Ахметов А., Ахметова Г


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет33/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

 

11  бап.  Еңбекті  қорғау  жөніндегі  талаптарды  əзірлеу  мен 



сақтау  

Мемлекет  уəкілдік  берілген  органдар  арқылы  ғылымға 

негізделген  стандарттар,  ережелер  мен  нормалар  негізінде 

өндірістегі  қауіпсіз  еңбекті  қамтамасыз  етуге  қажетті  талаптар 

белгілейді.  

Жұмыс  берушілер  кəсіпорындарда  олардың  орындалуын, 

сондай-aқ  ұжымдық  шарттарда  көзделген  міндеттемелерді 

орындауды  қамтамасыз  етеді,  еңбекті  қорғау  жөнінде  нұсқаулар 

əзірлейді.  

Осы Заңға сəйкес басылып шыққан нормативтік актілер жұмыс 

істеушілердің  өмipi  мен  денсаулығын  өздерінде  көзделген 

кепілдіктерден кем түспейтін дəрежеде қамтамасыз етуге тиіс.  

Кəсіпорындардың  қызметкерлері  тиісті  заң  жəне  нормативтік 

актілерде,  нұсқауларда,  ұжымдық  шарттарда  белгіленген  еңбекті 

қорғау  жөніндегі  ережелер  мен  нормалар  талаптарын  сақтауға 

міндетті. 

  

12  бап.  Кəсіпорынды  жобалағанда,  салғанда  жəне 

пайдаланғанда  

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік  стандарттардың, 

ережелердің,  нормалардың  талаптарына  сай  келмейтін  өндірістік 

үйлер мен ғимараттарды жобалауға, салуға жəне қайта жаңғыртуға, 

машиналарды,  механизмдердің  жабдықтар  мен  басқа  да 

бұйымдардың, 

соның 

ішінде 


шетелден 

сатып 


алынған 

бұйымдардың 

технологиясын 

жасауға 

жəне 


шығаруға, 

конструкциялауға жəне əзірлеуге жол берілмейді.  

Жасалған 

жобалардың 

еңбекті 

қорғау 


мен 

еңбек 


жағдайларының  талаптарына  сəйкес  келетіндігі  мемлекеттік 

сараптамадан,  ал  тəжірибе  үлгілері  мемлекеттік  сынақтан 

өткізілуге тиіс.  

Адамның  организмі  мен  денсаулығына  əсер  етуіне  қарай 

токсикологиялық 

санитарлық-гигиеналық 

радиациялық 

медициналық-биологиялық 

бағалаудан 

өтпеген 


заттарды, 

шикізатты, материалдарды қолдануды көздеуге тыйым салынады.  

Белгіленген  тəртіппен  берілген  қауіпсіздік  талаптарына  сай 

сертификаты 

жоқ 

жаңа 


немесе 

қайта 


жаңғыртылған 

кəсіпорындарды,  объектіні,  өндіріс  құралын  немесе  өнімнің  басқа 

түрін қабылдауға жəне пайдалануға беруге болмайды.  

Мемлекет машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, басқа да 

бұйымдарды,  сондай-ақ  технологияларды,  соның  ішінде  шетелден 

сатып  алынған  технологияларды  сертификаттау  жүйесінің  жұмыс 

істеуін қамтамасыз етеді.  

Еңбекті  қорғау  талаптарына  сай  келмейтін  кəсіпорынның, 

цехтың,  учаскенің  жұмысы,  өндіріс  құралдарын  немесе  өнімдерді 

пайдалануға  беру  олар  осы  талаптарға  сай  келтірілгенге  дейін 

тоқтатыла тұруы мүмкін.  

Кəсіпорынға жаңа қауіпті заттар келіп түскенде немесе олардың 

саны қосымша қауіпсіздік шараларын жасауды талап ететін болса, 

жұмыс  беруші  бұл  туралы  қадағалау  органдарына  дер  кезінде 

хабарлауға міндетті.  

Тапсырыс беруші жəне техниканы, технологияны, жобалаумен, 

жасаумен,  өндіріспен  жəне  жұмыстарды  ұйымдастырумен 

байланысты  кез  келген  құжаттаманы  жасаушы  еңбек  жағдайлары 

мен 

оның 


қауіпсіздігін 

қалыптастыратын ic-əрекеттердің 

негізділігіне,  сондай-ақ  оның  негізінде  жүзеге  асырылған 

инженерлік  басқару  жəне  басқа  шешімдердің  салдарына  бірдей 

жауап береді. 

  

13 бап. Еңбекті қорғау жөнінде мамандар даярлау  

Мемлекет жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында еңбекті 

қорғау  мен  еңбек  қayiпciздігі  жөнінідегі  мамандарды  даярлауды, 

қайта даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз 

етеді.  Бұл  оқу  орындары  экономика  салаларындағы  өндірістердің 



ерекшеліктерін  ескере  отырып,  студенттердің  «Еңбекті  қорғау» 

курсын міндетті түрде оқып-үйренуін жүзеге асыруға тиіс. 

  

14 бап. Еңбекті қорғауды қаржыландыру  

Еңбекті  қорғауды  қаржыландыру  мемлекеттік  жəне  жергілікті 

бюджеттер,  бюджеттен  тыс  қорлар,  кəсіпорындардың  қаржылары, 

басқа 


да 

қаржы 


көздері 

есебінен 

жүзеге 

асырылады. 



Кəсіпорындардың 

қызметкерлері 

бұл 

мақсатқа 



шығын 

жұмсамайды.  

Əрбір  кəсіпорын  жыл  сайын  еңбекті  қорғауға  қажетті  қаржы 

бөледі. Қаржы көлемі ұжымдық шартта белгіленеді.  

Кəсіпорындар шаруашылық жүргізуден, коммерциялық, сыртқы 

экономикалық  жəне  өзге  де  қызметтен,  сондай-ақ  басқа  кездерден 

түскен  пайда  (табыс)  есебінен  еңбекті  қорғау  жөніндегі  қорларды 

қосымша құруға қақылы. 

  

15  бап.  Кəсіпорындарда  салауатты  жəне  қayinсіз  еңбек 

жағдайларын қамтамасыз ету  

Кəсіпорындардағы,  əрбір  жұмыс  орнындағы  еңбек  жағдайлары 

еңбекті  қорғау  жөніндегі  стандарттардың,  ережелер  мен 

нормалардың талаптарына сай болуға тиіс.  

Кəсіпорындарда  салауатты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  ету,  еңбекті  қорғау  жайына  бақылау  жасауды 

ұйымдастыру  жəне  оның  қорытындылары  туралы  еңбек 

ұжымдарын  дер  кезінде  хабардар  етіп  отыру  жұмыс  берушіге 

жүктеледі.  

Кəсіпорындарда  салауатты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  жəне  қызметкерлердің  еңбек  қорғау 

жөніндегі  стандарттарды,  ережелерді,  нормалар  мен  нұсқауларды 

сақтауы  жөніндегі  жұмыс  берушінің  міндеттемелері  ұжымдық 

шартта көзделеді.  

Кəсіпорын  қызметкерлеріне  меншік  иесі  есебінен  еңбек 

жағдайларына  байланысты  мемлекеттік  басқару  органдары 

белгілеген  нормалардан  кем  түспейтін  жəне  ұжымдық  шарт 

негізінде  арнаулы  киім,  арнаулы  аяқ  киім  жəне  басқа  да  жеке 

қорғану  құралдары,  жуу  жəне  дезинфекциялау  материалдары,  сүт, 

емдеу-алдын алу тамағы беріледі.  

 

 


16 бап. Кəсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері  

Кəсіпорындарда  тиісті  органдармен  келісім  бойынша  еңбекті 

қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережеге сəйкес əрекет 

ететін  еңбекті  қорғау  жөніндегі  қызметтер  құрылады.  Еңбекті 

қорғау  қызметі  өзінің  мəртебесі  жағынан  негізгі  өндірістік 

қызметтермен  теңеседі  жəне  кəсіпорын  басшысына  (иесіне) 

бағынады.  

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  тиісті  қызметтер  кəсіпорындар 

жаңадан 

құратын 


ассоциацияларда, 

корпорацияларда, 

концерндерде жəне басқа да бірлестіктерде құрылуға тиіс.  

Еңбекті 


қорғау 

қызметінің 

мамандары 

құрылымдық 

бөлімшелердің  басшыларына  анықталатын  тəртіп  бұзушылықты 

жою  туралы  міндетті  түрде  орындалатын  бұйрықтар  беруге  жəне 

кəсіпорындардың  басшыларына  еңбекті  қорғау  туралы  заңды 

бұзған адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге міндетті. 

Қызметкерлердің  денсаулығы  мен  өміріне  тікелей  қауіп  төнген 

жағдайларда  еңбекті  қорғау  қызметтерінің  мамандары  жұмысты 

анықталған  тəртіп  бұзушылық  жойылғанға  дейін  тоқтата  тұруға 

қақылы.  

Еңбекті  қорғау  қызметтері  кəсіпорын  өз  қызметін  тоқтатқан 

ретте ғана таратылады. 

  

17  бап.  Əйелдер  мен  он  сегіз  жасқа  толмаған  адамдардың 

еңбегін қорғау  

Əйелдер  мен  он  сегіз  жасқа  толмаған  адамдардың  еңбегін 

зиянды  жəне  қауіпті  еңбек  жағдайы  бар  жұмыстарға,  сондай-ақ 

ауыр  жүкті  көтеру  жəне  оны  қолмен  тасуға  байланысты 

жұмыстарға  пайдалануға  заңда  белгіленген  тəртіппен  шек 

қойылады.  

Əйелдер  мен  он ceгіз  жасқа  толмаған  адамдардың  ауыр  жүкті 

көтеруi  мен  қолмен  тасуына  байланысты  жұмыстарда  əкімшілік 

жүктерді  тасу  үшін  механикаландыру  мен  автоматтандыру 

құралдарын,  басқа  да  жабдықтарды  көздеуге  міндетті.  Егер  ауыр 

жүкті көтеру мен тасу кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен 

тасу  тоқтатылуға  тиіс.  Ауыр  жүкті  қолмен  көтеру  мен  тасуға 

байланысты  жұмыстарға  екіқабат  əйелдердің  еңбегін  қoлдaнyғa 

тыйым салынады.  



Екіқабат  əйелдер  медициналық  қорытындыға  сəйкес  заңдарда 

белгіленген  тəртіппен  өндірістің  қayiптi  жəне  зиянды  факторлары 

əсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.  

Барлық əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдар жұмысқа 

алдын  ала  медициналық тексеруден  кейін  ғана  қабылданады  жəне 

келешекте  əйелдер 45 жасқа,  кəмелетке  жетпегендер 18 жасқа 

толғанша  жыл  сайын  міндетті  медициналық  тексеруден  өтіп 

тұрады. 


  

 

4   Т А Р А У 



 

 ҚЫЗMETKEPДІҢ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ  

ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ 

 

 



18  бап.  Жұмысқа  қабылдау  кезіндегі  еңбекті  қорғау 

құқығының кепілдіктері  

Еңбек  шартының  (контрактінің)  шарттары  еңбекті  қорғау 

жөніндегі  заңдар  мен  басқа  нормативтік  актілердің  талаптарына 

сай  келуге  тиiс.  Азаматтарды  денсаулық  жағдайына  жақпайтын 

жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.  

Еңбек  шартында  жұмыс  орнының  қауіпті  жəне  зиянды 

өндірістік  факторлармен  қоса  сенімді  сипаттамасы  көрсетіліп, 

осындай  жағдайлардағы  жұмыс  үшін  заңдарда  жəне  ұжымдық 

шартта көзделген жеңілдіктер мен өтемдер көрсетілуге тиіс.  

Еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  қауіпті  жұмысқа  қабылдаған 

кезде кəсіпорын əкімшілігі қызметкерге кəсіби аурудың пайда болу 

мүмкіндігінің  неғұрлым  ықтимал  мерзімі  туралы  ескертуге 

міндетті.  

 

19 бап. Міндетті медициналық тексерулер  

Кəсіпорын  денсаулық  сақтау  органдары  белгілеген  тəртіпке 

сəйкес медициналық тексерулер өткізуді ұйымдастыруға міндетті.  

Қызметкерлердің медициналық тексерулерден өтуден жалтаруға 

қақысы  жоқ.  Мерзімді  медициналық  тексерулерден  өту  кезінде 

қызметкердің  жұмыс  орны  (қызметі)  жəне  орташа  жалақысы 

сақталады.  

Аса  қауіпті  жұмыстармен  айналысатын  қызметкерлер  ауысым 

алдындағы медициналық куəландырудан өтуге тиіс.  



Ауысым  алдындағы  медициналық  куəландыруды  талап  ететін 

мамандықтардың  тізімін  жəне  оның  көлемін  денсаулық  сақтау 

органдарымен  келісім  бойынша  еңбекті  қорғау  қызметтері 

белгілейді. 

Медициналық тексерулерден жалтарған қызметкерлер жұмысқа 

жіберілмейді. 

  

20  бап.  Кəсіпорын  қызметкерлерін  өндірістегі  жазатайым 

жағдайдан жəне кəсіби аурулардан сақтандыру  

Кəсіпорын өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан 

жəне  кəсіби  аурулардан  қолданылып  жүрген  заңдарда  белгіленген 

жағдайларда міндетті түрде сақтандырады. 

  

21  бап.  Еңбек  қызметі  процесіндегі  еңбекті  қорғау 

құқығының кепілдігі  

Қызметкердің  денсаулығына  немесе  өміріне  қауіп  төнетін 

жағдай  туған  кезде  ол  жұмысты  дереу  тоқтатып,  бұл  туралы 

əкімшілікке  хабарлайды,  ал  əкімшілік  сол  жағдай  расталса, 

жұмысты  тоқтатуға  жəне  осы  қауіпті  жою  жөніндегі  шараларды 

қолдануға  міндетті.  Мұндай  жағдайда  қызметкердің  жұмысты 

орындаудан бас тартқаны үшін оған ешқандай тəртіптік құқықтық 

экономикалық жəне басқа санкциялар қолданылмайды, оған тəртіп 

бұзуды  жөндеуге  қажет  болған  бүкіл  кезең  үшін  орташа  жалақы 

төленеді.  

Мұндай жағдайдың болу фактісін кəсіпорынның еңбекті қорғау 

қызметінің  мамандары,  ал  жанжал  туған  жағдайда — мемлекеттік 

еңбек инспекциясы растайды.  

əкімшіліктің  еңбекті  қopғay  туралы  заңды  бұзғанын  қадағалау 

жəне  бақылау  органдары  растаған  жағдайда,  еңбек  шарты 

(контракті) қызметкердің арызы бойынша бұзылып, оған үш айлық 

орташа жалақы мөлшерінде жəрдемақы төленуі мүмкін.  

Кəсіпорынның  (объектінің)  жұмысы  еңбек  қауіпсіздігінің 

талаптарына сай келмегендіктен тоқтатылса, тоқтатылудың барлық 

кезеңінде қызметкердің орташа жалақысы сақталады.  

Қызметкерден  кəсіби  аурудың  алғашқы  белгілері  білінсе, 

əкімшілік  медициналык  қорытынды  негізінде  оны  қайта 

мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, 

бipaқ он екі айдан асырмай, басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс.  

 


22  бап.  Еңбекті  қopғay  мəселелері  жөнінде  қызметкерлерді 

оқыту, нұсқау беру жəне білімін тексеру  

Кəсіпорын əкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген 

тəртіппен  жəне  мерзімде  барлық  қызметкерлердің  еңбекті  қорғау 

мəселелері  жөніндегі  оқуын  ұйымдастыруға,  нұсқау  беруге  жəне 

білімін тексеруге, қайта аттестаттауға міндетті.  

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  оқудан,  нұсқау  алу  мен  білімін 

тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді. 

  

23 бап. Қызметкерлердің еңбек жағдайларының жайы жəне 



оны қорғау туралы хабардар болу құқығы  

Кəсіпорын 

қызметкерлері 

жұмыс 


орындарында 

еңбек 


жағдайлары мен еңбекті қорғау, оның үстіне тиісті жəне қорғаныс 

құралдары,  жеңілдіктер  мен  өтемдер  туралы  ақпарат  талап  етуге 

құқылы, ал əкімшілік оны беруге міндетті.  

Жұмыс  берушілер  ақпарат  бермегені  немесе  бұрмаланған 

ақпарат  бергені  үшін  Қазақстан  Республикасы  Заңдарында 

белгіленген тəртіппен жауапты болады.  

 

24  бап. Kəcіпорында  еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңдар  мен 

басқа да нормативтік актілердің сақталуын қоғамдық бақылау  

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да  нормативтік 

актілердің  сақталуын  қоғамдық  бақылауды  еңбекті  қорғау 

жөніндегі уəкілдік берілген адамдар арқылы еңбек ұжымдары мен 

кəсіподақ ұйымдары жүзеге асырады.  

Арнаулы  əзірліктен  өткен  еңбекті  қорғау  жөніндегі  уəкілдік 

берген  адам  жұмыс  орындарында  еңбекті  қорғаудың  жайын 

бөгетсіз  тексеруге,  ашылған  тəртіп  бұзушылықты  жою  туралы 

жəне  оған  айыпты  адамдарды  жауапқа  тарту  туралы  ұсыныс 

енгізуге  құқылы.  Еңбекті  қopғay  жөніндегі  уəкілдік  берілген 

адамның өз міндеттерін орындауының шарттары ұжымдық шартта 

реттеледі.  

 

25  бап.  Кəсіптік  одақтардың  қызметкерлердің  еңбегін 

қорғау жөніндегі құқықтары  

Кəсіптік  одақтар  меншік  иесінің  (əкімшіліктің),  мемлекеттік 

жəне  шаруашылық  органдарының  алдында  қызметкерлердің 

еңбекті  қopғay  құқын  қорғайды,  оның icкe  асырылуын  бақылауды 



жүзеге  асырады,  еңбекті  қopғay  жөніндегі  бағдарламаларды, 

заңдарды жəне нормативтік актілерді əзірлеуге қатысады.  

Кəсіподақтардың  өкілдері  өндірістегі  жазатайым  жағдайларды 

тексеруге қатысады, еңбекті қopғay жайын оны жақсарту жөніндегі 

кəсіпорындардағы  ұжымдық  шараларды  тексереді  жəне  олардың 

нəтижелері бойынша анықталған тəртіп бұзушылықты жою туралы 

ұсыныстар енгізеді.  

Қызметкерлердің  денсаулығына  немесе  өміріне  тікелей  қауіп 

төнген  жағдайда  кəсіподақтар  ол  жойылғанша  белгіленген 

тəртіппен жұмысты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге қақылы.  

Кəсіподақтар 

қызметкерлердің 

еңбектегі 

міндеттеріне 

байланысты мертігуден немесе денсаулыққа зақым келуден шеккен 

зиянның орнын толтыру құқығын қорғап, қызметкерлердің еңбекті 

қорғау  құқығына  қысым  жасаудың  басқа  да  жағдайларында 

талапкерлік арызбен сотқа жүгіне алады.  

 

5  Т А Р А У 



 

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖƏНЕ БАСҚА  

ДА НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІ БҰЗҒАН ҮШІН 

ЖАУАПТЫЛЫҚ

 

 

26  бап.  Кəсіпорынның  еңбекті  қорғау  талаптарын 



қамтамасыз етпегені үшін экономикалық жауаптылық. 

 

Қадағалау  жəне  бақылау  органдары  еңбекті  қорғау  туралы 



заңның  бұзылғанын анықтаған кезде кəсіпорындар өз қаржылары 

есебінен  еңбекті  қорғау  қорларына  Қазақстан  Республикасының 

заңдарымен белгіленген тəртіп пен айыппұл төлейді. 

 

27  бап.  Кəсіпорындардың  өндірістік  бағыттағы,  еңбекті 



қорғау талаптарына жауап бермейтін өнімдер шығарғаны жəне 

өткізгені үшін экономикалық жауаптылығы 

Еңбекті  қорғау  талаптарына  жауап  бермейтін  жаңа  техниканы, 

технологияны, 

өндірістік 

объектілерді 

жасаушылар 

мен 

дайындаушылар 



əлеуметтік 

сақтандыру 

органдары 

мен 


тұтынушылардың  осы  тəртіп  бұзушылықты  жоюдан  шеккен 

зиянын,  соның  ішінде  жазатайым  жағдай  мен  кəсіби  аурулар 

нəтижесінде  зардап  шеккендерге  төленетін  өтемдік  төлемдерге 


байланысты  шығындарды  өтейді.  Зиян  мөлшерін  белгілеген 

тəртіппен төрелік сот белгілейді жəне өндіреді. 

Өндіріс  құралдары  мен  технологиялардың  жоболарын  еңбекті 

қорғау  нормалары  мен  талаптарын  бұза  отырып  жасаған  жəне 

оларды  өндіріске  енгізуді  талап  еткен  ғылыми-зерттеу  жəне 

жобалау-конструкторлық  ұйымдар  тапсырыс  берушілерге  осы 

тəртіп  бұзушылықты  жою  жөнінде  келтірілген  зиянды  өтеуге 

міндетті.  Зиян  мөлшерін  белгілеген  тəртіппен  төрелік  сот 

белгілейді  жəне өндіреді. 

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  стандарттардың,  ережелер  мен 

нормалардың белгіленген талаптарына сай келмейтін, соның ішінде 

шетелден  сатып  алынған  өнімді  өндіру,  жарнамалау  жəне  сату 

заңсыз  болып  табылады.  Кəсіпорынның  мұндай  қызмет 

нəтижесінде  тапқан  пайдасы  еңбекті  қорғау  қорына  алып  қоюға 

жатады. 

 

28 бап. Лауазымды адамдардың еңбекті қорғау жөніндегі заң 



жəне өзге де нормативік актілерді бұзғаны үшін жауаптылығы 

 

Еңбекті қорғау жөніндегі заң жəне өзге де нормативтік актілерді 



бұзуға  кінəлі  не  қадағалау  мен  бақылауға  кедергі  келтіруші 

лауазымды  адамдар  заңдарда  белгіленген  тəртіппен  əкімшілік, 

тəртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.  

 

29  бап.  Қызыметкелердің  еңбекті  қорғау  талаптарын 



бұзғаны үшін жауаптылығы 

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  номативтік  актілердің  талаптарын 

бұзғаны 

үшін 


кəсіпорын 

қызметкерлері 

Қазақстан 

Республикасының заңдарына сəйкес жауапқа тартылады.  

 

30 

бап. 

Кəсіпорынның 

өндірісте 

зардап 

шеккен 

қызметкерлерге  немесе  қызметкерлер  опат  болған  жағдайда 

талап  етуге  құқылы  адамға  келтірген  зиянды  өтеудегі 

материалдық жауаптылығы 

Кəсіпорын  немесе  оның  заңды  мирасқоры  өндірістегі 

жазатайым  жағдай  немесе  кəсіби  ауру  нəтижесінде  толық  немесе 

ішінара  еңбек  қабілетінен  айырылған  қызметкерге  немесе 

қызметкер  опат  болған  жағдайда  талап  етуге  құқылы  адамға  бір 

мəрте  жəрдемақы  төлейді  жəне  заңдарда  белгіленген  тəртіп  пен 



мөлшерге  сəйкес  қызыметкердің  денсаулығына  келген  зақым 

немесе  опат  болғаны  үшін  ұжымдық  шартпен  жəне  Қазақстан 

Республикасының заңдарымен белгіленеді əрі мына мөлшерден: 

–  өндірістегі  жазатайым    жағдайдан  немесе  кəсіби  аурудан 

қайтыс болғанда он еселенген жылдық жалақысынан; 

–  еңбектегі  мертігуден  немесе  кəсіби  аурудан  бірінші  немесе 

екінші  топтағы  мүгедек  болып  танылған  жағдайда  қызыметкердің 

бес еселенген жылдық жалақысынан;      

–  еңбектегі  мертігуден  немесе  кəсіби  аурудан    үшінші  топтағы 

мүгедек  болып  танылған  жағдайда  қызыметкердің  екі  еселенген 

жылдық жалақысынан;    

–  мүгедек    болып    танылған,  бірақ  еңбек  қабілетін 

біршама  жоғалтқан  деп  танылған  жағдайда  бір  жылдық 

жалақысынан кем болмауға тиіс. 

Жылдық 

жалақыны 



есептеу 

тəртібін 

Қазақстан 

Республикасының Үкіметі белгілейді. 

Қызметкердің мұқтаждығына қарай кəсіпорын емдеу, протездеу 

жəне  басқа  да  медициналық  жəне  əлеуметтік  көмек  шығындарын 

өтейді: 

Қажет 


болған 

жағдайда 

кəсіпорын 

медициалық 

қорытындыға  сəйкес  зардап  шегушінің  кəсіби  жағынан  қалпына 

келуін,  қайта  даярлықтан  өтуін  жəне  жұмысқа  орналасуын 

қамтамасыз  етеді  немесе  осы  мақсатқа  жұмсалған  шығындарды 

өтейді. 


 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗЫМЕТ ТУРАЛЫ 



 

 

1  Т А Р А У 



 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

1 бап. Негізгі ұғымдар 

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

Мемлекттік  əкімшілік  қызметші – мемлекеттік  саяси 

қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты 

кəсіби  негізде  лауазымдық  өкілеттікті  жүзеге  асыратын  

мемлекеттік  қызметші; 


мемлекеттік  лауазым – мемлекеттік  органның  нормативтік 

құқықтық  актілермен  белгіленген  лауазымдық  өкілеттік  пен 

лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі; 

мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік 

органдағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске 

асыруға  бағытталған  лауазымдық  өкілеттігін  атқару  жөніндегі 

қызметі; 

мемлекеттік  қызметші – мемлекеттік  органда  заңдарда  

белгіленген тəртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен 

не  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкінің  қаржысынан  ақы 

төленетін  қызметті  атқаратын  жəне  мемлекеттік  міндеттері  мен 

функцияларын  іске  асыру  мақсатында  лауазымдық  өкілеттікті 

жүзеге  асыратын  Қазақстан  Республикасының  азаматы; 

лауазымды  адам – ұдайы,  уақытша  немесе  арнайы  өкілеттік 

бойынша  өкімет  өкілінің  міндеттерін  жүзеге  асыратын  не 

мемлекеттік  органдарда  ұйымдастырушылық-өкім  берушілік 

немесе əкімшілік-шаруашылық қызметкерді орындайтын адам; 

лауазымдық  өкілеттік – заңдарда  белгіленген  құқықтары  мен 

негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге 

асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен 

міндеттерге  жауап  беретін,  нақты  мемлекеттік  лауазыммен 

көзделген өкілеттік; 

мемлекеттік  əкімшілік  қызмет  санаты – мемлекеттік  əкімшілік 

қызметшілер  атқаратын,  лауазымдық  өкілеттіктің  көлемі  мен 

сипатын 

көрсететін 

əкімшілік 

лауазымдар 

жиынтығының 

саралаушылық сипаттамасы; 

біліктілік талаптары – мемлекеттік əкімшілік қызметті атқаруға  

үміткер  азаматтарға  оның  кəсіби  даярлығының  деңгейін, 

құзіреттілігінің  жəне  нақты  əкімшілік  қызметке  сəйкес  келуін 

анықтау мақсатында қойылатын талаптар; 

мемлекеттік  саяси  қызметші – тағайындалуы ( сайлануы), 

босатылуы жəне қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын жəне 

саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жауап беретін 

мемлекеттік қызметші. 

 


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ тілі»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет