Ахметов А., Ахметова Г


-  натуралды-заттай  құрылым  мен  тұтынушы  бюджеттің  ең



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет8/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36

-  натуралды-заттай  құрылым  мен  тұтынушы  бюджеттің  ең 

төменгі  құрамын  жəне  оның  жекелеген  тұтынушылық 

бөліктерін  қайта  қарауға,  бағаның  өсуіне  қарай 

еңбекке  ақы  төлеуді,  зейнетақы  жəне  жəрдемақы 

мөлшерін қайта қарауға қатысу; 

- өз өкілдері арқылы өзінің кəсіподақ мүшелерінің кəсіпорындарына 

жəне жұмыс орындарына бару; 

-  олардың  тапсырмасы  бойынша  еңбек  ұжымдарының 

əлеуметтік-экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерін  білдіру 

жəне қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттарды жасасу; 



заңдарда 

белгіленген 

тəртіпте 

жиналыстарды, 

митингілерді,  шерулерді,  демонстрацияларды,  ереуілдерді 

ұйымдастыру жəне жүргізу; 

-  шығармашылық  қызметпен  айналысу,  өз  қызметін 

басылымдарда жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де 

түрлерінде, кəсіпорындарда жариялау. 

Мемлекет  кəсіподақтардың  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғауды  жүзеге  асырады  жəне  олардың  қызметінің 

кепілдіктерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының заңдарында, келісімдерде жəне 

жұмыс  берушілермен  жасалатын  шарттарда  кəсіподақтардың 

өзге де құқықтары белгіленуі мүмкін. 

Кəсіподақтардың  өкілеттіктерін  жүзеге  асыру  тəртібі  тиісті 

заңдарда жəне кəсіподақтар жарғысында белгіленеді. 

Мемлекет  кəсіподақтардың  маңызды  функцияларын  жүзеге 

асыруы үшін олардың қызметіне қатысты бірқатар құқықтар мен кепілдіктерді 

белгілеген. 

Кəсіподақтар  өздерінің  мүшелерінің  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

өзге 


де 

қызметкерлердің 

мүдделерін 

қорғауға 

құқылы. 

Кəсіподақтар жəне олардың органдары өз мүшелерінің жеке еңбек 

жəне еңбекпен байланысты қатынастарына байланысты құқықтары 

мен  мүдделерін  білдіреді  жəне  қорғайды.  Егер  осыған  қатысты 

өкілдік 

белгіленсе, 

кəсіподақтар 

өздеріне 

мүше 

емес 


қызметкерлердің  ұжымдық  құқықтары  мен  мүдделерін  де  білдіре 

алады. 


Кəсіподақтардың  норма  шығарушылық  жəне  құқық  қолдану 

қызметіне  қатысу  құқығы  əлеуметтік-еңбек  қатынастарын 



құқықтық 

реттеуге 

қатысуды 

білдіреді. 

Бұл 

дегеніміз, 



қызметкерлердің 

құқықтары 

мен 

мүдделерін 



қозғайтын 

нормативтік құқықтық актілердің жобалары кəсіподақтардың жəне 

олардың  бірлестіктерінің  пікірін  ескере  отырып  тиісті  билік 

органдарында  қаралуы,  ұсыныс,  ескерту,  қосымшалар  жасайтын 

кəсіподақтардың  келісімін  алу  қажет.  Сонымен  қатар,  əлеуметтік-

əріптестік  келісімдер  мен  ұжымдық  шарттардың  барлық 

нормативтік  ережелері  кəсіподақтардың  қатысуымен  қабылдануы 

тиіс.  Кəсіподақтар  тиісті  мемлекеттік  органдардың  əлеуметтік-

еңбек  саласы  жөнінде  құқықтық  актілер  қабылдауы  жөнінде 

ұсыныстар жасауға да құқылы. 

Тəжірибеде  кəсіподақтардың  барлық  құқықтары,  ең  алдымен, 

бастапқы  кəсіподақ  ұйымының  жəне  кəсіподақ  комитетінің 

қызметінде  нақтыланады.  Өндірісте,  əр  түрлі  ұйымдарда, 

кəсіпорындарда  жəне  мекемелерде  кəсіподақ  жұмыс  берушінің 

немесе  басшылықтың  еңбек  заңдарын  қолдануына  қатысуға, 

белгілі  бір  қызметкерлердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға, 

еңбек  дауларын  реттеуге,  қызметкерлердің  тұрмыс  жəне  еңбек 

жағдайын жақсартуға жəне т.б. тиіс. 



Кəсіподақ комитетінің құқықтарын осы құқықтардың көлемі 

бойынша төрт түрге бөлуге болады: 

·  кəсіподақ  комитетінің  айрықша  құзыреттік  құқықтары

бұлар  тек  кəсіподаққа  ғана  тəн  құқықтар  (мысалы,  емдеу-

сауықтыру  мекемелеріне  жолдамалар  беру,  еңбекті  қорғауға  жəне 

еңбек заңдарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру жəне т.б.); 

·  басшылықпен  бірлескен  құқықтары:  ұжымдық  шарттар  мен 

келісімдерді  бірлесе  отырып,  дайындау  жəне  жасасу,  озат 

қызметкерлердің  тізімін  белгілеу,  олар  үшін  көтермелеу 

шараларын  белгілеу, 5 немесе 6-күндік  жұмыс  аптасын  белгілеу 

жəне  т.б.  Мұндай  құқықтарда  кəсіподақ  пен  басшылық 

мəселені қоюда жəне оны шешуде теңқұқылы; 

·  келісушілік  сипаттағы  құқықтар.  Бұл  құқықтарда  құқық 

нормасын жұмыс беруші немесе басшылық қолданады, алайда, бұл 

норма  алдын-ала  кəсіподақ  комитетімен  келісуі  қажет.  Мысалы, 

жұмыс  беруші  кəсіподақ  комитетнің  келісімімен  ғана  өз 

бастамасымен  жеке  еңбек  шартын  бұза  не  мерзімнен  тыс 

жұмыстарды  ұйымдастыра  алады,  қызметкерлерді  мереке  не 

демалыс күндерінде жұмысқа тарта алады жəне т.б.; 


·  кəсіподақ  комитетінің  кеңесушілік  сипаттағы  құқықтары. 

Бұл  жағдайда  құқық  қолдануды  басшылық  жүзеге 

асырады.  Алайда,  алдын-ала  белгілі  бір  уақыт  ішінде 

кəсіподақ  комитетін  хабарландырылады,  жəне  кəсіподақ 

комитеті  осы  мəселеге  қатысты  өзінің  қарсы  пікірін 

білдіруі  мүмкін.  Құқық  нормалары  бойынша  бұл  пікір 

басшылық  үшін  міндетті  сипатқа  ие  емес,  алайда,  басшы 

оны өз қалауы бойынша ескеруі мүмкін. 

  Сонымен,  кəсіподақтар  басты,  маңызды  екі  функцияны – 

өкілдік  жəне  қорғаушылық  функцияларын  жүзеге  асырады.  Олар 

қызметкерлердің мүдделерін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар, 

олардың  еңбекке  құқықтарын  қорғайды,  еңбек  жəне  тұрмыс 

жағдайларын  жақсартуға  тырысады.  Алайда,қазіргі  кезде  кəсіподақтар,  ең 

алдымен, еңбектің арқасында өмір сүретін  əрбір азаматтың еңбекке құқығын, 

негізгі өмірлік маңызы бар құқық ретінде белсенді түрде қорғауға тиіс. 

Бұл  салада,  кəсіподақтардың  еңбекке  құқығын  қорғау 

саласында, олар келесі міндеттерді орындауға міндетті: 

· жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жəне 

халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауға қатысу; 

·  өздерінің  мүшелерін  қызметтен  заңсыз  ауыстырудан  жəне 

босатудан  қорғау  жəне  қызметтен  заңсыз  ауыстырылған  жəне 

босатылған  қызметкерлерді  қайтадан  қызметіне  қайтаруға  жағдай 

жасау; 

·  қызметкерлерді  əлеуметтік  қорғау  шараларын  жасау  жəне 



қабылдау,  осы  шараларды  ұжымдық  шарттар  мен  келісімдердің 

мəтіндеріне енгізу; 

·  ұйым  таратылған,  өндіріс  толығымен  немесе  ішінара  тоқтатылған 

жағдайда қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін 

кəсіподақтар  уақтылы,  оған  дейін 2 ай  мерзімнің  ішінде 

хабарландырылуы тиіс; 

·  халықты  жұмыспен  қамту  жағдайына  жəне  жұмысқа 

орналастыру,  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  заңдардың 

сақталуына бақылауды жүзеге асыру. 

Кəсіподақтар қызметінің кепілдіктері. Кəсіподақтар өздерінің 

құқықтарын  нəтижелі  жүзеге  асыруы  жəне  қызметкерлердің 

мүдделерін  қорғауға  қатысты  міндеттерді  шешуі  үшін  Қазақстан 

Республикасының 

заңдарында 

оларға 


қатысты 

бірқатар 

материалдық 

жəне 


заңды 

кепілдіктер, 

сонымен 

қатар, 


кəсіподақтардың  сайланбалы  қызметкерлерінің  еңбекке  құқығын 

қорғаудың қосымша кепілдіктері белгіленген. 

Мұндай  кепілдіктер  ҚР  «Кəсіподақтар  туралы»  заңының 18-19 

баптарында бекітілген: 

1. заңдар барлық жұмыс берушілерді, басшылықты, мемлекеттік 

жəне  шаруашылық  органдарды,  қоғамдық  ұйымдарды  жəне 

лауазымды тұлғаларды кəсіптік одақтардың құқықтарын сақтауды, 

олардың қызметіне жан-жақты жағдай жасауын міндеттейді; 

2.  заңдар  кəсіподақтардың  меншік  құқықтарын  таниды,  оларға 

қол сұқпауды жəне қорғауды кепілдейді; 

3. кəсіподақтардың өкілдері өздерінің мүшелері жұмыс істейтін 

кəсіпорындарға еркін кіру құқығына ие; 

4. 

кəсіподақтар 



өздерінің 

жарғыларына 

жəне 

міндеттеріне  сəйкес  сыртқы  экономикалық  қызметті 



жүзеге  асыру,  кəсіподақтық  банктерді,  сақтандыру  жəне 

акционерлік  қоғамдарды  құру,  ынтамақтастық  қорларын 

қалыптастыру, 

шығармашылық 

қызметпен 

айналысу 

құқығына ие. 

Сайланбалы кəсіподақтық қызметкерлері келесі қосымша кепілдіктерге ие: 

1.  аталған  қызметкерлерді  басшылықтың  бастамасы  бойынша 

қызметтен  босатуға  қызметтен  босатудың  жалпы  тəртібін 

сақтаумен қатар кəсіподақ комитетінің алдын-ала келісімімен ғана 

жол беріледі; 

2. ұйым толығымен таратылған немесе қызметкерлер қызметтен 

босатудың  негізі  болып  табылатын  кінəлі  əрекеттер  жасаған 

жағдайды 

қоспағанда, 

кəсіподақ 

органдарына 

сайланған 

тұлғаларды  олардың  сайланбалы  өкілеттіктері  аяқталған  соң  екі 

жыл  ішінде  басшылықтың  бастамасымен  қызметтен  босатуға 

болмайды; 

3.  сайланбалы  кəсіподақтық  органдардың  мүшелері  кəсіподақ 

съездеріне,  конференцияларына  делегаттар  ретінде  қатысу, 

сонымен  қатар,  олардың  пленумдарының,  президиумдарының 

жұмысына  қатысу  уақытында  орташа  жалақысы  сақтала  отырып 

өндірістік жұмыстан босатылады. 

Еңбекке  құқыққа  қатысты  аталған  кепілдіктер  кəсіподақтарға 

жұмыс  берушінің  тарапынан  қуғын-сүргіндік  шаралардан, 

жұмыстан  босатудан  жəне  тəртіптік  жазалалардан  қорықпастан, 

қызметкерлердің  құқықтарын  қорғауға  белсенді  түрде  қатысуға 

мүмкіндік береді. 



Кəсіподақтар  туралы  заң  қажет  болған  жағдайда  кəсіподақтар 

органдарының  кəсіподақтар  туралы  заңдарды  бұзғаны  үшін  кінəлі 

лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке, тіпті сотқа тартуды талап 

етуге  құқығын  көздей  отырып,  кəсіподақтардың  өзін-өзі  қорғау 

құқығын бекіткен. 

        Тақырып бойынша сұрақтар: 



 

1. Кəсіптік одақтарға түсінік беріңіз. 

2. Кəсіподақтар туралы заңдарға жалпы анықтама беріңіз. 

3. Кəсіподақтар қандай белгілер бойынша құрылады? 

4. Кəсіподақтардың маңызды функциялары қандай? 

5. Кəсіподақтардың қорғаушылық функциясы дегеніміз не жəне 

ол қалай жүзеге асырылады? 

6.  Кəсіподақтар  қызметкерлерге  өкілдік  ету  қызметін  қалай 

жүзеге асырады? 

7. Кəсіптік одақтар туралы заңдардың күші кімдерге таралады? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

7   Т А Р А У 

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖƏНЕ ЖҰМЫСҚА 

ОРНАЛАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

                



Жұмыспен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру  туралы 

заңдарға жалпы сипаттама. 

Еңбек  нарығының  түсінігі.  Қазақстанның  жəне  өзге  де 

кеңестік  мемлекеттердің  нарықтық  қатынастарға  өтуі  Кеңестік 

Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға 

дейін 


білмеген 

жұмыссыздықтың  пайда  болуына  жəне  еңбек  нарығының 

туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мəселесі елдің 

миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс. 



Қазіргі  заманда  еңбек  нарығы  азаматтарды  лайық 

жұмыспен  тиімді  қамтамасыз  етумен,  жұмыс  күшіне  қатысты 

ұсыныстар 

мен 

сұраныстарды 

қанағаттандырумен 

байланысты  экономикалық  жəне  құқықтық  қатынастардың 

жиынтығын білдіреді. 

Бұл  қатынастардың  субъектілері  болып  əрқайсысы  еңбек 

нарығында  ортақ  жəне  ерекше  мүдделерге  ие  жұмыссыз 

тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады. 

Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті 

ақылы  жұмыс  табуға  тырысады.  Жұмыс  беруші  табыс  табу 

мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс 

күшін  табуға  тырысады.  Бұл  ретте,  мемлекет  аталған 

қатынастардың  өркениетті  түрде  даму  жəне  жұмыс  беруші  мен 

қызметкерден  тиісті  салықтар  жинау  мақсатын  иелене  отырып,  

реттеуші жəне үйлестіруші болып табылады. 

Еңбек 

нарығын 


жұмыс 

берушілер 

мен 

жалданбалы 



қызметкерлер  еңбек  шарттарын  бекітетін,  еңбек  құқығы 

қатынастарына  түсетін  құқықтық  кеңістік  ретінде  де  қарастыруға 

болады.  Кең  мағынада,  мұндай  құқықтық  кеңістік  ретінде 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан 

Республикасының  елшіліктері  мен  консулдықтарының  аумақтары 

табылады. Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде 

азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге 

болады. 


Аталған  құқықтық  кеңістіктердің  шектері  «қатып  қалған» 

статикалық  сипатқа  ие  емес.  Еңбек  нарығының  құқықтық 



кеңістігінің  шектерін  өзгерту  мүмкіндігі  еңбектің  қозғалысымен 

байланысты.  Халықтың  жұмыс  істейтін  бөлігі  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  да,  бұл  аумақтан  тыс  жерлерде  де 

жұмысқа  тұрып,  одан  өз  еркімен  шыға  алады.  Сонымен,  еңбектің 

қозғалысы  (халықтың  көшіп-қонуы)  еңбек  нарығының,  оның 

құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі жəне басты функциясы 

–  бұл  еңбек  нарығының  өркениеттік  нысандарын  қамтамасыз  ету 

жəне дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік  қорғау 

министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту жəне 

жұмысқа  орналастыру  жөніндегі  мемлекеттік  органдар  жүзеге 

асырады. 

Халықты  жұмыспен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру 

мəселелеріне 

Қазақстан 

Республикасының 

еңбек 


заңдары 

салыстырмалы  түрде  жақында – жұмыссыздық  проблемасының 

туындауымен  ден  қойды.  Дəл  осы  кезден  бастап  Қазақстан 

Республикасының  еңбек  заңдарында  халықты  жұмыспен  қамту 

туралы  бірқатар  құқық  нормалары  пайда  болды.  Қазіргі  кезде 

халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі: 

-  жұмыссыздықтан  қорғау  құқығын  көздейтін  Қазақстан 

Республикасы Конституциясының нормаларымен; 

-  қызметкерлердің  жұмыстан  босау  кезіндегі  кепілдіктерін 

бекіткен,  жұмыссыздықтан  қорғауға  жəне  еңбекке  қатысты 

конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 

2001  жылғы 23 қаңтардағы  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы» 

туралы заңымен; 

- халықты жұмыспен қамтудың жəне жұмысқа орналастырудың 

негізгі  міндеттері  мен  функцияларын  нақтылаған  халықты 

жұмыспен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру  жөніндегі 

мемлекеттік органдар туралы ережелермен; 

- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 «Əлеуметтік 

қорғауды  қажет  ететін  тұлғаларды  жұмысқа  алу  үшін  ұйымдарда 

жұмыс  орындарының  ең  төменгі  санын  (квотасын)  белгілеу 

мəселелері  туралы»  қаулысымен;

 

өз  қызметкерлері  үшін  халықты 



жұмыспен  қамту,  жұмыссыздықтан  қорғау  шараларын  көздейтін, 

еңбек  құқығының  шарттық  нормалары  ретіндегі  ұжымдық 

шарттар 

мен 


əлеуметтік-əріптестік 

келісімдерінің 

нормативтік бөліктерімен; 


-  Чернобыль  апатынан  жапа  шеккендер,  қолайсыз  табиғат 

жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер жəне 

т.б.  үшін  жеңілдіктер  туралы,  осы  қызметкерлер  санаттары  үшін  олардың 

еңбекке  құқығына  кепілдіктерін  қамтамасыз  ететін  нормалардан  тұратын 

бірқатар жарлықтармен жəне арнайы нормативтік құқықтық актілермен; 

-  ҚР  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  заңының 

қолданылуына  түсіндірме  жасаған  халықты  жұмыспен  қамту 

органдарының актілерімен. 

Бұл  нормативтік  құқықтық  актілердің мəні  мыналардан  көрініс 

табады: 


1)  олардың  негізінде  халықты  жұмыспен  қамту  жөніндегі 

мемлекеттік органдар құрылған жəне қызмет етеді; 

2)  жұмыссыздық,  жұмыспен  қамтылғандар,  лайықты  жұмыс 

жəне т.б. осы сияқты жаңа түсініктерді бекітті; 

3) жұмыссыз тұлғаның мəртебесін бекітті; 

4)  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  мемлекеттік 

саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын анықтады; 

5)  ҚР  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  заңының 5-бабында 

халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  мемлекеттік  кепілдіктер 

бекітілді; 

6)  азаматтардың  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы 

құқықтарын анықтады; 

7)  халықты  жұмыспен  қамту  жөніндегі  уəкілетті  органның 

жұмысын ұйымдастыруды ресми түрде бекітті; 

8)  жұмыс  берушілердің  халықты  жұмыспен  қамтуды 

қамтамасыз етуге, соның ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде 

оқыту  жəне  кəсіби  дайындығы  жүйесін  дамытуға  жəне  қоғамдық 

жұмыстарды  өз  қаражаты  есебінен  қаржыландыруға  қатысуын 

көздеді; 

9)  əлеуметтік  жағдайы  нашар  азаматтардың  қатарындағы 

жұмыссыздарға  мақсатты  əлеуметтік  көмек  көрсетудің  тəртібін 

анықтады.  

Сонымен, 

халықты 


жұмыспен 

қамту 


жəне 

жұмысқа 


орналастыру  саласындағы  заңдарда  жарияланғандай,  мемлекет 

Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  түрде  тұратын 

азаматтарға мыналарды кепілдейді: 

- еңбекке жəне кəсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын; 

-  қызметінен  негізсіз  босатылған  жағдайда  құқықтық 

қорғануды; 



-  тиісті  жұмысты  таңдауда  жəне  жұмысқа  орналасуда  халықты 

жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның тегін көмегін алуды; 

-  жаңа  кəсіпке  немесе  мамандыққа  тегін  үйренуді  жəне 

біліктілігін тегін көтеруді; 

-  кəсіпорындарға,  мекемелерге,  ұйымдарға  берілген 

тапсырыстарға сəйкес тиісті мамандарды тауып беруді. 

Жоғарыдан  байқағанымыздай,  халықты  жұмыспен  қамту 

саласындағы нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, 

жұмыс  берушілер  үшін  де  ерекше  мəнге  ие,  себебі,  олар 

жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс берушілер үшін 

қажетті  мамандарды  таңдауға  септігін  тигізеді.  Сонымен  қатар, 

халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы 

бұл құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты 

жұмыспен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру  жөніндегі  уəкілеттік 

органмен қарым-қатынасын реттейді. 

Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың 

түсінігі.  ҚР  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  заңның  бірінші 

тарауында  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  маңызды 

түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы субъектілерге келесідей 

заңды анықтамалар берілген: 



«Жұмыспен 

қамтылу – азаматтардың 

Қазақстан 

Республикасының  Конституциясына,  заңдар  мен  өзге  де 

нормативтік  құқықтық  актілерге  қайшы  келмейтін  жеке 

қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  байланысты  жəне  оларға 

табыс  немесе  кіріс  əкелетін  қызметі».  Басқаша  айтар  болсақ, 

жұмыспен  қамтылған  тұлға – бұл  өзінің  еңбекке  құқығын  іс 

жүзінде  жүзеге  асырушы,  яғни,  еңбек  қызметіне  қатысушы  тұлға. 

Бұл  ретте  ескеретін  бір  жайт,  ҚР  Конституциясына  жəне  ҚР  «ҚР 

еңбек  туралы»  заңына  сəйкес  азаматтарға  өздерінің  еңбекке 

қабілетін  дербес  шешудің  айрықша  құқығы  тиесілі.  Заңдарда 

көздемесе,  еңбекке  мəжбүрлеудің  қандай  да  бір  нысанына  жол 

берілмейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінде жазалау шарасы ретінде түзету 

жұмыстары көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек  соттың негізінде 

ғана жүзеге асырылады.  

Сонымен,  азаматтардың  жұмыспен  қамтылмағандығы  оларды 

жауапкершілікке тартудың негізі болып табылмайды.  

Қандай  тұлғалар  жұмыспен  қамтылған  деп  саналады  екен?  ҚР 

«Халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  заңының 2-бабына  сəйкес, 

жұмыспен қамтылған халыққа мына азаматтар жатады: 


1. жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не 

толық  емес  жұмыс  уақыты  жағдайларында  сыйақы  үшін  жұмыс 

орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (кызметі, кірісі) 

бар; 


2. кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын; 

3. өз бетінше жұмыспен айналысатын; 

4. қосалкы кəсіпкерлікпен айналысатын жəне шарттар бойынша 

өнімді өткізетін; 

5.  жұмысты  азаматтық-құқықтық  сипаттағы  шарттар  бойынша 

орындайтын  азаматтар,  сондай-ақ  өндірістік  кооперативтердің 

(артельдердің) мүшелері; 

6.  ақы  төленетін  қызметке  сайланғандар,  тағайындалғандар 

немесе бекітілгендер; 

7.  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінде,  ұлттық 

қауіпсіздік  органдарында,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігінің  ішкі  əскерлерінде,  Республикалық  Ұланда, 

Қазақстан  Республикасының  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі 

агенттіктің  бөлімдерінде  жəне  өзге  де  əскери  құрылымдарда 

қызмет етіп жүрген азаматтар азаматгар жатады. 

Байқап  отырғанымыздай, «жұмыспен  қамтылғандар»  түсінігі 

«қызметкерлер»  түсінігіне  қарағанда  əлдеқайда  кең.  Себебі, 

қызметкерлер жұмыспен қамтылғандардың көпсанды болса да, бір 

бөлігін ғана құрайды. 

Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің 

еңбек ресурстарын құрайды. 

Жұмысқа  орналасу – азаматтың  жұмысты  іздеу  жəне  иелену 

үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін: 

- азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы; 

-  халықты  жұмыспен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру 

жөніндегі  уəкілетті  органның  немесе  халықты  жұмыспен  қамту 

жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы; 

-  азамат  өзі  бұрын  жұмыс  істеген  жəне  кінəсіз  қызметтен 

босатылған  өндірісте  өзінің  жұмыс  берушісі  арқылы  жұмысқа 

орналасуы; 

- жұмысқа орналасудың өзге де тəсілдері. 

Мысалы, квота бойынша жұмысқа  орналасу. Бұл тəсіл жұмысқа 

ораналасудың  арнайы  нысанын – көмекті  қажет  ететін  тұлғалар 

үшін  жұмыс  орындарын  сақтап,  бұл  жұмыс  орындарына 

мүгедектерді, жасөспірімдерді жəне т.б. жіберуді білдіреді. 



Заңда «лайықты жұмыс» түсінігіне мынадай анықтама берілген: 

«Тіркелген  жұмыссыз  азаматтар  өзінің  кəсіби  даярлығына,  еңбек 

стажына жəне бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесіне, 

жұмыс  орнының  жағдайларына  (ақы  төленетін  қоғамдық 

жұмыстарды  қоспағанда),  денсаулық  жағдайына,  жаңа  жұмыс 

орнына  көліктің  қолайлылығына  сəйкес  келетін  жұмыс  лайықты 

жұмыс деп есептеледі». Мысалы, егер хирург дəрігерге медбикенің 

орнын, ал оқытушыға мектепте еден сыпырушының орнын ұсынса 

– бұл лайықты емес жұмыс болып табылады. Немесе құрылысшы-

инженерге  оның  кəсібі  жəне  біліктілігі  бойынша,  бұрынғы  жұмыс 

орнындағыдай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс 

орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыс 

та лайықты емес жұмыс болып табылады. 

Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кəсібі (мамандығы) жоқ, 

сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар 

үшін  алдын-ала  кəсіптік  даярлықты  талап  ететін  жұмысты,  ал 

ондай  жұмыс  беру  мүмкін  болмаған  жағдайда,  азаматтардың  жас 

жəне  өзге  де  ерекшеліктері  мен  еңбек  туралы  заңдардың 

талапатарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы 

жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады. 

Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер: 

-  ол  жұмыссыздың  келісімінсіз  жұмыс  орнын  ауыстырумен 

байланысты болса; 

-  жалақысы  бұрынғы  жұмыс  орнындағы  орташа  жалақыдан 

төмен болса; 

-  еңбек  жағдайлары  еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік 

нормаларына сай келмесе. 

Ал  кімдер  жұмыссыз  деп  саналады  екен?  ҚР  «Халықты 

жұмыспен  қамту  туралы»  заңында  жұмыссыздарға  мынадай  анықтама 

берілген:  «Жұмыссыздар – жұмысы,  табысы  жоқ,  лайықты 



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ тілі»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет