Айбек қалиев



жүктеу 2.1 Mb.
Pdf просмотр
бет3/22
Дата28.12.2016
өлшемі2.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Замана ағымы 
 
Ахмет, бейшарасың сөзге жазған
Бола ма арық өзен қолмен қазған? 
Балпылдап қартайғанша сөз сөйлейсің, 
Көріксің сен бір ескі, көні тозған. 
Бұл заман қайсы заман, көзіңді сал, 
Бәйге аттан ерен жүйрік байтал озған. 
Егер де махаббатың түссе күңге, 
Біреудің қарқаралы артық қыздан. 
Қарасаң бұл дүниенің пендесіне 
Мал тәтті, туысқаның ащы тұздан. 
Бәрі де жақсылардың ұры қолдап, 
Қараға көп ант берді ақылсыздан. 
Қараға ант бермеген жан қалған жоқ. 
Азғындық алдық тілеп қолымыздан. 
 
 
*** 
Би, болыс, ауылнай мен ұры қолдап, 
Кедейді арзандатты, байды бұлдап. 
Көрінбей мың қарасы ұрлық қылып, 
Байлар да боғын езді – ау екі қолдап! 
Ұрылар екі қара ұрлап келсе, 
Хакімге береді екен бірін сомдап. 
Егер де малың шықты деп естісе, 
Келеді мал иесі хакімге аңдап. 
Ұрыдан малымды әпер деп отырса, 
Ұрыны қашырады өздері ымдап. 
Бір кісі қашты ұры деп хабар берсе: 
«Мықтармын, бәлем, сені, - дейді екен, - қап!» 
Бәрі де хакім жишіл бұзық болып, 
Байдан қайыр, бақырдан кетті – ау нисап! 
Бетін басып «тап» деген балаларша, 
Біреуді біреу отыр көзбен алдап. 
 
 
*** 
Деп ойла жауға ұмсынсаң, өлім жақын, 
Аз ғой деп дау қомсынсаң кетер хақың. 
Байлардан бір – бір семіз міне шапты, 
Штатта мен секілді әр қу тақым. 
Егескен партия боп полтерепке, 
Қазаққа бермесе екен мәслихатын. 
 
Мал бітсе бір адамға көре алмадым, 
Жоқ болып, мұқтаж болса бере алмадым. 
Көңілім нені көрсе соған ауып, 

 
41 
Ауыспай бір қалыпта тұра алмадым. 
Біреуге жамандыққа көсемдік қып, 
Пайдамды біреу айтса, тіл алмадым. 
Біреудің бір жұмысы түссе екен деп, 
Секілді қызыл түлкі бұлаңдадым. 
Мал сойғым нашарларға келмесе де, 
Бұйрықсыз Хақтан нәрсе қыла алмадым. 
Құдайдың бергеніне қанағат қып, 
Ынсапқа шүкір етіп кіре алмадым. 
Өз көңілім биік таудан асқым келді, 
Тау түгіл, белеске де шыға алмадым. 
Меңзедім қайратымды арыстанға, 
Белдесіп көбелекті жыға алмадым. 
 
*** 
Теретін жамандықты мен бір тауық, 
Екі адам араз болса, құрдым сауық. 
Жамандық бейне мысал – ешкі қотыр, 
Қоямын қасып – қасып ауық – ауық. 
Іс келсе көңіліме бір жамандық 
Айтамын сөз қуғанға шыға шауып. 
Бір адам жамандықты таста десе, 
Тұрамын шабаланып, иттей қауып. 
Екі араз татуласты деп естісем, 
Қалады көшім тоқтап, жүгім ауып. 
Мұштараң көпке бірдей бір сөз болса, 
Адамын меншіктеген алар тауып. 
Бұл мінез сенде де бар, Сейдахмет, 
Кетпесін ешкім талап, жала жауып. 
 
 
*** 
Атамыз Тілеуліге харам жаққан, 
Көбісі ұрпағының соны баққан. 
Баласы ұрлық қылған бәрі де бай, 
Құдайым бұл кәсіптен мені қаққан. 
Солардан қақтықтырып алып шығып, 
Бір қалың кедейлікке қуып тыққан. 
Не түрлі күшім келген еттім талап, 
Белгі жоқ етегімде бірі жұққан. 
Адамға шайтан – лақпа таласы бар, 
Егер де сақтамаса бәлесі бар. 
Сақтауға Хақ тағалам әмір етсе, 
Қалса да тау астында қаласы бар. 
Кім ойлар қатарынан қаламын деп, 
Құдайдың өлшеп берген шамасы бар. 
Азбаған ел адамы жалғыз – жарым, 
Үй басы азған елдің ағасы бар. 
Кей адам үйде отырып орныға алмас, 
Артында сөз тиеген шанасы бар. 
Кейбіреу құйып берер шалабы жоқ, 
Аузында арақ құйған сабасы бар. 

 
42 
Сырты бар кейбіреудің айдан аппақ, 
Ішінде сауысқандай аласы бар. 
Дүниеде Тақ Сүлеймен мұңсыз десең, 
Оның да перзент үшін санасы бар. 
Ас таппай қазанына тас қайнатқан, 
Ғалы аты Әбутәліп баласы бар. 
Біреудің ғашық болған ләззат шағы, 
Біреудің жазылмайтын жарасы бар. 
Терісі кей адамның тесілмейді, 
Ішінде қылыш, найза пәлесі бар. 
Байдан қайыр, бақырдан нысап кетіп, 
Әншейін мұсылмандық жорасы бар. 
Мұсаніп тәсініптей болмағанмен, 
Сөзінің Сейдахмет расы бар. 
 
*** 
Ақымақ өз білгенін жөн көреді, 
Бір бейнет ақылы кем өңгереді, 
Басында бір тиындық пайдасы жоқ, 
Біреуге мір оғындай тіл береді. 
Біреудің малы көп те, қайыры жоқ, 
Қызықты көрер көзге бұл көреді. 
Біреудің ұлы да жоқ, қызы да жоқ
Береке екеуіне құр береді. 
Кей байлық қызғалдақтың ғұмырындай, 
Біреудің ғұмырына шын береді. 
Дәулеттің Құдай берген қызығын көр, 
Бір өлсе дүниеге кім келеді? 
Момынның биік адам ақысын жеп, 
Дейтұғын бас адам жоқ теңгереді. 
Бейшара қолы жетпей ақысына, 
Кісідей әкесі өлген күңіренеді. 
 
*** 
Денсаулық қалды, бала қадірін біл, 
Кей адам өзі биік, ісі жеңіл. 
Кейбіреу ұрлық қылып, мал төлейді, 
Пайдасы біреудікі, содан түңіл. 
Кей адам аялының артын жалдап, 
Оны да қылды пайда бірнеше жыл. 
Пара жеп қорғаламақ болған хакім, 
Сөз айтпас жүйрік аттай бір қарашыл. 
 
Сөзі бар кей адамның ащы тұздай, 
Көңілі кей адамның қатқан мұздай. 
Хақ берген кей адамның мінездері 
Жаңадан келіншек боп түскен қыздай. 
Таласып екі жақтан партияға, 
Бейшара шаруаны қылды созбай. 
Қаралай екі жақтан қағаздасып, 
Біріне – бірі талас, біреуі озбай. 
Екі нар арасында шыбын өлген 

 
43 
Секілді жүрді нашар жылап, боздай. 
Көрісіп үй басына жүретұғын, 
Баяғы қайда күнім мамыр қаздай? 
 
Байлар да мақтанатын ақшасына, 
Бәйбіше мақтанатын боқшасына. 
Аузына насыбайын салып құмар, 
Олар да мақтанып жүр шақшасына. 
Азырақ сырты сұлу болса егер, 
Мақтанды қыз – келіншек нұсқасына. 
Өнер деп пышақ, шақпақ соққандар да 
От шашқан мақтанбай ма ұстасына. 
Құдасы бұрынғының малшы баптау, 
Өзінің қарамапты тұстасына. 
Бір күні бұл да дұшпан болады деп, 
Айтпайды ешкім сырын достасына. 
Рас па осы сөзім, өтірік пе, 
Мінекей, салдым көптің ортасына. 
 
*** 
Сыпайы бойын тартар мақтағаннан, 
Тапты екен қанша залал даттағаннан? 
Жақсылардан дәметіп бір қалмайды,. 
Абайлап жан – жағынан қапталдаған. 
Айдынды әр уақытта көл азбайды. 
Артыңда қалған асыл сөз азбайды. 
Айтысқан бір – бірінің хатын күтіп, 
Шығысқан жолдасымен ер озбайды. 
Дос емес, досын сырттан жамандаса, 
Несі дос бір қатаны жаба алмаса? 
Тұлпарға топтан озған мәстек әуес, 
Қан түсіп аяғына шабандаса. 
«Жарайды, мырза жігіт, пәлі!» - дерсің, 
Нысана атқан оғы жоғалмаса. 
Дегенмен хан баласы жұрт мақтамас, 
Аяғын түзу басып жүре алмаса. 
Дегенмен қу қазанат неге керек, 
Шабылып, топқа түсіп сыналмаса. 
Қайырылып құс келеді қанаттауға 
Бұтақтап бала қайың жуандаса. 
Тазы да құмарланып түлкі шалмас, 
Құмайдан әуел баста туа алмаса. 
Адасып жаман бала қалар жолда, 
Өлген соң ата жолын қуа алмаса. 
Қараны көрінбеген болжау қиын, 
Белеске биік – биік шыға алмаса. 
Айтады ер деп халық оның несін, 
Жаяуға аттың басын бұра алмаса? 
Орнымен олжа салған қырандар бар, 
Жарасар қанша оны тұмарласа. 
Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды, 
Шын болат иілгенмен саз болмайды. 

 
44 
Ит үрер жақсыға да, жаманға да, 
Сары алтын қалыбынан қозғалмайды. 
Тар жерде қолдың ұшын бермек түгіл, 
Жамандар басын бақса аз болмайды. 
Пиғылы жамандардың қараңғылық, 
Тұрса да шілде түсіп жаз болмайды. 
 
 
 
 
Сейдахмет ақынның өзінің жастық шағы туралы өлеңі 
 
 
Әуелі туғаннан соң бірге жеттім, 
Еңбектеп екі жаста төрге жеттім. 
Үш пенен төрт жасымда тілім шығып, 
Шүлдірлеп, ата – анамды ермек еттім. 
 
Бес жасқа келгенімде ойын білдім, 
Көңілді ойынменен тойындырдым. 
Алтыда балалармен асық атып, 
Ойыннан қалғанымды уайым қылдым. 
 
Келгенде жеті жасқа айла білдім, 
Сегізде залал менен пайда білдім. 
Тоғызға толғанымда молда көрдім, 
Әкенің күшіменен зорға көндім. 
Үйреніп әліп, биді, әптиекті, 
Айналып келесі жыл онға келдім. 
 
Оқуға он жасымда талап еттім, 
Баланы бұрын түскен қуып жеттім. 
Бір бала өзімменен қатарласса, 
Басыма зор уайым, қайғы тұттым. 
Айтса да жас бала деп бөтен қазақ, 
Телегей өзімді – өзім дара білдім. 
 
Он үште араб көрдім, түркі танып, 
Үйрендім арманымды жаныма алып. 
Молламыз әр тараптан жол көрсетіп, 
Түсірді мұқтасарға алып барып. 
 
Он төртте шариғатты араладым, 
Қолыма дәріс алып, шамаладым. 
Қарамай алды – артыма оқи бермей, 
Қолыма қағаз алып, қарайладым. 
 
Жел кірді көңіліме он бесімде, 
Айдады еріксіз – ақ бел нәсібі. 
Бұл күнде ойлағанның бәрі қызық, 
Түседі істегенім енді есіме. 
 

 
45 
Он алты, он жетінің бәрі қатар, 
Жаманның қайда барса таңы атар. 
Елдегі мен тәуірмін дегендермен, 
Ат мініп, тізгін түйіп еттім сапар. 
 
Он сегіз, он тоғыздың бәрі бірдей, 
Шегініп қалғаным жоқ топқа кірмей. 
Өзіммен заман құрбы сөз сөйлесе, 
Бәрі де қалушы еді бәйге көрмей. 
 
Сонан соң келдім тағы жиырма жасқа, 
Көңілде еш нәрсе жоқ қыздан басқа. 
Жігітті сақал шыққан шал деуші едік
Айпырмай, бұл айтқаным келді басқа. 
 
Артынан таяу келді жиырма бес, 
Жеткенде жиырма беске қалмайды ес. 
Тазыдай асыраған аузын ашып, 
Таң атса бозбалаға болмайды кеш. 
 
Артынан келді жетіп жаңа өмір, 
Кетпейді көкіректен сонда да қыз. 
Құда – еке, иегіңді тарт дегенде, 
Қадалды жүрегіме сонда бір мұз. 
 
Ұйқы тоқта үйірілер отыз жеті, 
Көрінер ар жағынан қырықтың шеті. 
Ағалар, бұл дүниеде күліп – ойна, 
Жалғанның ойнап – күлмек ғанибеті. 
 
Жігіттің орта жасы қырық болар, 
Қырықтың арысында парық қонар. 
Бұл кезде қатын менен балаң болар, 
Бір басың ортасында шарық болар. 
 
Көреміз одан ассақ елу деген, 
Ой жоқ – ты жаста бұған келу деген. 
Алпыс бес ар жағында таяу келсе, 
Көңілге сонда түседі өлу деген. 
 
Желкеңнен жетпіс келіп басып тұрар, 
Аялсыз жан бейістен асып тұрар. 
Қапастағы торғайдай көңілің де, 
Біле алмай не қыларын жасып тұрар. 
 
Ой бар ма көрем деген сексен тіпті, 
Көрмейміз қарасақ та жеген етті. 
Ағалар, бұл сөзімді бекер деме, 
Бұрынғы жасағандар бәрі бітті. 
 
 
Сейдахметтің өз өміріне өкініш өлеңі 

 
46 
 
Ойнақтап ортекедей жүрген күнім, 
Қызығын арам нәпсі көрген күнім. 
Өнер мен қызыл тілдің арқасында 
Соңымнан қыз – бозбала ерген күнім. 
Ақшадан қыпын ердің терген кезең, 
Түрлі мал келуші еді кезек – кезек. 
Қаншама дүние, пайда жиналғанмен 
Қу нәпсі толмақ түгіл, тоймайды өзек. 
Өнердің әрбіреуін шалықтата 
Кететін бала қайда, артын түзеп? 
Бір шақта әрбір іске болдық жорға, 
Сабыр мен рақым шыққан біздің қолға. 
Күніне үш теңгелік пайда келсе, 
Жабырқап оны да әрең алдық қолға. 
Қолдағы аз мал кетті, бала есалаң, 
Кездестім алпыс үште қалың сорға. 
Бір кезде қыли түспес қыран едік, 
Түскендей болып тұрмыз биік торға. 
Шағында жігіттіктің қонды бақыт, 
Бұл күнде ханнан кеткен алтын тақыт. 
Кезінде қыз – бозбала соңыма еріп, 
Жарқылдап домбыра алып жүрген уақыт. 
Бір күні үсті – үстіне түскен оба, 
Бұл кезде басымыздан өлді бақыт. 
Қолыма шай, пұл келсе қуанамын, 
Секілді қолға түспес бейне жақұт. 
Бір шақта әрбір іске болдық таныс
Не жақсы дегендермен сөйлей алып. 
Отыз бен жиырманың арасында 
Болушы еді қалың малдай әрбір табыс. 
Пақырың ұзақ – ұзақ күтуші еді, 
Қалса да неше ұстар атаң жарыс. 
Қайдасың шыққан атым арыстандай, 
Жау көрсе жағаласып қарысқандай. 
Желіккен жігіт көңілім, сен қайдасың, 
Аспанда ұшқан құспен жарысқандай? 
Жүгірткен қасиет орта табаным – ай, 
Қозғалмай көп мал өнген заманым – ай. 
Барасың барың кетіп, ұшпа бұлттай, 
Болмады саған қылар амалым – ай. 
Өлімнің өлшемі жоқ кезі болды, 
Жас жетті алпыс үшке саналып ай. 
Мен барып енді қайдан сый аламын. 
Мынау шал тамақ іздеп жүр дей ме деп, 
Жүруге аз жұмысқа ұяламын. 
Қолымнан тұрымтайдай түк келмейді, 
Алашқа ой мазасын шаға аламын. 
Байиды залымдықпен ұры нағып, 
Кетеді ішкен асы судай ағып. 
Аспас деп төрт адамның ізгілігін, 
Имамадар пәтуа қылып кеткен салт. 

 
47 
Біреуі әкі адам, оны кім жеңген, 
Біреуі шаруа байы, малын күткен. 
Біреуі тұр саудамның саудагерлік, 
Біреуі қолөнерді кәсіп еткен. 
Әкімнен екі даугер таппай сұрап, 
Мал қалыс, байлар беріс күнде бір ат. 
Бай сараң, әкім жымқыр деп айтады, 
Өз мінін көрген бар ма, біліп ұят? 
Сұрайды саудагерден қалай басын, 
Біледі ол қылықтың жарамасын. 
Ат сатып, атын майлап, азық жалдап, 
Жүр екен неге тастап ата – анасын? 
Ұстаның қанша жерге қолы жетер, 
Болса деп өз жанынан үміт етер. 
Әкелген көмір – темір, күмісі жоқ, 
Кетеді кінә қойып оған бекер. 
Бешпет – шалбар шығыпты қынамалы, 
Жігітке қатпа киім ұнамады. 
Сары жез самаурыны тағы шықты, 
Мәшине, шүмегі бар бұрамалы. 
Ыңқылдап бір баланың басы ауырса, 
Бөтен ем шайдан басқа сұрамады. 
Халықтың, бәрекелді, тапқан емі, 
Қалған ба ата – мұра жаққан емі? 
Бір мәстек, жалғыз сиыр ұйыла қалса
Асылы ойында жоқ малдың кемі. 
Кәсіп жоқ, береке жоқ осы кезде, 
Тозуға жақындады жұртың көбі. 
Қор болған бұл жалғанда алты нәрсе, 
Сенерсің алтауына көзің көрсе. 
Әуелі қор болғанның бірі – билік, 
Тұрады қанша ол да ақша берсе. 
Туралап жалғыз айтар әділдік жоқ, 
Жүгініп екі кісі қатар келсе. 
Қор болған екіншіде – сопы жолы, 
Бұл жолды ұстаушы еді ердің зоры. 
Алыптың атын ... надан ойы. 
Қорқамын бола ма деп оның соры. 
Сопылық Қап тауынан ауыр еді, 
Теп – тегіс жетіп кетті жұрттың жолы. 
Қор болған осыншама кермен шайы, 
Хан, төре шоышр еді мырза мен бай. 
Бұл күнде төрелер мен мырзалардай, 
Алдың шығып кетті пақыр, малай. 
Қор болған төртіншісі – кебіс, мәсі, 
Қарт руым киюші еді, толған жасы. 
Тақуа, ғалым, захит, ишандай – ақ, 
Оралар киіп кетті, аққа қасы. 
Қоймады онан алып қатын киім, 
Құрыды соныменен кеміп басы. 
Қор болған бесіншісі – сұлтан, төре, 
Көрген жан тұрушы еді, аяқ өре. 

 
48 
Бір адам сұлтанмын деп елге келсе, 
Ат беріп барушы еді жүзін көре. 
Хан туы жығылған соң шөгіп жатты, 
Қайраңда қайраңдаған болып кеме. 
Бұл күнде әр адамның жолында жүр 
Жібектің жетіміндей тозған көне. 
Қор болған алтыншысы – күрес, ақыл, 
Қазақ жүр рас сөзден болып қапыл. 
Адалдың ақ жолдасы деген мысал, 
Дүзу мұз арам түгіл хаққа мақұл. 
Жігітте ашамайың келсе тура, сойыл 
Болармыз ақыретте әлі – ақ пақыр. 
Бұл күнде шын асылдың бағасы жоқ, 
Жүйріктен мәстек озды тамаққа тоқ. 
Қартайды батырларым, ашу жайлап, 
Дұшпанға мылтық сілтеп, кезеген оқ. 
Аузына құс тістеген бүркіт – тағы, 
Басынан бақыт тайса, тарқайды топ. 
 
 
Ғибрат 
 
Ізі бар ата мирас ел азбайды, 
Көзі бар айдын – шалқар көл азбайды. 
Жамағат мезгілімен пайдаланса, 
Көк майса, бетегелі бел азбайды. 
 
Сақтаса, алтын түгіл жез азбайды, 
Бір қалған даналардан сөз азбайды. 
Бірлікпен, ынтымақпен еңбек қылып, 
Сыйласқан жолдасымен ер азбайды. 
 
Патшасы әділ болса – ел азбайды, 
Баласы адал болса – кәрі азбайды. 
Әңгіме – туралықта, дұрыстықта, 
Ұстаса мұқияттап – бәрі азбайды. 
 
 
 
Мінажат 
 
Құдай – ау, мен не жаздым бұл заманға? 
Қадірің болмайды екен жұртқа әманда. 
Ел – жұрттың қасиетті жолы қалып, 
Болмайды еш қадірім бір адамға. 
Секілді ай мен жұлдыз аспандағы, 
Қажетің түссе егер де бір наданға. 
 
Үйіме келсе мейман анда – санда, 
Қолыма мал түспейді қамдасам да. 
Әйтеуір мұқтаждықтың жолы қиын
Қатардан қара басым қалмасам да. 

 
49 
Құдайы қонақ келсе ұяламын, 
Тілегім қабыл емес зарласам да. 
Бір күнде іздеп тапқан кетті достар, 
Сұрасқан хал – ахуал көңіл қоштар. 
Деміндей айдаһардың тартқан достың 
Бірі жоқ осы күні қолмен ұстар. 
Қатқан соң қабағына қар менен мұз 
Қалды ғой қараса алмай қыран құстар. 
 
 
Дос емес досты сырттан жамандаса 
 
Дос емес досты сырттан жамандаса, 
Несі дос бір қатаны жаба алмаса? 
Тұлпарға топтан озған мәстек әуес, 
Қан түсіп аяғына шабандаса. 
 
«Жарайды, асқан жігіт, пәлі!» - дерсің, 
Нысана атқан оғы жоғалмаса. 
Дегенмен хан баласы, жұрт мақтамас, 
Шабылып топқа түсіп сыналмаса. 
Қайырылып құсы келер қонақтауға, 
Бұтағы бала қайың жуандаса. 
Айтады ер деп халық оның несін, 
Жаяуға аттың басын бұра алмаса? 
Бола ма азамат деу кей жігітті 
Мүскінге көмек, жәрдем бере алмаса? 
Орнымен олжа салған қырандар бар, 
Жарасар қанша оны тұмарласа. 
 
Ахметке арнау 
 
... Елетпей көкөрімдей балғындығын, 
Танытқан таңғажайып алғырлығын. 
Әдейі Ахметке өлең арнап, 
Қолыма домбырамды алдым бүгін. 
 
Зейінді зердесінің ұясы бар, 
Құдайдың құт әкеліп құя салар. 
Ғылымның жан білмейтін құпиясы 
Басына баянды етіп ұя салар. 
 
Өлеңді бұғалыққа бағынбаған, 
Толқындай бұйраланып ағындаған, 
Ақыннан Жұмабайдай фатиха алды, 
Құранның шындығындай дарынды адам. 
 
Бақ қонды оннан жаңа асқаныңда, 
Асарсың өнердің сан асқарын да. 
Жарқырап әлі бір күн тұрарсың сен, 
Жұлдыз боп қазағымның аспанында. 
 

 
50 
 
Көш, күлапсан, көш!  
 
Біз келдік Күлапсанды көшірерге, 
Қарасын, Алла қосса, өшірерге. 
Күлапсан, бұл кісінің жарасы бар, 
Иншалла, сәтін салса дауасы бар. 
 
Лұқман дертке шипа, дәру еткен, 
Құдайым оны өзіне жақын еткен. 
Иншалла, Күлапсан деп біз көшірсек, 
Бұл кісі шипа болар ғапылеттен. 
 
Күлапсан, көшер болсаң қалаға көш, 
Құба жон, алыссынсаң далаға көш, 
Таппасаң одан жайлау, мен айтайын, 
Алмаған ата тілін балаға көш. 
 
Күлапсан, көшер болсаң азбанға көш
Азбанды алдарқатқан жазғанға көш. 
Арасын екі ауылдың ушықтырып, 
Діні мен абыройдан азғанға көш. 
 
Күлапсан, бола берме менімен қас, 
Берермін құр қуырып бидайдан ас. 
Таппасаң жанға жайлау, мен айтайын, 
Алдыңда Аябек тұр қойдан жуас. 
 
Құрғаным Күлапсанға ала шатыр. 
Ішінде алпыс жасар бала жатыр. 
Күлапсан, көшпесіңе қоямыз ба, 
Көндіріп көшіреміз, қара да тұр. 
 
Ауылы Нағызқанның шетте болар, 
Қонбаған шығар шетке текке бұлар. 
Бар да қон Нағызқанның қатынына, 
Сірә да соқпай кетсең өкпе қылар. 
 
Одан көшсең – Жанқара жорға төре, 
Ол да осындай кез болсын сорға төре. 
Әр мүшесі көнектей жара болып, 
Шыға алмай, үйге сисін зорға төре. 
 
Мұнан көшсең Нұрымбет, Маубасқа бар, 
Өсек пен қулық – сұмдық сөз басқарар. 
Еліктемей солықтап жүруші еді, 
Әлжан, Танаш бәріңді жолдас қылар. 
 
Мұнан көшсең кер жалқау Баяу жатыр, 
Арада бір – ақ көң бар, таяу жатыр. 
Бар да кір іс – місің жоқ қойынына, 
Өзі де сені күтіп ояу жатыр. 

 
51 
 
Ал Жұма Жыланшықтың басында отыр, 
Таранып Балжан сұлу қасында отыр. 
Келеді деп сағынып тұрған шығар, 
Бар – дағы екеуіне асыл да отыр. 
 
Күнсары қояр ма екен көшпесіңе, 
Жүзсең де терең судан өтпесіңе. 
Болса да үлкен – кіші әзіл құрдас, 
Бәрінен Ұмсын тәуір беттесуге. 
 
 
Түлкі мен сауысқан 
(Мысал) 
 
Жерің жоқ, Сейдахмет, сөз тауысқан, 
Ойласаң ықыласың дос, нәпсің дұшпан. 
Айтайын мысал етіп, болсын үлгі, 
Егесін түлкі менен бір сауысқан. 
 
Олжалы бір сауысқан болып жолы, 
Бағдарлап қонар жерін, оң мен солды. 
Тістеген ауызында жемтігі бар, 
Басына биік ағаш келіп қонды. 
 
Сауысқан қона сала шоқып жатыр, 
Төменнен жетіп келді түлкі батыр. 
Жемтігін сауысқанның алдап жеуге, 
Сұм түлкі бір жамандық ойлады ақыр. 
 
Шикі ет пе аузыңдағы, піскен ет пе, 
Болмаса көшкен елден түскен ет пе? 
Қарным ашты, бір жемтік табар – ау деп 
Келіп ем сізден болып көп үмітті. 
 
Бармаймын жүр десең де арық болса, 
Түлкілер бізден бұрын барып болса. 
Тұрса да қарным ашып уақытым жоқ, 
Солар – ақ бола берсін қарық болса. 
 
Сауысқан ерінді де: «Арық», - деді. 
Аузынан еті түсіп қалыпты енді. 
Айласы түлкі сұмның, жерге түскен 
Аузына етті қағып салыпты енді. 
 
Сол түлкі сауысқанның жеді ақысын
Таппаққа бұл да ойлады бір қапысын. 
Тағы да ұшып барып бір жемтіктен, 
Бір тілдің алып келді тең жартысын. 
 
Сауысқан бара сала келген алып, 
Түлкі де келе жатыр көзін салып. 

 
52 
Жерлей ұшып түлкіден асып барып, 
Қияға ешкім шықпас қонды барып. 
 
Түлкі айтты: 
-Достым, маған тіліңнен бер, 
Бұл тілдің өлексесі қаншама жер? 
Алыс болса атым жоқ, жете алмаймын, 
Жақын болса адаспай жеткізе көр. 
 
Сауысқан тілін тістеп алыпты енді, 
Бұл сөзіне құлағын салыпты енді. 
Бір жақын осы жерде жемтік бар деп, 
Қасқырдың үңгіріне алып келді. 
 
Үңгірге кіріп келіп: 
-Қасқыр, - дейді, -  
Бірталай тамақ келді, тақсыр, - дейді. – 
Сізге арнап бір түлкіні алып келдім, 
Тақсыр – ау, қапияда бастыр! – дейді. 
 
Ақырын қасқыр келді аңдап басып, 
Жалт берді түлкі мырза асып – сасып. 
Айырылып құлақшеке бас теріден, 
Құтылған жалтарумен әрең қашып. 
 
Құлақтан шеке тері түлкі айырылды, 
Қайласы қанатының тез қайырылды. 
Түстім деп сауысқанның алдауына, 
Қапа боп түлкі байғұс көп қайғырды. 
 
Жамандық жамандыққа келген орай, 
Теңгерген мықты, осалды жаппар Құдай. 
Науқасын түлкі достың білейін деп, 
Келіпті сауысқан да көңілін сұрай. 
 
-Науқасың жазылды ма, түлкі достым, 
Сәлде орап басыңызға молда бопсың. 
Жемтікке барасың ба бастағалы, 
Болғалы келіп едім басшы – қосшың. 
 
Дос болмас адамзатқа амал – айла, 
Табылар аманыңда залал, пайда. 
Біреудің қанағатсыз хақын жесең, 
Әрқашан ұшырайсың осындайға. 
Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева
2014 -> 1. 3 Мұстафа Шоқайдың қызметі мен мұрасындағы Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы мәселесі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет