Айбек қалиев



жүктеу 2.1 Mb.
Pdf просмотр
бет16/22
Дата28.12.2016
өлшемі2.1 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

 
Нұрхан: 
Елге бір жаңа хабар сөз келіпті
Зор бақыт ырысыма кез келіпті. 
Бестаудан жаңа совхоз ашылмақ боп, 
Бұл хабар қуанышты тез келіпті. 
Кеудесін мақтаншылық жел керіпті, 
Болады табыспенен ел көрікті. 
Келеді енді қашан деп тұрғанда, 
Біз көрдік жалғыз келген Қарбеновты. 
 
Бір сыр бар ел көңілінде көтермелі, 
Сансыз күш сар даланы күңірентіп, 

 
225 
Жиналды жаңа қоныс мекенге елі. 
Халыққа келді тосын бір сын қатты, 
Деп сызды қала орнайды бір сымбатты, 
Ақорқаш алпыс көлдің айналасы, 
Ай болмай айқай-сүрең, гүрсіл қақты. 
 
Таң қалдым өнерпаздың келбетіне, 
Қор төкті таң-тамаша жер бетіне. 
Ғалымдар қазық қағып, сымдар керді. 
Ақбелес, Арал көлдің жел бетіне. 
Қолданып жеңіл тәсіл - амалдарды, 
Орнатты айналаға қамалдарды. 
Қаратас, асыл болат тау-тау болып, 
Сырғытты қолдан-қолға самандарды. 
 
Бұралап фундаментті жатты төсеп, 
Қаланды қабырғаға тас пен кесек, 
Бір күнде үшкүндікті орындады, 
Еңбегін ешбіреуі етпейді есеп. 
 
Сайыстың сан алуан батырлары, 
Жалықпай жанын салып жатыр бәрі. 
Сырылдап нәскүріктер, балта шауып, 
Басында балға, қашау шақылдады. 
 
Арқасын күнге төсеп шағаладай. 
Жарқырап жабылуда шатырлары, 
Аз уақыт ауқаттанып алғаннан соң 
Түкіріп асыққаннан қақырмады. 
 
Мынау күш таңқалдырды тамам елді, 
Толтырды тамашаға Алакөлді. 
Түскендей ел басына көк жүзінен, 
Ғажайып бір сәулетті қала келді. 
 
Гүрілдеп тракторлар тыңды айырды, 
Ел бетін ауыр істің бір қайырды. 
Теңіздей тербетіліп егіні өсті, 
Шұбыртып жүргізді көп комбайнды. 
 
Ел жұмсап қолға түсіп табылғанын, 
Еңбекке көрдім елдің, жабылғанын. 
Үйілді тау-тау мая баз басына, 
Білмеймін қалай жиып шабылғанын. 
 
Күркіреп көкке атылды күш борасын, 
Зырқырап «Победа» мен шыр айналып, 
Қар түспей көріп қайттым үш қаласын. 
Жайлады Қайыңды мен Мүлкіләнді, 
Қосқыз бен Бөбекейге жылқы барды. 
Ақшақұм, Қарасайдың арасында, 
Қой қаптап, майға пісіп былқыған-ды. 

 
226 
 
Сиырлар Базылбек пен Жалау барды, 
Ентікті майға пісіп танаулары. 
Қарқынның қаһармандық арқасында 
Еңбектің жанған оты алаулады. 
 
Жырластық елдің күшін біраз сермеп, 
Ортайды ойдағы сөз жүрген кернеп. 
Сәтеке, аяқтайық осы айтысты, 
Айқаймен ауыз кеуіп, кеттік терлеп. 
1957 жыл. 
 
 
ДАСТАНДАР 
ҚАРҒА ҰРЫ 
 
Ертегі естімеген елден шығар, 
Асыл тас айдын шалқар көлден шығар. 
Тарихты тәтті сөзбен таңырқату 
Көзі ашық, тілі орамды ерден шығар. 
 
Біреуге ажал - судан, біреуге - оттан, 
Кейбіреу майып болған бір апаттан, 
Дүние кейбіреуге кең жай беріп, 
Кейісін тар қапаста зар жылатқан. 
 
Сонымен заман озып бара берген, 
Бірінің біреуі орнын ала берген. 
Тамаша талайлардың еткен ісі 
Аңыз боп ел аузында қала берген. 
 
Ертеден шығармаған ел есінен, 
Әр түрлі әңгіменің келесінен, 
Батырдың, бай, жарлының уақиғасын 
Қарттардың көп есіттім кеңесінен. 
 
Қарт Мұрат шарт жүгініп бір тізесін, 
Келтіріп кестесімен сөз жүйесін. 
Бір топта тамсандырып айтып өтті
Қарғаның бір ғажайып әңгімесін. 
 
Атағы ер жігіттің өнерінде, 
Өмірге кім араша сөнерінде, 
Айтыпты бір әңгіме Қарға дейді, 
Халыққа сырын шешіп өлерінде. 
 
Қарғаның бәйбішесі қасында отыр, 
Мәпелеп, сусын беріп басында отыр, 
Ақсақал, игі жақсы жиналысып, 
Қарғаның көңілін сұрай осында отыр. 

 
227 
 
Бәйбіше айдын көлдің қоғасындай, 
Алтынды асыл тонның жағасындай, 
Халықты қайрымымен қандырушы ед 
Ортаймас отыз бие сабасындай. 
 
Ұлықтап үлкен келсе сыйлаушы еді, 
Кішінің көрінуші ед анасындай. 
Алдына бәрі келіп еркелеуші ед, 
Өзінің бір жансүйер баласындай. 
 
Жөн-жүйе әлеуметке үлгі берді, 
Ұстаздың ұлы ғалым данасындай. 
Қылығы қартайса да қыздан артық 
Он бес пен жиырманың арасындай. 
 
Қарға мен Гүлсін аты қатар шықты, 
Әйел деп төмен етек қорашсынбай. 
Сұқтанып ерлі-зайып арасына 
Сүйсең жар деуші еді жұрт бол осындай. 
 
* * * 
 
Көтеріп төсегінен Қарға басын, 
Бір шолып қарап алып айналасын, 
Халыққа өсиетін айта келіп, 
Сөйледі көзіне алып Қарға жасын. 
 
- Ей, жұртым, пенде бар ма өлмейтұғын, 
Алланың аманатын бермейтұғын, 
Жаралып бұл дүниеге келгеннен соң 
Жан бар ма көресісін көрмейтұғын? 
 
Көп еді қателікпен еткен ісім, 
Бұл күнде сырқаулықтан кетті күшім, 
Аяқты шалыс басқан ғарып пенде 
Ақырда еттім демек соның үшін. 
 
Армансыз өткен кім бар жалғаныңнан, 
Бақ қонып, құтың аумай албарыңнан, 
Дүниенің домбырасын бұрай-бұрай, 
Жанталас, таптым жарық жанжалымнан. 
 
Бермеді жаста тәңірім несібіме, 
Кедергі тұсау салды кәсібіме, 
Пендеге пенде болмай өтейін деп 
Байлардың жалданбадым есігіне. 
 
Он беске жетімдікпен жетті жасым, 
Жоқтықтан жүдеушілік көрді басым, 
Халықтың қазынасынан не пайда бар, 
Бермейді бейнеттенбей бай дағы асын. 

 
228 
 
Қолыма он жетімде жүген алдым, 
Жоқтықтан жұрт малына құрық салдым, 
Бүтіндеп бой-басымды жанталасып 
Жексұрын малдыларға ұры атандым. 
 
Сараң бай деді мені ұры Қарға, 
Жүргенде қара таппай ұрынарға, 
Құтты бай құрығымнан сескенген соң, 
Деген жоқ жаман атақ мұны Қарға. 
 
Мен кеттім бір заманда елден жырақ, 
Құла түз, құз бен шыңды қылдым тұрақ
Бірдікін бірге әкеп матастырып, 
Соқтықпай момындарға жүрдім бірақ. 
 
Қараөткел, Қызылжар мен Қыр дуаннан, 
Орынбор, Омбы, Сібір, Сыр, Қуаңнан, 
Келемін жылқы тартып топтап айдап, 
Алғандай қалың малға бір құдамнан. 
 
Түн қатып, түсім қашып ел ақтадым, 
Орман, тау, сай-саланы қонақтадым, 
Кісіге көңіл еткен бөліп беріп, 
Көбісін өз бойыма жаратпадым. 
 
Қуғыншы болушы еді құмарларым, 
Талайын тізеге сап нығарладым, 
Болса да қандай алып асқан балуан 
Қос қолдап бір ұрғаннан шығармадым. 
 
Аударып ала алмаушы ед ешкім аттан, 
Болған жоқ жолға бөгет, қанды қақпан, 
Талайы қараңғыда қарсыласып, 
Боп жүрді бір салғаннан қаза тапқан. 
 
Осындай көп жүрістің біреуінде 
Жерім бар өлмей кеткен бір ұяттан. 
Кетейін жан барында сіздерге айтып 
Кейінгі кеңес қылсын біздің баптан. 
 
Бір жылы Ұлытауда жылқы тартып, 
Келемін топтап айдап күн-түн қатып, 
Үстіне қалың елдің келіп қаппын. 
Қарасам түн түріліп, таң да атып. 
 
Ағарып күн шығуға қалды таң да, 
Көрінді оны-мұны жақын маңда, 
Болған соң көзге түсіп қалатындай 
Мен келдім паналауға бір көп тамға
1

                                                 
1
/ Бұл жерде  там — мола мағынасында. 

 
229 
 
Күн шығып, сәске қызды быж-быж қайнап, 
Қойшылар өрістетті қойын айдап, 
Ұңғыны өрлей қонған қалың ауыл 
Шаңдатып жылқы қуды, бие байлап. 
 
Бір кезде ақ киімді, ақ боз атты, 
Ақсақал қыр мұрынды, ұзын жақты, 
Боз атты қамшысымен сипай түсіп, 
Ырғалып аяңдатып келе жатты. 
 
Жақындап келіп қалды тамға таман, 
Қашуға келмей қалды менің шамам, 
Белгілі «ұры қуыс, бөрі жалтақ» 
Қысылып мен барамын онан жаман. 
 
Сыртымен көп моланың жағалады, 
Жан-жаққа мойнын бұрып қарамады, 
Қаңтарып ақ боз атқа шідер салып, 
Қорымды жаяу кезіп аралады. 
 
Отырып бір молаға шарт жүгініп, 
Бір тұрып, аяқ жақтан тағы отырып, 
Оқыды ұзын сүре соза тартып, 
Көп уақыт отырарын алдым біліп. 
 
Ойладым осы тамға келеді-ау деп
Тығылып жатқан мені көреді-ау деп. 
Қалың ел хабарланып ұстап алса, 
Сазамды ұмытпастай береді-ау деп. 
 
Отырып әрбір түрлі ойға қалдым, 
Бір айла тапқаныма мен қуандым, 
Еңбектеп молалардың арасымен 
Бір көрге үңірейген кіріп алдым. 
 
Бұрын да талай қулық баққан едім, 
Молаға ақ киініп жатқан едім, 
Көрқап боп көрден шығып, елді үркітіп 
Көп олжа қорқақтардан тапқан едім. 
 
Соны істеп тыр жалаңаш көрде жаттым, 
Ысқырып көрдің ішін ызыңдаттым, 
Аузымды қисаңдатып, тісім қайрап 
Көтеріп көрден басым жылмаңдаттым. 
 
Бір бейітке жаңа қойған тұрып барып, 
Оқыды қирағаттап кәлам шәріп, 
Көр ішін күңірендіріп бір көрінсем, 
Қарайды, сескенбейді көзін салып. 
                                                                                                                                                                  
 

 
230 
 
Құранды үш қайырып әлгі батыр, 
Қауіпсіз еш нәрседен болмай ғапыл, 
Қағынып етек-жеңін түрегеліп 
Аяңдап маған таман келе жатыр. 
 
Қысылдым өнерімді енді сарқып, 
Құтылам бұл қу шалдан енді қайтып, 
Еңкейіп тесіктен кеп қолын сұғып, 
Шап беріп сирағымнан алды тартып. 
 
Тартып алған бетімен кетті үйіріп, 
Саусағы сирағыма кетті кіріп, 
Ақырып бір қолымен айналдырып, 
Қамшымен шыпылдатып қояды ұрып, 
 
- Я, шайтан, лағынет, ит, малғұн!- деді, 
- Төңірден не деп қарғыс алдың?- деді. 
Бауыздап сен залымды жоқ қылайын, 
Жан беріп жаһаннамға барғын-деді. 
 
Үйіріп әрлі-берлі қамшылады, 
Қамшыдан оңай қайтіп жан шығады, 
Тұла бойым көк ала қойдай болып, 
Қан шұбап қабырғамнан тамшылады. 
 
- Тақсыр-ай,- дедім сонда,- адам едім, 
Іс қылған бос қулықты надан едім, 
Әл білмей ақымақтықпен түстім қолға, 
Мал ұрлап, елге қайтып барам- дедім. 
 
Адаммын, шайтан емен, атым Қарға, 
Құдайым кездестірді мұндай зарға, 
Шыбындай бір жанымды құтқара көр, 
Жылқымның жетектегі бәрін ал да. 
 
- Ә, бәсе, солай ма екен!- деді,- балам, 
Егер де көрқап болсаң, басыңды алам, 
Екінші мұндай іске үйір болма, 
Өзіңнен зорлар шықса, келмес шамаң. 
 
Нәнталап сен дағы бір ер екенсің, 
Әркімнен айлаң асып жүр екенсің, 
Талабың тай жегендей, тауға өрлеген, 
Тауаның қайтпай жүрген неме екенсің. 
 
Кетейін бір сапарға арың төкпей, 
Жастықтың кім жүреді қосын жекпей, 
Әр істі аңғарына өлшеп істе
Арасы әр адамның жер мен көктей. 
 
Дедің бе бір жан үшін жалынайын, 

 
231 
Байқадың қарт ағаңның мәні-жайын, 
Еңбек қып алғаныңды шығындатып, 
Сен иттің малыңды алып не қылайын! 
 
Көрдім деп мен айтпаспын мұны біл!- деп, 
Шал сонда атқа мініп болды жүрмек, 
Мен сонда қол қусырып сөз сұрадым: 
- Көрдім деп қалар екем сізді кім?- деп. 
 
Шал айтты:- Пайда бермес ұсақ айла, 
Ғибрат бұл ісіңнен таптың пайда, 
Сұрасаң, менің атым Төлек Жәуке, 
Мерт болдың арыстандай шапқан айға!- 
 
Мұны айтып өз жайына кете барды, 
Ешкімге білдірмедім бұл хабарды, 
Ұяттан өлмейді екен адам ғапыл, 
Қайтейін, әттегене-ай, ұрдым санды! 
 
Бір ісім осы менің айтпай кеткен, 
Бұған да әжептәуір мезгіл өткен, 
Тағы да бір сырым бар Гүлсін жайлы, 
Айтылмай жүрегімде жүрген көптен, 
Кетейін тіл барында сіздерге айтып, 
Кейінгі кеңес қылсын біздің кептен. 
 
* * * 
 
Арқада ардагермін арқыраған, 
Ақырсам айдай әлем қалтыраған, 
Жасым бар сол уақытта отыз бесте, 
Өзімнен кетпейтін кез артып адам. 
 
Айбастың бір атасы Сіргелі еді, 
Қашаннан қара тамыр іргелі еді, 
Қан тамып қылышынан қылшылдаған 
Қарғаның қағындырған күндері еді. 
 
Мен болдым Алатаудың бойын өрлеп, 
Сыйғызбай ыстық қайрат бойды кернеп, 
Ішінде қалың ағаш паналаймын, 
Ауылдан жылқы алуға шыққан желдеп. 
 
Ағаштың біраз жатып арасында, 
Тасалап жас қарағай панасында, 
Аттанып шөлдегенсіп елге келдім, 
Аяңдап намаздыгер шамасында. 
 
Аңқиған бір ақ орда шетке таман, 
Баруға соған тура ұрдым қадам, 
Осы үйден сусын ішіп шығайын деп, 
Атымды байлап тастап, кірдім соған. 

 
232 
 
Есіктен сәлем бердім кіріп барып, 
Бір кемпір қарсы шықты құман алып, 
Қайрылмай өте шықты әлгі кемпір 
Келіп ед есендескім тұра қалып. 
 
Оң жақта бір қыз отыр белі қындай, 
Ақ білек, ақ саусағы тартқан сымдай, 
Аққудың көгілдірі секілденіп 
Жан-жаққа көзін салып мойнын бұрмай. 
 
Көргенде бұл сұлуды болдым дертті, 
Жүрегім төмен тартып, бойым елтті, 
Түймесін мақпал пешпент қадап отыр, 
Сүп-сүйір саусақтары инеге епті. 
 
Мен қалдым қызды көріп тамашаға, 
Жат қызға жат жолаушы жанаса ма! 
Біреуі босағада, бірі төрде 
Лықып тұр сырлы піспек қара саба. 
 
- Құдаша, аманбысың?- дедім қарап, 
Жолаушы ем, жоқ қараған бір нән талап, 
Күн ыссы шөлдеген соң жолым жырақ, 
Келіп ем жұтайын деп сусын шалап...- 
 
Бұл сөзге құлақ салып қыз бақпады, 
Ол түгіл елең етіп міз бақпады, 
Өзінің ісіменен бола берді, 
Назарлап қарау түгіл, тіл қатпады. 
 
Орнымнан сол уақытта тұрдым ұшып, 
Шараға қымыз құйдым пісіп-пісіп, 
Қыз сонда маған қарап езу тартты, 
Жатқанда тегешімен қымызды ішіп. 
 
Есіктен бір жігіт кеп жылмаң етіп, 
Ол қызға көзін қысып ыржаң етіп, 
Түймесіп қадап қойған шапанды алып 
Киді де, үйден шығып қалды кетіп. 
 
Сонан соң атқа мініп мен де кеттім, 
Баяғы өзім көрген жөнге кеттім, 
Кешкілік жылқы өрісін бетіме алып, 
Ағаштың арасында тағы күттім. 
 
Күн батып, ымырттанып, көз байланды, 
Қараңғы жарық айсыз түнге айналды, 
Пысқырып қалың жылқы желдегелі 
Ағашқа бетін бұрып ыңғайланды. 
 
Жылқышы бұра салып кетті қайтып, 

 
233 
Әндетіп, жортақайлап, өлең айтып, 
Үстімді басып жылқы өтіп жатыр 
Қараймын бір тасада мен де жатып. 
 
Ел жатып ұйықтаған кез жұрттың бәрі 
Күзетсіз, иесіз жатқан елдің малы, 
Ызыңдап құлағыма естіледі 
Біреудің баяулатып салған әні. 
 
Тыңдадым сыбырымды білдірместен, 
Келеді қаннан-қапер дым білместен, 
Бір жігіт қосарында бір аты бар 
Жанымнан өте шықты кідірместен. 
 
Ағашқа кіргеннен-ақ жүрді баяу, 
Жағалап мен де жүрдім оған таяу, 
Екі атты бір ағашқа байлап тастап, 
Жүгіріп жігіт кетті елге жаяу. 
 
Ауылға әлгі жігіт қалды кетіп, 
Келмеді, кетті біраз уақыт өтіп
Аттары бір ағашқа байлаулы тұр, 
Келер деп мен ойладым әлде нетіп. 
 
Ел жатып ұйықтаған кез бәрі тыныш, 
Тыңдасаң, білінбейді ояу дыбыс, 
Байтөбет анда-санда бір маңқ етіп 
Қара мал түн ортасы тартқан күйіс. 
 
Аяңдап аттарына келіп жақын, 
Қарадым назар салып көріп атын, 
Ат-тұрман, әшекейлі алтын жабдық, 
Жігіттің тамаша еттім салтанатын. 
 
Ойладым, бұл да мендей ұры ма деп, 
Ел кезген қарақшының бірі ме деп. 
Болмаса бір сүйгені мұның болып, 
Қыз алып қаша жүрген түрі ме деп. 
 
Көрмедім өмірімде мұндай малды, 
Салпы ерін, салқы төсті, бөкен санды, 
Оқтаудай бауырынан жарап қалған 
Қыл сағақ, қамыс құлақ, майда жалды. 
 
Бірі көк, көрінеді бірі күрең, 
Сұп-сұлық тұр байлаулы қылмай елең, 
Ығысып, құлақ тігіп, шошайысып 
Көрген соң ысырылды келген менен. 
 
Ойладым: осы ат маған жарамай ма, 
Біреуін он жылқыға баламай ма, 
Екеуін ұрлап кетіп, елге барсам, 

 
234 
Біріне бір қыз беріп қаламай ма? 
 
Ендігі малдан тумас мұндай құлын, 
Келмеген дүниеге мұнан бұрын, 
Бір-біреуі жесірлік малдар екен, 
Бара ма күйіп кетіп берген бұлым?- 
 
Дедім де аттарды кеп алдым шешіп, 
Жетекке тартынбайды желдей есіп, 
Екі атты бір тасаға байлап тастап 
Болар деп артын күттім тағы нешік. 
 
Бір-екеу келе жатты ауыл жақтан, 
Күлісіп, әзілдесіп, күбірлесіп. 
Жалтақтап көрінгеннен үрейленіп 
Бірі алда, бірі артында жүр-жүрлесіп. 
 
Шегініп, кейінірек тұрдым тайып, 
Бір жігіт, бір қыз бейне ерлі-зайып
Манағы қойған атын таба алмай жүр, 
Жым-жылас орынынан болған ғайып. 
 
Дағдарып жігіт сонда тұра қалып, 
Тыңдады жан-жағына құлақ салып, 
Шайтан ба, жын көтеріп әкетті ме, 
Байлаған осы еді ғой жерім анық. 
 
Қызға айтты осы арада отыр күтіп, 
Ол екі ит кетіп қалды қайда зытып, 
Деді де жолға түсіп жігіт кетті, 
Қыз қалды, орынында үні бітіп. 
 
Мен дағы тұрмын тыңдап салып құлақ, 
Сырлары мағлұм болды оның бірақ, 
Өкшесі тық-тық етіп ол жігіттің 
Алыстап бірталай жер кетті жырақ. 
 
Ойладым қыздан бір сөз сұрайын деп, 
Кез қылған оңашада құдайым деп, 
Қапыда қараңғыны пайдаланып, 
Бұйырса қызды да олжа қылайын деп. 
 
Үстіне көк домбайдың мініп алдым, 
Шылбырын қос бедеудің іліп алдым, 
Манағы жігіт кеткен дабыл жолмен - 
Қайдасың, жүр деп қызға жетіп бардым. 
 
Қыз сонда арам қатқыр мұнша зар қып, 
Жүрген деп бағанадан қайда қаңғып?,- 
Көтеріп қол боқшасын маған беріп, 
Үстіне қыз күреңнің мінді қарғып. 
 

 
235 
Көргенде қызды бойым кетті балқып, 
Бұрыла алға түсе кеттім тартып, 
Қыз мені қараңғыда аңғармады, 
Тілдесіп сөз айтпадым «жүрден» артық. 
 
Құдайым бір сұлу қыз берді қолға, 
Қарғаға кез болмаған мұндай олжа, 
Қыз мінген күрең атқа көзім түссе, 
Шалмайтын бір көк айыл шаңқан жорға. 
 
Тас жүген, алтын алқа алқылдаған, 
Қолында алтын қамшы жарқылдаған, 
Қайшылап қос құлағын арындайды, 
Қара жер дүбірінен солқылдаған. 
 
Келеді қыз қайқая кере тартып, 
Сүзгілеп пысқырады жерді тарпып, 
Ойқастап бір бүйірлеп бұлаң қағып, 
Оралып қыз келеді қайта шалқып. 
 
Көк домбай шоқытады елбең-елбең, 
Жұқпайды мысықтай боп жарлау жерден, 
Оқ бойы қыз алдында кетіп барам 
Бір жан жоқ түн ішіпде бізді көрген. 
 
Кім білсін, ішіндегі қыздың дертін, 
Қыз атқа ие болды емін-еркін, 
«Басыма мына құрғыр тұрмады» деп, 
Қолға алып қыз ұсынды кәмшат бөркін. 
 
Атымның басын тартып шегіншектеп, 
Артыма қолым созып кейіншектеп, 
Қойныма қыздың бөркін тыға салып, 
Жөнелдім «ілесе жүр, келіншек» деп. 
 
Келемін ауыздыққа сүйей шауып, 
Кейде бір тілдескім кеп кеулім ауып, 
Қан күрең дөңгеленіп келе жатыр, 
Ақ көбік омырауын кеткен жауып. 
 
Қоңыр жел таң сазының самалы есіп
Жымыңдап көк жұлдызы күлімдесіп, 
Күлдірлеп күміс әбзел қоңыраулатып 
Бейне бір жөнелгендей шайтан көшіп. 
 
Сыбанып ақ білегі оқа жеңнен, 
Сүйеді таң шапағы бидай өңнен, 
Еліктей шыңнан қашқан елең-алаң 
Кезінде асып түстік қоңыр дөңнен. 
 
Сол кезде таң сарғайды құланиек, 
Тартқандай берен тонға оқа жиек, 

 
236 
Оқ бойы қыз алдында домбай көкпен 
Ағызып ауыздыққа келем сүйеп. 
 
Ақбоз ат қосарымда ойнай басып, 
Күлдірлеп күмбездері көңіл ашып, 
Тәңірінің бергеніне шүкірлік деп 
Келемін шаттық кернеп судай тасып. 
 
Күндік жер қысқа таңда кеттім жүріп, 
Түнімен тоқтамадым бір кідіріп, 
- Сұлуым, танимысың жарыңды?- деп, 
Оралып аттың басын келдім бұрып. 
 
Сонда қыз ұрылғанын білді бір-ақ, 
Жас тамды көздерінен мөлдір бұлақ, 
- Япыр-ай, не жазығым бар еді?- деп 
Қыз сонда аттан талып түсті құлап. 
 
Көз жасы омырауына кетті көлкіп, 
Жығылды ғапылдықтың уына елтіп, 
Секіріп түсе қалып, қыз қасына 
Отырдым, орамалмен бетін желпіп. 
 
Шаң жұққан ақша жүзін, қалам қасын, 
Отырдым сипап қыздың маңдай шашын, 
Түймесін ағытқанда демін алып 
Көтеріп алды «уһ» деп жерден басын. 
 
Еңкейіп тізесіне сүйеп басын, 
Ағызды мөлдіретіп көзден жасын, 
- Бар еді не жазығым айырғандай 
Зарлатып сүйгенімнен, замандасым? 
 
Менің жоқ, сірә, саған бағынбағым, 
Жар етіп, жақсы көріп жағынбағым, 
Айырып алғанымнан зар жылатып 
Мұншама қор еткенің не қылғаның? 
 
Ер болсаң елден сұлу таппадың ба, 
Қыздарға қылығыңмен жақпадың ба, 
Кім едің елге сыймай шығып жүрген 
Барыңды маған бола сақтадың ба? 
 
Сен мені мал дедің бе ұрлайтұғын, 
Бұл дәурен қолда үнемі тұрмайтұғын, 
Қан ішкен, қара жүрек залымбысың, 
Жазықсыз жанға рақым қылмайтұғын? 
 
Отырды осыны айтып қайғыланып, 
Дидарын таң атқан соң көрсем анық, 
Кешегі менменсінген кербез сұлу 
Қарасам көз тоқтатып, назар салып. 

 
237 
 
- Жасаған, көп-ақ екен көрмегенім, 
Жазғандай жаратқаным мен не дедім, 
Жас балғын жазығы жоқ бейшараңа 
Жазғырып жарық сәуле бермегенің... 
 
Болмады бұл сөзді естіп менде төзім, 
Бар еді ашушаңдық бір мінезім
Қыз сөзі шымбайыма батып кетіп 
Мінеки сонда қызға айтқан сөзім: 
 
- Аружан, сөзіңді айтшы маған жөндеп, 
Емеспін сүйген жарың жүрген кел деп, 
Аулыңа кеше кешке барып түстім, 
Жолаушы жан едім деп жүрген желдеп. 
 
Адам деп маған жауап қайырмадың, 
Шапанын тамырыңның қылып ермек, 
Көсілген аяғыңды бір жимадың 
Көргенсіз кісілердей жаттың көлбеп. 
 
Жақсының жөн білетін міндеті еді, 
Жағымды жат мейманға жауап бермек, 
Мас болып махаббаттың сырасына 
Кепиет кеудеңізді кеткен кернеп. 
 
Ақымақ бір жігітке мас болғаның, 
Бойды алып тәкаппарлық тас болмағын, 
Айламды сол жігіттен асыруға 
Менің сол сеніменен қас болғаным. 
 
Жақсы қыз жақсы сөзбен жауап берер, 
Сынатпай сыпайы боп түзу келер, 
Басына заманақыр түскен кезде 
Сен болдың ардақты қыз сөзге шебер. 
 
Қу сайқал, тастайын ба басыңды алып, 
Көрер ме ед жүрегіңді сенің жарып, 
Өзіңнің еткеніңді өзің білмей 
Сөйлейсің әр неменің басын шалып. 
 
Қанағат еттің бе, қыз, амалыма, 
Мен сенің қызықпаймын жамалыңа, 
Алдырған аңғалдықпен бір ақылсыз, 
Атқа мін, апарайын жаманыңа. 
 
Мен дағы өз елімнің Қарғасы едім, 
Ерлердің елеп сүйген жолдасы едім, 
Тәңірі айдап сені маған кездестірді, 
Болмаса ат саурына салмас едім. 
 
Жүруші ем жортуылда жиһан кезіп, 

 
238 
Тұрмаушы ед ерегіссем жаным төзіп, 
Қыздардың осындай бір опасыздық 
Мінезінен жүруші ем мен де безіп. 
 
Басымның қуанбаушы ем аманына, 
Кіруші ем қорықпай жаудың қамалына, 
Мен саған, сірә, құмар емес едім, 
Атқа мін, апарайын жаманыңа. 
 
Шыныңды айт махаббаттың отын жақсаң, 
Сөндіріп тек қалмайын обалыңа. 
Болмаса сөзіңді қой ер өзіме 
Тап қылған төңірім шығар талайыма. 
 
Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева
2014 -> 1. 3 Мұстафа Шоқайдың қызметі мен мұрасындағы Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы мәселесі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет