Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, құралдары және әдістері



бет1/2
Дата10.05.2022
өлшемі134,38 Kb.
#33844
  1   2

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой және сенсорлық тәрбиесі

Дайындаған:Жұмажан Ақтілек

Тексерген:Жұмашева Нұржауған

Жоспары:

1 Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері.

2 Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, құралдары және әдістері.

3 Ф. Фребель, М. Монтессори жүйесіндегі сенсорлық тәрбие.

4 Педагогикадағы сенсорлық тәрбие жүйесінің ерекшеліктері (А.П. Усова, Н.П. Сакулина, Л.А. Венгер, Б. Баймұратова және т.б.).

5 Балалардың білуге құмарлығын және танымдық қызығушылығын дамыту.

Ақыл- ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым- қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірибесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым – қатынасы мен көз қарасы қалыптасады. Даму- баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі психикасының, ой санасының өсуі. Ақыл- ойдың дамуы баланың өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады.



Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қортынды жасағысы келеді. Бірақ үлкендердің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсінікткері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен педагоктің міндеті – баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте- бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу. Бала айналадағы заттар, оның сапасы (түрі, көлемі, түсі), қолданылатын орны қасиеттері (сынуы, жыртылуы, қаттылығы, жұмсақтығы, бұзылуы), қандай заттан (ағаш, темір, қағаз, мата) жасалатындығы жайлы нақты түсінік алуы керек.

Сонымен, ақыл- ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқаттық тұрғыдатаып –білуін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым- қатынасын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет