Айбек қалиев



жүктеу 2.1 Mb.
Pdf просмотр
бет14/22
Дата28.12.2016
өлшемі2.1 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

   
 
ІІ тарау 
 
Жастарға, жаңа талап екіні ермек
Талабым болды менің тағы бермек. 
Беретін бұл ермегім менің мынау, 
Борышы, білімпаздық-сынап көрмек. 
Бұл күнде жолдастықтың жолы арзан, 
Бар шарты-шақырысып арақ бермек. 
Бермесең, мас болғанша, өкпелейді, 
Қонаққа көңілі жоқ деп тамақ бермек. 
Мас қылсаң тура өзіңді тепкілейді, 
Алғыс айту орнына азап бермек. 
Қонағың құрметтеген қас болады, 
Шақырып нендей мақсат шарап бермек. 

 
200 
Бір бастап ішкеннен соң қоюға жоқ, 
Кәдесі ішкіліктің құя бермек. 
Біріңнің аузынан бірі сүйіп, 
Қосылып екеу-екеу жырлап бермек. 
Арт жағы – айқай-ұйқай, ал төбелес, 
Алған соң, ақылын ішіп, әбден жерлеп. 
Қайталап, қайдағы мен жайдағыны, 
Шығарар іштегісін, жүрген шерлеп. 
Қиратып шәй әбзелі, кесе-аяғын, 
Шығады терезеге одан да өрлеп. 
Шулатып қатын-бала, кемпір-шалын, 
Кетеді көрместей боп досын жерлеп. 
Белгілі азғындықтың бұл белгісі, 
Шын білім, емес бұған еш жол бермек. 
Біреулер күліп тыңдар, біреу-жылап, 
Ұялып, өз-өзінен, маңдай терлеп. 
Кеудесін кей мырзаның кім біледі, 
Отыр ма, осы кезде ашу кернеп. 
Аз емес, осы арақтың олжасы да, 
Жамандап, жібермелік онша жерлеп. 
Олжасын, ортаңызға, мен салайын, 
Азамат, араққұмар, ал бір-бірлеп: 
 
Ішкіліктің олжасы 
 
Бірінші –ішкен соң бір пайдасы, бай қылады, 
Көңілді хошландырып жай қылады, 
Және де сөйлер сөзге сүрінбейтін, 
Ерліккке, билікке де сай қылады. 
Екінші – ерегеске екіленіп, 
Бетіне жан қарамастай қылады. 
Үшінші - өзін асқар тауға теңеп, 
Өзгені жырақана сай қылады. 
Төртінші –төбелеске төсін ашып, 
Таяқ жеп, басын-көзін қан қылады. 
Бесінші – бересіге белшесінен, 
Батырап, өмірде оңбастай қылады. 
Алтыншы - әлін алып әлсіретіп, 
Үйіңе әрең барғандай қылады. 
Жетінші – жетелесең, жөнге жүрмей, 
Орнына құсып-тышып, лай қылады. 
Сегізінші – сексендегі шал болса да, 
Ішкен соң жас бозбаладай қылады. 
Тоғызыншы – тоқсан келіп тұрса-дағы, 
Терлетіп тіпті, тоңбастай қылады. 
Оныншы – олжасының өнімі көп, 
Сан жетіп, санап болмастай қылады. 
Дос бола жүріп, алдап, арақ беріп, 
Орнынан досын тұрмастай қылады. 
Орындап ойына алған жамандығын, 
Артына бір қарамастай қылады. 

 
201 
Сондықтан ақылыңды ішпе десең, 
Азамат, араққұмар шам қылады. 
Отырып ат басында өлмелі шал, 
Осының бәрін көріп қайғырады. 
Дегенмен ол дауасыз дерт болған соң, 
Қайғырып шал бишара не қылады? 
 
   
 
ІІІ тарау 
 
Жайылды арақ ауыл арасында
Қазақтың ішпейтін аз баласында. 
Маскүнем, бірлі-жарлы пьяншікті, 
Көруші-ек бұрын орыс қаласында, 
Бұл күнде, ішіп-құсып есіргенді, 
Көресің әр ауылдың қорасында. 
Жатқаны от басында ойран салып, 
Шулатып, қатыны мен баласын да. 
Бара алмай маскүнемнің маңайына, 
Көз көріп, қайран қалып тұрасың да. 
Алған соң ақылын ішіп, ақымақ болып, 
Сыйламас атасы мен анасын да. 
Қалаға қай жердегі қазақ барса, 
Сылдырап шыны жүред шанасында. 
Жатқаны жанжалдасып, жағаласып, 
Көшеде, пивнойдың даласында. 
Жанына жаның ашып, жақын барсаң, 
Бәлеге құтылмастай қаласың да. 
Кетуге және тастап, жаның қимай, 
Шанаңа салып басып, аласың да. 
Алысып, арпалысып, түсе қашып, 
Жол үсті, кең сахара даласында. 
У жеген, қара басып, қасқырдай ғып
Сұлатып, үйіңе әкеп саласың да. 
Азамат ұйықтап тұрып, есін жиып, 
Базардан алып келген базарлық деп. 
Сыйлайды үйдегі ата-анасына, 
Ұнатпай кемпір мен шал отырса да. 
Айта алмас, “әрі кет”- деп баласына, 
“Қоймаған ескі салтын, діншіл” деген, 
қорқады қалам ба деп жаласына. 
Кейбір шал ар-ұяттан әбден безген, 
Жастардың кіріп кеткен арасына. 
“Алалық, ал ақсақал, көтер!” десе, 
Демейді:  “Обалыма қаласың ба?”. 
Балалрға өзі бастап бергеннен соң, 
Сілтейді сиғанынша қанасына. 
Алған соң ақылын ішіп ақсақалың, 
Не қылсын ар-ұятын, санасын да. 
“Кел, қатын, төсек салшы”,- деген бір шал, 
Бойжеткен, өзінің қыз баласына. 
Соны айтқан келініне және бір шал, 
Сірәдә, көз көрмесе, нанасың ба? 

 
202 
Аз емес, әзіл айтқан азамат та, 
Өзінің “әйелім”- деп анасына. 
Осының бәрі арақтың әрекеті, 
Кел, қарттар, құмарлықты қоясың ба? 
Әлеумет, менің ат-тон айыбым бар, 
Осының болса өтірік арасында. 
 
1938 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
НҰРХАН АХМЕТБЕКОВ  
(1903-1964) 
 
       Торғай  ақындарының  ішінде  шығармаларының  жарық  көруі  жағынан  да,  зерттелуі 
жағынан  да  басқаларына  қарағанда  "айы  оңынан  туған"  ақын  –  Нұрхан  Ахметбеков.  Оның 
жырлары  кезінде  одақтық  көлемде  тарайтын  басылымдарда  да  жарияланған.  1958  жылы 
желтоқсан  айында  Мәскеуде  өткен  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  онкүндігіне  қатысқан 
республика  мәдениет  қайраткерлерінің  арасында  ерекше  көзге  түскен  Нұрханның 
"Бастаушымыз  партия"  өлеңі  Павел  Дружининнің  аударуымен  "Известия"  газетінің  1958 
жылғы 12 желтоқсанындағы санында жарияланды. Осы жылдың 14 желтоқсан күнгі санында 
Кеңестер Одағының бас газеті "Правда": "Мәскеу жұртшылығы Қазақстанның халық ақыны 
Н.  Ахметбековті  жылы  қабылдады,"  –  деп  жазды.  Ал,  "Литературная  газета"  18 
желтоқсанындағ  санында  Нұрханның  қазақы  бешпент  пен  дөңгелек  бөрік  киіп,  домбыра 

 
203 
тартып, жыр толғап тұрған шабытты шағында түскен суретін басып, суреттің тұсына былай 
деп  түсініктеме  берген:  "Қазақстанда  ақын  Нұрхан  Ахметбековтің  әнін  естімеген, 
дастандарын оқымаған адам жоқ шығар..."  
       Шығармаларының  зерттелуі  жағынан  да  Нұрхан  ақынның  "жұлдызы  жанды".  "Қазақ 
әдебиетінің  тарихы"  атты  еңбектің  І  томының                                                2-кітабында  қазақ  халық 
поэзиясы алыптары Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақовтармен қатар Нұрхан 
өмірі  мен  шығармашылығына  жеке  тарау  арналған.  Осы  еңбектің  "Қазақ  совет  фольклоры 
туралы  ғылымның  даму  тарихы",  "Қазақ  совет  фольклорының  даму  жолдары",  "Фольклор 
және  әдебиет",  "Ақын,  жырау,  жыршылар",  "Жанрлар"  бөлімінің  "Айтыс",  "Халықтық 
дастандар",  "Ақындық  толғаулар"  атты  тарауларында  Нұрханның    кеңес  дәуірінде  қазақ 
халық поэзиясын дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, оның шығармашылығы туралы 
құнды пікірлер айтылған [70, 93 б.].  
      Ақынның  шығармашылығынан  Сапабек  Әсіпов  кандидаттық  диссертация  қорғап, 
"Топжарған"  атты  монография  жазды.  Ардақ  Абдуллина  "Нұрхан  Ахметбековтің  әдеби 
мұрасы" атты зерттеу еңбегін арнады. Бұлардан басқа да толып жатқан зерттеу мақалалары 
мен очерктер мерзімді жазылып, баспасөз беттерінде жарияланды. 
"Қазақ әдебиетінің тарихы" атты еңбектің ІІ томының 2- кітабындағы "1916 жыл туралы 
поэзия" атты бөлімде 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісті тақырып еткен халықтық поэзияда 
Нұрхан  шығармашылығы  көрнекті  орын  алатындығы  айтылады.  Ақынның  "Амангелді 
дастаны"  поэмасы  осы  тақырып  төңірегінде  туған  шығармалардың  ішіндегі  ең  тәуірі  деп 
бағаланады.  Ақын  осы  поэмасы  арқылы  халық  ауыз  әдебиетінің  жақсы  дәстүрлерін 
творчестволықпен дамыта отырып, жазба әдебиетке тән кейбір сипаттарды игере білгендігін 
танытты [70, 95 б.]. 
Нұрхан Ахметбеков 1936 жылы  "Үрпек соғысы" дастанын жазады.  Бұл дастанда Ұлт-
азаттық қозғалыс, оның көсемі Амангелді жырланады. Арада шамалы уақыт өткенде "Июнь 
жарлығы"  дастаны  дүниеге  келеді.  Кейіннен  екі  дастанның  басын  қосып  автор  "Амангелді 
дастаны" атты көлемді поэмаға айналдырған. Поэманың бірінші кітабы 1951 жылы басылып 
шықты. Редакторы – Қасым Аманжолов. Екінші кітабы 1962 жылы "Амангелді" деген атпен 
жарияланды. 
Бұл дастанның алғашқы бөлімі сюжеті жағынан Омар Шипиннің дастанымен желілес. 
Мұнда да дастан Амангелдінің Таутабай байдың жалшысы болған бала кезіндегі жайттар  – 
кедейлік,  жалшылық  өмірі,  байдан  көрген  қорлықтары,  қорлыққа  шыдамаған  байдың 
жалшылары Амантай (Амангелді), Қанатбай, Әлжан, Қияқбай, Бекеттердің Таутабайдан кек 
қайыруы  секілді  оқиғалардан  бастау  алады.  Амангелді  қасына  қырық  жігіт  ертіп 
Таутабайдың  ауылын  шабады.  Осыдан  кейін  Таутабай  әртүрлі  жала  жауып  Амангелдіні 
ұстатып, түрмеге жаптырады. Оқиға одан әрі Амангелдінің түрмеде орыс досы  Токаревпен 
кездесуі,  оларды  Сібірге  айдалып  бара  жатқанда  Нарымбет  жігіттерінің  босатып  алуы, 
Амангелдінің  достары  –  Әкімбек,  Омар,  Бекеттердің  істі  болып,  сотталуы,  оларды  құтқару 
үшін  Амангелдінің  Петерборға  баруы,  онда  Таранмен  кездесіп,  Ресейде  болғалы  жатқан 
төңкерістен хабардар болуы сияқты сюжеттермен өрбіп отырады. 
 Дастанның  келесі  бөлімінде  патша  жарлығының  шығуы,  елдің  наразылығы, 
Амангелдінің  қол  жинап,  оларды  әскери  тәртіпке  үйретіп,  жүзбасы,  мыңбасыларды 
жасақтауы туралы айтылады. Амангелді сарбаздарының көтеріліске шығып Торғай қаласын 
басып  алуымен  бірінші  бөлім  аяқталады.  Дастанда  батырдың  азаттық  жолындағы  сенімді 
серіктері  Қияқбай,  Нарымбет,  Қанатбай,  Әкімбек,  Алдаш  сынды  ерлердің  ерлік  істері  де 
оқиға барысында шебер суреттеліп отырады.  
Поэманы  осы  тақырыпта  жазылған  Омар  Шипин,  Сәт  Есенбаев  дастандарынан 
ерекшелейтін  эпизодтар  –  Амангелдінің  Әліби  Жангелдинмен  кездесуі,  Амангелді  мен 
Балымның  арасындағы  махаббат  хикаялары,  Амангелді,  Әбдіғапар,  Қанапиялардың 
Орынбордағы  Алаш  съездіне  қатынасуы,  онда  Әлихан  Бөкейхановтың  басшылыққа 
сайлануы  сияқты  сюжеттер.  Дастан  Торғайдағы  Уақытша  өкіметті  құлату  үшін  болған 
ұрыста Амангелдінің мерт болуымен аяқталады.  

 
204 
Поэмада  Әбдіғапар,  Кейкілердің  бейнесі  солғын  көрсетіледі.  Дей  тұрсақ  та, 
оқиғаларының  шебер  өрілуімен,  тілі  мен  көркемдігі  жағынан  Нұрхан  Ахметбековтің  бұл 
поэмасы осы тақырыптағы көп шығармалардан оқ бойы озық тұрған туынды. 
Нұрхан  соңғы  поэмасында  күшті  ақындық  талантымен  Амангелді  образын  түйіндеп 
беруге  батыл  қадам  жасаған.  Нұрхан  жазба  ақындарға  тән  сипатпен  дастанды  Амангелді 
бейнесін  уақиғаны  дамытып  айту  жағынан  да,  ішкі  сезімді,  сыртқы  өмір,  табиғат  көрінісін 
суреттеу жағынан да шебер жырлаған [1, 263 б.]. 
Қалайда  "Амангелді  дастаны"  халықтық  поэзияның  асқақ  артықшылықтарын  кеңінен 
пайдала  отырып,  көркем  жазылған  желілі  арнасы  бар,  бейнелері  шебер  сомдалған  туынды 
[72, 43 б.]. 
ӨЛЕҢДЕР 
ТОРҒАЙДАН СӘЛЕМ 
 
Алқалы топқа келгенде 
Ақын әр кез толғайды, 
Топтан озған өрендер 
Кұттықтап сізді жырлайды. 
Алдарыңа келгенде 
Айтпасам бір сөз болмайды, 
Махаббатты бір қиял 
Көкірегімді қорғайды. 
Бүрлеуі жоқ сары алтын 
Сапырып судай шашсаң да 
Бағасы кетіп тозбайды. 
Әділетті заманда 
Ай төбеден орнайды. 
Бақыт деген бір менмен 
Еңбексізге еңкейіп 
Сірә де мойын бұрмайды. 
Құрметі үшін халқымның 
Мадақтайын азырақ 
Сонау бір жатқан Торғайды, 
Торғайда жатқан туғандар, 
Сіздерге сәлем жолдайды. 
 
Торғайдың тұнық балынан 
Талайлар сусын қандырған, 
Алтынды сұлу беліне 
Әркімдер атын шалдырған. 
Бұл заманның шағында, 
Сандуғаш сайрап бағында 
Бақыттың шамын жандырған, 
Көркін айтсам мадақтап 
Көргендей жұртты таң қылған, 
Алпыс сала сағалап 
Жағалай мекен салдырған. 
Жарында жалбыз аңқыған, 
Суында балдай балдырған. 
 
Қошалақ пенен Тосынның 

 
205 
Қоңыр бұйрат кұмы бар, 
Жапырағынан бал тамған 
Мұнар тартқан нұры бар, 
Көдесі мақпал түгіндей, 
Көсіліп жатқан белі бар, 
Бел астында кені бар 
Шортаны атан түйедей, 
Ақ балығы биедей, 
Айдында шалқар көлі бар. 
Еңсесін созған аспанға 
Арқасын күнге төсеген 
Ақиректің шыңы бар. 
Теріс аққан Тегене 
Құзды айналып бұрылар 
Қарақұмның бойында 
Айрықша суы, желі бар. 
Күздікүні болғанда 
Отарлап малым жайылар. 
Қаңтарда көлге қаз қонып, 
Отынсыз бетің жылынар, 
Аққұм менен Жыланшық 
Жер шұрайы соны бар, 
Күнде көшіп күздікке 
Қонған сайын тынығар. 
Таңы қулап тайлақтың 
Мойны түлеп бойдақтың, 
Арқандаулы арданың 
Құндыздай түгі құбылар, 
Албарбөгет бөгеті 
Асқар таудың орындай, 
Қазыбай мен Шәкіртам 
Арыстанбайдың желіндей. 
Адам айтса нанғысыз, 
Табиғаттың тегіндей, 
Ат шаптырым бөгетті, 
Азамат соққан өрінбей. 
Көк долы жойқын асау су 
Қайтсін мұнан шегінбей? 
Алас ұрған тасқын сел, 
Айналып келіп бас иді, 
Ұялшақ бір жас келіндей 
 
Тегін суды жетектеп, 
Суарды сансыз егісті, 
Қыс қыстаулық, жаз жайлау 
Кеңейтіп кетті өрісті. 
Бестамақтың бойында, 
Белден бал төгіп шықтаған, 
Ондағы біткен өрім тал 
Оралға да шықпаған. 
Майғарау менен Шұбалаң 
Нуында малым ықтаған, 

 
206 
Сужарғаның қамысын 
Сүйкеніп сиыр жықпаған, 
 
Қоңыраулы менен Сарықопа 
Сарқырай өзен аққан жер. 
Қызбелдің сұлу белінен 
Дәннен моншақ таққан жер, 
Текенің бойын бөгдерлеп, 
Үйірлі құлан жортқан жер. 
Адамға жаннат, малға жай 
Іздегенін тапқан жер. 
 
Өлкейек пенен Қабырға 
Өндірістің анасы, 
Малға толды ыңырсып, 
Бестаудың мамық даласы 
Сарқырап аққан салаға, 
Төсінде бұлақ мамасы. 
Мекендеген колхоздың 
Қырықтан артық шамасы. 
 
Мал суарды колхозым 
Қаянды менен Милыдан. 
Облыста колхоз озбайды, 
Аманкелді, Шиліден. 
Шұбалаң мен Тамқамыс, 
Өткізді бастан сан жарыс 
Түйемойнақ, Тосыннан, 
Шығарды жұртқа зор дабыс, 
Атағы шыкқан «Шөмішкөл», 
Айналы суы жеміс көл, 
Кешегі соғыс кезінде 
Атанып еді жеңіс көл. 
 
Біраз ғана әлеумет 
Мадақтадым жерлерді, 
Жер иесі елдерді, 
Ел бастаған ерлерді, 
Көк алалы көп жылқы 
Күмпілдетіп көлдерді, 
Ақтылы қой алқапта, 
Қайырусыз желге өрді, 
Ен даласы егістің 
Кемімейтін кен болды, 
Москваға жазған хат, 
Жанға медеу дем берді. 
Бір топ қолдың жұмысын, 
Бір-бір кісі меңгерді, 
Сәлем айтып сіздерге 
Уағдасына қол берді. 
Социалды жарыста, 
Жетуге үлкен табысқа, 

 
207 
Сәлем айтып жалынды 
Шақырады сендерді. 
 
 
АБАЙ 
 
Терең сөздің ұстасы, тілдің кені, 
Ақылымен кең шолған дүниені. 
Ақындардың ақыны - асқақ Абай. 
Бұл қазақта болған жоқ оның теңі. 
 
Ақын мініп кең ойдың кемесіне. 
Жырды ескек қып толқынның дөңесіне, 
Шығарам деп шындыққа сүйреді елін, 
Өмірдің бір шұғылалы белесіне. 
 
Оның сөзі жүректің кілтін шешпек, 
Алғандай-ақ күміс пен алтынды екшеп. 
Абай құлаш сермеді асқар шыңға, 
Ұлағатты орыстың салтын көксеп. 
 
Аңсады әділдікті арман етті. 
Зар илеп залымдықты қарғап өтті. 
Сермеді асыл сөздің ақ семсерін, 
Жібермей тайталаста жауға кекті. 
 
Көкседі ердің ғылым меңгергенін, 
Біліммен елдің жұртпен тең келгенін. 
Зорлық пен зомбылыққа балта шауып, 
Түйреді санасыздың сенделгенін. 
 
Ол айтты: шаттық тұрмыс - еңбекте деп, 
Жаңбырмен жер, еңбекпен ер көгермек. 
Емірене ел үшін еңбек етсең, 
Ердің бақыт еншісі ерте келмек. 
 
Күңіренді айтып мұңын армандының, 
Тың сөзді тыңдата алмай талғандығын. 
Қолында ұрлықшы мен зорлықшының 
Қамалып қараңғы елдің қалғандығын. 
 
Рас, ақын Абайдың өзі өлгені. 
Өткенмен оның заман кезеңдері, 
Ол көксеген арманға елі жетіп, 
Жаршылық жан сүйсінер сөзі өлмеді. 
 
 
ҚЫС ҚЫРАНДАРЫ 
 
Қыс келді қысамын деп ызғарымен, 
Халықты састырам деп мұз-қарымен. 

 
208 
Ұлиды ұқыптыға ой түсіре, 
Келдім деп шаруаңды бұзғалы мен. 
 
Сау кетпей сұр бұлттың түшкірігі, 
Үрледі оттай шарпып үскірігі. 
Көз көрген көп жылдардан биыл қыстың 
Байқалды райының күштілігі. 
 
Қақырды қар жапалақ баспалатып, 
Түсірмей түкірігін аспанға атып. 
Арсылдап алақаншық соқты боран, 
Бурадай бұр-сарқ етіп шегін тартып. 
 
«Ақ байтал» кесе тұрып жапты күртік, 
Асығыс жүре алмайсың атпен жортып. 
Ақ шатыр асуларға отау тігіп, 
Беткейдің бетегесін кетті желпіп. 
 
Бұталар бурыл сақал шалдай болып, 
Шалғыны шәлі ораған салдай болып, 
Жүгірген қар бетімен қарсақ, күзен 
Көрінді көз ұшында нардай болып. 
 
Сілкінтіп мал сауырын кептірмеске, 
Қасарын қара орынға шөктірмеске, 
Жел айдап, желкесінен суық өтіп
Тепсінді жерден шөпті тептірмеске. 
 
Шаңғытып шаң борайды Жайық жақтан, 
Қауыста қар тұсамас болды қақпан. 
Қаңтарды қайрап салып қатулана, 
Алқынып аузын аша жетті ақпан... 
 
Қыс келді аламын деп малдан үлес, 
Болсайшы мылқау қыста тіпті бір ес. 
Колхоздың қаһарманды батырлары 
Қыспенен тапжылмастан ашты күрес. 
 
Фатхолла жылқы салды Майқұмаққа, 
Өлкенің күнгей беті шығыс жақта. 
Жаз мінген жайлауіштің жалы берік, 
Бестаудың айналасы берік тақта. 
 
Кетпендей қарға сілтеп тұяқтарды, 
Аударып ақ селеу мен қияқтарды, 
Күніне көрінім жерді жайғастырып, 
Баспайды соныға өрлеп ескі шарды. 
 
Өзімдей үздік туған ерлерім деп, 
Мақтаушы ем Жылкелді мен Жұмаштарды 
Олар да баққан малын аман сақтап, 
Бәкеңнің өсиеті расталды. 

 
209 
 
Жексембай, Едірес, Әбжан, Хамза қарттар, 
Оларда тәжірибелі талай салт бар. 
Орнаған ой түбіне о басынан, 
Көсемге шын жүректен жазған хаттар. 
 
Ертемен өргізеді айдап желге, 
Қаптатып қарақұрлық қаулы жерге. 
Тосынның төрт бұрышын керте түріп, 
Жеткен жоқ Ақөзек пен Саркемерге. 
 
Сөткеде сүт пісірім дамылдайды, 
Қопсауға қойды бөліп шағындайды. 
Лақ ойнап, тоқты қашып, қошқар жанып, 
Қойлары семіздіктен мамырлайды. 
 
Жел жусан, жекен, құрақ, шағырлы еркек, 
Сар тақта, Шилікемер бөлшек-бөлшек. 
Аттанып тал, құрақпен қарды сызып
Күніне жиған шөптей жегізді өлшеп. 
 
Шұрыққа дүлейленген салады ойнақ, 
Ойтанда ығы-жығы құрттай қайнап, 
Боранда буы шығып жатыр теуіп, 
Былқылдап арқалары бырт-бырт шайнап. 
 
Тер шығар шамырқанса шабандоздан, 
Жүйріктей жалғыз қара мыңнан озған. 
Қашаннан топтан торай бермей жүрген 
Шықты өнер ылғи саңлақ тарлан боздан. 
 
Жүрсе де өз алдына малын бағып, 
Жатыр деп жаны төзбей босқа нағып, 
Қамқорлық халық ішіне үлгі шашып, 
Жарысқа шақырады дабыл қағып. 
 
Дейді олар: жел мықты емес жанған оттан, 
Болмайды боран өткір жауған оқтан. 
Қан төккіш қара жүрек фашист емес, 
Қыс мейман бұрын-соңды келе жатқан. 
Бет бермей бес жыл ұдай соққан боран, 
Салған жоқ ұлы өмірге ол да тоқтам. 
 
Мұндай қыс көп көргенбіз бала жастан, 
Жалғыз-ақ жалқауға жау қара басқан. 
 
Жатқанға жарты тілім нан бұйырмас, 
Ауқымға алар үлес араласқан. 
Баяғы патша билеп тұрған кезде 
Жалпақ жұрт жаппай жұртқа душарласқан. 
 
Ол заман қойды бізден жырақ қалып, 

 
210 
Көрген көз, көп естіген құлаққа анық. 
Жерге ие, табиғатқа қожа болып, 
Жайлады ел колхоздаса тұрақтанып. 
 
Ізденсең бақыт қолда ырыс пенен, 
Жаны қас жармойынның жұмыспенен. 
Безіңдер бейқұттардан бетін ашып
Жұмылып жұртшылыққа кіріспенен. 
 
Жалқаулар жатып жұртқа шалдықтырар, 
Қорқақтар қостан шықпай, малды ықтырар. 
Арықты алты ай баққан бір күн соғар 
Қас-дұшпан қысылшаңда аңдып тұрар. 
 
Отарға қой мен жылқы қосын тартқан, 
Қарақұм, Торғай бойын алып жатқан,  
Жарысқа ар-намыспен, ал, түсейік, 
Кім озып, жетер екен қуып арттан. 
 
Жылқының жонын ашып, жалын құртпа, 
Түйенің қоңын ашып, қомын жықпа. 
Қой, сиыр жоспарынан он есе ассын, 
Озып шық берекелі бес жылдықта. 
 
Ерлерім осылайша берді нұсқа, 
Дабылы кетті Батыс, Күншығысқа. 
Соңынан ере шапты талай батыр, 
Бермеске жетім қозы мылқау қысқа. 
 
Мырзекең Тоқанай мен Қайралапта, 
Үштоғай қойын жайып кең алапқа, 
Алты қыс асырайтын шөбім дайын,  
Бере алмай жалғыз түсік қыс қараққа. 
 
Болжекең аттан түспес ұзақ күнде, 
Он бір жыл қойшы болып жайған үлгі.  
Қаңтардың қаһарына қарсы тұрды, 
Сауыс боп сақалына қатқан сүңгі. 
 
Қалекең жатыр қыста Қарақұмда, 
Малы бар екі жүз мың қарауылда.  
Жылқысы Жылой менен Көкайдарда
Қойының бір мұздақ жоқ балағында. 
 
Қалған соң Қарақұмдай қонысында, 
Қырық өзек қойын жайды қобысына. 
Үдеріп он күн сайын бір көшеді 
Шүйгітіп малды жердің сонысына. 
 
Жүсекең баққан малын жұтқа бермес,  
Қыстекең қыдыр дерсің құртқа бермес. 
Арықты алты ай мінсе, семіртеді, 

 
211 
Бұлардың алдарынан бір мал өлмес. 
 
Мейрамның күркірейді буралары, 
Ақ жампоз, қызыл киік бұйралары. 
Желіндеп інгендері ыңырсып тұр, 
Желкілдеп жер сызады шудалары. 
 
Ерлер көп айта берсем елге тіреу, 
Көңіл шат, ойында жоқ кіршік, іреу. 
Айтылған аз ғанасы мысал етіп, 
Секілді көрсетілген жүзден біреу. 
 
Колхоздың қадірменді өрендері, 
Ақынның ермек емес өлеңдері. 
Сақтасаң колхоз малын қамқорлықпен, 
Боласың елдің досы, ердің ері. 
 
Қайырдан келіп бір ой тәтті балдай, 
Шығарған ойдың сырын тіл мен таңдай. 
Жиһанды шұғыласымен қарық қылған, 
Замана осынау бір туған айдай. 
 
Жаннаттың сарайының бағындағы  
Саңқылдап сандуғаштай келдім сайрай. 
Төртінші Қазақстан съезіне  
Шашуға табысымды тарттым арнай. 
 
«Большевиктік жол». № 47. 6 март. 1949 жыл. 
Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева
2014 -> 1. 3 Мұстафа Шоқайдың қызметі мен мұрасындағы Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы мәселесі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет