық  жалақысынан  кем  емес  ақы  төлей  отырып,  жеке  еңбек 

шартында  келісілмеген  жəне  оның  денсаулық  жағдайына  зақым 

келтірмейтін  сол  жердегі,  сол  ұйымдағы  басқа  жұмысқа 

ауыстыруға құқығы бар. 

Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндірістік аварияның алдын 

алу  немесе  оларды  жою  немесе  олардың  зардаптарын  дереу  жою 

үшін,  жазатайым  жағдайларды,  іркілісті,  мүліктің  жойылуын 

немесе бөлінуін болғызбау үшін жол беріледі. 



 

21  бап.  Іркіліске  байланысты  басқа  жұмысқа  уақытша 

ауыстыру 

Іркіліс жағдайында жұмыс берушінің қызметкерді мамандығын, 

біліктілігін  жəне  оның  денсаулық  жағдайына  зақым  келтірмеуін 

ескере  отырып,  оның  келісімінсіз  бір  айдан  аспайтын  мерзімге 

басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. 

Егер  қызметкер  жаңа  жағдайларда  жұмысын  жалғастыруға 

келіспесе,  онымен  жасалған  жеке  еңбек  шарты  осы  Заңның 26 

бабының 7 тармақшасына сəйкес бұзылады. 

 

22  бап.  Біліктілікті  керек  етпейтін  жұмысқа  уақытша 

ауыстыруда шектеу 

Іркіліс кезінде жəне жұмыста болмаған қызметкерді ауыстырған 

жағдайда  білікті  қызметкерді  біліктілікті  керек  етпейтін  жұмысқа 

қызметкердің жазбаша келісімінсіз ауыстыруға жол берілмейді. 

 


23  бап.  Денсаулық  жағдайы  бойынша  басқа  жұмысқа 

уақытша ауыстыру 

1.  Белгілі  бір  жұмыс  берушіде  еңбек  міндеттерін  орындауға 

байланысты  еңбекте  мүгедек  болуына,  кəсіптік  ауруына  немесе 

денсаулығына  өзге  де  зақым  келуіне  байланысты,  қызметкерді 

жұмыс  беруші  еңбек  қабілеттілігін  қалпына  келтіргенше  немесе 

мүгедектігі  айқындалғанша  бұрынғы  жалақысы  мен  жаңа 

жұмыстағы  жалақысының  айырмасын  қосымша  төлей  отырып, 

неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті. 

2. Қызметкер неғұрлым жеңіл басқа жұмысқа ауыстырудан бас 

тартқан  жағдайда  онымен  еңбек  шарты  бас  тартқан  кезден  бастап 

бұзылады. 

3. Жүкті əйелдер медициналық қорытындыға сəйкес ауыр жəне 

қолайсыз  өндірістік  факторлардың  əсері  болмайтын  басқа 

жұмысқа, бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала 

отырып, ауыстырылады. 

 

24  бап.  Меншік  иесі  ауысқан  немесе  ұйым  қайта 



ұйымдастырылған жағдайдағы еңбек қатынастары 

Меншік иесінің ауысы немесе ұйымның қайта ұйымдастырылуы 

(бірігуі,  қосылуы,  бөлінуі,  бөлініп  шығуы,  қайта  құрылуы)  еңбек 

шарттарының қолданылуын тоқтатпайды. 

 

25 бап. Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері 

1. Жеке еңбек шарты: 

1) мерзімінің бітуі бойынша; 

2)  талаптардың  еркіне  байланысты  емес  мəн-жайлар  бойынша 

тоқтатылуы мүмкін. 

2. Жеке еңбек шарты: 

1) тараптардың келісімі бойынша; 

2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша; 

3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы 

мүмкін. 


3.  Тараптар  жасасқан  жеке  еңбек  шарты  тараптардың  келісімі 

бойынша  бұзылуы  мүмкін.  Қызметкер  мен  жұмыс  берушінің 

жазбаша келісуі жеке еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша 

бұзудың негізі болып табылады. 

4.  Жеке  еңбек  шарты  тараптардың  бірінің  бастамасымен,  егер 

бұл тарап екінші тарапқа жеке еңбек шартында келісілген мерзімде 



жазбаша  есертсе,  бұзылуы  мүмкін.  Бір  тараптың  екінші  тарапқа 

ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір айдан 

кем болмауы керек. 

5.  Жеке  еңбек  шартын  бұзу  жəне  тоқтату  жұмыс  берушінің 

бұйрығымен ресімделеді. 

 

26  бап.  Жеке  еңбек  шартын  жұмыс  берушінің  бастамасы 



бойынша бұзудың негіздері 

1. Жеке еңбек шарты: 

1)  ұйым  (заңды  тұлға)  таратылған,  жұмыс  берушінің  (жеке 

адамның) қызметі тоқтаған; 

2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған; 

3)  жеке  еңбек  шартының  қолданылу  мерзімі  ішінде 

қызметкердің  жеткілікті  біліктілігінің  болмауы  не  белгілі  бір 

жұмысты  жалғастыруға  кедергі  келтіретін  денсаулық  жағдайы 

салдарынан  атқаратын  қызметіне  немесе  орындайтын  жұмысына 

сəйкессіздік аңғарылған; 

4) жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыста болу уақытын 

есептемегенде,  еңбекке  уақытша  жарамсыздығы  салдарынан, 

сондай-ақ  заңдарда  сол  ауру  бойынша  еңбекке  жарамсыздықтың 

неғұрлым  ұзақ  мерзімі  белгіленбесе,  жұмысқа  екі  айдан  астам 

уақыт  бойы  келмеген  жағдайда  бұзылуы  мүмкін.  Аурулар 

түрлерінің  тізбесін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітеді. 

Еңбек  қабілетін  еңбекте  мертігуіне  немесе  кəсіптік  ауруға 

байланысты  жоғалтқан  қызметкердің  жұмыс  орны  (қызмет)  еңбек 

қабілеті  қалпына  келген  немесе  мүгедектік  анықталғанға  дейін 

сақталады; 

5) қызметкер ұйыммен бірге басқа ауысудан бас тартқан; 

6) осы Заңның 23 бабының 2 тармағына сəйкес неғұрлым жеңіл 

жұмысқа ауыстырудан бас тартқан; 

7) еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан 

бас тартқан, 

8)  егер  қызметкер  тəртіптік  жаза  алған  болса,  ол  еңбек 

міндеттерін дəлелді себептерсіз қайталап орындамаған; 

9) қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған жағдайда 

бұзылуы мүмкін. 


Қызметкердің  еңбек  міндеттерін  бір  рет  өрескел  бұзуына:  бір  жұмыс 

күнінде  дəлелді  себептерсіз  жұмыста  үш  сағат  бойы  болмауы;  жұмысқа 

алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі 

уыттық  улану  жағдайында  келуі;  жұмыс  күні  ішінде  алкогольдік, 

нашақорлық  масаңдық  немесе  өзге  де  жағынан  улану  жағдайын 

туғызатын заттарды пайдалану; қызметкердің еңбек қорғау немесе 

өрт  қауіпсіздігі  ережелерін  бұзып,  оның  жарақат  алу  мен 

аварияларды  қоса  алғанда,  ауыр  зардаптарға  əкеп  соққан  немесе 

əкеп соғу мүмкіндігі; жұмыс орны бойынша соттың заңды күшіне 

енген  үкімімен  немесе  қаулысымен  белгіленген  мүлікті  (соның 

ішінде ұсақ заттарды) ұрлауы жатады; 

10)  егер  іс-əрекеті  оған  жұмыс  беруші  тарапынан  сенімінің 

жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен 

тікелей қызмет ететін қызметкер кінəлі іс-əрекет жасаған; 

11)  білім  беру  саласында  тəрбиешілік  міндетті  атқарушы 

қызметкер  аталған  жұмысты  жалғастыруға  сыйымсыз,  моральға 

жат қылық жасаған; 

12)  жеке  еңбек  шартына  сəйкес  өзіне  сеніп  тапсырылған 

мемлекеттік,  қызметтік,  коммерциялық  жəне  заңмен  қорғалатын 

өзге де құпияларды құрайтын мəліметтерді жария еткен; 

13)  осы  Заңның 21 бабына  жəне  осы  баптың 5) тармақшасына 

сəйкес  басқа  жұмысқа  уақытша  ауыстырған  жағдайда  қызметкер 

жұмыстан бас тартқан; 

14)  бұрын  осы  жұмысты  орындап  келген  қызметкер  сот 

шешімімен  жұмысына  қайта  алынған  жағдайда  жұмыс  берушінің 

бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет