Ахметов А., Ахметова Г


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЖƏНЕ



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет35/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЖƏНЕ 

ҚЫЗМЕТТІК МАНСАП

 

 

15  бап.  Мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға  кіру  кезіндегі 



сынақ 

1.  Конкурстық  іріктеу  нəтижелері  бойынша  мемлекеттік 

əкімшілік лаузымға алғаш рет  қабылданған немесе жоғары тұрған  

санаттағы    мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға  қабылданған  азамат 

үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. 

2.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметші  дəлелді  себептермен 

қызметте болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді. 

3. 


Мемлекеттік 

əкімшілік 

қызметші 

сынақ 


нəтижесі 

қанағаттанғысыз болған жағдайда уəкілетті органмен немесе оның 

аумақтық  бөлімшесімен  келісе  отырып,  сынақ  мерзімінен  өтпеген 

адам ретінде жұмыстан шығарылуы мүмкін.  



4.  Егер  сынақ  мерзімі  өтіп,  мемлекеттік  əкімшілік  қызметші 

мемлекеттік қызметті жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып 

саналады  жəне  сынақ  мерзімі  мемлекеттік  қызмет  өтілуіне 

есептеледі.  Одан  кейінгі  жұмыстан  босатуға  заңдарда  көзделген 

негіздер бойынша ғана жол беріледі.  

 

16 бап. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді аттестаттау  

Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  олардың  кəсіби  даярлығы, 

құқықтық  мəдениеті,  азаматтармен  жұмыс  істеу  қабілеті  деңгейін 

анықтау  мақсатында  атестаттау  өтеді.  Мемлекеттік  əкімшілік 

қызметшілерді  атестаттауды  жүргізудің  тəртібі  мен  талаптарын 

уəкілетті  органның  ұсынуы  бойынша  Республика  Президенті 

бекітеді. 

 

17 бап. Жұмыс уақыты 

1.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  жұмыс  уақытының 

ұзақтығы  осы  заңда  көзделген  ерекшеліктер  ескеріле  отырып, 

Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сəйкес белгіленеді. 

2. Тұтас алғанда мемлекеттік органның немесе  оның  жекелеген  

бөлімшелерінің  қалыпты  (үздіксіз)  жұмысы  əрі  қарай  жедел 

атқарылуына  байланысты  болатын  шұғыл  жəне  күні    бұрын  

болжанбаған жұмысты орындау үшін орган басшысының жазбаша  

үкімі    бойынша  жұмысы    Республиканың  еңбек  заңдарына  сəйкес 

өтілетін,  демалыс  жəне  мереке  күндері  қызметке  келуге  міндетті 

жекелеген мемлекеттік əкімшілік қызметшілер тартылуы мүмкін.  

 

18 бап. Іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар  

1.  Мемлекеттік  қызметшілерге  Үкімет  белгілейтін  тəртіппен 

қызметтік,  оның  ішінде  шет  мемлекеттерге,  іссапарларға  арналған 

шығындары өтеледі.  

Мемлекеттік  қызметшілерге  Қазақстан  Республикасының 

заңдарында көзделген іссапарда болған уақытына тəулікақы алуға, 

көздеген  жеріне  барып-қайту  жөніндегі  шығындарға,  тұрғын  үй-

жай жалдау жөніндегі шығындарға кепілдіктер мен құқығы тиесілі 

болады.   

2. Іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің іссапардың 

бүкіл уақыты бойы жұмыс  орны (қызметі) мен орташа жалақысы 

сақталады.  

 


19 бап. Мемлекеттік қызмет өткерудің өзге де мəселелері 

Мемлекеттік қызметтен өтудің осы Заңмен реттелмеген өзге де  

мəселелері  заң  актілерімен,  уəкілетті  орган  ұсынуы  бойынша 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  бекітетін    Мемлекеттік 

қызмет өткеру тəртібі туралы ережемен реттеледі. 

 

20  бап.  Мемлекеттік  қызметке  кіру  кезіндегі  кадрлар  



резерві 

1.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  лауазымдарға 

орналасуға  арналған  кадрлар  резервін  уəкілетті  орган  мен  оның 

аймақтық бөлімшелері қалыптастырады. 

Кадрлар резерві: 

конурстық    іріктеуге  қатысқан  жəне  конкурстық  комиссия 

кадрлар резервіне тіркеу үшін ұсынған азаматтардан; 

мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау  мен  қайта  даярлаудың 

мемлекеттік  бағдарламалары  бойынша  мемлекеттік  тапсырыс 

негізінде  оқудан өткен азаматтар; 

мемлекеттік  органдар  кəсіби  деңгейін  көтеру  мақсатында  халықаралық 

ұйымдарға  немесе  басқа  мемлекеттерге  жұмысқа  жіберген 

азаматтардан жасақталады. 

2.  Кадрлар  резервіне  тіркелген  азаматтар  бір  жыл  ішінде 

конкурстан  өтпестен  мемлекеттік  органдардағы  тиісті  мелекеттік 

əкімшілік лауазымға тағайындалуы мүмкін.  

3.  Кадрлар  резервін  қалыптастыру  жəне  олармен  жұмысты 

ұйымдастыру  тəртібі  уəкілетті  органның  ұсынуы  бойынша 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  бекітетін  Мемлекеттік 

қызметтің кадрлар резерві туралы ережемен реттеледі. 

 

 

5  Т А Р А У 



 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ 

 

21 бап. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу 

1.  Мемлекеттік  қызметшілердің  еңбегіне  төленетін  ақы 

қызметтік міндеттерін сөзсіз жəне тиянақты атқару үшін жеткілікті 

материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды 

білікті  жəне  тəжірбиелі  кадрлармен  жасақтауға  жəрдемдесуге, 

олардың адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс. 


2.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  еңбегіне  ақы  төлеу 

жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.  

Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің    еңбегіне  ақы  төлеу 

Қазақстан    Республикасының  Президенті  бекіткен  Еңбекке  ақы 

төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.  

3. 


Мемлекеттік 

əкімшілік 

қызметшілердің 

жалақысы 

республикалық жəне жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен 

не Ұлттық Банк қаржысынан төленеді. 

Бюджет    қаржысының  қысқаруы  жалақыны,  сондай-ақ  осы 

Заңда  көзделген  өзге  де  кепілдіктерді,  жеңілдіктерді  жəне 

өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшін негіз бола алмайды.  

4. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің жалақысы мен оларға 

төленетін  басқа  да  төлемдер  заңдарда  белгіленген    тəртіппен  

индекстелуге   тиіс.  

 

22 бап. Мемлекеттік қызметшілердің демалысы 

1. Мемлекеттік қызметшілерге сауықтыру үшін екі лауазымдық 

айлықақысы  мөлшерінде  жəрдемақы  төленіп,  ұзақтығы  отыз 

күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайын демалыс беріледі. 

2. Мемлекеттік қызметшілердің қалауы бойынша жыл сайынғы 

ақы төленетін демалыс оларға бөліп-бөліп берілуі мүмкін.  

3.  Мемлекеттік  қызметшіге  жалақысы  сақталмайтын  демалыс 

берілуі мүмкін.  

4.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілер  мемлекеттік  орган 

басшысының  шешімі    бойынша  жыл  сайынғы  немесе  қосымша 

демалыстан  шақыртылып  алынуы  мүмкін.  Пайдаланылмаған 

демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік əкімшілік қызметшіге тиісті 

жылдың    басқа  кез  келген  уақытында  беріледі  не  келесі  жылғы 

демалысына қосылады. 

 

23 бап. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу 

1.  Мемлекеттік  қызметшілер  лаузымдық  міндеттерін  үлгілі 

орындағаны,  мінсіз  мемлекеттік  қызметі,  ерекше  маңызды  жəне 

күрделі  тапсырмаларды  орындағаны  үшін  жəне  жұмыстағы  басқа 

да жетістіктері үшін: 

біржолғы ақшалай сыйақы беру; 

алғыс жариялау; 


бағалы сыйлықтар мен марапаттау; 

сондай-  ақ  Қазақстан  Республикасының    заңдарында  көзделген 

көтермелеудің өзге де нысандары арқылы көтермеленуі мүмкін.  

Мемлекеттік    қызметшілер  ерекше  еңбек  сіңіргені  үшін 

Қазақстан  Республикасының    мемлекеттік    наградаларымен 

марапатталады.  

 

24  бап.  Мемлекеттік  қызметшілерді  əлеуметтік  қорғау 

шаралары 

 1.  Мемлекеттік    қызметкерлер  заңдарда  белгіленген  тəртіп 

бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.  

2.  Тұрғын  үй  жағдайын  жақсартуға  мұқтаж  мемлекеттік 

қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін 

беріледі.  Жер  учаскесін  беру  шарттарын  Республика  Үкіметі 

белгілейді.  

3.  Мемлекеттік  қызметшілер  жəне  олармен  бірге  тұратын 

отбасы  мүшелері  белгіленген  тəртіппен  тиісті  мемлекеттік 

денсаулық  сақтау    мекемелерінде  медициналық  қызмет  көрсетуді 

пайдаланады.  

4. 


Мемлекеттік 

орган 


таратылған 

немесе 


қайта  

ұйымдастырылған  жағдайда  мемлекеттік  əкімшілік    қызметшілер, 

мемлекеттік  органдарда  кемінде  үш  жыл  жұмыс  өтіліп  болған 

жағдайда, олардың біліктілігіне сəйкес жаңадан құрылған не басқа 

мемлекеттік органда жұмыспен қамтамасыз етіледі, не мемлекеттік 

əкімшілік  қызметшілердің    таңдауымен  орташа  төрт  айлық 

жалақысы мөлшерінде шығу жəрдемақысы төленеді.  

Мемлекеттік  органның  штаты  (саны)  қысқарған  жағдайда  

мемлекеттік  қызметшіге  мемлекеттік  органдардағы  жұмыс  өтіліп 

үш  жылдың  кем  болмаған  кезде,  төрт    орташа  айлық  жалақысы 

мөлшерінде шығу жəрдемақысын төлеу жүргізіледі.   

5.  Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы 

мүшелеріне  мемлекеттік  органдағы  соңғы  қызмет  орны  бойынша 

үш  орташа  жалақысы  мөлшерінде  біржолғы  жəрдемақы  төленеді, 

бұл орайда жəрдемақының мөлшері заңдарда белгіленгеннен төмен 

болмауы керек. 

   

 

25  бап.  Мемлекеттік  қызметшілерді  зейнетақымен  жəне  əлеуметтік 



қамсыздандыру  

Мемлекеттік  қызметшілерді  зейнетақымен  жəне  əлеуметтік 

қамсыздандыру    Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес 

жүзеге асырылады.  

    


 

6   Т А Р А У 



 

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ  МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚЫЗМЕТТІ  ТОҚТАТУЫ 

 

26  бап.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  отставкаға 



шығуы жəне қызметтен басталуы 

1.  Отставка  дегеніміз  мемлекеттік  саяси  қызметшінің  тиісті 

мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін атқаруды тоқтатуы, ол оның  

жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады.  

2.  Отставканы  мемлекеттік  саяси  қызметшіні  осы  лауазымға 

тағайындаған (сайлаған) мемлекеттік орган немесе лауазымды адам 

қабылдайды  немесе  одан  дəлелді  бас  тартылады.  Отставканы 

қабылдау  немесе  одан  бас  тартылу  туралы  шешім  жазбаша  арыз 

берілген  күннен  бастап  бір  ай  мерзімде  қабылданды.  Саяси 

қызметші  отставкадан  бас  тартылған  жағдайда  қызметтік 

өкілеттігін  атқаруды  жалғастыруға  тиіс  жəне  оның  заңдарда 

көзделген тəртіппен қызметтен босауға құқығы бар.  

3.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілер  Конституцияда,  осы  Заңда  

жəне  Қазақстан  Республиасының  өзге  де  заңдарында  белгіленген 

негіздер мен тəртіп бойынша отставкаға шығады. 

4.  Лауазымдық  өкілеттігін  өрескел  бұзу,  мемлекеттік  қызметте 

болуға  лайықсыз  қылықтар  жасау  мемлекеттік  саяси  қызметшінің  

отставкаға  шығуы  үшін  негіз  бола  алмайды,  қайта  жұмыстан  

босату  үшін  негіз  болады.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілерді 

қызметтен 

босатудың 

негіздері 

мен 

тəртібін 



Қазақстан 

Республикасының  Президенті белгілейді. 

5.  Осы  Заңның 7 бабының 2 тармағында  аталған  лауазымды 

адамдар  отставкаға  шығу  құқығы  бар  лауазымды  адамдар  жəне 

отставкаға шығуға міндетті лауазымды адамдар болып табылады. 

 

 



 

 

27 бап. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік 

қызметті тоқтатушының негіздері 

1. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті 

тоқтату үшін: 

1)  олардың  өз  тілегі  бойынша  жұмыстан  босату  туралы  арыз 

беру; 

2) келісім-шарт мерзімінің бітуі не заңдарда көзделген негіздер 



бойынша келісім-шарттың бұзылуы; 

3)  мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілердің  өз  табысы  мен  мүлкі 

туралы жалған мəлімет беру; 

4) осы заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы; 

5) меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенім білдірген басқаруға 

бермеуі; 

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы; 

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау; 

8) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік 

əкімшілік лауазымды конкурстан тыс атқаруы; 

9) аттестаттаудың теріс нəтижелері; 

10)  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңдарында  көзделген 

өзге де негіздемелер негіз болып табылады.  

2.  Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшілерді  қызметтен  босатуды 

мемлекеттік  органының    мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға 

қабылдауға  құқығы  бар  тиісті  лауазымды  адамды  заңдарда 

белгіленген тəртіппен жүргізеді.  

3.  Қызметтен  заңсыз  босатылған  жағдайда  мемлекеттік 

əкімшілік  қызметшінің  уəкілетті  органға  шағымдануға,  сондай-ақ 

өзінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  сот  арқылы  қорғауға 

құқығы бар.  

4.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  ауысуы  мемлекеттік  

əкімшілік  қызметшілердің  жаңадан  тағайындалған  мемлекеттік 

саяси  қызметшілердің  бастамасы  бойынша  атқарып  отырған 

лауазымды  мемлекеттік  қызметті  тоқтатуы  үшін  негіз  бола 

алмайды. 

 

 

 



 

 

 



7  Т А Р А У 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗУ 

ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

 

 

28 бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы  

1.  Мемлекеттік  қызметшілердің  өзіне  жүктелген  міндеттерді 

орындамағаны  жəне  тиісінше  орындамағаны,  лауазымдық 

өкілеттігін  асыра  пайдаланғаны,  мемлекеттік  жəне  еңбек  тəртібін 

бұзғаны  үшін,  сондай-ақ  осы  белгіленген,  мемлекеттік  қызметте 

болуға  байланысты    шектеулерді  сақтамағаны  үшін  мемлекеттік 

қызметшіге тəртіптік жазалар: 

ескерту; 

сөгіс; 


қатаң сөгіс; 

қызметке сəйкес еместігі туралы ескерту; 

атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін. 

Тəртіптік жазаны: 

лауазымдық  өкілеттігіне  сəйкес  осындай  құқығы  бар  адамдар 

қолданады; 

жасағаны  үшін  заңда  өзгедей  жауаптылық  көзделген  əрекет 

үшін қолдануға болмайды; 

Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілермен 

белгіленетін тəртіппен қолданады.  

Тəртіптілік    лайықсыз  əрекетке  жол  берген  мемлекеттік 

əкімшілік  қызметшіні  оны  тағайындаған  басшы  белгіленген 

тəртіппен  жауаптылығы  туралы  мəселе  шешілгенге  дейін 

лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.  

4.  Мемлекеттік  қызметші  өз  іс-əрекетінің  заңсыздығы  үшін 

жауап  береді.  Атқару  үшін  алынған  үкімнің  заңдылығына 

күмəнданған  жағдайда  бұл  жөнінде  ол  өзінің  тікелей  басшысына 

жəне    үкімді  берген  басшыға  жазбаша  нысанда  дереу  хабарлауға 

тиіс.  Лауазымы  бойынша  жоғары  тұрған  басшы  аталған    үкімді 

жазбаша  растаған  жағдайда  мемлекеттік  қызметші    егер  оны 

орындау  қылмыстық  жазалануға  тиіс  əрекеттерге  əкеп  соқпайтын 

болса,  оны  орындауға  міндетті.  Мемлекеттік  қызметшінің  заңсыз  

үкімді  орындауының  салдары  үшін  осы    үкімді    растаған  басшы 

жауап береді.  



5.  Мемлекеттік  қызметшілер  қылмыс  жəне  өзге  де  құқық 

бұзушылықтар  жасаған  жағдайда  заңдарда  белгіленген  негіздер 

мен тəртіп бойынша тиісінше қылмыстық, əкімшілік, материалдық 

жауапты болады.  



29  бап.  Мемлекеттік  қызметшілер  құқықтарының  оларды 

тəртіптік жауапқа тарту кезіндегі кепілдігі  

1.  Мемлекеттік  қызметші  өзін  тəртіптік  жауапқа  тартуға 

байланысты барлық материалдармен таныстырылуға міндетті.  

2.  Жауапқа  тартылушы  мемлекеттік  қызметшілер  мемлекеттік 

органның  немесе  лауазымды  адамның  іс-əрекеті  мен  шешімдеріне 

уəкілетті  орган белгілеген тəртіппен не сотқа шағым жасай алады. 

 

8  Т А Р А У 



 

ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР 

 

30 бап. Осы Заңның күшіне енгізілу тəртібі 

Осы заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілді.  

11. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК 

ƏРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ 

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 

18 желтоқсан №129-ІІ 

 

Осы  Заң  Қазақстан  Республикасындағы  əлеуметтік  əріптестік 

(трипартизм)  жүйесі  жұмыс  істеуінің  құқықтық  негіздерін, 

міндеттері  мен  тəртібін  айқындайды,  тараптардың  тең  құқылы 

жəне  өзара  жауапкершілік  принциптері  негізінде  ортақ  əлеуметтік 

маңызы  бар  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  Бас,  салық  жəне 

аймақтық  келісімдерді  жасасу,  өзгерту  жəне  бұзу  тəртібін 

белгілейді.  

 

1  Т А Р А У



 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

1бап. Негізгі ұғымдар 

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1)  қызметкерлердің  өкілдері – кəсіптік  одақтардың,  олардың 

бірлестіктерінің 

органдары, 

сондай-ақ 

заңдарда 


белгіленген  тəртіппен  құрылған  қызметкерлер  уəкілеттік 

берген өзге де адамдар мен ұйымдар: 

2)  жұмыс  берушілердің  өкілдері – заңдарда  белгіленген 

тəртіппен  құрылған  жұмыс  берушілер  органдары,  сондай-ақ 

заңдарда  белгіленген  тəртіппен  құрылған  жұмыс  берушілер 

органдары уəкілеттік берген адамдар; 

3) келісім (бас), салалық ( тарифтік), аймақтық-республикалық, 

салалық  жəне  аймақтық  деңгейде  қызметкерлердің  еңбек 

жағдайларын, жұмыспен қамтылуын жəне əлеуметтік кепілдіктерін 

белгілеу 

мазмұнын 

жəне 


тараптардың 

олар 


бойынша 

міндеттемелерін  анықтайтын,  əлеуметтік  əріптестер  арасында  

жасалатын құқықтық акт; 

4)  əлеуметтік  əріптестік – атқарушы  билік  органдары 

өкілдерінің,  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлер  өкілдерінің 

мүдделерін  келістіруді  қамтамасыз  етуге  бағытталған  қатынастар 

мен тетіктер жүйесі; 

5) əлеуметтік əріптестік тараптары – атқарушы билік органдары 

өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері; 

6)  əлеуметтік  əріптестік  комиссияларына  қатысушы – 

əлеуметтік  əріптестік тараптарының өкілетті өкілі.  

2 бап. Заңның қолданылу аясы  

Осы Заңның күші: 

1)  меншік  нысанына  қарамастан  Қазақстан  Республикасының 

аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық жұмыс берушілерге; 

2) 

Қазақстан 



Республикасының  аумағында 

орналасқан 

кəсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне;  

3) атқарушы билік органдарына қолданылады.  

 

2   Т А Р А У



 

 

ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗГІ 

МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ

 

 

 3 бап. Əлеуметтік əріптестіктің міндеттері 

Қазақстан  Республикасындағы  əлеуметтік  əріптестік  мынадай 

негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:  

1)  əлеуметтік  жəне  қатынастарын  жəне  оларға  байланысты 

экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау; 



2)  қоғамдағы  барлық  жіктердің  мүдделерін  объективті  түрде 

ескеру  негізінде  əлеуметтік  тұрақтылық  пен  қоғамдық  келісімді 

қамтамасыз етуге жəрдемдесу; 

3)  қызметкерлердің  еңбек  құқықтары  кепілдіктерін  қамтамасыз 

етуге жəрдемдесу, олардың əлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру; 

барлық  деңгейдегі  əлеуметтік  əріптестер  арасындағы 

консультациялар мен келіссөздер процесіне  жəрдемдесу; 

ұжымдық  еңбек  даулары  мен  жанжалдарыды  шешуге 

жəрдемдесу. 

тараптардың  тең құқықтығы;  

 талқылау үшін енгізілетін мəселелер тізбесін таңдау еркіндігі; 

4)  міндеттемелер  қабылдаудың  еріктілігі  жəне  тараптардың 

оларды орындауға міндеттілігі; 

5) тараптардың мүдделерін құрметтеу;  

əлеуметтік əріптестердің Қазақстан Республикасының заңдарын, 

Қазақстан 

Республикасының 

халықаралық 

шарттары 

мен 


міндеттемелерін сақтауы; 

 тараптардың, 

олардың 

өкілдерінің 

келісім 

бойынша 


қабылданған  міндеттемелерді  өздерінің  кінəсінің  орындамағаны 

үшін жауаптылығы болып табылады. 



5 бап. Əлеуметтік əріптестік жүйесі  

əлеуметтік  əріптестік  тараптардың  өзара  іс-қимылы 

нысанында əлеуметтік əріптестіктің:  

республикалық деңгейдегі; 

салалық деңгейдегі; 

аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегі органдары 

арқылы қамтамасыз етіледі. 

əлеуметтік  əріптестіктің  ұйымдар  деңгейіндегі  мəселелері 

Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.  

 

6  бап.  Əлеуметтік  əріптестік  саласындағы  Қазақстан 



Республикасының заңдары  

Əлеуметтік əріптестік саласындағы Қазақстан Республикасының 

заңдары 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясына  

негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының  өзге де 

нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.  

 

 

 



3  Т А Р А У

 

 

ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

7  бап.  Əлеуметтік  əріптестікті  республикалық  деңгейде 



ұйымдастыру  

1.  Əлеуметтік  əріптестікті  республикалық  деңгейде,  əлеуметтік 

əріптестік  пен  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастарын  реттеу 

жөніндегі  республикалық  үш    жақты  комиссия ( бұдан  əрі – 

республикалық комиссия) қамтамасыз етеді.  

2. 


Республикалық 

комиссия 

əлеуметтік 

əріптестердің 

мүдделерін 

үйлестіруді 

тиісті 

шешімдермен 



рəсімделетін 

консультатциялар  мен  келіссөздер  жүргізу  жолымен  қамтамасыз 

ету жөнінде  тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.  

3.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметтің,  қызметкерлердің 

республикалық  бірлестіктерінің  жəне  жұмыс  берушілердің 

республикалық    бірлестіктерінің  өкілетті    өкілдері  республикалық 

комиссияның қатысушылары болып табылады. 

    


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ тілі»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет