Айбек қалиев



жүктеу 2.1 Mb.
Pdf просмотр
бет15/22
Дата28.12.2016
өлшемі2.1 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

 
 
ҚЫЗБЕЛДІҢ ҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕРІ
 
 
Қызбелге әркім аңсап жетем деген. 
Қызбелді кімдер жырлап көтермеген. 
Хан мен бек, бай, манаптар баса қонып 
Осы ара бізге лайық екен деген. 
Жалшы ауыл жатақ елді жарға қамап, 
Өріне орда тігіп мекендеген. 
Кедей мен қарашының қанын сорып, 
Осылай дәурен сүріп өтем деген. 
 
Арқасын Әлімбай мен Қаржас алған, 
Ағытай Балақарттан мекен салған. 
Бай бақшыл, күшті күншіл заманында 
Тарылды талайларға «дүние жалған». 
Ақ тақыр ат тұяғы дығыр қылып, 
Көз тұнды күн кезіне ұшқан шаңнан. 
Қара құс Қантауында жемтік шұқып, 
Құладан құлай ұшты биік саңнан. 
Бозторғай қонарына бұта таппай 

 
212 
Жапалақ жұмыртқасын күнде жарған. 
Шырылдап шалшық таппай қызғыш қашып, 
Қарлығаш ұя салды сусыз жардан. 
Қызғанып қызғалдағын Қызбел тауы 
Күрсініп көз тамбады бұлақтардан. 
Аунатып арқасынан тастаймын деп, 
Жендеттен жиіркеніп жер шайқалған. 
Ойнаған осы жерім баладайдан, 
Жыр беріп, ән үйреткен әлә-ләйдан. 
Жалшы ауыл жатақ елге қоныс болып. 
Мимылжып мөлдір бұлақ аққан сайдан. 
 
Қызбелдің барып қайтсаң шетін көріп, 
Жәннәттай жайлауына біткен көрік. 
Басында биік заңғар Шарабас тұр. 
Күн шалып Ұлы тауға бетін беріп. 
Бейне бір алтын айдар, күміс тарақ, 
Талдаған маңдайына кекіл өріп. 
Төсінде «Қыземшектің» қос шоқысы, 
Төңкерген алтын кесе секілденіп. 
Сарыбел сағым сүйген сұлу жота, 
Арудай аялдайды мың түрленіп. 
Маңқиған Мырзабектің қара тауы 
Сарылған сақшылықта кепілденіп. 
 
Қызбелді көруге көз ерінбеген. 
Колхозшы осы мекен жерім деген. 
Тұп-тұнық төскейінен қайнар шапшып 
Мамырлап мая нардай желіндеген, 
Қаңтардың қызылында айдап салсаң, 
Қырында қырық мың жылқы тебіндеген. 
Қырдағы қызыл бидай арасынан 
Қара үзе қашқан құлан көрінбеген. 
 
Қызбелдің қызыл гүлдей қыр арқасы, 
Арқаның ақ төсінде тұмаршасы. 
Арал мен Ақсуаттың колхозының 
Мекені мынау тұрған Діңнің
1
 басы. 
 
Дүкеннің төрт бұрышты текшесіндей,

Ұзыны керуеннің бес көшіндей. 
Айырып арқасына салған егін, 
Шатыраштың шар тігетін кестесіндей. 
 
Жылқы өсті қара ағаштай жонды қаптап, 
Асуға ақтылы қой жайды баптап. 
Аққайнар төс бұлаққа ауыл қонды 
Шатырдай қатар тіккен үйлер аппақ. 
 
Қызбелдің қызыл гүлі міне осылар. 
                                                 
 

 
213 
Жүз емес жылда мыңға мың қосылар. 
Мадақтап жер сипатын тауыса алман, 
Тағы да талай сұлу жыр қосылар. 
 
 
БАЛА ҚЫЗБЕЛ 
 
«Құлақтал» «Төңкеріс»
2
 пен бір қосылып, 
Той жиын орталықта бірге ашылып 
Сөйлеуге шаруашылық мүдделерін, 
Біреуі бірінен соң тұрды асығып. 
 
Маңдай қарт сақалдарын біраз тарап, 
Сөйледі күлімдене көпке қарап. 
- Ортаға механизм күші кепті, 
Бір өзін сексен атқа тұрған балап. 
 
Сегіз шал сергелдең боп елді бастап, 
Арқалап ала қаппен топырақ тастап, 
Ертеде екі өзенмен сан алысып, 
Тоздырдық түйтелентіп талай аспап. 
 
Баяғы атамыздың аталары, 
Кезінде жер сусырап қаталады. 
Тасқынға тоған салып тоқты сойған, 
Болмаған сірә қабыл баталары. 
 
Бала қарт басын қосып құла қақтан 
Шұбырып сансыз сала «Шұбар аттан» 
Қыдырып қыңыр тауды шыр айналып, 
Ылдиға ылай «Теке» құлай аққан. 
 
Сай басы қосылып ап сан бұлақтан 
Жартастан жарыс салып қарғи аққан. 
Тас қалап, талай тосқын салынса да, 
Сақпандай аспанға атып жар құлатқан. 
 
Ағады ол, жардан аспай ойға жылжып, 
Тартады обырлана құрдым қылғып. 
Үзіліп ұзын сала төрт аптада, 
Шүңейтте балықтары қалар мүлгіп. 
 
Таусылған тоқтата алмай жұрт айласы, 
Тимеді тіршілікке бір пайдасы, 
Атпа атып, кездей атыз суға салып, 
Қырық тостақ тары алушы ек қырман басы. 
 
Ертеден арман еткен ел осыны, 
Халыққа тимей судың себесіні. 
Текені-тегін су қып бөгеп алсақ, 
                                                 


 
214 
Қырық жылғы өтер еді ол бересіні. 
 
Көп өтті басымыздан мұндай қалып, 
Қалса егер сүбеліне бір байланып. 
Құрдымға жалғыз қасық су бермесек, 
Ақтеңіз жатар еді шыр айналып. 
 
Жайлаған біздің колхоз бұл Текені 
Толтырып көлге айнала «Әлдекені», 
Оралып «Үркімбайды» жатыр еді, 
Бұл ара қырық мың қойлық жер мекені. 
 
«Бес тамақ», Қазалы мен Бестарауға, 
Шалқар көл орнатылса Майқарауға. 
Құт орнап Құлақталдан егін салып, 
Басқадан сұрамас ек судан сауға. 
 
Текенің жайлау ашып саласынан, 
Қаратал қайың егіп жағасынан, 
Отарлап отыз мыңдай жылқы ішкенде 
Ортаймас алты ай жазға сабасынан. 
 
Ертеде ел ынтыға еткен арман, 
Кезі жоқ көп тілегі жерде қалған. 
ТАҢАТҚАН БАЛУАН 
 
Аңсаған атар таңды сан ғасырда,  
Қаптаған қайғы бұлты ел басында.  
Ат қойды ел Таңатқан деп туған ұлға,  
Ғасырдың жиырмасыншы жыл басында.  
 
Қойған ат үмітпенен Таңатқанға,  
Бақытты ұл болсын деп таң атқанда.  
Арқалап ақ бесікті аунайды екен,  
Анасын емшек сұрай оятқанда.  
 
Бес жаста ағаш атқа жіпті байлап,  
Он жаста бесті асауға мініп жайдақ.  
Талдырып кетеді екен талайларды,  
Таңатқан бармағымен шерткенде ойнап.  
 
Келгенде он алтыға оның жасы,  
Көрінді саңылақтанып ер тұлғасы.  
Түрініп ақ балтырын топқа түсіп,  
Атанды Арқа еліне «Палуан басы».  
 
Отты көз, ер көкірек, жар қабақты, 
Бүйрек бет, ер мұрынды, ұзын жақты. 
Қайратын Таңатқанның аңыз қылып, 
Әртүрлі мақтаулармен қойған атты. 
 

 
215 
Таңатқан - дейді халқы сүйікті адам, 
Талайлар күш сынасып иықтаған. 
Төрт кісі төсек салып жата қалса, 
Кең сиып, кеудесіне ұйықтаған. 
 
Жайлаулай жауырыны кең көкіректі. 
Ойнатқан ортекедей бұлшық етті. 
Топ көрсе екі иінінен демін алған, 
Жоталы жолбарыстай сом білекті. 
 
Ас пен той бола қалса әлде қандай, 
Ол тойдың қызығы жоқ Тәкең бармай. 
Майданда шарт жүгініп отырғанда 
Көрінер дулығалы шөккен нардай. 
 
Келгенде түйе палуан қойнын ашып, 
Бурадай буырқанып, көбік шашып, 
Теңселіп төсін керіп, қолын созып, 
Барады ол ұстасқалы маң-маң басып, 
 
Қаратқан қайратына барлық жанды, 
Бұлшық ет, бүлкілдетіп бура санды. 
Ақырып арыстандай «әуп» дегенде 
Көресің бұрқ-бұрқ етіп шыққан шаңды. 
 
Айқайға көтеріліп арқаланып, 
Қалма деп берік ұста қамтамалық. 
Қаңбақтай мұзға түскен домалатып,  
Төңкеріп тастаушы еді төстеп барып.  
 
Айтулы Ақанбайды аспанға атты, 
Сібір мен Сыр палуанын жығып қайтты. 
Оралдан іздеп келген өгіз палуан, 
Мертігіп бие сауым талып жатты. 
 
Айқындап алысқанды жығып үнем, 
Жан шықпай күресуге қалды мүлдем. 
Алған ол бас бәйгеге талай тойда 
Ат-шапан, қара нар мен қалы кілем. 
 
Атағы Таңатқанның ұшып жүрген. 
Аңыз ғып елден-елге түсіндірген. 
Өңгеріп атан өгіз ат үстінен 
Қозыдай қолтығына қысып жүрген. 
 
Дейді ел - Таңатқанның қолы қатты, 
Тоқтатты білекке орап жеккен атты, 
Атанды өркешінен бір сіліккенде 
Бақырып шөңкеріліп, жүре жатты. 
 
Қайтқан жоқ қайраты оның күні бүгін. 
Әлі де көрсетіп жүр палуандығын 

 
216 
Мейлің арт арқасына, мейлің тартқыз 
«Көтерген күндік жерге нардың жүгін». 
 
Жарты асам жайшылықта етке тойған, 
Сынауға алдына әкеп болсаң қойған 
Сорпаны ішіп, сүйегін таза мүжіп, 
Түк қоймай жеп кетеді құнан қойдан. 
 
Атағы Таңатқанның шетке кеткен. 
Өңірін Ұлытаудың дүбірлеткен. 
Күшіне қорғасындай мінезі сай. 
Табанды, тайынбайтын алған беттен. 
 
Колхозда қазір жұмыс атқарып жүр. 
Ер деген ұлы еңбекте атты алып жүр. 
Ел үшін жұмсаған күш-қайратына 
Барлық жұрт аңыз қылып мақтанып жүр. 
1947 жыл. 
 
Сәт пен Нұрхан 
 
Омар Шипиннің айтысты ашқаны: 
 
Бұл айтыс атамыздың ата салты, 
Айтысты әдет еткен қазақ халқы,  
Шортанбай, Шөже, Орынбай, Базар жырау 
Ақындық ел ішіне шыққан даңқы. 
 
Ақын қыз Дәме, Ырысты - Қызылқұмнан, 
Кеншімбай, екі Жүсіп шыққан Сырдан. 
Айтысқан Жарылқасын, Айымторы, 
Өлеңі Әсеттің де бұлтты ысырған. 
 
Тобылдан - Өскеменен туған Нұржан, 
Айтысқа Сапарғали белін буған. 
Жұмбақты Сапар айтып, Нұржан шешіп, 
Өлеңмен Наушабаев жауын ұрған. 
 
Сара мен Біржан салдың айтысқаны, 
Көрсеткен атпағанын әйел таңы. 
Ол кезде аяқ асты жүрген ақын, 
Жалғыздай үн, жаяудай шықпай шаңы. 
 
Халыққа қырық бір жыл таң атқалы, 
Ғасырдан артық минут сағаттары. 
Жапырып жан таласқан талай жауды, 
Жер жүзі Октябрьді мадақтады. 
 
Ақындар, айтысқаның, - амандасқан, 
Қарасып бір-біріңе хал сұрасқан. 
Ағаңның айтар осы беташары
Болмасын ешбір ақын сыннан қашқан! 

 
217 
 
Сәт: 
Көркем ән көкке өрлеп шалқығандай, 
Аймалап Айдың бетін шарпығандай. 
Самсаған сұлу әнді құлақ сүйіп, 
Естіген есі кетіп балқығандай. 
Көңілін тыңдаушының, құмартатын, 
Жүрекке барғанында тиіп балдай. 
Сөзіммен көп көзіне көрінейін, 
Жорғадай дөңгелеген аяқ шалмай. 
Ауданның Аманкелді ақынымын, 
Сан топта сайрайтұғын бұлбұл таңдай. 
 
Қиялым қияға өрлеп шалқып-тасып, 
Арнасын ақындықтың сөзбен ашып, 
Өткізіп ой електен өлеңімді, 
Қайраткер қаламыммен ақылдасып. 
Бұл күнде сөз базары көтеріңкі, 
Жүлде де жүйріктермен тақымдасып, 
Жасаған қырық жылдың жеңістерін, 
Аймаққа жырдан маржан шашу шашып. 
Облыс ақындары айтысына, 
Арнаулы келіп тұрмын қадам басып. 
 
Сайысып сынасуға бірі-бірін 
Тереңнен сөз асылын теретұғын. 
Шешендер ойы алымды, сөзі шырын, 
Домбыра қызықты етіп айтыс күнін. 
Ақыны Жанкелдиннің інім Нұрхан, 
Сөйлеші ауданыңның шаруашылығын. 
 
Нұрхан: 
Топ көрсем тоты құстай таранамын, 
Қырандай қиқу шықса қаранамын. 
Желдетіп жыр нөсерін төге салсам, 
Көлдетіп толтырамын жер алабын. 
Самсаған қиялыммен көкті шарлап, 
Басында бұлғыр шыңның дем аламын 
Сайраған сан бақшада мен бір тоты, 
Жайлаған гүл райхан, көк алаңын. 
 
Сәтеке, маған бір сөз арнап едін, 
Жарыста жаннан кейін қалмап едің. 
Ұлы шу, той-томада топтан озып, 
Желіспен жер таныған тарлан едің. 
 
Кешегі кер заманның, ақындары
Жағынып жауыздарды мақұлдады. 
Мадақтап маңғазсынған манаптарды, 
Сұранып сұр таңдайлар тақылдады. 
Бір есер бір сом ақша тастай берсе, 
Зар-жағы жалыққанша қақылдады. 

 
218 
Жамандап жарым теңге бермегенге, 
Қазбалап көп алдында тақымдады.  
 
Айтысып талай ақын ерегісті, 
Егесті жөндейміз деп жөн еместі. 
Ежіктеп елді екіге бөліп алып, 
Бергісіз айтыстары төбелеске. 
Ақыны біздің заман жүзі жарқын, 
Өзінің мадақтайды туған халқын. 
Сауыққой, салтанатты, көңіл ашар, 
Қостайды қазағымның сүйген салтын. 
 
Елімнің бұлттан асты бел өркеші, 
Секілді алтын қанат көк еркесі. 
Әлемге нұрын шаша соқты самал, 
Секілді жер жаннаты көлеңкесі. 
 
Өсті елім шұғла жайнап шырайланып, 
Жау шіркін, қалды білем бір ойланып. 
Жасанды жер серігі жұлдызша ағып, 
Шыққанда жердің шарын шыр айналып. 
 
Суайттар соғыс құмар судай тынды, 
Аузына өсекшінің құйды құмды. 
Жаһанға жаңа ғылым жарық еткенде, 
Селк етіп, зәресі ұшып көзін жұмды... 
 
Қарасам таңғажайып жастарыма, 
Ғылымның шыққан биік асқарына, 
Талпынып таң нұрына қанат сермеп, 
Жетті еркін ғұламаның аспанына. 
 
Нұр жанған ауылымның түні күндей 
Қарайды түндігімнен Күн күлімдей. 
Тұтқасы алты әлемнің Совет елі, 
Айналған жер шарының кіндігіндей. 
 
Жиналды облысымның ақындары, 
Сыр ашып сынасуды мақұлдады. 
Торғайдың топтан озған жорғасымын, 
Жанкелдин Әлібидің атындағы. 
 
Ауданым Алатаудың алқабындай, 
Көлдердің аумағы мол шалқарындай, 
Келеміз табиғатты бағындырып, 
Өмірде қонған бағым шайқалынбай. 
 
Алатау Талғарының тұлғасындай, 
Ауданым облысымның құбыласындай, 
Бәрінен дулығасы асқақ тұрған 
Үдетіп екпініміз бір басылмай. 
Қар суы - қатық болып құт орнаған

 
219 
Ырыстың, алтын қазық шынғасындай. 
 
Бұл өзі қилы заман көрген Торғай, 
Жайратып жау жазасын берген Торғай. 
Өткізіп бір басынан талай тартыс, 
Қария жүз он беске келген Торғай. 
 
Болды оның нелер жүйрік шешендері, 
Тербелген тал-қайыңдай көшемдегі. 
Торғайдың күнгейіне көлеңдетіп, 
Ту тіккен революция жаса ерлері! 
 
Ақыным, біздің жаққа қарасаңыз, 
Сөйлеп бақ, теңдесуге жарасаңыз. 
Табысым таудан биік болса-дағы, 
Таспаймыз, кішіпейіл - аласамыз. 
 
Мәдениет сән-салтанат сауық құрған, 
Біздің көп танғажайып тамашамыз. 
Келсе де Қазақстан қай түкпірі, 
Тайқымай табан тіреп таласамыз. 
 
Көрдіңіз ел аралап талайларды, 
Тағы да сіз көрмеген талай қалды. 
Нақыштап, әшекейлеп зәулім биік, 
Салдырдым сауық үйі сарайларды. 
 
Жайнаттық гүлдендіріп көк алаңды, 
Айнала колхоз елі қалаланды. 
Радио үй басына саңқылдайды, 
Жеп-жеңіл жер бетінен хабар алды. 
 
Көріп пе ең «Партсъездің» зор қаласын, 
Көркіне көзің тоймай таң қаласын, 
Жалықпай «Жаңа тұрмыс», Шұбалаңға, 
Жеті күн тамашалап айналасың. 
 
Біреуі Жанкелдиннің жаңа ауылы, 
Толтырған байлықпенен ел қанбасын. 
Атақты алтын кентті Албарбөгет, 
Дер едім көрмей жүрсің, құр қаласың 
 
Барып қайт, тілімді алсаң тағы аралап, 
Осыдан таңғажайып үлгі аласың. 
Ғажайып төрт түлікті мекен жайы. 
Салдырттым салтанатты мал қорасын 
 
Менде бар толықсыған тоғыз қала, 
Өтінем, тілімді алсаң, бір барарсың. 
Бар десем кей ісіңде кемшілігің
Несіне мойындамай арланасың? 
Салақсың, кем-кетікті санамайсың, 

 
220 
Радио колхозыңның көбінде жоқ. 
Жым-жылас құлаққа ұрған танадайсың. 
 
Бар екен колхозыңда қамыс қора, 
Халыққа аты мәлім таныс қора. 
Әйтеуір әлеуметтің көзін алдап, 
Салыпсың ауданыңда он үш қора. 
 
Таң қалдым сіздің елдің қорасына, 
Келмепті жаңа құрылыс жобасына. 
Жарбиып жар басында жантайып тұр, 
Ұқсайды Қожанасыр моласына. 
 
Жарылып бүйірінен дал-дал болған, 
Тәсілін таба алмапсың о басында. 
Кеткендей қасқыр талап қабырғасы, 
Жазылмас май жақса да жарасына. 
 
Сәт: 
Көп сурет беріп өзің ауданыңа, 
Биік шың, теңеп құздың аңғарына. 
Байлықты, берекені, көркемдікті, 
Алыпсың бәрін жиып албарыңа. 
 
Қала ма барлық аудан артта сонда. 
Кеткенде бәрі саған аударыла. 
Кетіпсің шығыңқырап шеңберінен 
Көлеңке келем беріп аумағыңа. 
 
Жалғыз-ақ өзің ғана араласып, 
Қырық жыл табыспенен толғанына, 
Тілде сөз, қаламда із көп деген рас, 
Сенің бұл айтқаныңнан аңғарыла. 
 
Мәдениет баспалдағын басып көшіп. 
Көрсеткіш артық үлес табыс қосып. 
Ғылымның салмақты көп саласына, 
Мәдениет баспалдағын басып көшіп. 
 
Ақыным, құлағың сал, қара маған, 
Түрлерін жұмысымның салалаған. 
Келісті көңілі зерек, қолы шебер
Меңгерді техниканы үш жүз адам. 
 
Ешкім жоқ сырттан келген осыларда, 
Өзімізден оқып шыққан кадр - маман 
Ойы алымды, өнерпаз жетік ұста, 
Тудырған осыларды жаңа заман. 
 
Қостамдағы Молдаштың қойыменен, 
Кіріп шық, жатқан шұқыр қазбасына, 
Сауысқандар тұғыр ғып күлісіп жүр, 

 
221 
Қотыр қойдың мініп ап таз басына, 
Сұлулап салдым дейсің сәнді сарай, 
Сөз бен шаруаң арасы алшақ қалай? 
 
Нұрхан: 
Ақын сейлер халыққа пайдалыны, 
Таппаса талғап-талғап ойдағыны. 
Сөйлессе әдеппенен бір ғанибет, 
Соқпаса қайдағы мен жайдағыны. 
 
Көріп пе ең «Аққұм», «Тосын», «Қарақұмды», 
Сыртында қоңыр бұйрат «Балақұмды». 
Жерінің жемісінен шық тамшылап, 
Май қылған кебісім мен балағымды. 
 
Көріп пе ең Сары тосын дүлейімді, 
Жаз көшіп, қыс қыстайтын тың ойымды. 
Ішіне тал, көк теректі, көк ырғайы, 
Бұтадан аттың басы бұрылмайды. 
Салбырап мәуелері тәжім етіп, 
Сыбдырлап жас арудай сыбырлайды. 
 
Гүл майса шырмауықты талға бөлеп, 
Қайтады қарашада қаз бен үйрек. 
Білгендей ел келерін ертең-бүгін, 
Батысқа аң жосиды тау жебелеп. 
Түскенше боқыраудың бозқұрауы, 
Тұрады мұнарланып алқара көк. 
 
Жаз жайлап Қарасайды, Майқараны, 
Ерте өргізіп, кеш қойын қайтарады. 
Болғанша күзгі мезгіл күзем айы, 
Теңелді ақауызға марқалары. 
Шел басып тұла бойын туырлықтай, 
Мамықтай ырғалады арқалары. 
Ерқаттың етке берген бағландары 
Кір тартып алты пұттан шалқалады. 
Ғажайып сиырымның сүті артты, 
Бұзауым құлан-өгіз гірін тартты. 
Түйедей ту сыртына қом арқалап, 
Шыға алмай өрге басып жүре жатты. 
Жылқым бар сәйгүлікті қазан аттан, 
Жығылмас шабуылда қазақ аттан. 
Тай қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз
Тең-теңдеп қара нарға сабаны артқан. 
 
Қарттарым жиналысып ертеменен, 
Шаттықта жүрегінде жел кернеген. 
Тегештей тай жүзгендей қымыз құйып, 
Алыңыз, алыңыздар, кел-кел деген. 
Әңгіме-думан қызып қызғылықты, 
Жатқаны ажуаласып тең-теңімен. 

 
222 
Түндігі ақбоз үйдің желпілдеген, 
Осындай салтанатың бар ма сірә? 
Озбасаң бүгін қалып, ертең менен. 
 
Сәт: 
Аралап барып қайттым Сіздің елге, 
Екеулеп зер салайық осы жерге. 
Үйінде Алпысбайдың алты бұзау, 
Бірге отыр адамымен бұ да жөн бе. 
Тұтасқан қотыр барлық денелері, 
Әлі жоқ алдындағы шөбін жеуге. 
Сыпыртып осы сөзді Қайырбегің 
Жұмсамай мал дәрігерін емде деуге. 
Қораның қидан қалап қабырғасын, 
Дедің де суық соғып дамылдасын. 
Ақ боран, үскірікте қора салып, 
Сақтайсың қалай аман малдың басын?! 
Қыс күндер қора салу, айғағы ғой 
Өрісі шаруашылықтың тарылғасын. 
Шырағым, ал мойныңа кемшілікті, 
Айтылған анық факт, сөз расын, 
Еске сап ескертемін достықпенен, 
Түзет деп кеміс-кетік шаруасын. 
Жөні жоқ жаурап өлген сегіз жүз бас, 
Бұл қойлар мойындайсың, шындық рас. 
Күзетпей түнде қойын жалқаулықпен, 
Қасқырдан көп шығынды көрді Молдаш. 
 
Нұрхан: 
Тұра ма сөз қуған соң бадаладай, 
Сыпайы сөйле, ақыным, қараламай. 
«Хан сыртынан жұдырық» соқпа, Сәке, 
Аймағын ауданымның араламай. 
 
Осы ма өтірікпен мықтағаның, 
Аға деп көңіліңді жықпағанмын. 
Жағалап өтірікке жамбастадың,  
Білмеп пе ең қортынды әлі шықпағанын. 
 
Бұл сөзің халыққа шын көрінген жоқ, 
Дәл бүгін еңбекке ақша бөлінген жоқ. 
Сен өзің жасадың ба бұл есепті, 
Отырсың сырттан соғып мақтаған боп. 
 
Сенің де қойларыңда күй қалмапты, 
Күй түгіл, бойда қуат, жәй қалмапты. 
Жылы су, жем жегізіп байқайды екен, 
Малға жай жанын күтіп үйге алмапты. 
 
Менің бір құмартатын аңсағаным, 
Соларды көрсем сүйіп, тамсанғамын.  
Колхоздың шаруасын басқаруда,  

 
223 
Менің бар жүз қаралы комсомолым. 
 
Мақтасам артық емес Қоныспайды, 
Ай сайын шүйгін жайып қоныстайды, 
Жұтқызып Қошалақтың құдық суын. 
Жас жігіт көріп пе едің Шортанбайды. 
 
Ол өзі тірі жаннан қорқа алмайды. 
Жарылып қошқарлары құйрығынан, 
Таяқтап қуаласаң жорта алмайды. 
Сарагүл оның сүйген келіншегі, 
 
Майысып сынғалы тұр шеміршегі 
Жарыста одан озған ешбіреу жоқ, 
Бордақтап баққан малын семіртеді. 
Қалаңда қыз-келіншек көп-ақ екен, 
Бозбала, жастың жалқау еріншегі. 
 
Бозбала Бұзауғали бұзау бақты, 
Әкесі алпыс сиыр бұзаулатты. 
Болған соң малы семіз көңілі жай, 
Өзіне бір жан жолдас қыз аулапты. 
Қалайша қызымды айтпай жай қалайын, 
Көргенде балаларымды аймалаймын. 
Кой бақты орта мектеп бітірген соң, 
Қарағым, Күнжамалым, айналайын. 
 
Оңай ма жеті жүз қой жас балаға, 
Ер жүрек туған бала жасқана ма? 
Бәрі де сыйлық алып қырық жылдықта, 
Атағы мәлім болған астанама. 
 
Қарасаң жас сәбидің қабағына, 
Күн сүйіп, ай қонғандай тамағына. 
Ойланып осы жылы кіргізіпті, 
Малшылық мамандықты сабағына. 
 
Ата мен мұғалімдер анасындай, 
Бәрі де мәпелейді баласындай. 
Ғылымның кең бұлағын ағытты олар, 
Сан өлке, тоқсан судың саласындай. 
 
Менің көп таңғажайып мектептерім, 
Көп әлі бізге қуып жетпекке елің. 
Сен-дағы жеңілместің қамын істеп, 
Бір талай омыраулап текпектедің. 
 
Сәтеке, нағыз заржақ шешен едің 
Мен сендей көшеге гүл төсемедім. 
Ескі үйде есігі тар әлі отырсың, 
Қалаңның қоқыс басқан көшелерін. 
 

 
224 
Қатты айтам, құлағың сал, естідің бе, 
Кірсейші бір шатырлы есікті үйге. 
Аралай клубыңды барып едім, 
Ишанның әлі отырсың мешітінде. 
 
Сөйлесе жиып-теріп сөз қала ма? 
Сен-дағы құрғақ даумен созбалама
Қойсайшы, егіз қозы секілді едік. 
Мен қойдым, сен де енді қазбалама. 
 
Сәт: 
Отырған Аманкелді ауданы елдің, 
Ерекше бір байлығы тағы жердің. 
Бәрі де дүнияға шығып жатыр, 
Тығылып жер астында жатқан кеннің. 
Пайдасы мемлекеттік қаншама көп, 
Бокситтен жасалатын алюминің. 
Қызылқозы және де Қызылталдың, 
Байлығын іздеп тапқан өзің көрдің. 
Алюминнен жасалған самолетпен, 
Қалаға екі сағат ұшып келдің. 
Завод үшін керекті көп материал, 
Күнде алып жатқаны инженердің. 
 
Нұрқаным, елу сегіз осы жылда, 
Табыспен тасқындаймыз өрлеп шыңға. 
Ынтаның, ынтымақтың салтыменен, 
Ерекше қой өсірмек болдым тыңға. 
Көбейтіп көлдің түрін, малдың санын, 
Береміз сонда саған тура сынға. 
Белгісі байлығымның осы емес пе, 
Жаңа жылда ие болдым Қызыл туға. 
Қызыл ту қызықтырып бар әлемді, 
Бөленді менің халқым асыл нұрға. 
 
Партия съезінің тапсырғанын, 
Орындау осы жылы түгел бәрін. 
Табыстың тасқындайтын кілтін бұрап, 
Жасаймыз қаһарман күш, жігер жалын. 
Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева
2014 -> 1. 3 Мұстафа Шоқайдың қызметі мен мұрасындағы Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы мәселесі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет