Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

кепілдіктері  келесідей:  біріншіден,  олар  ҚР  Конституциясымен 

кепілденген,  екіншіден,  заңдар  еңбек  құқығы  субъектілерінің 

құқық  бұзушылықтарының  алдын-алады;  үшіншіден,  міндетті 

тұлғалардың  əрекет  ету  шектерін  белгілейді;  төртіншіден,  аталған 

құқықтарды  бұзатын  əрекеттерге  шағымдануға  мүмкіндік  береді 

жəне  бесіншіден,  кінəлі  тұлғалардың  құқық  бұзушылықтарының 

нəтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді. 


Қызметкерлердің  еңбек  құқықтары  мен  міндеттерін  заңды 

тұрғыдан кепілдеудің өзіне тəн ерекшелігі болып осы кепілдіктерді 

жүзеге  асыруға  қызметкерлердің  құқықтары  мен  мүдделерінің 

заңды  өкілдері  болып  табылатын  еңбек  ұжымдары  мен 

кəсіподақтардың қатысуы табылады. 

Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде. 

Азаматтар  еңбек  құқығы  субъектілерінің  ішінде  саны  жағынан 

көп  жəне  ең  кең  таралған  тобы.  Азаматтар  еңбек  құқықғының 

субъектілері 

ретінде 

жалданбалы 

еңбек 

қызметкерлеріне, 



кəсіпкерлерге,  жұмыс  істейтін  меншік  иелеріне  бөлінеді. 

Жалданбалы  еңбек  қызметкерлері,  өз  кезегінде,  жұмысшыларға, 

инженерлік-техникалық  құрамға,  қызметшілерге,  жұмыс  істейтін 

зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. 

Осыған  сəйкес  азаматтар  мəртебесінің  көптеген  түрлерін  де 

бөлуге болады. 

Алайда,  барлық  азаматтарға  еңбек  құқық  қабілеттігінің  жалпы 

талаптары  да  таралады,  олар:  жасына  қатысты  қойылатын  талап, 

ерікті жəне əлеуметтік талаптар. 

Азаматтардың  еңбек  құқығының  субъектілері  ретінде  еңбекке 

қатысты  іс  жүзіндегі  қабілеті  болуы  тиіс.  Əрине,  бұл  қабілеттер 

жекелеген  адамның  дене  жəне  ақыл-ой  ерекшеліктеріне 

байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. 

Тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  адамның  еңбекке  қатысты  іс 

жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. 

Адам өскен сайын еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. 

Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке қатысты емес, құқықтық 

санат  ретіндегі  еңбекке  қатысты    іс  жүзіндегі  қабілеттік  пайда 

болған  сəттен  бастап  қана  оларды  еңбек  құқығының  субъектілері 

ретінде  таниды.  Азаматтар  құқық  нормаларымен  жүйелі  түрде 

реттелетін  еңбекке  қабілетті  болған  кезде  ғана  оларда  жоғарыда 

аталған  қасиет  бар  деп  танылады.  Еңбек  заңнамасына  сəйкес 16 

жасқа  толған  азаматтарды  ғана  жұмысқа  алуға  болады.  Жекелеген 

жағдайларда 15 жастағы,  кейде 14 жастағы  жасөспірімдерді  де  жұмысқа 

алуға  рұқсат  етіледі  (ҚР  «ҚР  Еңбек  туралы»  заңының 11-бабы). 

Мемлекеттік  қызметке  кіруші  тұлғалардың  жасы 18 жастан  кем 

болмауы тиіс. 

Жасына  қатысты  қойылатын  талаптың  құқықтық  табиғатын 

заңнама  осы  жасқа  жеткенде  ғана  тұлғаның  еңбектегі  кəмелет 

жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты 



жəне т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды 

иеленетініне  қарамастан,  еңбек  құқығы  қатынастарында  олар 

азаматтық кəмелет жасына теңестіріледі. 

Ерікті талап азаматтардың еңбекке жəне кəсіпкерлік қызметке 

қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен 

əрекет  қабілеттігінен  айырылған  тұлғалар  еңбек  құқығының 

субъектілері  бола  алмайды.  Сонымен  қатар,  соттың  шешімімен 

əрекет  қабілеттігі  шектелген  тұлғалар  мемлекеттік  қызметке 

алынбайды.  Бұл  ережені  мына  жағдаймен  түсіндіруге  болады: 

жүйке  ауруының,  ақыл-ой  қабілетінің  нашарлауы  салдарынан 

азамат  өзінің  еңбектегі  міндеттерін  саналы  түрде  орындай 

алмайды,  қызметтік,  кəсіпкерлік  жəне  еңбек  қызметін  бақылай 

алмайды. 

Азаматтардың еңбек құқықсубъектілігінің іс жүзіндегі мазмұны 

еңбекке  қатысты  іс  жүзіндегі  қабілетке,  соның  ішінде,  денсаулық 

жағдайына  байланысты.  Сондықтан,  мүгедектің  денсаулық 

жағдайына  сəйкес  көлемде  жəне  шекте  рұқсат  етілген  еңбек  ету 

қабілеті  оның  еңбек  құқықсубъектілігінің  мазмұнында  ескеріледі. 

Ал  мұндай  қабілеттерді  бағалауды  мүгедектің  өзі  емес,  мемлекет, 

жұмыс беруші жəне басшылық еңбек шартын бекіту кезінде жүзеге 

асырады. 

Əлеуметтік  талап  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 

барлығы  үшін  тең  еңбек  құқықсубъектілігін  білдіреді,  яғни, 

қолданыстағы  заңнамада барлық еңбекке  қабілетті  азаматтар  үшін 

еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер белгіленген. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сəйкес  əрбір 

азаматтың  еңбек  ету  бостандығына,  қызмет  пен  кəсіп  түрін  еркін 

таңдауына құқығы бар. 

Жұмысқа  алу  кезінде  жынысына,  нəсіліне,  ұлтына  жəне  дінге 

көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей  не  жанама  шектеуге 

немесе қандай да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді. 

Тек  заңда  тікелей  көзделген  жағдайларда  ғана  еңбек 

құқықсубъектілігін шектеуге жол беріледі. Азамат қылмыс істеген 

жағдайда  соттың  шешімінің  негізінде  белгіленген  мерзімге  дейін 

белгілі  бір  лауазымдарды  иелену  немесе  белгілі  бір  қызметпен 

айналысу 

құқығынан 

айырылуы 

мүмкін. 


Еңбек 

құқықсубъектілігінен айыру тек ішінара жəне тек уақытша болады. 

Азаматтарды  еңбек  құқықсубъектілігінен  толық  жəне  тұрақты 

түрде айыруға жол берілмейді. 



Алайда,  соған  қарамастан  еңбек  заңнамасы  азаматтардың 

жекелген  санаттары  үшін  денсаулық  жағдайына,  өндірістік 

қызметтің  түріне,  еңбекті  қорғауға  жəне  т.б.  мəселелерге  қатысты 

белгілі бір кепілдіктерді де көздейді. 

Заңнамада жүкті əйелдер жəне бір жарым жасқа дейін балалары 

бар  əйелдер  үшін  еңбек  жағдайына  қатысты  жеңілдіктер 

белгіленген («Еңбек туралы» заңның 66, 67-баптары). 

Сонымен қатар, кəсіпкер-азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек 

құқығының субъектісі болуы мүмкін. 

Кəсіпкерлік – бұл азаматтардың жəне олардың бірлестіктерінің 

халыққа  тауар  беру,  қызмет  көрсету,  жұмыс  істеу,  соның  ішінде 

жеке  меншікке  негізделген  жалданбалы  еңбекті  пайдаланудан 

табыс 

табу 


мақсаттарындағы 

қолданыстағы 

заңдардың 

шеңберіндегі дербес шаруашылық жəне өзге де қызметі. 

Кəсіпкерлік 

қызметпен 

айналысу 

құқығы 


Қазақстан 

Республикасының əрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті 

барлық азаматтарына беріледі. 

ҚР  Азаматтық  кодексінде  жəне  басқа  да  заң  шығарушы 

актілерінде өзгеше көзделмесе, кəсіпкерлік қызметті заңды тұлғаны 

құрмастан  да  жүзеге  асыруға  болады.  Бұл  қызметті  кəсіпкерлер 

тəуекел  етіп,  мүліктік  жауапкершілікке  негізделе  отырып  жүзеге 

асырады. 

Мүліктік 

жауапкершілік 

кəсіпкерліктің 

ұйымдастырушылық-құқықтық  нысандарына  қарай  ерекшеленуі 

мүмкін. 

Кəсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  жеке  дара  кəсіпкер  ретінде 

мемлекеттік  тіркеуден  өткен  сəттен  басталады.  Егер  кəсіпкердің 

айналысатын  қызметі  лицензиялануы  қажет  болса,  кəсіпкер 

осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы тиіс. 

Кəсіпкер  мəртебесіне  ие  болғаннан  кейін  азамат  жұмыс 

берушінің – еңбек құқығының субъектісінің мəртебесін иеленеді. 

Еңбек  құқығының  субъектілері  ретіндегі  азаматтардың  үшінші 

санатын  кəсіпкерлікті  де,  өз  жұмысын  да  меншік  иесі  ретінде 

бірлесе 


жүргізуші 

тұлғалар 

құрайды. 

Олардың 


құқықсубъектілігінің  ерекшелігі  азаматтық  құқықсубъектілікпен 

тығыз байланыста болуынан көрініс табады. 

Шетелдік  тұлғалар  да  еңбек  құқығының  субъектісі  болуы 

мүмкін.  Нарықтық  экономиканың  дамуымен  əр  түрлі  бірлескен 

кəсіпорындар  пайда  болды.  Бұл,  өз  кезегінде,  Қазақстан 

Республикасының  аумағына  елшілікпен  жəне  консулдықтармен 



байланысты  емес  қызметтерге  де  шетелдік  азаматтардың  келу 

жиілігіне  əсер  етті.  Шетелдік  азаматтарға  жалақы  төлеу,  жұмыс 

уақыты жəне демалыс уақытын белгілеу жəне т.б. мəселелері жеке 

еңбек шарттарында көзделуі тиіс. 

Жұмысшылар  мен  жұмыс  берушілердің – азаматтардың 

статуттық  құқықтары  мен  міндеттері  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы» 

заңының 7, 8-баптарында  аталған.  Осы  баптарға  сəйкес 

қызметкерлер  де,  жұмыс  берушілер  де  жеке  еңбек  шарттарын 

бекітуге, өзгертуге жəне бұзуға құқылы. 

Еңбек  құқықсубъектілімен  жəне  статтутық  құқықтар  мен 

міндеттермен  қатар  құқықтық  мəртебенің  қажетті  элементі  болып 

құқықтарды кепілдеу де табылады. 

Азаматтардың 

еңбек 


етуге 

қатысты 


құқықтарының 

кепілдіктерін  азаматтарды  жұмысқа  қабылдаудан  заңсыз  бас 

тартуға, қызметкерді келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға жəне 

т.б. қатысты тыйым салушылық сипаттағы нормалар орындайды. 

Сонымен 

қатар, 


азаматтардың 

еңбек 


етуге 

қатысты 


құқықтарының 

кепілдіктерін 

еңбек 

даулары 


туындағанда 

азаматтардың  бұзылған  құқықтарын  қорғау  жəне  қалпына  келтіру 

үшін тиісті органдарға шағымдану мүмкіндігін беретін нормалар да 

орындайды. 

Қолданыстағы  заңдардың  маңызды  ерекшелігі  болып  бұларда 

тек  жалданбалы  қызметкерлердің  ғана  емес,  сонымен  қатар  жеке 

кəсіпкерлердің  жəне  жұмыс  істейтін  меншік  иелерінің  де 

кепілдіктерінің  көзделуі  табылады.  Бұл  кепілдіктер  барлық 

кəсіпкерлерге  шикізат  нарығына  араласу  құқығын,  олардың 

мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар 

ұйымдастырушылық-құқықтық  нысандарына  жəне  т.б.  қарамастан 

барлық  кəсіпкерлерге  қызмет  етудің  бірдей  жағдайларын 

қамтамасыз етеді. 

Құқықтық мəртебенің келесі элементі болып еңбек міндеттерін 

тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік табылады. Барлығына 

белгілі  бір  жайт,  эконмикалық  даму  мүдделері  еңбектің 

барысындағы  өз  құқықтары  мен  міндеттерін  тиімді  пайдалануды 

ғана  емес,  сонымен  қатар  өзіне  алған  міндеттемелер  үшін 

күшейтілген жауапкершілікті де талап етеді. Ескеріп өтетін жағдай 

–  кепілдіктер  мен  жауапкершілік  өзара  бір-бірімен  тығыз 

байланысты.  Дəл  осы  байланыс  құқықтық  мəртебеге  қажетті 

тұрақты  жəне  бірқалыпты  сипатты  тиесілі  етеді.  Құқықтың 



кепілдіктері  еңбек  құқығы  субъектілерін  өздерінің  құқықтарын 

жүзеге асыруға жəне еңбек міндеттерін орындауға ынталандырып, 

көтермелейді,  ал  жауапкершілік  субъектінің  өзінің  еңбек 

міндеттерін  орындамағаны  немесе  тиісінше  орындамағаны  үшін 

санкцияларды белгілейді. 

Жұмыс 

берушілердің 

құқықтық 

мəртебесі. 

Еңбек 


заңнамасының  нормаларына  сəйкес  жұмыс  беруші  ретінде 

қызметкермен  еңбек  шартын  бекіткен  жəне  оған  жұмыс  берген 

жеке  немесе  заңды  тұлға  табылады.  Яғни,  азаматтарға  жұмыс 

беретін,  олардың  еңбегін  төлейтін  жəне  жұмыс  берушінің 

құқықтары  мен  міндеттерін  орындайтын  фермерлер,  жеке 

кəсіпкерлер, 

ұйымдар, 

мекемелер, 

кəсіпорындар, 

шаруашылықтар,  кооперативтер,  серіктестіктер  жəне  т.б. 

жұмыс берушілер болып табылады. 

Еңбек  құқығының  субъектілері  ретіндегі  жұмыс  берушілерді 

жеке  тұлғалар,  коммерциялық,  коммерциялық  емес  ұйымдар  жəне 

мемлекеттік кəсіпорындар деп бөлуге болады. 



Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кəсіпорын, шаруашылық 

серіктестік, 

акционерлік 

қоғам, 


өндірістік 

кооперативтер 

нысанында  құрылуы  мүмкін.  Коммерциялық  ұйымдар  қызметінің 

негізгі мақсаты болып пайда табу табылады. 



Коммерциялық  емес  ұйымдар  мекеме,  қоғамдық  бірлестік,  акционерлік 

қоғам,  тұтынушылар  кооперативі,  қоғамдық  қор,  діни  бірлестік  жəне  заңда 

көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі 

қаржыландырады  жəне  олардың  қызметі  пайда  табуды  көздемейді. 

Коммерциялық емес ұйымдар кəсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету 

шегінде ғана жүзеге асырады. 

Мемлекеттік  кəсіпорындардың  құқықтық  мəртебесі  жəне 

олардың  қызметін  жүзеге  асыруы  ҚР  Президентінің 1995 жылғы 

19-маусымдағы «Мемлекеттік кəсіпорындар туралы» заң күшіне ие 

жарлығында анықталған. 

 Бұл 

ұйымдардың 



(жұмыс 

берушілердің) 

еңбек 

құқықсубъектілігі  олар  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  жəне 



заңнамада  көзделген  жағдайларда  лицензия  алған  сəттен  бастап 

туындайды.  Барлық  ұйымдардың  қызметі  Жарғыға  жəне 

қолданыстағы  заңнамаға  сəйкес  жүзеге  асырылады.  Қазіргі  кезде 

бұл  актілер  ұйымдарға  барынша  дербестік  беріп,  жедел  қызметті 

жүзеге  асыруына  жағдай  жасайды.  Жұмыс  беруші-ұйымдар  еңбек 

ақысын  төлеу,  жұмыс  уақыты  мен  демалыс  уақытын  белгілеу 



мəселелерін дербес шешуге құқылы. Олар өздерінің экономикалық 

жəне  мүліктік  жағдайының  негізінде  қосымша  жеңілдіктер  мен 

сыйақыларды, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілей алады. Соған 

қарамастан,  жұмыс  беруші  ұйым  еңбекті  қорғау  ережелерін 

сақтауды,  заңнамада  белгіленген  мөлшерден  кем  емес  жалақы  төлеуді, 

еңбектің қауіпсіз жəне қолайлы жағдайларын жасауды, əлеуметтік 

қорғау  шаралар  мен  қызметкердің  өзге  де  құқықтарын  жүзеге 

асыруды  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Сонымен  қатар,  егер  еңбек 

қауіпсіздігі  ережелерінің  бұзылуы  не  жұмыс  берушінің  өзге  де 

кінəсінің  нəтижесінде  қызметкерлердің  денсаулығына  жəне 

еңбекке қабілеттігіне зиян елтірілсе, жауапкершілік жұмыс беруші-

ұйымға жүктеледі. 

Жұмыс  беруші-ұйымның  қызметі  оның  таратылуымен 

байланысты тоқтатылады. Тарату туралы шешім ұйымның меншік 

иесі  немесе  осы  ұйымды  құрған  органның  шешімінің  немесе  сот 

шешімінің негізінде қабылдануы мүмкін. 

Жұмыс  беруші-ұйымдардың  еңбек  құқықсубъектілігін  екі 

өлшеммен анықтауға болады: жедел жəне мүліктік. 

Жедел  өлшем  мамандарды  таңдауды,  орналастыруды  жəне 

ұйымдастыруды  жүзеге  асыруды,  еңбекті  қорғауды  жəне 

қызметкерлердің  өз  еңбек  міндеттерін  орындауы  үшін  қауіпсіз 

жəне қажетті еңбек жағдайларын жасауды білдіреді. 

Мүліктік  талап  еңбектің  ақылы  сипатымен  байланысты  жəне 

жұмыс  берушінің  жалданбалы  еңбекті  төлеу  қабілетін  білдіреді. 

Бұл үшін жұмыс берушіде белгілі бір материалдық (мүліктік) база 

болуы  тиіс,  алайда,  шын  мəнінде  еңбек  құқықсубъектілігі  үшін 

жалақы қоры ғана аса зор мəнге ие. 

Еңбек  ұжымының  құқықтық  мəртебесі.  Соңғы  кезде 

«еңбек  ұжымы»  түсінігінің  орнына  «қызметкерлер» 

түсінігін  қолдану  жиі  белең  алып  жатады.  Жəне  де  еңбек 

ұжымдары  мемлекеттің  саяси  ғана  емес,  экономикалық 

өмірінде  де  қандай  да  бір  рөлді  иеленуден  айырылғандай. 

Соған  қарамастан,  біздің  ойымызша,  еңбек  ұжымдары 

еңбек  құқығының  субъектілері  болған  жəне  одан  əрі 

болады да. 



Еңбек  ұжымы  ретінде  жеке  еңбек  шарттарының  негізінде 

белгілі  бір  ұйымның  шегінде  бірлескен  еңбек  қызметін  жүзеге 

асыру  барысындағы  адамдардың  бір  жұмыс  берушімен  ерікті 

түрде  бірігуін  атауға  болады.  Еңбек  ұжымы  адамдардың 

кездейсоқ тобырынан ұйымдастырушылық біртұтастығымен, ортақ 

органдарының,  басшылығының  болуымен,  еңбек  тəртібінің 

бірыңғай 

ережелерімен 

жəне 

еңбек 


заңнамасына 

бағыныстылығымен  ерекшеленеді.  Басқаша  айтар  болсақ, 

ұжымның белгілері болып келесі айрықша сипаттар табылады: 

1.  адамдардың  бұл  тобын  белгілі  бір  ұйым  шегіндегі  ақылы 

сипаттағы бірлескен қызмет біріктіреді; 

2. адамдардың бұл тобының еңбекке қатысты ортақ мақсаттары 

мен мүдделері бар; 

3. адамдардың бұл тобы жеке еңбек шарттарының негізінде бір 

жұмыс  берушімен  құрылған,  салыстырмалы  түрде  тұрақты 

құрамға, басқару органдарына ие, тəртіпке бағынады; 

4. адамдардың бұл тобы экономикалық тұрғыда дербес; 

5.  олар  бағыңыстылар  жəне  басшы  болып  бөлінеді  жəне  еңбек 

құқық бұзушылықтары үшін өзара міндеттемелерді орындайды. 

«Еңбек  ұжымы»  түсінігін  əржақты  түсінуге  болады.  Басшылық 

нақты  бір  қызметкерге  қатысты  ұйымның  өкілдік  органы  рөлін 

иеленеді  жəне  еңбек  құқығының  субъектісі  болып  табылмайды. 

Алайда, ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастарында шарт 

бекітіп,  жалақы  төлеу  мəселесін,  жұмыс  уақыты  жəне  демалыс 

уақыты  жүйесін  анықтаған  жағдайда,  олар  еңбек  құқығының 

дербес субъектілері болып табылады. 

Ұжым  тар  мағында  тек  қызметкерлерді  білдіреді.  Соңғы 

жылдары  бірқатар  нормативтік  құқықтық  актілерде  «ұжым» 

түсінігінің  орнына  «қызметкерлер»  сөзінің  қолданылу  себебі  де 

осыдан шығар. 

Кең  мағынадағы  еңбек  ұжымының  құрамына  қызметкерлермен 

қатар  басты  міндеті  еңбек  үрдісін  басқару  мен  шаруашылық 

қызметті  қамтамасыз  ету  болып  табылатын  лауазымды  тұлғалар, 

яғни, басшылық қа кіреді. Басшылыққа ұйымның бірінші басшысы, 

оның  орынбасарлары,  көмекшілері,  бас  мамандар,  құрылымдық 

бөлімшелердің  (бөлімдердің,  цехтардың  жəне  т.б.)  басшылары 

жəне  басқару  функциясын  атқаратын,  қарамағында  жалданбалы 

еңбекпен айналысатын қызметкерлері бар өзге де тұлғалар жатады. 

Ұйымның  бірінші  басшысы  жəне  басшылық  еңбек  ұжымының 

құрамына кіреді, себебі, олар да жеке еңбек шартын бекітеді. 

Сонымен,  еңбек  ұжымына  құрамдас  элементтер  ретінде 

мыналар кіреді: 

1. осы өндірістің барлық қызметкерлері; 


2. басшылық (басшыны қоса алғанда); 

3. еңбек ұжымының органдары; 

4. осы ұжымның қоғамдық ұйымдары жəне олардың органдары 

(кəсіптік одақ, əйелдер, жастар одақтары жəне т.б.) 

Еңбекті  қолдану  саласы  бойынша  еңбек  ұжымдары  келесі 

түрлерге бөлінеді: 

1.  өндірістік  (кəсіпорындардағы,  құрылыстардағы  жəне  т.б.) 

еңбек ұжымдары; 

2.  халыққа  қызмет  көрсетуші  (сауда,  көлік,  байланыс  жəне  т.б. 

салалар) еңбек ұжымдары; 

3. ағарту, денсаулық қорғау салаларындағы еңбек ұжымдары; 

4. жобалау, жобалау-құрастыру, ғылыми-зерттеу салаларындағы 

еңбек ұжымдары: 

5. басқару саласындағы еңбек ұжымдары; 

6.  қоғамдық  ұйымдардың  (партиялардың,  əр  түрлі  қорлардың 

жəне т.б.) аппараттары. 

Еңбек  ұжымы  өндірістің  нысанына  қарай  келесі  түрлерге 

бөлінеді: 

1. мемлекеттік өндірістердің еңбек ұжымдары; 

2. өндірістік кооперативтердің еңбек ұжымдары; 

3. жеке дербес меншік өндірістерінің еңбек ұжымы; 

4. қоғамдық ұйым меншігі өндірістерінің еңбек ұжымы; 

5.  аралас  меншік  нысанындағы  өндірістердің  (шетелдік 

өндірістерді қоса алғанда) еңбек ұжымдары. 

Еңбек ұжымдары өз деңгейіне қарай келесі түрлерге бөлінеді: 

1. кəсіпорынның негізгі еңбек ұжымдары; 

2. бөлімшелердің (бөлімдер, цехтар) еңбек ұжымдары; 

3. бастапқы

 

еңбек ұжымдары (бригадалар, учаскелер, буындар). 



Ұжымның құқықтық мəртебесі – бұл оның заңнамалық тұрғыда 

бекітілген  құқықтық  жағдайы.  Ұжымның  құқықтық  мəртебесін 

мына элементтер құрайды: а) еңбек ұжымы құрылған сəттен бастап 

(адамдардың 

санына 

қарамастан) 



туындайтын 

оның 


құқықсубъектілігі;  ə)  оның  негізгі  өкілеттіктері  (құқықтары  мен 

міндеттері, қызмет ету саласы); б) кепілдіктер мен жауапкершілік. 

Еңбек  ұжымының  құқықтық  мəртебесі  өндіріс  толығымен 

таратылған 

жағдайда 

тоқтатылады. 

Өндірістің 

қайта 


ұйымдастырылуы  (бірігу,  бөліну),  оның  меншік  иесінің  ауысуы 

қызметкерлердің  еңбек  қатынастарын  тоқтатпайды.  Олардың 



келісімімен  бұл  қатынастар  жалғасады,  яғни,  еңбек  ұжымы  да 

сақталады. 



Еңбек  ұжымының  функциялары  жəне  өкілеттіктері. 

Функциялар – бұл  еңбек  ұжымы  қызметінің  негізгі  бағыттары. 

Олардың қатарынан мына функцияларды атауға болады: 

-  бірлескен  еңбекті  ұйымдастыру,  еңбек  жағдайы  мен 

қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту; 

- кəсіпорынды басқаруға қатысу; 

- мемлекеттік-саяси өмірге араласу; 

-  өз  мүшелерін  еңбек  жəне  өнегелік  тұрғысынан  тəрбиелеу, 

еңбек тəртібін нығайту. 

Еңбек  ұжымы  мен  ұйымның  құқықтық  мəртебесі  тең  болады. 

Кəсіпорынның, ұйымның құқықтық мəртебесі азаматтық құқықпен 

анықталса,  еңбек  ұжымының  құқықтық  мəртебесі  еңбек 

құқығының 

ережелерімен  анықталады. 

Еңбек 

ұжымының 



өкілеттіктері  жəне  өзін-өзі  басқаруы  оның  құқықтық  мəртебесін 

құрайды. 

Өкілеттіктер – бұл еңбек ұжымының құқықтарына қарағанда əлдеқайда кең 

түсінік. Өкілеттіктер еңбек  ұжымының құқықтарын да, міндеттерін де, оның 

қызмет ету саласын да, функцияларын да қамтиды. 

Еңбек  ұжымының  өкілеттіктері  ретінде  олардың  өз  құқықтары 

мен  міндеттерін  орындауына  байланысты  заңда  бекітілген 

əрекеттері танылады. 

Еңбек ұжымының міндеттері: 

- жоғары өнімділікті қамтамасыз ету; 

- ҚР заңдары мен ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау; 

- шарттық міндеттемелерді орындау; 

- еңбектің тиімділігі мен сапасын арттыру; 

- еңбек тəртібін нығайту. 

Мемлекеттік-саяси сипаттағы өкілеттіктерге мыналар жатады: 

- жергілікті органдардың шешімдерінің жобаларын қарастыруға 

жəне талдауға құқылы; 

- билік органдарына үміткерлерді ұсынуға құқылы; 

- олардың есептерін тыңдауға құқылы жəне т.б. 

Əлеуметтік-экономикалық  сипаттағы  өкілеттіктерге  мыналар 

жатады: 

-  құрылтайшылармен  бірлесе  отырып,  жарғыға  енгізілген 

өзгертулер мен толықтыруларды қарастыру жəне талқылау; 

- меншік нысанын өзгерту жөнінде шешім қабылдау; 



-  еңбек  тиімділігін  арттыру,  материалдық-техникалық  базаны 

нығайту,  өндірістік  ақауларды  болдырмау,  машиналарды, 

жабдықтарды  тиімді  пайдалануға  жəне  т.б.  қатысты  шараларды 

бекіту жəне жүзеге асыру. 

Еңбек ұжымының еңбек саласындағы өкілеттіктері: 

- ұжымдық шартты бекіту; 

- басшылықпен бірлесе отырып, ішкі тəртіп ережелерін бекіту; 

- еңбек жəне тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты шараларды 

ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; 

-  ереуілдерге  шығуға  жəне  ұжымдық  еңбек  дауларын  шешуге 

қатысты  тиісті органдарға шағымдануға құқылы. 

Əлеуметтік даму жəне тұрмыс жағдайына қатысты өкілеттіктер: 

-  қызметкерлердің  коммуналдық,  тұрмыс  жағдайы  мен 

медициналық  қызмет  көрсетілу  жағдайын,  қоғамдық  тамақтану, 

көлік жəне т.б. мəселелерді талқылау; 

-  зейнеткерлердің  жəне  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 

ардагерлердің жағдайына көңіл бөлу. 


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ тілі»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет