Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата22.12.2016
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 

 

 

 

80



2-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН  

ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ  

ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ 

 

2.1. Оқушыларды отбасы-некелік өмірге даярлаудың ‰лгісі  

мен технологиясы 

 

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттер  мен  зерттеу  нәтижелері 

көрсеткендей,  отбасы-некелік  өмірдің  негізгі  көрсеткіштері 

мынадай бағыттар бойынша айқындалады: 1) көзқарас; 2) білім; 

3) іс-әрекет ‰лгілері. 

1. Отбасы туралы көзқарастар: отбасы; неке; отбасы бюджеті; 

отбасындағы  тәрбиенің  болу  қажеттігін  т‰сіну;  отбасын  құ-

рудың  қажеттігі;  отбасының  әлеуметтік  мәні;  отбасы  м‰ше-

лерінің  құқығы;  некелесуге  дейінгі  қарым-қатынас  қажеттігі; 

ата-анаға  қамқорлық;  отбасында  балаларға  дұрыс  тәрбие  беру-

дің  қажеттігі;  отбасындағы  қыз  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі; 

отбасындағы  ұл  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі;  отбасы  м‰ше-

лерінің  қарым-қатынасының  орнықты  болуы;  отбасында  кезде-

сетін қиыншылықты шешу жолдары және т.б.; 

2.  Отбасы  туралы  білімдері  мен  т‰сініктері:  отбасы;  неке; 

отбасы  мен  некенің  тарихи  дамуы;  қазақ  халқындағы  отбасы 

мен  неке  құрудың  ерекшелігі;  отбасы  т‰рлерінің  жіктелуі; 

отбасы  қызметінің  ерекшеліктері;  отбасының  репродуктивтік 

қызметі;  отбасының  жыныстық  қызметі;  отбасының  тәрбиелік 

қызметі;  отбасының  экономикалық  қызметі;  отбасының 

реттеушілік қызметі; отбасының бос уақыт қызметі; отбасының 

фелицитологиялық қызметі; отбасы мен некенің әлеуметтік мәні 

туралы және т.б.; 

3.  Отбасындағы  іс-әрекет  ‰лгілері:  отбасы  м‰шелері  ара-

сындағы  өзара  құрмет  қарым-қатынасын  орнату;  әлеуметтік 

ортамен  тығыз  байланыста  болу;  көпшілік-бұқаралық  ақпарат-

тар  мен  хабарлар  жайында  мағлұматтар  алу;  әдебиет  пен  өнер 

саласынан  хабардар  болу;  табиғи  ортаны  к‰тіп-баптау;  отба-

сындағы  әкенің  жеке  басының  қадір-қасиеті;  отбасындағы  ана 

рөлінің  ерекшелігі;  отбасындағы  ата  мен  әженің  орны;  ата-ана 

мен  балалар  арасында  дұрыс  қарым-қатынас  орнату;  ана  мен 

қыз  бала  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту;  әке  мен  ұл 



 

81 


бала  арасындағы  байланысты  нығайту; ‰лкенді  сыйлау,  кішіге 

көмек көрсету; отбасында теріс іс-әрекеттерді болдырмау; салт-

дәст‰рімізді  сақтау;  әдет-ғұрпымызды  қадір  тұту;  тілімізді, 

дінімізді  қадірлеу;  еңбекс‰йгіштікке,  имандылыққа  баулу  және 

т.б.  

Кейінгі  жылдары  дәйектелген  жаңа  педагогикалық  теория-



ларды  басшылыққа  ала  отырып,  оқушылардың  әр  сыныптағы 

жеке  даралық  қалыптасу,  даму  ерекшеліктерін  ескере  келе, 

жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге  даярлы-

ғының  көрсеткіштері  ретінде  мыналар  алынды: 1) жоғары 

сынып оқушыларының отбасы туралы көзқарастары; 2) жоғары 

сынып оқушыларының отбасы туралы білімі; 3) жоғары сынып 

оқушыларының отбасындағы іс-әрекет ‰лгілері. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге  деген 

көзқарасы  ретінде  отбасы,  неке,  отбасы  бюджеті,  отбасындағы 

тәрбиенің  болу  қажеттігін  т‰сіну,  отбасын  құрудың  қажеттігі, 

отбасының әлеуметтік мәні, отбасы м‰шелерінің құқығы, неке-

лесуге  дейінгі  қарым-қатынас  қажеттігі,  ата-анаға  қамқорлық, 

отбасында  балаларға  дұрыс  тәрбие  берудің  қажеттігі,  отбасын-

дағы  қыз  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі,  отбасындағы  ұл  бала 

тәрбиесінің  ерекшелігі,  отбасы  м‰шелерінің  қарым-қатына-

сының  орнықты  болуы,  отбасында  кездесетін  қиыншылықты 

шешу жолдары және т.б. айқындалады. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмір  туралы 

білімі отбасы туралы т‰сінігімен, қазақ халқындағы отбасы мен 

неке  құрудың  ерекшеліктері  жөніндегі  пікірімен,  отбасының 

жіктелуіне  қатысты  ұғымдарымен,  отбасының  жыныстық,  эко-

номикалық,  реттеушілік,  бос  уақыт  қызметі  турасындағы 

ойларымен  және  отбасы  мен  некенің  әлеуметтік  мәні  жайлы 

көзңарасымен анықталады. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге 

дайындығының ерекше бір көрсеткіші — отбасындағы ‰лгілі іс-

әрекеттері,  яғни  отбасы  м‰шелері  арасындағы  өзара  құрмет 

қарым-қатынасын  орнату;  әлеуметтік  ортамен  тығыз  байла-

ныста  болу;  көпшілік-бұқаралық  ақпараттар  мен  хабарлар 

жайында  мағлұматтар  алу;  әдебиет  пен  өнер  саласынан  хабар-

дар болу; табиғи ортаны к‰тіп-баптау; отбасындағы әкенің жеке 

басының  қадір-қасиеті;  отбасындағы  ана  рөлінің  ерекшелігі; 

 

82

отбасындағы  ата  мен  әженің  орны;  ата-ана  мен  балалар  ара-



сында  дұрыс  қарым-қатынас  орнату;  ана  мен  қыз  бала  ара-

сындағы  қарым-қатынасты  нығайту;  әке  мен  ұл  бала  арасын-

дағы  байланысты  нығайту; ‰лкенді  сыйлау,  кішіге  көмек  көр-

сету;  отбасында  теріс  іс-әрекеттерді  болдырмау;  салт-дәст‰-

рімізді  сақтау;  әдет-ғұрпымызды  қадір  тұту;  тілімізді,  дінімізді 

қадірлеу; еңбекс‰йгіштікке, имандылыққа баулу және т.б. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге 

дайындығы дегеніміз олардың отбасы туралы көзқарастарының 

пайда болуы, отбасы туралы білімдерінің ж‰йеленуі және отба-

сындағы  ‰лгілі  іс-әрекеттерінің  қалыптасуы  болып  табылады. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге  деген 

көзқарасы,  білімі  және  іс-әрекеті  қоршаған  ортада:  отбасында, 

мектепте,  көшеде  және  басқалармен  арадағы  қарым-қатынаста 

көрініп, біліне бастайды. 

2-суретте  зерттеу  жоспарының  мазмұнында  жоғары  сынып 

оқушыларының бойындағы енді біліне бастаған отбасы-некелік 

өмірге  деген  қадір-қасиеттерді  одан  ары  дамытып,  ұштай  т‰су 

‰шін  оның  жеке  тұлғалық  бітім  болмысын,  отбасы-некелік 

өмірге  деген  жаңа  сапаларын  жетілдіру  мақсатында  “Жоғары 

сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  ‰лгісі” 

жасалынды. 

Модель  бойынша  отбасы-некелік  өмірге  дайындықтың 

мынандай кезеңдері қарастырылады: 1) мектепке дейінгі отбасы 

туралы  мәліметтер  алатын  орта — ата-ана,  тәрбиешілер, 

әлеуметтік  қауым; 2) мектептегі  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дық — теориялық, практикалық және факультативтік сабақтар; 

3)  сыныптан  тыс  отбасы-некелік  өмірге  дайындық  іс-шаралары 

— тәлім-тәрбиелік және әдеби-музыкалық кештер, апталықтар, 

зиялы  қауым  өкілдерімен  кездесулер,  дөңгелек  ‰стелдер, 

пікірталастар, тәрбие сағаттары;  

 

 

 



 

 

 

 

 

83 


 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың 



моделі 

ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК 

ӨМІРГЕ ДАЙЫНДЫҚ

 

Мектепке дейінгі 

мекемелер 

Ата-аналар

 

Ұстаздар 

Әлеуметтік қауым

 

М Е К Т Е П

 

Факультативтік сабақ

Теориялық 

сабақтар 

Практикалық 

сабақтар

 

Сыныптан тыс іс-шаралар

Тәлім-тәрбиелік кештер

Әдеби-музыкалық кештер 

Зиялы қауым өкілдерімен 

кездесулер

 

Пікірталас, дөңгелек ‰стелдер

Д а й ы н д ы қ  н ә т и ж е с і

ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК 

ӨМІР ТУРАЛЫ 

КӨЗҚАРАСЫ 

ОТБАСЫ-

НЕКЕЛІК ӨМІР 

ТУРАЛЫ БІЛІМІ 

ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК 

ӨМІРДЕГІ ІС-

ӘРЕКЕТ ‡ЛГІЛЕРІ

Ма

қа



л-

мә

телдер



, са

лт

-дәст



‰рле

р, 


на

қы

л 



сөздер

, ‰


лг

і-

өнеге



 көрсету

, ыры


м

 ету


тілек


те

ст

ік



 білд

іру


, бат

а 

беру



, нанымдар

сенімдер



 және

 т



Талдау


, жинақтау

,  


қоры

тындылау


пед


агогик

алық


 бақылау

, э


кспе

римент


,  

сұрақ


-жауап

, әңг


ім

е, 


іс

-қағазд


арды

  

талд



ау

 және


 т



Халықтық 

педагогика 

әдістері 

Педагоги-

калық 

әдістер 

 

84



4) жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайын-

даудың  педагогикалық  әдіс-тәсілдері:  талдау,  жинақтау,  қоры-

тындылау,  бақылау  және  эксперимент  ж‰ргізу,  сұрақ-жауап, 

әңгіме,  модельдеу,  т.б.  және  халықтық  педагогика  әдістері: 

мақал-мәтелдер,  салт-дәст‰рлер,  нақыл  сөздер, ‰лгі-өнеге  көр-

сету, ‰йрету, т‰сіндіру, ырым ету, тілектестік білдіру, бата беру, 

қолдау, ақыл-кеңес, т.с.с. 

Жеке  тұлғаның  рухани  қалыптасуында  орта  мектеп  шешуші 

рөл  атқарады.  Себебі,  мәдениетті  сақтаушы,  әрі  келер  ұрпаққа 

жеткізуші  басты  құрал — білім.  Білім  беру — қоғамның 

экономикалық тұрғыдан г‰лденіп, көркейуінің кепілі ғана емес, 

сонымен  қатар  оның  парасаттылық  негізін  қалайтын  рухани 

жасампаздықтың аса маңызды саласы. Сондықтан, жалпы білім 

беретін  орта  мектептің  т‰пкі  стратегиялық  нысанасы  м‰лде 

жаңаша  шығармашылық  тұрғыдағы,  танымдық  ой-өрісі  биік, 

д‰ниеге  этикалық,  эстетикалық  тұрғыдан  жоғары  жауапкер-

шілікпен  қарай  білетін  біліктілігі,  рухани  мәдениеті  жоғары 

адамдардың жаңа легін қалыптастыру идеясы болуға тиіс. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

даудың негізгі формаларын төмендегідей мәнде белгіледік: 

—  жоғары  сынып  оқушыларына  отбасында,  қоғамда  және 

халық тұрмысында қалыптасқан жарасымды қарым-қатынас пен 

мінез-құлық формаларының мәнін игерту; 

—  жоғары  сынып  оқушыларының  моральдық  сезімінің  от-

басылық-адамгершілік  сапасының  дамуына  ықпал  ететін  тәр-

тібін, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру; 

— халықтық және өркенниеттік, отбасылық құндылықтарды 

игерту негізінде жоғары сынып оқушыларын отбасылық жауап-

кершілікке баулу; 

—  мектептің  оқу-тәрбие  жұмысының  барлық  формаларын 

жоғары  сынып  оқушыларының  отбасылық  тәрбиесін  қоғам 

талаптарына негіздеп, әлеуметтендіруге бағыттау. 

Жоғарыда  нақтыланған  және  басқа  да  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар  қатарынан  орын  алатын  отбасылық  қадір-қасиет-

тер  мен  сапаларды  жоғары  сынып  оқушыларының  бойына 

дарыту  ‰шін,  ең  алдымен  олардың  отбасы  туралы  көзқа-

растарын қалыптастыру, екіншіден,  отбасы туралы т‰сініктерін 

қамтитын  білімдер  ж‰йесін  меңгерту, ‰шіншіден,  жоғары 



 

85 


сынып  оқушыларына  отбасында  кездесетін  жағымды  мінез-

құлық  дағдылары  мен  іс-әрекеттерді  ‰немі  сіңіріп  отыру 

қажеттігі  талап  етіледі.  Осыған  байланысты  жасалған  модель 

мазмұны  бойынша  ж‰ргізілген  тәрбиелік  жұмыстар  барысында 

жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындауды 

кешенді т‰рде алып қарастырдық. 

Жоғары  сынып  оқушыларын,  ең  алдымен  қарапайым 

отбасылық  қадір-қасиеттерге  ‰йретуден  бастап,  отбасы  өз 

Отанының  бір  бөлігі  екендігіне,  с‰йіспеншілікке,  мейірім-

ділікке,  қарапайымдылыққа,  адалдыққа,  әділдікке,  шындықты 

с‰юге,  міндетті  орындауға, ‰лкендерге  құрмет  көрсетуге, 

туыстық  қарым-қатынасты  бағалауға  баули  отырып,  жамандық 

пен  зұлымдыққа  қарсы  тұра  білуге,  немқұрайлықты  жоюға 

тәрбиелеу жолдарын қарастырдық. 

Ой  мен  дене  еңбегін  ажырата  білуге,  отбасылық  еңбектің 

мәнін  т‰сінуге,  мектепте  алған  білімін  өмірде  қолдануға,  отба-

сындағы  әрбір  іс-әрекетте  жауапкершілікті  сезіне  отырып, 

отбасында ынтымақты болуға тәрбиелеуге назар аударылды. 

Осы  міндеттерді  ж‰зеге  асыру  мақсатында  ғылыми-педа-

гогикалық  әдебиеттерді  сараптау  нәтижесінде  “Отбасы-некелік 

өмірге  дайындық”  атты  факультативтік  курстың  бағдарламасы 

жасалып,  оны  жоғары  сынып  оқушылары  арасында  ж‰ргізіп, 

жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  мен  қалыптастырудағы 

педагогикалық ықпалы эксперименттік жолмен тексерілді. 

“Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  атты  факультативтік 

курстың  бағдарламасына  кіретін  кіріспе  сабақта  осы  сабақтың 

мақсаты  мен  міндеттері  айқындалады. “Отбасы-некелік  өмірге 

дайындық” сабағының пән ретінде ж‰ргізілуінің басты мақсаты 

—  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлау. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлау — жеке  адамның 

азаматтық  қасиеттерін  қалыптастырудағы  жалпы  тәрбиенің  бір 

т‰рі  ретінде  көрсетіледі.  Отбасы-некелік  өмірге  дайындық 

қазіргі  таңдағы  өзекті  мәселе  болғандықтан  оның  к‰рделілігі 

мен жан-жақтылығы айқындалады.  

“Қоғамның  даму  тарихында  отбасы  мен  некенің  өрістеуі” 

атты  сабақта  отбасы  қоғамның  өзгермейтін,  әрі  жойылмайтын 

маңызды  бір  бөлігі  ретінде,  қазіргі  таңға  дейін  отбасы  өзінің 

маңызын жоймағандығы, қоғамның даму тарихында отбасы мен 

 

86

неке  т‰рлерінің  өрістеуі,  олардың  типологиясы  көрсетіледі. 



Сонымен  қатар,  қоғамның  отбасы  мен  некеге  деген  ықыласы 

қазір  қандай  маңызды  болса,  бұрын  да  дәл  сондай  маңызды 

болғандығы,  әр  уақытта  әлеуметтік  қоғамда  субъект  те,  объект 

те  болып,  өзінің  табиғатын  ‰немі  өзгертіп,  адамзат  тарихында 

қандай  да  әлеуметтік  міндеттерді  шешудің  әрқашанда  алдында 

болуғаны  айқындалады.  Отбасы  мемлекеттің  даму  жағдайында 

өз  табиғатының  белгілі  бір  тұрақтылығын  жоғалтып,  жаңа  бір 

сапаларды қабылдайтыны ашып көрсетіледі.  

“Қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері” 

атты сабақта, әрбір ұлтқа тән ерекшелік, оның отбасы мен неке 

қатынастарына  тигізетін  әсері  айқындалады.  Ұлттық  психоло-

гияға,  тұрмыс-тіршілікке,  әлеуметтік  жағдайларға  байланысты 

қазақ  халқының  отау  құру,  некелесу  ерекшеліктері,  отбасы-

некелік  өмірге  байланысты  салт-дәст‰рлері  атап  көрсетіледі. 

Қазақ  халқының  неке  құру  т‰рлері  мен  ‰йлену  тойын  ұйым-

дастыру тәртібі, оған байланысты қалыптасқан әдет-ғұрыптары, 

некелесу  жасына  назар  аударылады.  Некелесудің  негізгі  жолы 

—  құда  т‰су,  қазақ  арасында  жеті  атаға  толмай  қыз  алыспау 

себебі, неке мәселесі жөніндегі шариғат қағидасы, неке құрудың 

ең  көне  т‰рі — әмеңгерлік  және  балдыз  алу  әдеттері  талдап 

көрсетіледі. 

“Отбасы  т‰рлерінің  жіктелуі”  деп  аталатын  сабақ  ғылыми 

әдебиеттерде  жиі  кездесетін  отбасының  ең  негізгі  белгісіне 

қарап  топтарға  жіктелуімен  басталады.  Содан  соң,  отбасы 

құрамы  бойынша:  а)  нуклеарлық  (қарапайым)  отбасы;  б) 

к‰рделі отбасы; в) ‰лкен отбасы (10 және одан да көп м‰шелер 

болғанда); балалар саны бойынша: а) баласыз; б) бір балалы; в) 

аз  балалы  (екі-‰ш  бала);  г)  көпбалалы;  отбасының  стажы 

бойынша:  а)  жас  жұбайлар;  б)  жас  отбасы;  в)  баладан  ‰міткер 

отбасы; г) балалары бар жас отбасы; д) орта жастағы жұбайлар 

отбасы; е) егде жұбайлар жұбы; географиялық белгісі бойынша: 

а) қалалық; б) ауылдық; отбасындағы басшылық типі бойынша: 

а)  өктем  отбасы;  б)  эгалитарлық  отбасы;  отбасындағы  қарым-

қатынас  сапасы  және  жағдайы  бойынша:  а)  сәтті  отбасы;  б) 

әлеуметтік  сәтсіз  отбасы,  в)  ұстаздығы  әлсіз;  отбасындағы 

тұрмыс, отбасы тәртібі бойынша: а) шаруашылық-тұрмыс ұясы 

‰лгі  отбасы;  б)  балаорталық  отбасы;  в)  жұбайлық;  г)  пат-


 

87 


риархалдық; д) пікірталас клубы немесе спорттық топ типіндегі 

отбасы;  е)  отбасы — “жұбаныш”;  әлеуметтік  құрамның  бір-

келкілігі  бойынша:  а)  әлеуметтік-гомогендік  отбасы;  б)  әле-

уметтік-гетерогендік  отбасы;  отбасы  өмірінің  ерекше  жағдайы 

бойынша: а) дистанттық; б) студенттік болып бөлінуі жеке-жеке 

талдап көрсетіледі. 

“Отбасының  репродуктивті  және  жыныстық  қызметтері” 

атты  дәрісте  мынандай  мәселелер  сабақ  мазмұны  болып 

табылады:  отбасының  қоғамның  ұясы  ретінде  қандай  типтегі 

болмасын  көп  қызмет  атқаруы;  отбасы  қызметінің  әлеуметтік 

мәні;  отбасының  әлеуметтік  институт  ретінде  жиі  өзгеріске 

ұшырауы;  отбасының  жыныстық  қызметінде  махаббаттың 

алатын  орны;  жыныстық  махаббаттың  махаббаттың  басқа 

т‰рінен  ‰лкен  қарқындылығымен,  тартымды  өзгешелігімен, 

толық және жан-жақты өзаралығымен ерекшеленуі; махаббат — 

екі адамның өмірде бірге болуына, шынайы және берік некенің 

қалыптасуына  негіз  болатын  шынайы  сезім  екендігі  айқын-

далады. 


Сонымен  қатар,  жыныстық  қызмет  эволюциясы  ‰дерісінде 

отбасы  және  некенің  бірге  өзгеруі,  адамның  жыныс  сезімінің 

хайуаннан  айырмашылығы,  отбасындағы  жыныстық  қызметтің 

мағынасы,  адамның  жыныстық  қатынасын  әр  уақытта  био-

әлеуметтік  құбылыс  ретінде  қарастыру  мәселесі  жіктеліп, 

көрсетіледі.  

Сабақ  барысында  адамның  жеке  басының  жалпы  дамуының 

жыныстық  дамумен  байланыстылығы,  жыныстық  ж‰ріс-

тұрыстың жеке бастың жеке аясы ретінде адамның жалпы даму 

заңдарына  бағынуы,  адамның  жыныстық  қарым-қатынасы 

ж‰ріс-тұрысының  негізгі  белгілері,  қоғам  және  адам  өмірінде 

жыныстық  қатынастың  мәні  мен  маңыздылығы,  жыныстық 

қызметтің  отбасы  с‰йенетін  маңызды  біріктіргіш  негіз  ретінде 

көрінуі айқындалады. 

Отбасының  репродуктивтік  қызметі  отбасының  негізгі 

қызметінің  бірі  болып  табылады,  репродуктивтік  қызмет  адам 

табиғатындағы  әлеуметтік  және  отбасының  басқа  қызмет-

терімен  аз  байланыста  болады.  Оның  биологиялық  мәнге 

көбірек  жататындығы,  репродуктивтік  қызметтің  биологиялық 

және  әлеуметтік  мәнін  айқындаудағы  көптеген  мамандардың 

 

88

көзқарастары  репродуктивтік  қызметке  тән  дуализм  екендігі 



талданады. Репродуктивтік қызмет отбасының орнықтылығына, 

сондай-ақ  басқа  көп  себептерге:  отбасының  материалдық  және 

тұрғын  ‰й  жағдайына  және  т.б.  тікелей  тәуелді  болуы  мәселе 

ретінде қарастырылады.  

“Отбасының  тәрбиелік  және  экономикалық  қызметтері”  деп 

аталатын  сабақ  тәрбиелік  қызметтің  отбасы  эволюциясы 

тарихында  өзгерістерге  ұшырауын,  патриархалдық  отбасында 

бала тәрбиесімен анасы айналысса, балаорталық отбасында бұл 

‰рдіске  ата-ананың  екеуінің  де  қатысатынын  көрсетумен 

басталады.  Біздің  қоғамда  жеке  адамның  тәрбие  жұмысына 

мақсатты  ықпал  жасайтын  нысан  ретінде  қарастырылуы,  тәр-

биенің өзіндік тепе-теңдік сақтауды қажет ететін іштей қарама-

қайшы  ‰рдіс  екені,  тәрбие  әлеуметтік  өмірді  реттеуші  ретінде 

қоғам  алдында,  жақындары  алдында  белгілі  жауапкершілікті 

сезінетін  азат  жеке  адамды  тәрбиелеуге  тиіс  ‰рдіс  екендігі 

т‰сіндіріледі.  

Бұл  сабақта  құлықтылықтың  отбасының  тәрбиелік  қызме-

тінде  атқаратын  рөлі,  құлықтық  проблемалар  туралы  қарама 

қайшы  т‰сініктер,  отбасының  тәрбиелік  қызметінің  бірнеше 

аспектілері:  а)  баланың  жеке  басының  қалыптасуы,  оның 

қабілеттерінің  дамуы,  бірінші  әлеуметтік  бақылауды  ж‰зеге 

асыруы,  құлықтылық  және  әсемдік,  рухани  құндылықтарға, 

еңбекке  көңіл  бөлуі,  денсаулықты  нығайту  және  денені 

жетілдіру;  б)  отбасы  ұғымының  оның  әрбір  м‰шесіне  барлық 

уақытта  тәрбиелік  ықпалын  жасау;  в)  балалардың  ата-анаға 

тәрбиелік ықпалы сабақтың негізгі мазмұны болып саналады. 

Сонымен  қатар,  сабақта  отбасының  балаларға  тәрбиелік 

әсерінің  басты  ерекшелігі — тұрақтылығы,  отбасындағы  тәр-

биенің  ата-ана  мен  балалардың  өзара  махаббатына  байланыс-

тылығы,  оның  отбасынан  тыс  тәрбиеден  айырмашылығы — 

көбінесе оның сезімдік сипаты бар екендігіне көз жеткізіледі.  

Отбасының  тәрбиелік  қызметі — бұл  отбасының  маңызды 

әлеуметтік  қызметтерінің  бірі  екендігі,  жеке  басты  әлеумет-

тендіруде,  оны  белгілі  әлеуметтік  қоғамда  өмір  с‰руге  дайын-

дауда, қабілеттерін дамытуда, баланың болашақ отбасы туралы 

мұратын қалыптастыруда белсенді фактор екендігі көрсетіледі.  



 

89 


Отбасының  экономикалық  қызметі  немесе  шаруашылық-

тұтынушылық қызметі заңдастырылған тарихи кезеңде отбасын 

қоғамның  ұясы  ретінде  қарастыру  көзделеді.  Сонымен  қатар, 

сабақта  экономикалық  немесе  шаруашылық-тұрмыстық  қыз-

меттің  патриархалдық  отбасына  зор  әсер  ететіндігі  айтылады. 

Сабақта  отбасының  экономикалық  қызметіне  байланысты  от-

басылық  қарым-қатынастың  әрт‰рлі  аспектілері: ‰й  шаруашы-

лығын  ж‰ргізу,  отбасын  басқару,  отбасы  қаражатын  орнына 

келтіру,  отбасылық  шаруашылық  және  қосалқы  шаруашы-

лықтың дамуы ашып көрсетіледі.  

Сабақтағы өзекті мәселенің бірі — экономикалық қызметтің 

әлеуметтендіру  рөлі.  Бұл  тақырып  бойынша  мына  мәселелер 

қаралады: экономикалық қызметтің отбасылық ұжымның өзара 

қатынасына  әсері,  отбасында  ‰й  міндеттерін  жұбайлардың, 

‰лкендердің  және  жастардың  арасында  әділ  бөлінуі.  Отбасы 

билігі  құрылымының  баланың  әлеуметтенуіне  және  отбасы 

ішіндегі  қарым-қатынасқа  әсері,  б‰гінгі  к‰нгі  отбасындағы  әке 

мен  ананың  беделі  қарастырылады.  Сабақ  соңында  ‰й  ша-

руашылығын басқару теңдігіне әрбір отбасы м‰шесінің ұмтылу 

қажеттігі және жұбайлардың теңдігі көрсетіледі. 

“Отбасының  реттеушілік  және  бос  уақыт  қызметтері”  атты 

сабақта  мынадай  мәселелер  қарастырылады:  реттеушілік  қыз-

меттің  отбасы  м‰шелерінің  арасындағы  қарым-қатынасты 

реттеуі  және  отбасындағы  басшылық  типін  анықтауы.  Қазіргі 

отбасындағы  реттеуші  қызмет — моральдық  ереженің,  отбасы 

м‰шелерінің  жеке  басы  беделінің  және  ата-ананың  балалары 

алдындағы беделінің ж‰зеге асырылуы талдап көрсетіледі. 

Сабақтағы негізгі мәселенің бірі — жұбайлардың әлеуметтік 

рөлінің  заңды  анықтамалары.  Бұл  сабақта  мына  мәселелер 

қарастырылады:  қазіргі  отбасының  басшылық  типі;  дәст‰р 

бойынша отбасының басшылық рөлін еркектің атқаруы, бірақ іс 

ж‰зінде  бұл  міндетті  әйелдің  орындауы;  әйелдің  өндіріске 

қатысуына  байланысты  м‰мкіндіктері  мен  құқықтары;  отба-

сында  к‰йеудің  немесе  әйелдің  басшылығының  айқын  анық-

талмауы;  жұбайлардың  отбасындағы  басшылық  аясын  өзара 

бөлісуі, бұл міндеттің екеуіне ортақтығы. Отбасының бос уақыт 

қызметі — факультативтік  курстағы  сабақтардың  бірі.  Бұл 

сабақта  эволюция  ‰рдісінде  бос  уақыт  қызметінің  ескі  бел-

 

90

гілерін  жоғалтып  және  жаңаларының  пайда  болуы;  отбасының 



бос  уақытты  және  демалысты  ұйымдастыру  қызметі  т‰сін-

діріледі.  Бос  уақыт — маңызды  әлеуметтік  құндылықтың  бірі. 

Бос  уақыт  қызметінің  тармақтары:  а)  жыл  сайынғы  демалысты 

өткізу;  б)  қала  сыртына,  саяхатқа  және  жорыққа  шығу;  в)  ата-

ана  мен  туысқандарға  бару;  г)  достармен,  жақындармен,  та-

ныстармен кездесу; д) мейрамханаға, дәмханаға бару; е) театрға, 

кинотеатрға,  сауық  залына  бару;  ж)  спортпен  айналысу;  з) 

мерекелерді ұйымдастыру және өткізу мәселелері айқындалады. 

Сонымен  қатар,  отбасылық  бос  уақыт  ‰й  еңбегімен  бірге 

отбасын  топтастыру  құралы  ретінде,  тәрбиелік  міндеттерді 

орындаудағы, отбасындағы қарым-қатынастарды реттеудегі ма-

ңызы, отбасылық бос уақыттың отбасы м‰шелерінің қажеттігін 

іске асыруға м‰мкіндік беретіні мәселелері қарастырылады. 

Теориялық  мәселелерді  талдайтын  сабақтың  бірі — от-

басының фелицитологиялық қызметінің ерекшелігі. Бұл сабақта 

отбасы  бәрінен  де  мемлекеттің  туындысы  ретінде  қарасты-

рылды,  сондықтан  құрылымы  және  қызметі  бойынша  оны 

жалғастырады.  Сабақта  прагмативтік  бейімделу  болады. “Ба-

қыт”  және  “отбасы”  ұғымдары,  отбасындағы  махаббатқа  негіз-

делген гедонизм ұғымы, отбасын құрудың негізі — “махаббат” 

және “бақыт” ұғымдары ашып көрсетіледі. 

Отбасы  деген  не,  неліктен  ол  адамға  соншалықты  қажет  де-

ген  сұраққа  жауап  алынады.  Отбасындағы  бақыттың  табиғаты, 

бақытты отбасының феномені — адам табиғатының дуализміне 

негізделген: қатынасқа ұмтылу, әлеуметке көңіл бөлу, өзімен-өзі 

болу,  жалғыздықтан  құтылу,  өзін-өзі  іске  асыруға  ұмтылу, 

өзінің “менін” қорғап қалу сияқты мәселелер ашып көрсетіледі. 

Бақытты  отбасы  осы  қажеттіліктерді  қанағаттандыра  алатын 

отбасы болып табылады. 

Сондай-ақ,  некеге  тұруға  дайындалып  ж‰рген  көп  жастар 

отбасына  бақытты  болатын  жер  деп  қарауы  керек.  Отбасын 

құруға  т‰рткі  болатын  себептер,  жастардың  отбасы  бақыты  ту-

ралы көзқарастары әңгіме болады.  

Бағдарламаның “Отбасы-некелік өмірге дайындық бағыттар” 

деп  аталатын  бөлімінде  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-

некелік  өмірге  даярлаудың  негізгі  бағыт-бағдарына  талдау 

жасалынады.  Отбасы-некелік  өмірге  даярлау — жалпы  мемле-


 

91 


кеттік  маңызы  бар  мәселе.  Жастардың  отбасы-некелік  тәрбиесі 

мен  қалыптасуына  отбасының,  қоршаған  ортаның  ықпалы 

ерекше  екендігін,  отбасы-некелік  тәрбиені  дұрыс  ж‰ргізудің 

қажеттілігін эксперимент нәтижесі көрсетті.  

Факультативтік  курстың  бұл  сабағы — ғылыми-педа-

гогикалық әдебиеттер мен зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, 

Отбасы-некелік  өмірдің  негізгі  бағыттары  деп  аталады. 

Мұндағы  бірінші  мәселе,  отбасы  туралы  көзқарастар:  отбасы; 

неке;  отбасы  бюджеті;  отбасындағы  тәрбиенің  болу  қажеттігін 

т‰сіну; отбасын құрудың қажеттігі; отбасының әлеуметтік мәні; 

отбасы м‰шелерінің құқығы; некелесуге дейінгі қарым-қатынас 

қажеттігі;  ата-анаға  қамқорлық;  отбасында  балаларға  дұрыс 

тәрбие  берудің  қажеттігі;  отбасындағы  қыз  бала  тәрбиесінің 

ерекшелігі; отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшелігі; отбасы 

м‰шелерінің  қарым-қатынасының  орнықты  болуы;  отбасында 

кездесетін  қиыншылықты  шешу  жолдары  және  т.б.  мәселелер 

айқындалады.  Екінші  мәселе,  отбасы  туралы  білім:  отбасы  мен 

неке туралы т‰сініктер; отбасы мен некенің тарихи дамуы; қазақ 

халқындағы  отбасы  мен  неке  құрудың  ерекшелігі;  отбасы 

т‰рлерінің  жіктелуі  туралы  ұғым;  отбасы  қызметінің  ерек-

шеліктері;  отбасының  репродуктивтік,  жыныстық,  тәрбиелік, 

экономикалық,  реттеушілік,  бос  уақыт,  фелицитологиялық 

қызметтері  туралы  т‰сініктер;  отбасы  мен  некенің  әлеуметтік 

мәні туралы ұғым және т.б. мәселелер ашып көрсетіледі.  

‡шінші  мәселе  отбасындағы  іс-әрекет  ‰лгілері  болып 

табылады. Мұнда — отбасы м‰шелері арасындағы өзара құрмет 

қарым-қатынасын  орнату;  әлеуметтік  ортамен  тығыз  байла-

ныста  болу;  көпшілік-бұқаралық  ақпараттар  мен  хабарлар 

жайында  мағлұматтар  алу;  әдебиет  пен  өнер  саласынан 

хабардар болу; табиғи ортаны к‰тіп-баптау; отбасындағы әкенің 

жеке  басының  қадір-қасиеті;  отбасындағы  ана  рөлінің 

ерекшелігі;  отбасындағы  ата  мен  әженің  орны;  ата-ана  мен 

балалар  арасында  дұрыс  қарым-қатынас  орнату;  ана  мен  қыз 

бала  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту;  әке  мен  ұл  бала 

арасындағы байланысты нығайту; ‰лкенді сыйлау, кішіге көмек 

көрсету;  отбасында  теріс  іс-әрекеттерді  болдырмау;  салт-

дәст‰рімізді  сақтау;  әдет-ғұрпымызды  қадір  тұту;  тілімізді, 

дінімізді  қадірлеу;  еңбекс‰йгіштікке,  имандылыққа  баулу  және 

т.б. мәселелер көрсетіледі. 

 

92



Факультативтік  курстағы  негізгі  мәселелердің  бірі  отба-

сылық  бюджетті  дұрыс  шешу  жолдарын  қарастыру  болып 

табылады.  Бұл  сабақта  отбасылық  бюджет  туралы  т‰сінік  тал-

қыланады.  Отбасы  табысының  негізгі  көздері:  жалақы,  жәр-

демақы,  жеке  меншік  жерлерден  т‰сетін  табыстар,  саудадан 

т‰сетін  кірістер.  Отбасы  қаржысын  жарату:  азық-т‰лік  сатып 

алу,  пәтер  ақысын  төлеу,  көлік  және  шаруашылық  шығындар, 

оқу,  мәдени  қор,  ересектер  мен  балалардың  к‰нделікті  жұм-

сайтын қаржылары, емделу мен демалуға кететін қаражат, киім-

кешекке, ‰й жиһаздары мен жеке меншік автокөлік сатып алуға 

және  т.б.  жұмсалатын  қаржылар.  Табыс  пен  шығыстың  арақа-

тынасы айқындалады. 

Сонымен  қатар,  отбасы  қаржысы,  оларды  реттеп  жұмсау — 

ұқыптылыққа  тәрбиелеу  негізі,  қазіргі  таңдағы  сәндер  мен 

қажеттіліктерді  шама-шарқына  қарай  қанағаттандыра  білу, 

материалдық және рухани мұқтаждықты дұрыс пайдалану және 

ажырата білу керектігі сөз болады. 

Қаражат  мәселесі  бойынша — оларды  заттардың  бағасымен 

таныстыру,  отбасы  қаржысының  жұмсалуына  қатыстырып 

отыру,  еңбектің  құнын  бағалай  білу,  отбасы  бюджетінің 

жұмсалуын бақылап, оларды жоспарлап, есепке алып отырудың 

қажеттілігі,  экономикалық  ‰немділікке  қалыптастыру  жолдары 

шешіледі. 

Отбасы м‰шелерінің отбасында атқаратын қызметін ‰лестіру 

—  курстағы  өзекті  тәрбиелік  мәселе.  Бұл  сабақта  отбасындағы 

әкенің  атқаратын  қызметі:  әке — отбасы  басшысы,  отбасын 

материалдық  қамтамасыз  етуші,  отбасы  тірегі,  отбасының 

қорғаны,  ер  балалардың  ‰лгісі,  отбасының  қалған  м‰шелерінің 

қамқоршысы;  отбасындағы  ананың  атқаратын  қызметі:  ана — 

отбасындағы ең мейірімді жан, балалардың к‰тушісі, отбасының 

ұйытқысы, діңгегі, отбасының материалдық жағдайын реттеуші, 

отбасында қолайлы ауа райын орнатушы; отбасында ұл баланың 

атқаратын  қызметі:  ұл  бала — әкенің  көмекшісі,  ананың 

жәрдемшісі,  қыз  баланың  қорғанышы,  кішінің  қамқоршысы, 

‰лкеннің  с‰йеніші  екендігі;  отбасында  қыз  баланың  атқаратын 

қызметі: қыз бала — ананың қолқанаты, әкенің мақтанышы, ұл 

баланың  қамқоршысы,  отбасының  жанашыры  екендігі  айқын-

далады. 


 

93 


Факультативтік курстағы негізгі мәселенің бірі — отбасында 

әке  мен  ананың  рөлін  айқындау.  Әке — отбасындағы  тәрбиені 

реттеуші,  отбасын  материалдық  қамтамасыз  етуші,  отбасы 

м‰шелерінің рухани к‰ш-жігері, әкенің жеке басына қойылатын 

талаптар,  ана — мейірімділіктің  көзі,  ананың  жеке  басына 

қойылатын  талаптар,  ана  махаббатының  тәрбиелік  мәні  және 

тәрбиенің т‰пқазығы ата-ана өнегесі екендігі қамтылады. 

“Отбасындағы  құқықтық  қатынастарды  меңгерудің  қажет-

тілігі”  атты  тақырыптағы  сабақ — отбасы-некелік  өмірге 

дайындаудың  бір  жолы.  Мұнда  ата-аналар  мен  балалардың 

құқықтары  мен  міндеттерінің  пайда  болу  негіздері,  ата-

аналардың  құқықтары  мен  міндеттері,  отбасындағы  ата-ана 

құқықтарының  теңдігі,  бала  тәрбиесіне  ата-ананың  бірдей 

жауапкершілігі,  кәмелеттік  жасқа  дейінгі  балалардың  әрбір  іс-

әрекетіне ата-ананың тікелей жауапты болуы, балаларын дұрыс 

оқытып-тәрбиелеу ата-ананың борышы екендігі қарастырылады. 

Сонымен қатар, балалардың ата-ана алдындағы міндеттері: ата-

ананың  айтқанын  тыңдау,  әрі  сыйлау,  олардың  әрбір  шешіміне 

құрметпен  қарау,  еңбекке  жарамсыз  және  қартайған  ата-

аналарын  к‰тіп,  оларға  қамқорлық  жасап  отырудағы  міндет-

борыштары және т.б. іс-әрекеттер мәні көрсетіледі. 

Курстағы келесі сабақ “Отбасылық қатынастардың орнықты 

болуы  және  ондағы  кездесетін  қиыншылықтарды  шешу  жол-

дары”  деп  аталады.  Бұл  сабақта  отбасылық  қарым-қатынасты 

дұрыс орнатудағы отбасы м‰шелерінің көзқарастарының маңыз-

дылығы,  отбасы  м‰шелерінің  білімі  мен  іс-әрекет  ‰лгілері — 

ондағы  кездесетін  қиыншылықтарды  шешудің  құралы,  отба-

сындағы  ата-ана  өнегесі  дұрыс  қарым-қатынас  кепілі  екендігі, 

балаларға  ж‰йелі  берілген  тәрбиенің  отбасылық  қарым-

қатынастың  орнықты  болуына  тигізетін  әсері,  отбасы  м‰ше-

лерінің  бойындағы  адамгершілік  қасиеттер — отбасылық 

қиыншылықты болдырмаудың бірден-бір негізі екендігі айқын-

далады. 

Курстағы  ерекше  тақырып  “Отбасындағы  қыз  бала 

тәрбиесінің ерекшелігі” деп аталады. Отбасындағы қыз баланың 

рөлі, әйелдік нәзіктік туралы т‰сінік, қыз баланың анатомиялық, 

физиологиялық,  психологиялық  ерекшелігі,  қыз  баланың  жы-

ныстық  ерекшелігіне  байланысты  ж‰ргізілетін  тәрбиенің  ма-

 

94

ңызы,  әрбір  қыз  баланың  қарама-қарсы  жыныс  өкіліне  тән 



ерекшеліктер мен заңдылықтарды білуі және дұрыс т‰сінуі, қыз 

бала тәрбиесіндегі медициналық тазалықтың мәні, қызға қырық 

‰йден  тыюдың  тәрбиелік  маңызы,  қазақ  халқындағы  қыз  бала 

тәрбиесіне  ерекше  мән  берудің  себептері  көрсетіледі.  Қыздың 

болашақ  ана,  жар,  тәрбиеші  ретіндегі  атқаратын  міндеттері 

айқындалады. 

Курстағы  маңызды  тақырып  “Отбасындағы  ұл  бала  тәр-

биесінің ерекшелігі" болып табылады. Отбасындағы ұл баланың 

рөлі, ұл баланың анатомиялық, физиологиялық, психологиялық 

жыныстық  ерекшелігіне  байланысты  ж‰ргізілетін  тәрбиенің 

маңызы,  әрбір  ұл  баланың  қарама-қарсы  жыныс  өкіліне  тән 

ерекшеліктер  мен  заңдылықтарды  білуі  және  дұрыс  т‰сінуі,  ұл 

бала тәрбиесінде ұрық тазалығының мәні, мақал-мәтелдердің ұл 

бала  тәрбиесіндегі  маңызы,  ұлттық,  елжандылық  тәрбиенің 

маңызы, қазақ халқында ұл бала тәрбиесіне ерекше мән берудің 

себептері  қарастырылады.  Ер  азаматың  болашақ  жауынгер, 

елдің,  жердің  қорғаушысы,  отағасы,  тәрбиеші  ретіндегі  атқа-

ратын міндеттері ашып көрсетіледі. 

Факультативтік курстағы маңызды мәселенің бірі — отбасы-

некелік  өмір  құрудың  негізгі  шарттарын  анықтау.  Мұнда 

отбасы-некелік  өмірге  дайындықты  дұрыс  ж‰ргізу,  отбасы-

некелік өмір құрудағы басты мақсат — ұрпақ жалғастыру, отба-

сы-некелік  өмірге  дейінгі  қарым-қатынас  мәдениеті,  көзқарас-

тары, ол жөніндегі білімнің маңызы, қарым-қатынас ‰лгілерінің 

мәні,  некелесуге  әлеуметтік  дайындықтың  қажеттігі  айқын-

далады. Отбасын құру ‰шін жалпыға бірдей міндетті т‰рде білім 

алу,  белгілі  бір  мамандықты  меңгеру,  еңбектену  әрекеттері, 

азаматтық  қасиеттерді  қалыптастыру,  қоғамда  өмір  с‰руге 

бейімделу — отбасы-некелік өмір ‰шін қажетті шарттар екендігі 

анықталады. 

Сонымен  қатар,  отбасы-некелік  өмірдегі  жұбайлардың  құ-

қықтарын айқындауда некелесу құру жасы, отбасы-некелік өмір 

құрудағы  екі  жақтың  бірдей  келісімі,  отбасы-некелік  өмір 

құруға  м‰мкіндік  бермейтін  кедергілер,  қоғам  алдындағы 

жауапкершілігі,  отбасының  қоғамда  алатын  орны  мен  атқаруға 

тиісті  міндеттері,  ерлі-зайыптылардың  отбасының  әрт‰рлі 

қызметін  атқарудағы  жауапкершіліктері  мен  бала  тәрбиесінің 


 

95 


әке  мен  анаға  ортақтығы — отбасы-некелік  өмірдегі  маңызды 

элементтер болып табылады.  

Ал, отбасының психологиялық жағдайы және бұзылу себеп-

терінің т‰рлерін анықтау сабағында жұбайлардың д‰ниетанымы 

мен  мақсат-м‰дделерінің  бір  болуы — олардың  бойындағы 

адамгершілік  қасиетті  дамыту  бақытты  отбасы  болуының 

шарты  екендігі,  жұбайлардың  темперамент  ерекшеліктері  мен 

мінез-құлықтарының  ‰йлесім  табуы,  мінездегі  ұнамсыз 

көріністердің (ашу-ыза, к‰мәншілдік, қызғаншақтық, т.б.) пайда 

болу  себептері  және  оларды  жеңудің  амал-тәсілдері,  отбасын-

дағы  ұрыс-керіс,  дау-дамай  жағдайларының  пайда  болу  себеп-

тері және оларды жеңе білу жолдары, отбасындағы т‰рлі қарым-

қатынастарға  байланысты  жағымды  психологиялық  жағдай 

орната  білу  жолдарын  меңгерту  қажеттігі  көрсетіледі.  Отба-

сының  ажырасу  себептерінің  негізі  ретінде  жұбайлардың  бір-

бірімен  с‰йіп  қосылмауы,  отбасындағы  баласыздық,  маск‰нем-

дікке  салыну,  жалқаулық  пен  жұмыссыздық,  отбасының 

билігіне таласу, есеппен ‰йлену, басқа дінде болу, жұбайлардың 

әлеуметтік  жағдайларының,  білім  дәрежесінің  әрт‰рлі  болуы 

және т.б. екендігі анықталады. 

“Махаббат — отбасы-некелік  өмір  беріктігің  негізі”  атты 

сабақта махаббат — адамның қасиетті сезімі, махаббат сезімінің 

табиғи  және  әлеуметтік  сипаты,  с‰йе  білу — адамдардың  бір-

біріне  қамқорлығы  мен  шынайы  берілгендігін  көрсететін 

қажеттілік,  қоғам  мен  адамның  жеке  басының  даму  ‰рдісінде 

махаббаттың  пайда  болуы  мен  өрістеуі,  ғылым  мен  мәдениет 

қайраткерлерінің  махаббат  жайындағы  пікірлері  баяндалады. 

Сонымен  қатар,  алғашқы  махаббат,  жоғары  сынып  оқушылары 

сезімдерінің  ерекшеліктері,  махаббат  пен  достық  арасындағы 

өзара  байланыс,  ғашықтар  арасындағы  қарым-қатынас  мәде-

ниеті,  шынайы  махаббатты  адамға  жат,  теріс  іс-әрекеттерден 

ажырата  білу,  ғашықтар  арасындағы  әдептілік,  сыпайылық  пен 

қамқорлық,  адамның  өз  сезімін  билеп,  оны  бағалай  білуі, 

ғашықтықтың  некедегі  адамгершілік  тірек  екендігі,  ғашық-

тықтың  отбасы  мен  балаларға,  с‰йген  адамына  деген  ізгілік 

қасиеттері  мен  сезімдерінің  көріністері,  жыныстық  қатынаста 

махаббатың алатын орны, халық ауыз әдебиетіндегі махаббатты 

дәріптейтін лироэпостық жырлардың маңызы сипатталады. 

 

96

Бағдарлама  бойынша  ж‰ргізілген  сабақтарда  психологиялық 



тесттер,  проблемалық  ситуацияны  шешу,  тренинг  және  рөлдік 

ойындар, театр элементтері, анкеталық сұрақтар пайдаланылды. 

Біздің  қоғамымыздың  маңызды  проблемаларының  бірі — 

отбасы  тұрақтылығын,  отбасылық  қатынасты  нығайту,  отбасы-

некелік  өмірге  жастарды  даярлауды  жетілдіру.  Некеге  және 

отбасына  қатысты  рухани  өмірдің  жұтаңдығы,  ұлттық  дәст‰рді 

естен шығару осал некенің пайда болуына әкеліп соғады. 

Қазіргі  уақытта  талқыланып  жатқан  оқушыларды  отбасы 

өміріне  даярлауға  бағытталған  бағдарлама  ‰лкен  проблеманың 

тек  кейбір  аспектілерін  қозғандықтан,  жастарды  б‰гінгі  заман 

талаптарына сай отбасы-некелік өмірге дайындау мәселелерінің 

мәні ашылмай қалуда. 

Отбасы-некелік  қарым-қатынастың  мәдениетіне  тәрбиелеу 

көп  факторлардың  әсерімен  болады.  Қазіргі  ғылымның  міндеті 

олардың  әсерінің  сырын  ашып  қана  қоймай,  ғылыми  басқа-

рудың жолдары мен әдістерін табу болып табылады. 

Отбасы  проблемасы  көп  зерттеушілердің  зерттеу  нысаны 

болды,  алайда  педагогикалық  проблемаларды  кешенді  шешу 

м‰мкіндігін қарастыру к‰н тәртібіне қойылған жоқ. 

Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі негізінде, 

халқымыздың  ұрпақ  өсіру,  отбасын  құру  тәжірибесіне,  қоға-

мымыздағы  өзекті  болып  отырған  отбасы  мәселесіне  байла-

нысты  жоғары  сынып  оқушыларына  отбасы-некелік  өмір 

туралы  көзқарастары  мен  білімдері  және  іс-әрекет  ‰лгілерін 

қалыптастыру  арқылы  оларды  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дауға  бағытталған  іс-тәжірибені  саралап,  ж‰йелі  зерттеу  жұ-

мыстары төмендегідей мәселелерді қамтыды: 

1. Философиялық, социологиялық, психологиялық, педагоги-

калық  еңбектерге  с‰йене  отырып,  зерттеу  жұмысымыздың 

мақсат-міндеттеріне  сәйкес  “Отбасы-некелік  өмірге  дайындық” 

т‰сінігінің  жеке  тұлғаның  қалыптасу,  даму  процесіндегі  мәні 

мен маңызы анықталды; 

2.  Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге 

деген  көзқарасы,  білімі  және  ‰лгілі  іс-әрекеті  құндылықтар 

ретінде  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудың  негізгі  шарттары 

болып танылды; 

3. Жоғары сынып оқушыларының отбасы-некелік өмір тура-

лы  көзқарастарын  қалыптастыру  мақсатында  “Отбасы-некелік 



 

97 


өмірге дайындық” атты факультативтік сабақтың бағдарламасы 

жасалынды.  Қазіргі  таңдағы  жоғары  сынып  оқушыларының 

отбасылық  көзқарастарын  қалыптастыру  негізінде  отбасы-

некелік өмірге дайындау ж‰йесінің модельі құрастырылды; 

4.  Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмір 

туралы  көзқарастары  мен  білімдері  және  ‰лгілі  іс-әрекеттерді 

қалыптастыру  деңгейлері  анықталды;  жоғары  сынып  оқушы-

ларының  көзқарастары,  білімдері  және  іс-әрекет  ‰лгілерін  қа-

лыптастыру негізінде отбасы-некелік өмірге дайындау бойынша 

ж‰ргізілген  іс-шараларды  тәрбие  жұмыстарында  ж‰йелі  т‰рде 

пайдалану жолдары қарастырылды. 

 


Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет