Айбек қалиев



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата28.12.2016
өлшемі2,1 Mb.
#669
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Әбіқай ақынға 
 
Әбеке өлең-толқын тоқтамасын, 
Өзің ғой үлгі тұтар ноқта ағасым. 
Жазайық жаңа өмірді жарқыратып
Кей пысық өткен күнін жоқтамасын. 
 
Нұрханның бағыт бердің қадамына, 
Үшкірдің желден жүйрік қаламына. 
Шығады ол күні ертең ақын болып, 
Бұлбұлдай жыршы болып заманыңа. 
 
Кейіндеп қалып қойды елу деген, 
Алпысқа аяқ бастым желеуменен. 
Жазғаным жарық көріп жатпаса да, 
Келемін келер күнге сенуменен. 
 
Жәнібек тархан (дастаннан үзінді) 
 
...Бақ орнап, әруақ қонған әулетіне, 

 
159 
бір Алла нұрын құйған дәулетіне. 
Жәнібек Қошқарұлы туған атам, 
Өмірі келе алмаған жау бетіне. 
 
Қысы-жазы ер түспей тұлпарынан, 
Алғыс пен батиха алған ұрпағынан. 
Өтіпті қылыш асты, найза ұшынан, 
Қорықпай өмір-толқын бұрқағынан. 
 
Тісімен абжыланның басын бөлген, 
Осы ерлік абыройын асырды елден. 
Бар қазақ Абылайға бата тілеп, 
........................................................ 
 
Жырламай оны қалай жата алармын, 
Шет болып аруағына аталардың. 
Толғасам ту көтерген ата ерлігін, 
Тіріден, өліден де бата алармын. 
 
Жалтақтап, бұлтаратын жерім де жоқ, 
Тереңнен сөз айта алмас тегімде жоқ. 
Жылтырап салындының астын қуып, 
Тірнектеп күн көруге ебім де жоқ. 
 
Іріден жаратылдым ірі болып, 
Ел деген азаматтың бірі болып. 
Арман жоқ Ахметке туыс болып, 
Шыға алсам Әбіқайға іні болып. 
 
Адассам соларменен адасармын, 
Өлеңнің бірге уығын қадасармын. 
Демесе болды маған Ыбырай жиен
Нағашы, ұсақтадың, аласардың. 
 
Шақшақтың өр даңқына дақ түсірмей, 
Толғайын топан жырды көк мүсіндей. 
Жәнібек Ғазіреті Ғали дерсің, 
Кетпеген күшін оның жат түсінбей. 
 
Ажалдан, оттан, судан қорықпаған, 
Пәле жоқ бір басына жолықпаған. 
Өтіпті ол Үшбурылдың өзеніне, 
Алуға кегін қанды жорықтардан. 
 
Мерейі тайталаста үстем болып, 
Талай жау ала алмаған күшпен торып. 
Бұлт жүрген төбесінде Жәнібектің, 
Аруақ боп жаратылған іштен қонып. 
 
«Санама сәуле болып құйылатын, 
Атам!»–деп Ахмет те сыйынатын. 
Қарашал қара аруағы қолда десе, 

 
160 
Жан-жақтан періште күш жиылатын. 
 
– Деп Ахаң атасын шын дәріптеген, 
Үлгі алған пайғамбарлық әліппеден. 
Оқушым өзі біліп түсінер-ақ, 
Мен мақтап қызыл сөзбен әдіптемен. 
 
Бір жолы оралғанда көп жорықтан, 
Алдынан айдын, мөлдір көл жолыққан. 
Жортқанда үш күн, үш түн сукездеспей, 
Асуда арқар аспас қол торыққан. 
 
Сол көлге келе сала басты қойып, 
Түбінен жас жігіттер тартты борық. 
Асылып мосыағашы, ошақтары, 
Ішпекші болып жатыр асты тойып. 
 
Шоқ қурай көлеңкесін тың ұстаған, 
Түбіне батыр келіп тыныстаған. 
Қашықтау қалың қолдан әу дейтін жер, 
Жетпейді дабыра шу дыбыстаған. 
 
Бел шешіп айға жуық дем алмаған, 
Жансая таппай дүние кең арнадан. 
Жоңғардың Алатауын көктей өтіп, 
Аспаған асу, жота, бел қалмаған. 
 
Шебінен жауды кейін қайырғанда, 
Көп жерді қан шеңгелден айырғанда. 
Жәнібек Шақшақұлы деген есім
Атырау, жетісуға жайылғанда. 
 
Сол беттен оралғаны осы болып, 
Шалқар көл жағалауға қосы қонып. 
Жәнібек жаны рахат тапқаны осы, 
Еркелеп ұйқы деген досы келіп. 
 
Абжылан мекен еткен бұл араны, 
Адамды көріп он қат бұралады. 
Қан сорып қапияда тісін алмай, 
Қалайша шыдап енді тұра алады. 
 
Ысқырды, күшін жинап қатуланып, 
Орнында тапылжымай жату қалып. 
Айыр тіл сала құлаш шықты аузынан, 
Қып-қызыл тәтті қанға батуға анық. 
 
Лебімен бір-екі рет тартты дағы, 
Көз тігіп, жонын жырып шаптығады. 
Көтеріп кеуде жағын көтере ұстап, 
Құйрығын бұлаңдатып қаққылады. 
 

 
161 
Зу етіп ә дегенше атылды да, 
Адамға жетпей қапты тақырды да. 
Жәнібек көзін ашып қарап алып, 
–Абжылан, ажал,–деді –шақырды ма? 
 
Түймесін жейдесінің ағытты да, 
–Қалдың сен қаһарланбай не ғып тына? 
Ауызын ат дорбадай аша берді, 
–Тап өзің өзің түсер табытты да! 
 
Деді де қозғалмастан жата берді, 
Хас батыр дүрліктірген атағы елді. 
Мұп-мұздай бауырымен жоғары өрлеп, 
Абжылан ін-ауызға бата берді. 
 
Желкеден тісті салды батыр қатты, 
Азу тіс бас сүйекті батырлатты. 
Құйрығын шошаңдатып сұр абжылан, 
Қып-қызыл өз қанына өзі батты. 
 
Дабырлап, жұрт жиылып жүгірісті, 
–көрдік,–деп–шын керемет бүгін істі. 
Ей, Алла, абырой бер әрқашанда, 
Батырдың алдына кеп жүгіністі. 
 
–Батыр-ай уы дарып кетпеді ме? 
Еш әсер тіліңізге етпеді ме? 
–Мені қой абжыланды айт екі құлаш, 
дәл бүгін ажалының жеткеніне. 
 
Күн тұрды күле қарап төбесінен, 
Көз алмай шын батырлық төресінен. 
–Жау түгіл абжылан да аса алмады, 
Жәнібек көкеміздің өресінен. 
 
Деп қол да дабырласып мақтанысты, 
Түн қонып, ертесіне аттанысты. 
Мен бүгін жырға қосып дастан еттім, 
Арада екі жүз жыл жатқан істі. 
 
Ірінің айта алмасаң ірілігін, 
Құбаша кімге керек тірілігің. 
Аға боп Жәнібекше бой көрсетпей, 
Інінің көру қиын інілігін... 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
162 
 
 
 
ФАЙЗОЛЛА САТЫБАЛДЫҰЛЫ 
(1883-1959) 
 
    Алаштың  рухани  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатұлы  туған  Торғай 
төңірегінде  олардың  идеясын  қуаттап,  қолдаған  Нұрғали  және  Нәзипа  Құлжановтар, 
Ахметсапа Юсупов т.б сияқты жерлестерінің арасында ақындар  – Файзолла Сатыпалдыұлы 
мен  Әлмұхаммед  Оспанұлы  да  "Алаш"  ісіне  белсене  араласты.  "Халық  жауы"  ретінде 
сотталып, жер аударылған бұл ақындардың шығармашылығы алаш идеясын үндейді. 
        Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған 20-жылдардың өзінде:             
Ей, қазағым, жан бауырым туғаным
Сенің қамың бала жастан қуғаным. 
Сен бақытты, сен өркенді ел болсаң, 
Болмас еді менің дағы арманым. 
 
Ей, қазағым, кештің тағдыр күрделі, 
Сендей болсын – болса бір ұлт зерделі. 
Құрбандығың болар едім жолыңда, 
Ел болсаң сен өз алдыңа іргелі! [43, 10 б.] –  
деп  жырлаған  қари,  ақын,  Файзолла  Сатыбалдыұлы  1883  жылы  Торғай  өңіріндегі  белгілі 
дінбасы Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлының отбасында дүниеге келген. Файзолла Троицкідегі 
Ахон  қазірет  медресесінде,  одан  соң  Бұхарадағы  "Көкілташ"  медресесінде  діни  білімді 
меңгеріп, он алты жасында құранқарилық атақ алған. Медресені тамамдағаннан кейін 1901-
1928 жылдар аралығында Торғай төңірегінде әртүрлі діни қызметтер атқарған.  
1928  жылы  желтоқсан  айында  "алашордашыл",  "ұлтшыл  ұйым  мүшесі"  деген  кінә 
тағылып,  Қостанайдың  атақты  ақ  түрмесіне  қамалып,  1929  жылы  сәуір  айында  Алматыға 
айдалып, 14 жылға сотталады. 1929-1935 жылдар аралығында Қазақстандағы Іле, Ақтеңіздегі 
Беломорканал, Мәскеу каналдарында, Новосибирде айдауда болады. 1935 жылы 14 жылдық 
жаза  жер  аударумен  ауыстырылып,  Татарстан,  Башқұртстан,  Қарағанды,  Солтүстік 
Қазақстан,  Ақмола  аймақтарында  болып,  туған  жеріне  1946  жылы  63  жасында  оралады. 
Өмірінің  соңына  дейін  Алланың  ақ  жолынан  таймаған  Файзолла  қари  Сатыбалдыұлы  1959 
жылы көз жұмды. 
        Азаттық  жолындағы  күреске  бел  буған  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатұлы, 
Ахметсапа Юсупов, Ахмет, Ғазымбек Бірімжановтар, Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар сияқты 
Торғайдан  шыққан  Алаш  азаматтарының  үркердей  тобында  Файзолланың  да  болғандығы 
ақиқат. Айта кету керек, Файзолланың анасы  –  Әйін Міржақып Дулатұлының апасы, яғни 
Файзолла  Міржақыпқа  жиен  болып  келеді.  Жоғарыдағы  пікірімізге  бұл  бір  дәлел  болса, 
Файзолланың "Алашордаға қатысы бар", "Ұлтшыл ұйым мүшесі" деген кінәмен қуғын-сүргін 
көруі – екінші дәлел. Сонымен бірге, Файзолла шығармалары идея, тақырып жағынан Алаш 
қайраткерлерімен мақсаттас, мүдделес, үндес. 
        Файзолла  Алаш азаматтарымен айдауда болған жеті жыл ішінде де таныс-біліс болған. 
Мәселен, Мағжан Жұмабайұлымен түрмеде бірге отырған. 
        Файзолла  Сатыбалдыұлы  "Алаш"  партиясының  толық  мүшесі  болмаса  да,  оған 
тілектес,  ниеттес  болғандығын,  оның  шығармашылығында  ұстанған  азаматтық 
позициясынан айқын аңғарамыз. Мысалы, Ахметсапа Юсуповқа жазған хатында: 
 
                     Сәлем де достарыңа бірге жатқан, 
Қамығып, қапаланып шерге батқан. 
Қолыңа тисе хатым бәріне де, 
Айтарсың тілектестік ағаң жақтан. 

 
163 
 
Отырмын қайран таппай ойға қалып, 
Шеше алмай әр нәрсенің басын шалып. 
Айтарсың дұғай сәлем мына менен, 
Ахмет пен Міржақыпқа қолын алып. 
 
Және де Аймауытов Жүсіпбекке, 
Жас өрен Бірімжанов Ғазымбекке. 
Бәріңді аман-есен сақтай көр деп, 
Тапсырдық мінәжат қып құдіретке [43, 30 б.], –  
 
деп  қамауда  жатқан  Алаш  азаматтарының  тілеуін  тілейді.  Файзолла  Алаш  партиясының 
рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлымен Ақтеңіздегі "Беломорканалда" айдауда бірге болған. 
Екеуінің  арасындағы  жерлестік  қатынас,  рухтас  достық  қатынасқа  ұласқан.  Ақын  "Ахмет 
қайтыс болды дегенде" атты өлеңінде: 
 
                         ...Айрықша артық көрген ғазиз досым, 
Жоқ еді қысқада кек, ұзында өшің. 
Алаштың қамын жеген азамат ең, 
Сүйреген алға қарай қазақ көшін. 
 
Біраз жыл тізе қосып болдық дәмдес, 
Тағдырдың жазғанына кім бар көнбес. 
"Ақынның хаты өлмейді" деген бар ғой, 
Шырағың жағып кеткен жанар, сөнбес. 
 
Ғафу ет, жерлер болса, тілім тиген, 
Шаһбаз дос, құрмет тұтып, жаным сүйген. 
Тілеймін көрмесін деп кейінгі жас, 
Қамытты қиын күнде біздер киген [43, 48 б.], –  
 
деп  өз  бастарындағы  қиындық  қамытын  кейінгі  ұрпақ  кимесін  деген  тілек  тілей  отырып, 
Ахмет  шырағының  жанатынына,  өздері  бастаған  істің  аяқталатынына,  өздері  аңсап,  соның 
жолында күрескен азаттық күнінің туарына сенім білдіреді. Осы өлеңдегі:   
 
...Ақиқат ақ сөйлейтін туар заман, 
Боларын ондай күннің білмес надан, – 
 
деген жолдар да бұл ойымызды дәлелдей түседі. 
        Жалпылай  алғанда  ақын  шығармашылығы  өз  заманының  қайғы-қасіретіне  толы  болса 
да,  онда  ертеңге  деген  сенім,  қазақ  азат  ел  болады,    азаттық  жолында  күрескен  ерлердің 
еңбегі ақталып, тарихтан өз орнын алады, әділетті заман орнайды деген оптимистік көзқарас 
басым. Мәселен "Міржақыпты жоқтау" деген өлеңінде: 
 
Уақыт өтсе оңар бөз, 
Талқан болып тозар жез. 
Дүниеде өлмейді, 
Ғибратты асыл сөз. 
Міржақып пен Ахмет, 
Нақақтан нақақ болды шет. 
Бір уақыттар болғанда, 
Ақталар орнап әділет. 

 
164 
 
Немесе: 
 
Дүние деген тегеріш, 
Ұмыт болмас келелі іс. 
Замана қазір өзгеріп, 
Тарылып тұр ғой кең өріс. 
 
Қиянат кетпес тоқтаусыз, 
Әділ сөз қалмас құптаусыз. 
Күндердің күні болғанда, 
Міржақып кетпес тоқтаусыз! [43, 49 б.] – 
 
дей  отырып,  бүгінгі  күнді,  яғни  кейінгі  ұрпақтың  жазықсыз  қуғын  көріп,  әділетсіздіктің 
құрбаны  болған  алаш  азаматтарын  ақтап  алатынын  аса  сезімталдықпен  болжағандай.  Осы 
жерде  бір  қызықты  деректі  айта  кеткен  орынды.  Айтыскер  ақын  Дәулеткерей  Кәпұлы 
Файзолланың  "Міржақыпты  жоқтау"  өлеңін  Монғолияда  4-5  сыныптарда  жатқа    айтқанын 
айтады. Бұл өлеңнің Монғолия жеріне бару тарихы беймәлім. 
        Файзолла ақын өз өлеңдерінде кеңес өкіметінің сұрқия саясатының бет пердесін ашып, 
ұлттық қалпын, салт пен дінін, тілін сақтап қалу үшін қазақ өз алдына дербес ел болу керек 
деп  ұлтына  ой  салғысы  келеді.  Кеңес  заманында  Амангелді  Иманов  бастаған  ұлт-азаттық 
көтеріліс  деп  аталып  келген  1916  жылғы  Торғайдағы  Әбдіғапар  хан  Жанбосынұлы 
көтерілісінде  көтерілісшілерге  дем  беріп,  Әбдіғапар  ханның  кеңесшісі  болған  Файзолла 
ақынның  көксеген  мақсаты  –  қазақ  халқының  азаттығы  мен  тәуелсіздігі  болатын.  "Туған 
елмен қоштасу" өлеңінде ақын былайша толғанады: 
 
... Ай, заман-ай, заман-ай, 
Замананың зауалы-ай. 
Құбылып соққан құйындай, 
Айласы мен амалы-ай. 
 
Бір қазақтың баласын, 
Екіге бөліп арасын. 
Қырқыстырып қойғаны-ай, 
Ағызып көзден сорасын. 
 
Ел арасын ашқаны – 
Ескі әдетке басқаны. 
Осылай қылған ежелден, 
Қазақтың барлық дұшпаны. 
 
Бірікпесе ел басы – 
Құрғамайды көз жасы. 
Болмаса екен бір күні, 
Әлдекімнің олжасы. 
 
Ата дәстүр, салт пен дін, 
Осы күні болды мін. 
Мұның бәрі жоғалса, 
Елдігіңде бар ма құн? 
 
Зиялыңды қудалап, 

 
165 
Қараңғыңды бұйдалап. 
Берекеңді кетірер, 
Қырықпышақ қып қидалап [43, 11 б.]. 
 
           Осы өлеңде қазақ жерінің талауға түскенін, бұл отаршыл орыс патшасынан басталған 
саясат екендігін айта отырып, ата-бабадан қалған мұра – жерімізді: 
 
...Қорғай алмай сорладық, 
Бәтуәсыз зарладық. 
Ата-баба рухын, 
Аяқ асты етіп қорладық. 
 
Қорлағанның белгісі – 
Әр жаққа тартып әр кісі. 
Аз қазақтың шықты ғой, 
Әңкісі мен тәңкісі – 
 
деп  азаттық  жолындағы  күреске  қазақтың  дәрменсіздігін,  ел  ішіндегі  алауыздықты, 
ынтымақ-бірліктің жоқтығын сынайды. 
              Файзолла  жаңадан  орнаған  кеңес  өкіметінің  аңысын  аңдап,  түпкі  мақсатының 
астарына үңіле қарап, сұрқия саясаттың сырын ұғып, оны халқына түсіндіруге тырысады. 
 
Бай, кулак деп бөлгені – 
Зауал күннің келгені. 
Көп үміттің сөнгені, 
Бір сұмдықтың төнгені. 
 
Таланып жайлау, өрісің, 
Тапталып ар мен намысың. 
Аруақ қонып, нар шөккен, 
Ежелгі ата қонысың – 
 
Күннен күнге тарылып, 
Етек-жеңі түріліп, 
Аузымыздан жырылып, 
Келімсектерге телініп – 
 
Ту-талапай болар-ау, 
Түрлі ұлтқа толар-ау, 
Бұқар жырау айтқандай, 
Айламен бәрін алар-ау... 
 
           "Ата-баба  қонысының  тарылып,  келімсектерге  беріліп,  түрлі  ұлтқа  толатынын"  ақын 
көрегендікпен болжай отырып: 
 
Мөңке биден қалған сөз, 
Кейінгіге болса кез, 
Білер еді шындықты
Зерделеп оқып, салса көз [43, 13 б.], –  
 
деп  өзінен  бұрынғы  Мөңке  бидің,  Бұқар  жыраудың  нақыл-өсиеттерін  жырына  дәйек  етеді. 
Файзолла  ақын  шығармаларынан  бізге  жеткен  көптеген  шығармалары  бар.  Атап  айтқанда 

 
166 
"Заман-ай", "Қалимаға жазған хаттар", "Шағыну", "Бұқар жырау сиынған менің пірім", "Абай 
романын  оқығанда",  "  Мінажат",  "Әлмұхаммед  молдаға",  "Ахмет  қайтыс  болды  дегенде", 
"Міржақыпты  жоқтау",  "Ақтеңізден  сәлем",  "Өменді  жоқтау",  "Ахметсапа  Юсуповқа  хат", 
"Кәріліктің  келуі",  "Бұл  күнде  қария  болдық  күркілдеген",  "Жатыпатар",  "Қайдасың  жаны 
жайсаң  ақылдылар",  "Қорқамын  адамдардан  алақұйын"  т.б.  өлеңдерімен  бірге  1916  жылғы 
Торғайдағы  ұлт-азаттық  көтеріліс  туралы  жазған  "Әбдіғапар  хан",  "Дауылда  ұшқан  жас 
қыран"  поэмалары,  "Өмірбаян"  автобиографиялық  поэмасы,  өзінің  айдаудағы  өмірі  туралы 
"Ұзақ жол" поэмасы, "Тоқымбет – Гүләйім" ғашықтық дастаны, 1921-22 жылғы аштықтағы 
халықтың  жағдайы  туралы  "Тасмешін"  поэмасы,  "Адамзат  шежіресі"  атты  шежіре-дастаны 
бар. 
            Ақын  шығармаларының  жариялануына  келсек,  ақынның  "Тоқымбет  –  Гүләйім"  атты 
кітапшасы  Аманкелді  ауданында,  "Ай,  заман-ай,  заман-ай!"  атты  кітапшасы  Арқалық 
қаласында  басылып  шықты.  Ал  республикалық  деңгейде  1992  жылы  "Жалын"  баспасынан 
жарық  көрген  "Қапаста  жазылған  хаттар"  атты  жинақта,  әр  жылдары  "Егемен  Қазақстан", 
"Халық  кеңесі",  "Қазақ  әдебиеті",  "Қазақстан  мұғалімі"  газеттерінде,  "Жұлдыз",  "Парасат" 
журналдарында шығармалары жарияланды [45].  
          Файзолла  Сатыбалдыұлы  араб,  тәжік,  өзбек,  татар,  башқұрт,  орыс  тілдерін  жетік 
білген.  Шығыс  және  орыс  әдебиетімен  жақсы  таныс  болған.  Қазақ  ауыз  әдебиетінің 
үлгілерін,  шешендік  сөздерді,  өзінен  бұрынғы  және  өзімен  тұстас  ақындардың  ақыл-
өсиеттерін, нақыл сөздерін жинастырған фольклорист те еді [43, 6 б.]. 
          Төсінде талай тарихтың таңбасы сайрап жатқан Торғай жерінде, бүтіндей арқа өңірінде 
Файзолла  Сатыбалдыұлының  есімі  жақсы  таныс.  Өз  дәуірінің  озық  ойлысы,  замана 
құбылысына  көзқарасын  тайға  таңба  басқандай  етіп  білдіріп  отыратын  Файзекеңнің  жыр-
дастандары ел ішінде жатқа айтылады [46, 107 б.]. 
          
Ақылдылар, тілегім қарғай көрме
Алдамшының сөзіне ыңғай берме. 
Түйгенімді өмірден өлең қылдым, 
Айырарсың бір күні, жез бе, зер ме? 
 
Болса да көкірегім алтын көмбе, 
Мен де бір бағы жанбай кеткен пенде. 
Асығыс ғайбаттама не істеген деп, 
Боларсың қысым көрсең мендей сен де. 
 
Дүниеге ойлап тұрсаң адам қонақ, 
Болғанда біреу ұста, біреу олақ. 
Менің де өлеңдерім зармен жазған, 
Күндердің күндерінде болар сабақ, – 
 
деп  өсиет  қалдырған  алаш  тілекті,  абзал  жүректі  ақын  Файзолла  Сатыбалдыұлының 
шығармашылығы қазақ әдебиеті тарихының жарқын беттерінің біріне айналарына сеніміміз 
мол.         
 
 Халқыма 
 
Ей, қазағым, жан бауырым, туғаным. 
Сенің қамың бала жастан қуғаным. 
Сен бақытты, сен өркеніңді ел болсаң, 
Болмас еді менің дағы арманым. 
 
Ей қазағым, кештің тағдыр күрделі, 

 
167 
Сендей болсын-болса бір ұлт зерделі! 
Құрбандығың болар едім жолыңа, 
Ел болсаң сен-өз алдыңа іргелі! 
 
1920 жыл. 
 
Заман-ай 
(әні бар) 
 
Тастан салған ақ түрме керегесін, 
Қарай-қарай тоздырдым терезесін. 
Қызғылықты өмірдің кезеңінде
Көре алмадым шіркіннің мерекесін, заман-ай. 
 
Қайырмасы: 
 
Заман біздің өзгерді, 
Жаңаланып түр берді. 
Ойламаған жерлерден, 
Ауыр бейнет кез келді. 
 
Көңіл көтер, жабықпа, бозбалалар, 
Заман-айдың сарыны мұң менен зар. 
Қайғы кетіп, көңілден-бейнет қашсын, 
Көтеріңкі дауыспен осы әнге сал, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Қорек еттік қара нан күн көруге, 
Ермек болды қандала түн бөлуге. 
Бауыры суық қара жер жалпақ жатқан, 
Зар болдық қой сені де бір көруге, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Түс бозарып, қан кетті тас үй сорып, 
Қайғыртады жүректі бейнет қонып. 
Бейнет бітер, өмірге болса сабыр, 
Уақыт жетсе кетерміз ойнап-күліп, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Екі мезгіл күніне саналамыз, 
Малдай болып айдалып қамаламыз. 
Бір көруге зар болып жарық дүние, 
Тарылып тұр бұл күнде заманымыз, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Рахаттан жатырмыз күдер үзіп, 
Толқытады жүректі қайғы езіп. 
Ыстық жүрек айрылып бірге соққан, 

 
168 
Сүйген жарлар жүр екен қалай төзіп? Заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Көңілімнің жемісі сәбилер-ай, 
Сағынамын ынтығып жылай-жылай. 
Маңдайыңнан иіскейтін күн болар ма, 
Тас түйінін босатып шебер құдай, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Біз жатырмыз бейнеттен «бақыт» қонып, 
Бас байланып, жүрекке қайғы толып. 
Дәм жазғанда оралып қосылармыз, 
Кеткен жан жоқ мәңгілік тұтқын болып, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
Кіндік қаным төгілген туған жерім, 
Қоныстанған мекендеп тау мен белім. 
Айырып тұр тұз-нәсіп Сіз бен бізді, 
Қош аман бол, көргенше қайран елім, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Сарқыраған күмістей бұлақтарым, 
Сыбырласқан жағалай құрақтарым. 
Қош аман бол, көргенше қайта айналып, 
Сауық-сайран етіскен қарақтарым, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Қоныс етіп жайлаған сай мен сала, 
Жұпар исің аңқыған еркін дала. 
Саған айтпай сәлемді кімге айтайын, 
Көшіп-қонып шалқыған кең сахара, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Жаңалыққа бет бұрдық ескі қалып, 
Ынтық болып ой алла-ай, арып-талып. 
Орта жолдан кез болып бейнет құрғыр, 
Мұрындықтан ұстап тұр бұрып алып. 
 
Қайырмасы. 
 
Бейнет келіп ұстады нақ білектеп, 
Орын алды зарлатып қақ жүректен. 
Түсіп кетті шыбын жан көкпарыға, 
Рахым, шафғат болмаса құдіреттен, заман-ай. 
 
Қайырмасы: 
 

 
169 
Торығасың таң атса, күнің батпай, 
Күн өтуін тілейміз дамыл таппай. 
Асыққанмен тағдырдан аса алмайпыз, 
Бұйырған ырыздықтың дәмін татпай, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Басқа-бюейнет, көңілге-қайғы дарып, 
Пендеге-пенде болған біз бір ғарып. 
Ерте салған құлыптан кешке шейін, 
Отырасың сығалай көзің талып, заман-ай. 
 
Қайырмасы. 
 
Кім тыңдайды мұныңды зарлағанмен
Кім ермейді ағымға арланғанмен. 
Тағдыр ісі осылай болмақшы екен, 
Бұл қалай деп бас шайқап таңданғанмен, заман-ай. 
 
 
 
 
 
Ай, ағайын, ағайын... 
 
Ай, ағайын, ағайын, 
Жайыңды қалай ұғайын. 
Көңіліңді қалай жығайын, 
Бабыңды қалай табайын. 
Бәріңе қалай жағайын, 
Қарекетің жоқ тағайын. 
Бетіммен неге лағайын. 
Алды-артымды бағайын. 
 
Бірлікте тыныш жүрмейсің, 
Жақсыңа және ермейсің. 
Ғибрат сөзді термейсің, 
Жоққа қылыш сермейсің. 
Нұсқалы жолы көрмейсің, 
Еркіңмен тізгін бермейсің. 
Өзгені көзге ілмейсің, 
Өз мініңді білмейсің. 
 
Тазартпайсың ішіңді, 
Жақыннан алып өшіңді- 
Суытасың түсіңді, 
Жөн демейін ісіңді, 
Таразылап күшіңді, 
Түзейсің қашан көшіңді? 
Ой-пиғылың ұшынды, 
Жаным содан шошынды. 
Пиғылыңнан табарсың, 

 
170 
Жаманатқа қаларсың. 
Елге кұлкі боларсың, 
Оны кімге жабарсың, 
Түбі желден ығарсың, 
Көзіңнің жасын сығарсың. 
Бір күні гүлдей соларсың. 
Мініңді сонда ұғарсың. 
 
Бұқар жырау сыйынған менің пірім 
 
Бұхар жырау сыйынған менің пірім, 
Өлең жазсам кетеді көңіл кірім. 
Науқастанып жатып ем көпетн бері, 
Отырғаны сондықтан келмей түрім. 
 
 
Бұл тірлікте басымнан не кешпедім, 
Ақымақпен айтысып тіріспедім. 
Ар-ұятты ойына алмайтұғын. 
Белсендімен бел шешіп күреспедім. 
 
Күреспейін дегем жоқ келмеді әлім, 
Біздің көрген күніміз елге мәлім. 
Қайрап өттім тісімді құр ішімнен, 
Біле алмадым өзім де кімге обалым? 
 
Ақылдылар тілегім қарғай көрме, 
Алдамшының сөзіне ыңғай берме. 
Түйгенімді өмірден өлең қылдым, 
Айырарсың бір күні жез бе, зер ме? 
 
Өз Әлімше тірілкте тарттым өрге, 
Сырымды сөз ұғатын айттым ерге. 
Азамат, кейіп туған кемел ойлы, 
Есті болсаң жырымды талдан, терге. 
 
Болсада көкірегім-алтын көмбе, 
Менде бір бағы жанбай кеткен пенде. 
Асығыс ғайбаттама не істеген деп, 
Боларсың қысым көрсең мендей сен де!!! 
 
Дүниеге ойлап тұрсаң адам қонақ, 
Болғанда біреу-ұста, біреу-олақ. 
Менің де өлеңдерім зармен жазған, 
Күндердің бір күнінде болар сабақ. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет