Айбек қалиев



жүктеу 2.1 Mb.
Pdf просмотр
бет8/22
Дата28.12.2016
өлшемі2.1 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Қыран паң мен құладын   
(Мысал) 
 
Бір тауды мекен етті бір қыран паң
Құтылмас тырнағынан жүгірген аң. 
Құйылып сорғаласа көктен жерге, 
Аспанда бұрқ-сарқ шығады шаң. 
 
Қасқырдың арланымен жағаласып, 

 
117 
Көтеріп таудан аса ала қашып. 
Шарықтап көк аспаннан тастағанда, 
Мертігіп өлді қасқыр қара басып. 
 
Көргенде мұны істеген тау қыранын, 
Өзі алып жей алмайтын таудың аңын. 
Жанына сол қыранның келіп қонды, 
Қарны ашып, қалы біткен бір құладын. 
 
Келді де сәлем берді қыран паңға, 
Сұрады бір сыралғы ерден сауға. 
Құрметтеп мейманына сарқып беріп, 
Қыран құс жолдас етіп жатты тауда. 
 
Ашықса қыран таудан аң қағады, 
Қырымнан қыбыр етсе аңғарады. 
Мәз болып батырының қимылына, 
Құладын қошеметтеп таң қалады. 
 
Құладын күннен күнге желігеді, 
Жемтіктің сүйектерін кеміреді. 
Сілкініп бірер айда қайта түлеп, 
Жылмиып, жұлындай боп семіреді. 
 
Қыс түсіп, боран соқты желді көрік, 
Қар басып қасауларды салды көміп. 
Бұйығып іншіл аңдар інге кіріп, 
Басқасы паналады жерге берік. 
 
Сұрапыл алай-түлей көз бермеді, 
Күн суып, ауа райы өзгермеді. 
Қабағын қыран құстың қырау басып, 
Жел қатты, жердегіні көз көрмеді. 
 
Екеуі көктің жүзін сайран етті, 
Ашықты, апта да өтті, айға жетті. 
Торығып томағасыз долы қыран, 
Қанды көз қарауытып ойға кетті. 
 
Құладын төмен ұшып, қыран үсте, 
Қырекең қиямпұрыс салды күшке. 
Бір қағып құладынды іліп алып, 
Сорғалап бір ойпаңдау жерге түсті. 
 
Құладын: «Қалдым, – деді – неден жазып?» 
«Барады, – деді қыран – жүрек сазып, 
Сен менің жемсауымды бір толтырсаң, 
Ол маған бір жетіге болмай ма азық?» 
 
Есжанға: «Сен болысқа ерме!» – дедім, 
Тоқтықта оған жолдас, ермек едің. 
Бір күні жемсауына түсіп кетіп, 

 
118 
Құладынша бейбағым, жүрме! – дедім. 
 
 
 
             * * * 
 
Азамат, мен бір ауру өлердей-ақ, 
Дертімді дәрменім жоқ бөлердей-ақ. 
Өмірім алдымдағы от секілді, 
Сізден су табылар ма сөнердей-ақ. 
Кемім жоқ кедейлікте кім айтса да, 
Тап берді тақыр жерге енердей-ақ. 
Қамданып қалың елден қарап жүрмін, 
Көп іздеп өзі жоқты төлердей-ақ. 
Көргендей көрмесем де болып тұрмын, 
Әділет көзі маған төнердей-ақ. 
Үстемдер үсті-басың арам деп жүр, 
Ағып өт арам су боп бөгелмей-ақ. 
Есімнен тандырып жүр ескісің деп, 
Ойлаймын жүргенмін деп неге өлмей-ақ. 
Айтамын аймағыңмен азамат деп, 
Тыға сал кетпен болса көмердей-ақ. 
 
Үй де жоқ, мал дегеннен адалым жоқ, 
Ат қойып, ешкімге айдар тағарым жоқ. 
Жалпы жұрт жеккен атты мен де жектім, 
Болар деп мұны қылмыс хабарым жоқ. 
Ешкімді сөз білдім деп сөккенім жоқ, 
Әуелден жаратылыс амалым жоқ. 
Қом түгіл қара қоң жоқ қозғалатын, 
Талпынып талып болдым, табарым жоқ. 
Басым бар байлап қойған бұзаудай-ақ, 
Есіктен аттап шығып барарым жоқ. 
Тілімнің жеткенінше тілегім сол, 
Мұңымды сенен басқа шағарым жоқ. 
 
                    * * * 
 
Па, шіркін қырда қызық осы бүгін, 
Жортар ма ек ақ өзектің орғыл құмын. 
Мұнартқан сары Тосынның аңын аулап, 
Құс салып, ит жүгірткен қайран күнім. 
Ақша қар, таң алдында жауған сонар, 
Қызығын ескертіп тұр өткен күннің. 
Жет те бас, желке қыңыр нағыз екен
Естір ме ед шаңқылдаған қыран үнін. 
Қажыған, қайрат кеткен қарияны, 
Жел сөзбен жұбатасың қайран тілім. 
 
                    * * * 
Ағайын, атқа міндің аһаласып, 
Біріңді бірің күндеп, табаласып. 

 
119 
Бақталас, шенқұмарлық шырқын бұзды-ау, 
Ерлерді ел бастайтын қара басып. 
Бұл күнде құрсақтының құрты қозды, 
Шіп-шикі шылқы майға араласып. 
Білмеймін іздейтіні кімнің ары, 
Қор болды-ау, құдай атып, құр адасып. 
Аңғалдар ала қамшы атанысты, 
Әуре боп, бір-бірімен жағаласып. 
Заманды өңкей заңқой бүлдірген шақ, 
Ар кетті адал, арам араласып. 
Ентігіп елу үйлік еліріп жүр, 
Қасқырдай қансоқтаға семіріп жүр. 
Төбеттер қызыл тұмсық болып әбден, 
Қаңқасын өлексенің кеміріп жүр. 
Адасып Алласынан молдекеңдер, 
Шарғысыз болды даулы сөзге шебер. 
Садақа, сараңдардан зекет өнбей, 
Түрі бар шап беретін шендесе егер. 
Қадірлеп ісі қалмай пенде сенер, 
Боп кетті барлығы да баққа құмар, 
Қалмады дейтін бір жан «Елдесе көр!» 
 
Түрмедегі бауырларға! 
 
Көп-көп сәлем Зейнолла мен Аспанға, 
Еш пайда жоқ ауыз сәлем достан да. 
Қалима көйлек көңілімді көрсеттім, 
Сүйсінсеңдер сөз емеурін қосқанға. 
Кеңшілікте кез келтір деп тілеймін, 
Өкіметке шарықтатар бостанға. 
Жалпы сәлем Қостанайда Қошқарға, 
Алаламай, Арғын, Қыпшақ достарға. 
Шерді шебер шешер деген нақыл бар, 
Сөз жазамын сол мақалды қостарға. 
Бөлінуге бөлек іс деп ырза бол, 
Барымыздан базар еткен жоспарға. 
 

 
Ел қайда? – деп аңсағандай болмаңыз, 
Тәрбиелі терең оймен толғаңыз. 
Әуелдегі Алла берген ақылмен, 
Жүдетпеске зейін, тәнді қорғаңыз. 
Қапаста деп қалам тартқан қайратсыз, 
Аз демейін алтын дарақ қордаңыз. 
Қошқардағы қажымастай Оспан мен, 
Әйдеркеден ақыл салған дорбамыз. 
 
Және сәлем, Үнембайдай ініме, 
Деп көңілге келген шығар тірі ме? 
Әлдеқандай қимассың хақ ағаңды, 
Көңілі көзсіз көп жаманның біріне. 
Өрге шыққан өңездерден үріктім, 
Хат жазды деп айтар қалсақ біліне. 

 
120 
Сөз айтамын сүйек болған баладай, 
Өлмеген соң ұқсайық деп тіріге. 
 
Жүдеді ел әттегене осыны ойлап, 
Төбеге дүрсілдетті тосын ойнақ. 
Халықта мал да азайып бара жатыр, 
Қайыстық қайран ерді қосып ойлап. 
Үйірге қосылыңдар үйден шығып, 
Шаттықтың шаңырақта тойын тойлап. 
Армансыз Арғын-Қыпшақ тілеп тұрмыз, 
Білгірлер білсе керек біліп, ойлап. 
Тегінде тіл шешпейтін түйін болса, 
Жүйріктер жұбатқы айтып бәрін жоймақ. 
 
Ел көріп: «Бәрекелді!» – дегендей-ақ, 
Қатулан, қайыспайтын емендей-ақ. 
Не пайда назырқаудан жанды мүжіп, 
Тік қара Мұса менен Шегендей-ақ. 
Келеді уайым күн кімге тумай, 
Жүректе шөгіп қалар шемендей-ақ. 
Байтұрсын, Ақтастардан артық кім бар? 
Еңбегі кетер ме екен еленбей-ақ. 
Бет бұрып бері келер белсенді жоқ, 
Жыласаң пәленше етем дегендей-ақ. 
Киіңдер кеңес тонын келісті деп, 
Уайым ойламаңдар олақтай-ақ. 
   
 
Абайды оқығанда 
 
Өмірде кез болған-ды талай ақын
Солардың бәрінен де Абай ақын. 
Білмедім не құдірет әр сөзінде, 
Жаныма бола қалды қалай жақын. 
 
Табармын сенен өткір сөзді қайдан, 
Ой жүйрік томаға көз құралайдан. 
Келтірмес сөз нақышын дәл өзіңдей, 
Басқа жан жаратушы бір құдайдан. 
 
Ағайын, жыр күтпеңдер енді менен, 
Өзімді жерде, Абайды көкте көрем, 
Талас жоқ шын ақынға өрен дарын, 
Өлеңге енді қайтып өкпелемен. 
 
 
 
Тасмешін  
(Дастан) 
Кел қолым, қалам ұстап бір іске алдан,  
Ғұмыр бар орта жасқа келіп қалған,  
Жас күнде өлең жазбақ оңай еді 

 
121 
Қисының табушы едік жоқты бардан.  
Бұл күнде өлең жазар уақыт емес,  
Шақ болды түк ағарып, тісті шалған,  
Артыңа тарих қылып бір саз шығар 
Соңғылар қалды десін өткен шалдан.  
Елуде өзгерген күн шерлендірді 
Күлімдеңдер қозғалды деп кәрі тарлан.  
 
Елу жас еске түсер айтсам ал деп,  
Көргендер жасқа қоспас бізді шал деп, 
Болдыру алыс емес, болып болдық  
Айтпаймын албырттық пен өлең бар деп.  
Жылы сөз, рахым көзбен қарамады,  
Шыққан ел қыстан аман бізді жан деп, 
Тентіреп Торғай елі тозып кетті 
Тыңдаңдар өлең емес ммұны зар деп.  
 
Жұт көрдім жеті жаста «қоян» деген, 
Адалды қыс емес-ті қоям деген.  
Қызарып қымыз ішіп ұйықтағанға 
Абайла аштық келді, оян деген.  
Білімін жаста болсамм сондағана  
Жан жоқты жақын кезде тоям деген.  
«Қоянда», «Мешіндей» боп мал қалмады, 
Ішетін үйде тамақ нәр қалмады, 
Жарлыға арлы болма деген мысал 
Аулауға ілік, тамыр қарбаңдады.  
Жан жалдап, терін сатып талай сабаз 
Тұқымын салу үшін мал қалмады.  
 
Торғайлық жұтағанмен Арқа есен боп, 
Жетексіз келгені-ақ жоқ қамданғаны,  
Торғайдан тері-терсек аламыс деп  
Күйлі елде кәсіпшіден жан ққалмады.  
Қаланы ол заманның мындай емес  
Ұлықтар саудагерге шамданбады.  
 
Саудагер келді әлі-ұрпақ малын алып, 
Ішер уын, мата, қаныт, шәй-бәрін алып, 
Толтырды Торғай елін тамақ пенен  
Құйрықпен жұтағанның жалын алып.  
Жегінді ат, арба менен келіп қалды,  
Ақыры бала жейтін нанын алып,  
Әкеліп бар керекті базар етті 
Жұрт тұрды қошеметпен қабыл алып 
Еркіндеп спекульянт жүрген заман  
Соңына түсер жан жоқ жарып алып. 
 
«Қоянды» ұзамай-ақ ұмытты жұрт  
Тәулікте мал тұқымын салып алып 
«Қоян» бір жүріп кеткен құйынға есеп  
Көзімен көргендерге бәрі де анық.  

 
122 
Қоянды көп сөз қылып жалықпайын, 
Айтуға жұрт табалмай тарықпайын  
Айтайын үш жыл аштық тас мешінді  
Деп тұрған еш нәрсеге жарытпайын.  
Көк майса көркі кеткен бұл нәубетті 
Баяндап тыңдағанға анықтайын.  
 
Елуде көрдік жылды мешіндеген  
Салмағы кейін жатты кесілмеген, 
Жаяулық, жалаңаштық, тамақ аштық 
Дауасыз темір түйін шешілмеген. 
Шалқыған шалқар көлде аққу едік, 
Кез келді бұл секілді кесір неден,  
Еркелеп әркім біткен дәулетіне  
Мешіннен бұрын жан жоқ өсірмеген  
Барлықты барымта алған бұл бір уақыт 
Талғамай табылғанды жесін деген.  
Қыс түсті октябрьдің он бесінде,  
Ендіңгі ол сұмдықты көрмесін де,  
Ашмалға ашық күн жоқ бәрі боран  
Көрмеген кейінгіге бермесін де.  
Алтайлық ақ сирақ жұт тегіс болды,  
Құдайым хан, қараңды тергесін бе. 
Тағдырлық іс шығар деп сабыр етті 
Саңлаулы санасы бар зердесінде.  
 
Мешіннің қысы өтіп жазын көрдік  
Көп малдың жұттан қалған азын көрдік  
Мал айдап май шайнаған бәрі де өтіп 
Кедейлік замананың сазын көрдік  
Мінерге ат ішерге ас жоқ неғыламын, 
Дегендер көбейіп тұр әзірге елдік. 
Кер кетіп, кең қарап, бара жатыр, 
Еш нәрсе көрінбей тұр әзір жөндік. 
 
Сауын жоқ жазға қарай қарын ашты,  
Сырдағы, қырдағы ілік бәрі қашты,  
Келмеді қаптап көше қалын елдер 
Деп: Торғай еш нәрсеге жармасты.  
Аштықтан ажарлы жән көре алмадық  
Бетіне қақ тұрмаған кәрі жасты, 
Бағар мал, барар жер жоқ қайтеміз деп,  
Үміт қып егін егіп, тұқым шашты. 
Сары ала ет, сары қымыз, қақ құйрық шәй 
Ұмытты бұрынғы ішкен мәлім ашты.  
Торғайдың торабына астық шықпай  
Жұттан жұт бетер болып тағы ұласты. 
 
Тамақ аш, бой жалаңаш жұрттың бәрі,  
Төгілді-ау кедейліктен ұлттың ары 
Жұт болса деті ағайын деген рас,  
Қинады пұлға шықпай қара тары.  

 
123 
Ішер ас талған астық табылмады, 
Не болсын ашаршылық мұнан әрі.  
Тауық жыл тас мешінге пара-пар болып 
Пішақ пен түгесілді қалған малы.  
 
Аштықтан жұрт жемеген шөп қалмады,  
Нәсілі адам болса тоқталмады 
Белгілі қадірі астың біреуіндей  
Жуамен атқұлақты көп қамдады. 
Халыққа бұл секілді жөндіге алмай, 
Мырзалар дәмді ас ішкен көп талғады,  
Табылды талай жерде – ақ жақсылардың 
Тарыны кебегімен жеп саланы 
 
Тапқанды талғатпады тамақ аштық,  
Кигізді тері шекпен жалаңаштық, 
Көрерін көрмей адам көрге кімес  
Көңілге болды заман жарамастық 
Қарындас қайырылыспайтын тұды нәубет, 
Ғарасат майданындай қарамастық,  
Ұлға ата, қызға ана қарамады 
Жалпақ жұт болғаннан соң заман аштық.  
Кешегі көркемшілік көл заманда, 
Тарыны шығарып едік жаман асқып, 
Тар күнде тары көжені тоқ тамақ деп 
Шара мен қасық алып қамаластық  
 
Бұрынғы қой, қозы жоқ маңыраған,  
Раушан күн олды мезгіл мамыраған,  
Алыстан құлағыңа ың-жың болып,  
Кешкілік  енесіне жамыраған.  
Атақты ауылдарда қара қалмай,  
Аңқиып ақ боз кедейліктің кемшілігі 
Адам жоқ мұны ойлап налымаған 
Бәрі деп кемшіліктің қояр еді ау  
Бұрыннан болса жоқ боп жарымаған. 
 
Шұрқырап жылқы қайда кіснеген  
Алланың кім ақылдас ісі менен  
Мінгелі ат орнына ая, таяқ,  
Талай ер тұлпар тұтып кісі деген.  
Тақымы ертұлпар тұтып кісі деген  
Тақымы тұғыр атқа  тимегенді  
Көндірді құдыреттің ісі деген  
Жаз мінер, жасаң жүріс жылжымалар  
Мешіннің кетті бәрі қысы менен  
Алшаңдар інген қайда ыңқылдаған , 
Аққудай ботасы үйде сұңқылдаған, 
Сәуірде дәуір дәурен көруші едік  
Мәні жоқ мезгіл болды дыңқылдаған  
Әр жерде түйе малдан көрінеді,  
Қолдары бірлі – жарым құр тұрмаған,  

 
124 
Торғайға қор жайғандай кездескен шақ  
Толықсып толы жан жоқ жыртылмаған.  
 
Өретін сиыр қайда таң мен азан,  
Дыбысы көрінетін ұрын мазаң,  
Мөңіреп бұзауына келгенінде  
Болды деп айыптауша едік азан-қазан.  
Ірімші, қаймақ, қатық сиырда екен,  
Шаршадың шалап таппай міне сазаң  
Бар болса екі-үш торпақ бай деп тұрмыс  
Бұрынғы мал демеген осы жазаң. 
 
Тап болды мешін деген қайдан заман  
Ешкімге тигенақ жоқ пайдаң заман,  
Көз тойған көңіл тоқтап келелі мал 
Ел айбыны елден дулет тайған заман.  
Артыңа бір қарамай кеткенің бе,  
Тұтаңдап, тұтындаған байдан заман,  
Көзіме өткен күндер елестейсің 
Саны жоқ сауық еткен сайран заман  
Түстей боп өңде көрген кеткенің бе, 
Қайрылмай қалыбыңа қайран заман 
 
Бір тосу дұшар қылған жаратқан хақ,  
Ұшқан кез торғайлықтың басынан бақ,  
Бұрынғы ақ құба өң, қызыл жүз жоқ,  
Арықтап ет таралған, бетінде қақ.  
Талайы тырсыйғанның тырысыпты,  
Алтайлық жайлауындай міңген қақтап,  
Сатылып арасыгнан қашып кетті  
Шеңгелдеп жүргендерден жемей сақтап  
Армансыз өткен күнге қалған шығар  
Ішкендер түшіркеніп асын баптап.  
Тас мешін жалғастырдың тауығыңды,  
Сыпырып сансыз қызық сауығымды.  
Тоңқиған атпақылдың сақасындай,  
Көркімен көрсетпедің ауылыңды.  
Аштықтан қырға, сырға тентіреттің,  
Ағайын неше дос, жар бауырымды,  
Азырақ әңгіме қып алданайын  
Мешіннен бұрынғы өткен дәуірімді.  
 
Дариға еткен байлық заманым-ай,  
Бір жылда қалдық көшпей қамалып-ай  
Отырды  жар жағалап, су сағалап 
Жайлауға шығатындар саналып-ай  
Көзіне сары қымыздай көрініп тұр.  
Шөпшеден ішпейтұғын шалабың-ай.  
Жер жыртып, балық аулап егін салу 
Жоқтыққа тауып тұрған амалың-ай  
Баршылық бұл заманда аштан өлмеу,  
Талпынған берсін Алла талабыңа-ай  

 
125 
 
Бос қалды жаз күйінде ел жайлаған жер, 
Желілеп түе, бие байлағант жер. 
Қой құдық, жылқы құдық,шайлық құдық, 
Біріне-бірін қоспай сайлаған жер. 
Дүниенің бейне жұмағы секілденіп, 
Мәжілісте ақын, шешен сейраған жер 
Қалың мал, қаптаған ел отыратын. 
Асу шөл болып қалдың айдамал жер. 
Жел соғып жай тұрғанға жабырқаймын. 
Жарасып жатушы еді жайлағанда ел. 
Мал айдап, шайын майлап, бие байлап, 
Қонады ақ үй тігіп қай заманда ел? 
 
Қызығын көрдік малдың ішіп-киіп. 
Матадан ет қышытпас дене сүйіп, 
Іш қолдан бәтес,фуляр іздеуші едік, 
Біз кидік сол кепиет басқа тиіп. 
Киімді жастар киді бәсекемен. 
Бірінен боламыз деп бірі биік.  
Нақақтан барымтаға мал кеткендей 
Тозып жүр тұтынбаған іші күйіп.  
Үй тікті он бес жастан сегіз қанат
Кеңейтіп ақ үй тікпек болған санат.  
Қырық кісі қымсылмастан отыратын 
Маайрап арасы ашық маңғаз манат 
Қызметіне боз баланы әәзірледі 
Қақпайтын қаршығадай кірпік, қанат.  
Барында барымтадай тұтанып қал,  
секілді өте шығар жегіп пар ат 
 
төседі үйге кілем жер көрінбей, 
тұратын иран бақтан кем көрінбей.  
Бір кезде жаппар ием толықсытты 
Жақсыға көп, жаман кем берілмей.  
Бәрін де бұл дуірдің көріп өтттік,  
Кейінгі кеткенің бе теңгерілмей.  
Қағыңды қатал жұтқа кез боп тұрсың,  
Түзелмес ұшық шығып емделінбей 
Дариға, шатырлаттық бие байлап  
Сарылы келүші еді түені айдап.  
Бие-бау, ірге-қоныс жайлау өріс,  
Күн қызбай қымыз ашып болғаннан соң 
Қонушы ек кең шұңқырды қойға ыңғайлап  
Көркейіп жөнелетін  көшін жайлап.  
Жеті күн отырғанда боқ болды деп.  
Үй жығып, буар еді жүкті тайлап,  
Алты айда ауыл үстін көң ете алмай.  
Қайғырдық, көңңілде тұр бәрі сайрап 
Көп пісіп, қымыз іштіік дәмі менен,  
Піспекті қара саба сәні менен.  
Жұлдырып  көмекейді май түсіріп 

 
126 
ішкендер ас мінекей пәлі деген  
қымызды май түспеген ішпеуші еді.  
Асқа деп бұл секілді зәру емен 
Көп ішіп шаған аяқ, боз ожаумен,  
Дұылдап жас ойнайтн кәрі менен 
Қарттар да үш-төрт аяқ тастаған соң  
Демейтін: ойнамаймын бәрі менен  
Өткенді сө қылыңыз білдіңіз бе.  
Қазағып тауып айтар білім ізде 
Шылбырдан алып аттан түсіруші ек 
Біріміз кез келгенде бірімізге  
«Мал әкел, қымыз сапыр, самаурын қой.  
Осыдан қазақ жоқ», - деп тірімізде.  
«Малды қой, әзір тамақ болар десе» -  
дейтін біз: «өлі өттіғой тіріні ізде»  
мәжілістен мәмілелі дүкен аштық,  
кешегі сауық-сайран күнімізде.  
Шақырған үлкенді аттан көтеріп ап.  
«Қош келдің, түс», - деуші едік інімізге 
Сайраны сайран дәурен өтіп кеткен 
Ал енді табылар ма, күніне ізде.  
 
 
Үйірге айғыр салдық қазанаттан ,  
Құмар боп түспеген ел қазанаттан 
Атақты арғымаққа әуес болдық 
Мінер деп еркек тұған азаматтан 
Тұғырға тұман салып болмайды екен 
Жайлады жалпы сұйық қазан аттан.  
Бойы биік жәні сұйық жүрдек түгіл  
Таба алмай көріп, тұрмыс азар аттан.  
Бұл күнде торыққаннан тоба қылдық  
Жаяуды жақсы деуші жаман аттан 
 
 
Шанаға екі ат жектік түсін парлап  
Көсемі шығушы еді топтан сарнап. 
Жыылқыны екі түрлі ұлтарна деп,  
Жоқ болса табушы едік түсін қамдап.  
Ысқырып делбе жайып қойған шақта , 
Жер қайып жөнелер еді құстай заулап  
Атшы алған ат Петербурдан Жауышовтай  
Алушы ек боз баладан көшір таңдап  
Түккі аты ақ бөкендей желсін дедік,  
Көшелі керіскендей келсін дедік 
Дәулеттік дәуірінде не қылмадық 
Айғырды сартылдайт деп менсінбедік  
Салт атпен шаруашылық қып біреу жүрсе  
Сүрткендеп малын көзге теңсінбедік 
Сұлы іліп Самарский бедеулерге  
Ауыр деп тар, бидай жемісінбедік.  
Көсемм ат кесін дедік қаршығадай 

 
127 
Ақа бел келісер ме шаршы ұнамай.  
Жалқау деп жалтақ болса жоғалтушы ек,  
Бір кісі көңңілімізге қалса ұнамай.  
Айтушы ек көсем түптеп құлынтайдан,  
Тұрарма ат міңгендер малсынамай 
Өткір көсем аттыңң қалыңң топтан 
Тайсалмай кіруші еді тарсынадай 
Асып екі ат, әбзелге ағайыннан  
Болмаса орынборлық Алшын, Адай  
 
Азайды айта берер жат кеңесім  
Тыңдаушы табарым жоқ, тап демесін,  
Жоқ күнді жоқтағанға таусылар ма,  
Ал неді қысқартаййын ат кеңесін 
 
 
Белдеуге белдеу байлап мінген едім,  
Кер торы керіскедей ат кемесін.  
Етіңе таңба болып жүрекке дақ  
Мөр болып сүйегіңе батты мешін 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
128 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАЙЖАН АҚЫН 
(1843-1918) 
 
Байжан ақын 1843 жылы Обаған маңында дүниге келіп, 1918 жылы Жалдама бойында 
өмірден  өткен.  Ескіше  хат  таныған,  сауатты  кісі  болған.  Ел  байжан  ақынды  молла  деп  те 
атайды. 17 – 18 жасында серілік құрып, Жалдама бойына келіп, осында бір жылдай болады. 
Қонақжай халық арасына сіңісіп кеткен Байжан осында қалып қояды. 
Байжан тумысынан дарын иесі, парасатты, мәдениетті ақын. Өкініштісі, көптеген жыр 
–  дастандары  сақталмаған.  Суырып  салма  ақын  болғанымен,  өлеңдерін  жазып  қалдырған. 
Оның «Кәрілік туралы», «Жолдастыққа мін», «Байжан» т.б. өлеңдері, сонымен қатар Нұржан 
Наушабайұлымен жазысқан хаттары ел арасында кең таралған. 
 
Кәрілік туралы 
 
Аш бөрідей жаланған, 
Күшімді алдың кәрілік. 
Меруерттей тізілген, 
Тісімді алдың кәрілік. 
Қызыл гүлдей құлпырған, 
Түсімді алдың кәрілік. 
Қалтыратып қолымды, 
Ісімді алдың кәрілік. 
Ұмыттырып атымды, 
Есімді алдың кәрілік. 
Екінді жоқ, ақшам бар
Бесінді алдың кәрілік. 
Омыртқамды иілтіп, 
Пішінді алдың кәрілік. 
Құдай қосқан жарымнан, 
Еншімді алдың кәрілік. 
Жолдас болдым сенімен, 
Құтылмайтын мәңгілік. 
Келсең жүзге жатарсың, 
Қатқан көндей бүрісіп. 
Сескенетін шамаң жоқ, 
Келсе де ажал көрініп. 
Тілемессің өзің де, 
Онан әрі тірілік. 
 
 
 
 

 
129 
Нұржан Наушабайұлының Байжанға хаты 
 
Бір ғазал орамалға еттім қасыл, 
Біреудің шын мүлкінде бар ма дақыл. 
Дабылға пәлен деген мәз боламыз, 
Ойламай істің жөнін әуел ақыр. 
Тұрымтай тышқан ілсе кімге берер, 
Бұл істі ойламаған мен бір ғапыл. 
Жақсыны жатқа жайма деген екен, 
Бұрынғы өткендерден қалған нақыл. 
 
Байжанның жауабы: 
 
Қолыңа қаламыңды ал кәрі тарлан, 
Ұят қой тай – құнаннан кейін қалған. 
Көңілім сенен жаным бөтен емес, 
Қайтем деп маған жан жоқ, ақыл салған. 
Тышқаның аңдып жүрген қолға түспей, 
Мысықтай көрінесің ызаланған. 
Тұрғанда жігіттік күн ойна да күл, 
Бір күні өте шығар дүние жалған. 
 
Байжанның Нақыпқа арнауы: 
 
Бақыты атамыздың қара қабан, 
Бақ қашты, бізге болды ақырзаман. 
Бабақай, Тұрлыбайдың заманында, 
Шалағайым берік, жүйрігім болды шабан. 
Асан мен Бөлтіріктің уақытында, 
Біраз күн болып жүрді мақсат тамам. 
Нақыпқа бақыт келіп қонғаннан соң, 
Ойлап ем болды ма деп елге панаң. 
Қырықмылтық алған атымды алып бер деп, 
Мен бардым, одырайып, толып қаным. 
Пара жеп, айтқан сөзім тыңдалмады, 
Қылса да қанша өтініш кәрі бабаң. 
Бақытты әркім алды, сатып пұлға, 
Адамға жалындырды-ау тұрмас құнға. 
Бақыты бұрынғының қыран бүркіт, 
Қонады биік тау мен биік шыңға. 
Бақыты ендігінің қара шыбын, 
Қонады ақша берсең пері – жынға. 
 
Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева
2014 -> 1. 3 Мұстафа Шоқайдың қызметі мен мұрасындағы Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы мәселесі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет