Айбек қалиев



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата28.12.2016
өлшемі2,1 Mb.
#669
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

 
 
                                         *** 
...Кәпірге қылыш сілтеп қарысқаным
Дүниеде теңін тауып жарысқаным. 
Тәніңнен дұшпан көрсең түгің шыққан, 
Лайық заманына арыстаным. 
Нашарды сырт дұшпаннан арашалап, 
Қам ойлап қарашаға болысқаным. 
Үлгімен әр орында тұра берген, 
Ақылға Аплотондай данышпаным. 
Достардан қасірет отын қалыс ойлап, 
Қайырлы сағатында қауышқаным. 
Шұбалаң, Қарақоға, Жыланшықпен, 
Дені сау түсінікті болыстарың. 
Бұл күнде сіздер үшін дұғада тұр, 
                    Атқарып жолдас болған орыстарың.  
 
                                    *** 
... Байтұрсын, Ақтас түсіп жанған отқа, 
Тартылды жазаланып, ісі сотқа. 
Кәрі ояз Яковлевпен ерегесіп, 
Кигізді басын жарып, қызыл ноқта. 
 
Сібірге он бес жылға жер айдалды, 
Дүние шыркөбелек, шыр айналды. 
Айрылған қамқоршысы, ерлерінен, 
Халықтың көкірегіне дерт байланды... 
 
                                   *** 
...Байтұрсын, Ақтас ағай сәлем бердік, 
Шүкірлік жүздеріңді аман көрдік. 
Сендердің тұқымың деп бізді соқты, 
Не қиын, қилы-қилы заман көрдік. 
 

 
144 
Аққан жас көзімізден тиылмады, 
Сібірден келдіңіздер қиырдағы. 
Жақсы ғой топырақтан тысқары боп, 
Дәм-тұздың осы жерден бұйырғаны. 
 
Құдайға мың мәртебе шүкіршілік, 
Қалмасын көңілде енді күпіршілік. 
Алланың добы деген адам басы, 
Бәрінен артық бұл күн, бұл тіршілік... 
 
                    Төлебай  
 
(Он екі жасар әйел баласының жоқтағаны) 
 
Әуелі адам пайғамбар, 
Екінші сөзім Мұхамбет. 
Дүниеге шықсаң бар өлім, 
Мұхамбетке болса үмбет. 
Азырақ дастан айтайын, 
Дұғада болған әлеумет. 
Жыламайын десем де, 
Ішімде жалын, сыртым дерт. 
Аядағы сұңқарға, 
Дүбірлі туған тұлпарға 
Тағдыр еткен құдірет. 
Елу алты жасында 
Дүниеден қайтты арыстан – 
Аруақты туған атақтым, 
Тоят тілеп алыстан. 
Бабасынан сөйлесем, 
Белгілі бекзат данышпан. 
Еділден өтіп ер Шақшақ, 
Дұшпандармен тоғысқан. 
Шілтендер жырақ болмапты, 
Аманжол деген дабыстан. 
Онан бергі ер Қосай, 
Қалмақты қатар жарысқан. 
Сол бабамның алты ұлы 
Бос қалмапты намыстан. 
Үмбетей атам, Жәнібек, 
Бабалардың рухы 
Болар ма келіп қауышқан. 
Қатар шыққан екі ердің, 
Қариялары жоқ еді 
Билік айтып тауысқан. 
Бергі атамыз Аралбай, 
Шыға бір шапқан қамалға-ай. 
Қыдыр дарып ер болып, 
Нәсілі қалған заманға-ай. 
Өз атасын сұрасаң, 
Мырза Көбек, Танабай, 
Келмеген ешкім жолына-ай. 

 
145 
Байлық, бектік, жомарттық – 
Бәрі де келді қолына-ай. 
Талап еткен істерін, 
Келтірді тәңірім оңына-ай. 
Кешегі менің Әкекем, 
Жиырманың ішінде 
Атанып еді Төле бай. 
Құлағың сал, дос-жарлар, 
Бір азғана зарыма-ай. 
Заманына лайық, 
Қараның болды-ау ханындай. 
Дұшпандарын ықтатты 
Беткейден соққан дауылдай. 
Алашқа жеңсік көрінді 
Шамсаттық сары қауындай. 
Бабалардың рухы 
Қолдаған екен жаңылмай. 
Батырлығын сұрасаң, 
Бабасының қалыбы-ай. 
Мырзалығын сұрасаң, 
Көңілде нұрдың жарығы-ай. 
Дұшпандардын саспаған 
Құдайдың берген сабыры-ай! 
Баласына үш жүздің 
Кетіп еді дабылы-ай! 
Айтылса қайғы босайды 
Болған соң істің анығы-ай! 
Үш уездің қазағы 
Басықара датқаның 
Басын қосқан асында 
Болғандарын естимін 
Болмасам да қасында. 
Сұқ қылышты сонша жұрт 
Әкекем сынды асылға. 
Қыпшақтың өңкей манабы 
Кез болыпты ашуға. 
Балқожаұлы Ыбырай 
Артын жиып жөнелді 
Басын қорғап қашуға. 
Мұны көріп Әкекем
Аманжолдап ат қойды 
Тасыған көңілін басуға. 
Қуып жетіп соңынан 
Ағалығын білдірген, 
Көрмегенін көргізген, 
Бозбалаға айдатып, 
Қайтарып топқа кіргізген. 
Бекмұхамбет болысын, 
Инспектор орысын, 
Жұмылған көзін аштырып, 
Өкшесінен бастырып, 
«Жан сауға, батыр!» – дегізген. 

 
146 
Талай жерде Әкеке-ай, 
Бітіп еді арманың 
Бәрін де міндің қатарлап 
Жұрттағы сұлу жорғаның. 
Көңіліңе жақпаған 
Дұшпанның бұздың қорғанын. 
Жомарттық еттің айрықша 
Дүниенің біліп жалғанын. 
Орыс, қазақ әкімге 
Ықпалыңды жүргізіп, 
Жауатын күндей торладың. 
Менменсіп келген талайды 
Қолыңмен илеп толғадың. 
Жолд жолсыз боса да, 
Бетіңе алған ісіңнен 
Абыройсыз болмадың. 
Бәсеке өткен туғанда, 
Асылмен белің буғанда, 
Күншілдік кіріп көңіліне 
Жауыздық жолын қуғанда, 
Аямасаң жылаттың. 
Ізгілік етсең ұнаттың. 
Жаяуына ат болып, 
Сылап, сипап жұбаттың. 
Жұртыңды жауға бермедің, 
Алысқа қолың сермедің. 
Өрге жүзген жайындай 
Ашынған сайын өрледің. 
Халық иесі хандармен 
Халықты қатар тергедің. 
Заманындағы ерлердің 
Тағында қатар көлбедің. 
Сол сықылды Әкемнен 
Қабыл болып, күн туып, 
Құрбан да болып, өлмедім.  
Осындай менің Әкекем, 
Ордалы бектің нұры еді. 
Тамам Алаш бас қосса, 
Айтулы тудың бірі еді. 
Рүстем мен Дастандай 
Заманындағы сері еді. 
Жау кеңесі құрылса, 
Жасқанбаған ер еді. 
Сасқандар ақыл сұраса, 
Жасқанба, қалқам, – дер еді. 
Қырғыздың Алатауындай 
Дұшпандар аспас бел еді. 
Іздегенің табылған 
Белгілі шалқар көл еді. 
Азғана күн дүниесін, 
Қолымен сермеп жөнеді. 
Екіталай жерлерде, 

 
147 
Дүние жолдас демеді. 
Сол секілді Әкемнен, 
Айналайын аталар, 
Айналсам, қалай айып етеді?! 
Заманында Әкекем, 
Хандардың жиған құралын. 
Шымшыр қанар дүниеге 
Келтіріп еді оралын. 
Атадан жалғыз туса да, 
Мал үстіне мал беріп, 
Қанат, құйрық, жал беріп, 
Жеткізген Алла мұрадын. 
Бес отауын түсіріп, 
Көркейтіп еді жанабын. 
Қатар қосқан дұшпанның, 
Тарылтушы еді танабын. 
Азамат жинап, ат байлап
Істетіп еді талабын. 
Еркінше жүріп ішінде, 
Аралады Әкекем, 
Тобыл, Торғай алабын. 
Келмейтін еді белсеніп, 
Естіген қазақ хабарын. 
Дұшпаныңа тірелген, 
Айналайын, Әкеке-ай, 
Аумайтын еді табаның. 
Бір күндерде Әкекем, 
Арғымақ бедеу байлаған, 
Болатын шарға қайраған, 
Наурызым, Сыпсың – екі су, 
Жағалап, көшіп жайлаған. 
Ауылдың сыртын шаңдатып, 
Торлантып бие байлаған. 
Орданың ішін қоршатып, 
Тең азамат жинаған. 
Күнде жиын, күнде той, 
Дастарханын жимаған. 
Мәжіліске мәз болып, 
Тарқатуға қимаған. 
Осындай қайран Әкекем, 
Азғана күн дүниеде, 
Маңдайыма сыймаған. 
Қалай десе жарасар, 
Әкекемдей сындарға? 
Нашар туған үш бала, 
Қайғыңды аштым тыңдарға. 
Көлеңкелі дарағым, 
Құламаса мін бар ма? 
Темір қанат балапан, 
Ұша алмай қалса, сын бар ма? 
Аяғым салып қойнына, 
Асылатын мойнына, 

 
148 
Әкекем келер күн бар ма? 
Жолы қиын біздерге, 
Ата менен ананың, 
Қандай болып өтеді, 
Атасыз күні баланың? 
Қазынасын күтелік, 
Жаратушы Алланың. 
Ташмұхамбет, Ахмет, 
Тілегін қатты тілейік, 
Қадірлі екі ағаның. 
Рухы қолдап, жар болғай, 
Бұрынғы өткен бабаның! 
Ерназар, Бекет, Ғабдолла, 
Бірің өңір, бірің бой, 
Алтын да сауыт жағаның. 
Береке, бірлік деген бар, 
Айналайын, ағалар, 
Болғай-ды мұнан хабарың. 
Ортаңда қалған үш анаң, 
Қайтара көрме назарын. 
Ақыл салып әжеме, 
Айналайын Әкекем, 
Сақтаушы еді ажарын. 
Басып кеткен ізіңді, 
Енді қайдан табамын? 
Бір кеткен соң хабар жоқ, 
Зарлай, зарлай барамын. 
Жаннаттан болып орының, 
Ұжмақтың ашқай шарабын. 
Қысқартайын, қош енді, 
Мұқтасар айлап тамамын. 
Азырақ сабыр етсеңіз, 
Үлкен-кіші ағалар! 
Көңіліміз ойран, көзде жас, 
Қайғылы қасірет сана бар. 
Мұндай жолдың хабарын, 
Ақылды бектер шамалар. 
Алладан тағдыр, ажалды оқ, 
Біздерде мұндай жара бар. 
Жақсылар көңіл жұбатса, 
Қайғыны дәру жағалар. 
Жылады деп сөкпеңіз
Жұрт иесі ағалар! 
Арыстан туған Әкекем, 
Салтанатын асырып, 
Достарын қашан аралар? 
Елестейді көзіме, 
Қалың топқа кіргендей. 
Сағынамын достарын, 
Мәжілісінде жүргендей. 
Өрбігеді көңілім, 
Сіздермен еріп келгендей. 

 
149 
Қатарланған жорғадан, 
Сүйгенін таңдап, мінгендей. 
Алтын қынап ақ алмас, 
Беліне байлап ілгендей. 
Арқауы таза ақ жібек, 
Жағадан ұстап кигендей. 
Біздерге туар күн қайда, 
Арыстан туған Әкекем, 
Маңдайымнан сүйгендей? 
Қанатын тосып қақпалап, 
Шырағым деп күлгендей. 
Мезгілің болды-ау, Әкекем, 
Қайрылып хабар білгендей. 
Күн болар ма біздерге, 
Көздің жасын игендей? 
Клмес те болсаң,Әкеке, 
Өзегім отқа күйгендей. 
Дауасы болмай кезеулі оқ, 
Қос өкпеден тигендей. 
Кешегі менің Әкекем, 
Айнасы еді елінің. 
Ит жүгіртіп, құс салса, 
Көркі еді екі көлінің. 
Тояты қанған сұңқардай, 
Базары еді бегінің. 
Бәрі қасірет біздерге, 
Жүріп, тұрған жеріңнің. 
Қайғыңды тастап артыңа, 
Қайрылмастай көріндің. 
Опасы жоқ дүние-ай, 
Бекер екен сенімің. 
Қарашаның ханы Әкем, 
Бұқараның бегі Әкем. 
Көлеңкесі күндік жер, 
Асқар тауға тең Әкем. 
Қол-аяғын жимаған, 
Етек-жеңі мол Әкем. 
Мұнарланған сеңгірдей, 
Дұшпандарға бел Әкем. 
Құрағы көктеп, гүлденген, 
Айдын да шалқар көл Әкем. 
Қиядан дұшпан табылса, 
Жасқанбайтын ер Әкем. 
Достарға ауыр жүк түссе, 
Қатарланған нар Әкем. 
Көрген түстей біз болдық, 
Осы ма екен ұяда, 
Былтырғы жылы бар Әкем. 
Келмесіне көз жетті, 
Жаннаттан болғай талабың. 
Ашық та болғай жауабың. 
Нұрға толғай қабірің, 

 
150 
Жоғары ұшқай сауабың. 
Үмбетім деп Мұхамбет, 
Шапағат еткей назарын. 
Әулиелер жар болып, 
Ұжмақтың ашқай шарабын. 
Он екі имам, шадияр, 
Артылдырғай қадамын. 
Дұғасын қабыл алғайсың, 
Артыңда ізгі баланың. 
Айта берсем, сөз көп-ті, 
Дүниеден қайтпай кім кетті? 
Дұғадан жоқтап жақсылар, 
Бағышта аят кәламын! 
 
Төлебайды келінінің жоқтауы 
 
Рұқсат болса азырақ, 
Отырған достар, ағадан. 
Өлімге мирас жыламақ, 
Бұрынғы өткен бабадан. 
Ажал ортақ әмбаға
Атамыз Адам, Хауадан. 
Бағасы қымбат атекем, 
Мисалында шәйіттің 
Рақылат етті дүниеден, 
Қайрылып хабар алмады 
Ағайын, туған баладан. 
Белгілі бекзат бес асты, 
Табылмас достар шамадан. 
Ертеңді-кеш зарлатып, 
Қайғысы асты қападан. 
Ордалы қуда сын бар ма, 
Басшысымен адасқан. 
Атекем келер күн бар ма, 
Талайы тауға таласқан? 
Алтын да қылыш, айбалта, 
Асынса ерге жарасқан. 
Халық иесі хандардан, 
Қаюлы сағат жол ашқан. 
Жан қуанған біз түгіл, 
Жақсылар іздеп жанасқан. 
Ай басқандай іс болып, 
Бізге түсті қара аспан. 
Айрылса кімдер қайғырмас, 
Жұрт иесі манаптан. 
Тасқа салса қайтпаған, 
Адасты жұртым болаттан. 
Қиядан ілген қыран құс, 
Қайрылды ұшар қанаттан. 
Атекемдей ер қайда, 
Аузына жұртты қаратқан? 
Сақилығын жүргізіп, 

 
151 
Алдынан кеңес таратқан. 
Белгілі жұрттың бектері, 
Кездесті әрбір тараптан. 
Қатарынан құдайым, 
Тұлғасын артық жаратқан. 
Көрген түстей айрылдық, 
Көлеңкелі дарақтан. 
Тойған марал секілді, 
Таудан аққан бұлақтан. 
Ағасы елдің атекем, 
Бұл сапарды ұнатқан. 
Ағайын, туған әулетің 
Қайғыға қамам, жылатқан. 
Сайранға жаққан панардай, 
Айрылды халқы шырақтан. 
 
Төлебайдың жамағатының жоқтауы 
 
Кеегі менің бегімнің, 
Бір азғана дастаны. 
Жылады деп сөкпеңіз, 
Жиылып келген достары. 
Алтын да кеудем жер болды, 
Үстімді тұман басқалы. 
Ертеңді-кеш зарлаймын, 
Көңілімді басқалы. 
Күнде қызық, күнде той, 
Мәжіліс еді басқаны. 
Құлақ естіп, көз көрген, 
Жүргізді бір нұсқаны. 
Тоғыз орда тіктіріп, 
Толтырып асыл жинаған. 
Тоқсан қонақ келсе де, 
Асып-саспай сыйлаған. 
Сапырулы қымыз, салқын үй, 
Мәжілісін тыймаған. 
Ит жүгіртіп, құс салып, 
Қияға бедеу қинаған. 
Құмай тазы, қыран құс, 
Көзінен таса қылмаған. 
Күнінде тоят алдырмай, 
Сағат көңілі тынбаған. 
Осынша дәуір үстінде, 
Күн шығарып тұрмаған. 
Бес уақыт намаздан
Тоқталып мойын бұрмаған. 
Шалғынсыз жерге қонбаған. 
Төрт түлік малын өргізіп, 
Күншілік жерді шарлаған. 
Тоғыз қатар орданы 
Тоқсан нарға қомдаған. 
Айыр өркеш атанға, 

 
152 
Аяғымды салмаған. 
Үш пәуеске тройке, 
Тоғыз атқа парлаған. 
Балапан ерткен қаздай ғып, 
Көзінен таса қылмаған. 
Миуасы піскен дарақтай, 
Құдайым артын аңдаған. 
Толықсып тұрған күнінде 
Шын сапарға жолдаған. 
Ұлы мен қызың артыңда, 
Әкекем деп зарлаған. 
Қадам басқан ізіңді, 
Басқа жанға қимаған. 
Азғана күн дәуірім, 
Маңдайыма сыймаған. 
Арыстанымнан айрылып, 
Тарқады базар басымнан. 
Алланың артқан ауыр жүк, 
Орнады мұндай жасымнан. 
Алтын да тұғыр ақ сұңқар 
Ұшырдым, жұртым, қасымнан. 
Орын алған сұлтаным, 
Әр таптағы асылдан. 
Жанған да отқа күйемін, 
Құрдасын көріп бегімнің, 
Қиядан іздеп қосылған. 
Сіздермен бірге келер деп, 
Күтуші ем хабар досыңнан. 
Балалы арқар баурайды 
Мезгілсіз оққа тосылған. 
Артында қалып қайғырдым, 
Жөнеліп керуен асудан. 
Көрген түстей дәуірім, 
Жана түсіп басылған. 
Бастан жақты айырған, 
Әмірі күшті Алланың. 
Қайғысына жанғаным. 
Арыстанымның тұсында, 
Бітіп еді арманым. 
Бұл дүниенің құрметін, 
Көрсетіп еді көкжалым. 
Күннен күнге күн өтіп, 
Қызығына қанбадым. 
Қолымнан топты тарқатып, 
Адасып мұндай зарладым. 
Жаралы қудай ыңыранып, 
Артында жылай қалғаным. 
Адастырған опасыз, 
Дүние, сенің жалғаның. 
Заманында бегімнің, 
Дәуірлеп тасып-толғаным. 
Кеңесін қолдан өткіздім 

 
153 
Қатарланған орданың. 
Жылама деп айтады, 
Өсиеті молданың. 
Бұрын-соңды ажалдан, 
Қалары жоқ бәнденің. 
Қосқанынша құдайым, 
Қош аман бол, алғаным. 
Ризалықпен күтелік, 
Құдайдың басқа салғанын. 
Нұрға толып қабірің, 
Жолдас болсын иманың. 
Қызыр болсын мейманың. 
Қадірің өтіп күн сайын, 
Көзімнің жасын тыймадым. 
 
Есмағамбеттің жоқтауы 
 
Бисмилла сөздің басына, 
Ағайын келді қасыма. 
Бір күнгідей болмаған, 
Дүние деген осы ма?! 
Көңілден қайғы босатсам, 
Келер ме көздің жасына? 
Жыламай нағып шыдайын, 
Кешегі өткен асылға? 
Асылым түсті қолымнан, 
Қанаттым сынды оңымнан. 
Құдай қосқан қосағым, 
Адастырды жолымнан. 
Отыз төртке келгенде 
Ұядан ұшты алғаным, 
Дүниенің білдім жалғанын. 
Мезгілсіз келді кезегің, 
Қызығыңа қанбадым. 
Кәләм шәріп хат оқып, 
Ісләм жолын аңдадың. 
Жан тәсілім болғанша, 
Ақылыңнан танбадың. 
Сонда біліп, ойладың, 
Құдайдың назар салғанын. 
 Амандаспақ сол күні, 
Көңілде болды арманың. 
Амандастың жұртыңмен, 
Бұйрығы деп Алланың. 
Иманыңды құрметтеп, 
Періште келсін хабарға. 
Артыңда қалған бір нашар, 
Іздегенмен табар ма? 
Кешегі сөнген шамшырақ, 
Орнына қайтып жанар ма? 
Дәуірлеп ұшқан бала құс, 
Тұғырға қайтып қонар ма? 

 
154 
Дүние дәулет болса да 
Алғанымның тұсындай 
Енді дәурен болар ма? 
 
Ерғазының жоқтауы 
 
Жылады деп қалайша
Сөге көрме, жамағат. 
Алты ай жүрген жолынан, 
Келіп еді саламат. 
Көрсетерін құдайдың, 
Білмеді ме ғаламат. 
Сабыр тұтып отырып, 
Таба алмады рахат. 
Сапарланып аттанды 
Ырғыз деген қалаға, 
Барып почта саларға. 
Не жақсылық, жамандық, 
Бір хабарын аларға. 
Бастап шыққан жол ма екен, 
Тура келген ажалға? 
Қайрылмастай күн бе екен, 
Қатын менен балаға? 
Қорғасындай дерт екен, 
Көңілдегі санаға. 
Жолықпаста мерт пе екен, 
Елдегі кіші, ағаға? 
Отырған жақсы, хабар ал, 
Біз ғаріптің халынан. 
Өрттей қайнап жанамын, 
Іште дерттің барынан. 
Жесір қатын, жас бала, 
Адасты құба нарынан. 
Ғаріпшілік күн болды, 
Сұңқарлар ұшқан қалыңнан. 
Ордалы құлан түйсініп, 
Болды ма хабар тағынан? 
Мен бейшара зар еткен, 
Айрылып сәулет бағынан. 
Қырық бір жаста қиылтып, 
Оздырмай алды шағынан. 
Тарқатайын шерімді, 
Рұқсат болса қауымнан. 
Сымбаты сұлу сәулеттім, 
Кезегі жетті нәубеттің. 
Өлі менен тірінің 
Арасында меңдеттің. 
Адастырып ақылдан, 
Жас баланы сенделттің. 
Тағдыр да жазса құдайым, 
Табылмаған дауасы. 
Аты шыққан үш бектің, 

 
155 
Тасып еді қанасы. 
Дұшпаны сай тең болып, 
Орыс, қазақ баласы. 
Базынадан басталған, 
Нақақ еді жаласы. 
Кемшілікке шыдамай, 
Ұзады істің арасы. 
Табылмады әкімнен, 
Әділдіктің сарасы. 
Қоспады ма жақсы Алла, 
Ашылмады істің расы. 
Өткен күзден бер қарай, 
Қисайып еді жағасы. 
Үкіметпен пенде ғып, 
Облыс Торғай қаласы. 
Тасқа тиіп мұқалды, 
Арғымақтың тағасы. 
Бұлы қымбат манатым, 
Миллиондық бағасы. 
Ұстаудан шығып келген соң, 
Артықша болды қанасы. 
Белін шешіп жатпады, 
Жалғанның болмай опасы. 
Решение жасалып, 
Істің болды шатасы. 
Есінен кетпей, аһ ұрды, 
Туысқан, туған ағасы. 
Құлағандай көрінді, 
Жел жағының панасы. 
Жазуынан артылып, 
Қайда барар пәндасы?!  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
156 
 
ҚҰБАША ШАЛБАЙҰЛЫ 
(1880-1952) 
 
                    * * * 
Құбаша қолыңа алып қаламыңды, 
Сөйлеп көр бастан кешкен заманыңды. 
Жабырқап жамандарша күн өткізбей, 
Көрсетші замандасқа қадамыңды. 
 
Сөйлеп көр ғибрат болсын көргеніңді, 
Қорғалап тасалама білгеніңді. 
Ақырет тіршілікпен бірдей емес, 
Мақтан қыл дүниеде жүргеніңді. 
 
Қызды да айт, қызықты айт бәрі бекер
Қонған бақ, біткен дәулет желдей өтер. 
Шоқытып белден-белге сен барғанша, 
Артыңнан абайсызда ажал жетер. 
 
Мал тәтті, дүние қызық дегенменен, 
Бір күні жер соқтырып тастап кетер. 
Баладай барлы-жоққа алданғанша, 
Бір кеңес жұрт тыңдарлық жазсаң не етер. 
 
Секілді жайым менің жетім лақ, 
Естір ме маңырасам жарық құлақ. 
Аузыңа рыздық болып бір тамбайды, 
Тау жарып аққанменен тастан бұлақ. 
 
Тер төкпей тегін олжа іздемеңіз, 
Түсіндің, түсінбедің айттым бірақ. 
Арамза ақиқатпен туыс емес, 
Моласы қыр басында қалар жырақ. 
 
Сенерлік достарыңда дос бар тағы, 
Жаман дос жалғаныңды қостар бәрі. 
Арыңның ақ сәулесін кір шалмасын, 
Менікі болжап айтқан тұспал-дағы. 
 
* * * 
 
Сөзге шықтым сертпенен, 
Лаулап жанған өртпенен. 
Жолдас болдым әр жерде, 
Асыл туған мәртпенен. 
Шам жарығы айналып, 
Саулық баста тұрғанда, 
Қалмайды адам байланып, 
Адамсып жанға пұлданба. 
Нәубаттың құсын жөнелтсең, 
Қатарыңнан қаларсың. 

 
157 
Саламат тәнің сауықса, 
Мал жинамақ боларсың. 
Жанға зауал туған күн, 
Кімдер жылап кетпеген. 
Қалдырып жарын, баласын. 
Ақымақ басым білмеппін, 
Осылардың арасын. 
Дүние сөзін сұлулап, 
Тіліңмен орақ орарсың. 
Елден алған сауап жоқ, 
Иманды қалай табарсың. 
Таңда маһшар күнінде, 
Сыбағаңды аларсың. 
Бас пайдасын ойлаған, 
Дүние жиса тоймаған. 
Нелер залым, пасықты 
Бұл тіршілік қоймаған. 
Дүние кәміл жолдас деп, 
Айтып жүрген қай надан? 
Аурудың дерті қай жерде 
Азаматты байлаған? 
Аурудың көңілін кім ашар? 
Хал сұраған тең ашар. 
Шерленген елдің қайғысын 
Әлдилеп сүйген бала ашар. 
Ел қайғысын кім ашар? 
Үзеңгісін тең басқан, 
Белін бермес Ер ашар. 
Ат қайғысын кім ашар? 
Сұлыменен сүт беріп, 
Күте білген қадірлеп 
Жаны дархан ел ашар. 
Тағдырдың бар ісіне 
Сабырлық еткен жарасар! 
 
 
 
 
 
А.Д.Сыровқа 
 
Көзімді ашып, көкірегіме нұр құйып, 
Жансарайда әрбір сөзің тұрды ұйып. 
Сен Қазанда оқып, білім алыпсың, 
Ойың терең, зейінің алғыр тұңғиық. 
 
Талан болып, бағым болып жолықтың, 
Сен арқылы мен өмірді мол ұқтым. 
Ескіше оқып есейсем де, еңсемді, 
Көтере алмай, шалқи алмай торықтым. 
 
Сен арқылы мен орысты таныдым, 

 
158 
Дүниеге өзгерді шын танымым. 
Жаныңменен жаным сырды бөлісті, 
Бірге туған болып кеттік аға-іні. 
 
* * * 
 
Бұл дүние жеткізбейді, 
Тыным көрмей қуғанмен. 
Адам жаны жанға қонақ,   
Бір анадан туғанмен. 
 
Көңіл кірі кету қиын, 
Шүберекше жуғанмен. 
Гүл қауызы жетілмейді, 
Жұлынған соң тұрғанмен. 
 
А.Байтұрсынұлына 
 
Ахмет ақыл-ойы түпсіз терең, 
Құрыш болат, майыспас нағыз емен. 
Сауабы сан қажыға тұрарлықтай, 
Батырым пақыр елдің қамын жеген. 
 
Жан аға, ойың зерек қатарыңнан, 
Жан едің шын ғұлама аталынған. 
Барымды қолымдағы аямайын, 
Аман-сау оралғанша сапарыңнан. 
 
Дүние, кімге керек жиған мүлік, 
Бермейді дүние-жалған имандылық. 
«Көз тоймас жұмылғанша» деген сөзге, 
Болмайсың кей пасықты иландырып. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет