Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева


 Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата22.12.2016
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге 

даярлау әдістері 

 

Жас  ұрпақты  отбасылық  өмірге  даярлау  мәселесі  барлық 

ұлтқа ортақ, тіпті мәдениет және адамның экология тұрғысынан 

өте  маңызды,  себебі  отбасы  институты  бір  елдің  немесе  ‰кімет 

практикасының  ерекше  нәтижесі  емес.  Адамзат  ақпаратты 

қоғамға  жақындағанда  адам  қоғамдық  дамуда  бұрынғыдай 

құрал  ретінде  емес,  мақсат  ретінде  қаралады.  Сондыктан,  жас 

ұрпақ  отбасында  өмір  с‰руге  және  оның  әлеуметтік  функция-

ларын орындауға дайын болуы керек. 

Жас  ұрпақты  әлеуметтендіру  өзіне  бірқатар  процестерді 

енгізеді,  солар  арқылы  адам  адамгершілік  нормаларының, 

құндылықтардың, білімнің белгілі бір ж‰йесін меңгере отырып, 

өзін  әлеуметтік  ортада  ж‰зеге  асыра  алады.  Жастарды  отба-

сылық  өмірге  даярлау  осы  әлеуметтендірудің  маңызды  бір 

бөлігі болып саналады. 

Отбасылық  өмірге  тәрбиелеуді  біртұтас  тұрмыс  қалпынан 

және  қоғамның  мәдениетінен  (білімді  қосқанда)  тыс  қарауға 

болмайды.  Бұл  жерде  барлығы  әркімнің  өз  қалауына  байла-

нысты  емес.  Отбасы  иесін  тәрбиелеудің  мақсаттары  және 

нәтижелерінің кейбір жіктеулері — қоғамның тарихи дамуының 

алғышарты  және  қажетті  жағдайы.  Егер  де  ‰лкендердің  бір 

ұрпағы  балаларын  толығынан  өз  қалауынша  қалыптастырса, 

онда тарих өткеннің қарапайым қайталауы болар еді. 

Білім  беру  ж‰йесі  бөлімдерінің  ішінде  тек  жалпыға  білім 

беретін  мектеп  қана  адамның  біртұтас  дамуына  көбірек  ба-

 

98



ғытталған.  Мектеп  баланы  белгілі  бір  мамандыққа  даярлауға 

міндетті  емес,  бірақ  білімнің  негізін  беруге,  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруға  және  осыған  қоса,  жеке  тұлғаны  отбасылық 

өмірге даярлауға міндетті. Себебі, басқа оқу орындары, мысалы: 

жоғарғы  оқу  орындары,  арнаулы  орта  оқу  орындары  негізінен 

мамандарды  даярлауға  бағытталған.  Білім  беру  ж‰йесінің 

отбасылық өмірге даярлау функциясы туралы айтар болсақ, оны 

жалпыға  білім  беретін  мектеп  жас  ұрпақты  әлеуметтендіру 

процесінде ж‰зеге асыруы қажет. 

Келешек  жас  ұрпақты  отбасы-некелік  өмірге  даярлайтын, 

отбасылық  өмірде  қажет  психологиялық,  педагогикалық,  құ-

қықтық, экономикалық даярлықты ж‰зеге асыратын пәнді білім 

беру  ж‰йесіне  енгізу  әлеуметтік  тұрғыдан  қажет.  Бұл  пән  жас 

ұрпаққа әлеуметтік ж‰йедегі адам өмірінің заңдылықтары және 

принциптері туралы қажетті т‰сініктер береді. 

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді  сараптау  мен  тәжіри-

белік-эксперимент  жұмысының  нәтижелері  жоғары  сынып 

оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  педагогикалық 



шарттары мыналар болатындығын көрсетті: 

1)  жоғары  сынып  оқушыларына  факультативтиік  курс 

сабақтарында отбасы мен неке дамуының әлеуметтік-теориялық 

негіздері,  отбасының  әлеуметтік-педагогикалық  қызметі,  отба-

сы-некелік өмір бағыттары туралы білімдерді меңгерту; 

2)  мектепте,  отбасында,  сынып  жетекшісінің  жұмыс  ж‰йе-

сінде  отбасын  мемлекеттің  бір  бөлігі  ретінде  қарау,  отбасын 

білім мен тәрбие орталығы деп есептеу, отбасына жеке тұлғаны 

жан-жақты  тәрбиелейтін  ж‰йе  негізінде  қарау,  көзқарастарын 

қалыптастыруға  бағытталған  педагогикалық  іс-шараларды 

атқару; 

3)  мектепте,  отбасында,  сынып  жетекшісінің  жұмыс  ж‰йе-

сінде  отбасы  мен  некенің  тәрбиелік,  реттеушілік,  басқару, 

қарым-қатынас  жасау  мәдениеті,  әдебі  және  адамгершілік  ізгі 

қасиеттерді  ‰лгі  тұту  дағдыларын  меңгерту  болатындығы  нақ-

тыланды. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

даудың негізгі формалары төмендегідей мәнде белгіленді: 

—  жоғары  сынып  оқушыларына  отбасында,  қоғамда  және 

к‰нделікті  тұрмыста  қалыптасқан  жарасымды  қарым-қатынас 

пен мінез-құлық формаларының мәнін игерту; 


 

99 


—  жоғары  сынып  оқушыларының  моральдық  сезімін,  от-

басылық-адамгершілік  сапасының  дамуына  ықпал  ететін  көз-

қарастарын, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру; 

— ұлттық және өркенниеттік отбасы құндылықтарын игерту 

негізінде  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасылық  жауапкер-

шілікке баулу; 

—  мектептің  оқу-тәрбие  жұмысының  барлық  формаларын 

жоғары  сынып  оқушыларының  отбасылық  тәрбиесін  қоғам 

талаптарына негіздеп, әлеуметтендіруге бағыттау. 

Жоғарыда  нақтыланған  және  басқа  да  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар  қатарынан  орын  алатын  отбасылық  қадір-қа-

сиеттер  мен  сапаларды  жоғары  сынып  оқушылары  бойына 

дарыту  ‰шін,  ең  алдымен  олардың  отбасы  туралы  көзқарас-

тарын  қалыптастыру,  екіншіден,  отбасы  туралы  т‰сініктерін 

қамтитын  білімдер  ж‰йесін  меңгерту, ‰шіншіден,  жоғары 

сынып  оқушыларының  бойына  отбасындағы  кездесетін  жағым-

ды  мінез-құлық  дағдылары  мен  іс-әрекеттерді  ‰немі  сіңіріп 

отыру қажеттігі талап етіледі.  

Осыған  байланысты  жасалған  модель  мазмұны  бойынша 

ж‰ргізілген  тәрбиелік  жұмыстар  барысында  жоғары  сынып 

оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындауды кешенді т‰рде 

алып қарастырдық. 

Бұл  бөлімдерде  оқушыларды  отбасылық  өмірдің  эстети-

калық,  этикалық,  психологиялық,  құқықтық,  педагогикалық 

және экономикалық аспектілерімен таныстыру көзделген. 

Осы жұмыста ұсынылған социологиялық зерттеу нәтижелері 

жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмір  туралы 

т‰сінігінде  отбасының  адамға  ж‰ктейтін  барлық  жауапкер-

шілікті  жеткіліксіз  ұғынатынын  куәландырады.  Жастардың 

отбасына,  оның  қызметтеріне  деген  көптеген  көзқарастары 

едәуір т‰зетуді талап етеді. 

Істің  қай  т‰рін  жетілдіру  ‰шін  оның  нәтижесін  білу  қажет. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  өмірге  даярлық 

деңгейі  туралы  куәландыратын  фактілерді  толық  және  мұқият 

зерттеу  қашан  да  болса  қоғамды,  сондай-ақ  білім  беру  ж‰йесін 

отбасы  өміріне  даярлау  жөніндегі  сабаққа  ғылыми  негізді 

қосымшалар енгізуге мәжб‰р етеді. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-некелік  қарым-қа-

тынастар  туралы  т‰сініктерін  өзгерту  отбасының  барлық  қыз-

 

100



меттеріне:  жыныстық,  репродуктивтік,  тәрбиелік,  реттеушілік, 

фелицитологиялық  қызметке  қатысты  талап  етіледі.  Қабыл-

данған  зерттеулер  жастардың  отбасы-некелік  өмірге  дайынды-

ғындағы барлық кемшіліктерді көрсетуге м‰мкіндік береді және 

болашақта біршама қате жібермеуге, алдын алуға, болдырмауға 

негіз болады. 

Адамның  отбасы  иесі  рөліне  әрі  жұбай,  әрі  ата-ана  ретінде 

жеңілірек  келуіне  көмектесетін  жеке  бастың  саналық  к‰йі 

отбасы-некелік  өмірге  дайындық  деп  т‰сіндіріледі.  Бұл  рөлді 

орындауға  дайындық  екі  жыныстың  ғылыми  білігі,  сенімі, 

т‰сінігі,  ептілігі  және  дағдысымен  қалыптасатыны  белгілі. 

Бірақ, болашақ отбасы иесі тек белгілі білік сомасын сақтаушы 

болып  қана  қоймай,  бәрінен  бұрын  азамат,  еңбек  және  ж‰ріс-

тұрыс  мәдениетіне  ие,  барлық  жағынан  жетілген,  жан-жақты, 

өнегелі адам болуға тиіс. 

Анкета  ж‰ргізу  барысында  жастарда  отбасының  кейбір 

әлеуметтік  қызметтеріне  және  соларға  қатыстылардың  бәріне 

жоғары  ынта  білінді.  Мұнда  бірінші  кезекте  жыныстық  және 

фелицитологиялық  қызметтерді  ескеру  қажет.  Сөзсіз,  басқа 

қызметтерге  де  ықылас  байқалды,  бірақ  бұлар  жастардың 

назарын  көбірек  аударады,  себебі  жастар  отбасы  институтына 

кейбір  қоғамдық  және  мемлекеттік  міндеттерді,  мысалы, 

халықты ұдайы өндіру, тәрбиелеу сияқты ж‰зеге асыру құралы 

ретінде емес, адам өзін-өзі көрсететін мұрат ретінде қарайды. 

Жоғары  сынып  оқушылары  анкета  сұрақтарына  берген 

жауаптарында  отбасылық  өзара  қатынастағы  келісімге  өзінің 

әзір еместігін, отбасы шаруашылығын ж‰ргізуге қабілетсіздігін, 

тәрбие мәселесін жете білмейтіндігін жиі айтады. 

Біз  өткізген  анкета  ж‰ргізу,  сондай-ақ  оларды  отбасы  мәсе-

лесінде  оқыту  қажеттігін  куәландырады.  Көптеген  сұралғандар 

отбасы жөніндегі білікті мектепте алу керектігін айтты. 

Бірақ,  мектеп  осы  тақырыпқа  байланысты  қазір  көп 

қиындықты  бастан  кешіріп  отыр.  Қоғамдық  пікір  оқушыларды 

отбасы  өміріне  және  жыныстық  тәрбиеге  даярлау  қажеттігімен 

келіседі;  мамандар  көп  оқулық,  бағдарлама  жасады;  кітап-

ханада, кітап д‰кендерінде көптеген оқулықтар, әдебиеттер бар; 

алайда, мұның бәрі әзірше тек теория. Іс ж‰зінде барлығы олай 

емес. 80-жылдары  енгізілген  жыныстық  тәрбие  және  отбасы 



 

101 


өміріне  даярлау  жөніндегі  курстар  табысты  болмады,  ал  “Әдеп 

және  отбасы  өмірінің  психологиясы”  пәні 90-жылдардың  ба-

сында  мектепте  міндетті  болудан  қалды.  Қазіргі  таңдағы 

мектептерде  ж‰ргізіліп  жатқан  “Әдеп  және  жантану”  пәнінде 

бұл мәселе өте аз қамтылған. Мұндай сәтсіздіктердің себебі көп. 

Олардың  бірі — осы  сабақтарды  ж‰ргізетін  оқытушылардың 

даярлық  деңгейінің  төмендігі.  Зерттеу  нәтижесінде  жоғары 

сынып  оқушыларының  жартысына  жуығы  отбасы  өміріне 

даярлау  жөніндегі  курстарды  ж‰ргізетін  оқытушылардың  білім 

деңгейін  айтарлықтай  төмен  бағалады,  оқушылардың  көпшілігі 

оқытушылардың жұмысын қанағаттанарлықсыз деп есептейді. 

Бұдан басқа, оқушылар сабақтардың өзін өте төмен бағалай-

ды, оларды бір де бір мәлімет, білік көлемі, курс бағдарламасы, 

оқушылардың  мұғалімдермен  өзара  қарым-қатынасы  қанағат-

тандырмады. 

Отбасы  өміріне  даярлау  жөніндегі  сабақтарда  пайдаланған 

әдістер  мен  факторлар  туралы  да  солай  айтылады.  Оқушылар-

дың  сабақ  мазмұнына  ықыласын  салыстыру  оқушылардың 

талабы  мен  іс  ж‰зіндегі  жағдайдың  арасындағы  елеулі  айыр-

машылықты  көрсетті;  жоғары  сынып  оқушыларының  қолда-

нылған және қазіргі қолданыстағы оқу әдістері және формалары 

болғанмен,  басқаларды  артық  көретіні  анықталды.  Осылайша, 

жоғары  сынып  оқушыларының  оқу  бағдарламаларында  айтар-

лықтай  аз  орын  берілген  жыныстық  тәрбиеге  және  отбасы 

өміріне даярлау жөніндегі сабақтарда іскерлік ойындарға ‰лкен 

ықылас білдірілді. 

Жастарды  отбасы  өміріне  тиімді  даярлауды  жақсарту  жө-

ніндегі  мектеп  жұмысы  да  ізденісті  талап  етеді.  Мұнда  тығыз 

ынтымақтастық  әзірше  байқалмайды,  анкета  ж‰ргізу  нәтижесі 

бойынша көп ата-ана отбасы өміріне даярлау жөніндегі сабаққа 

сенімсіздікпен қарайды немесе осы курстардың білім беру және 

олардың  балаларды  тәрбиелеу  ‰шін  маңызы  жеткіліксіз  деп 

есептейді.  Жұртқа  мәлім,  оқушылардың  өз  бетінше  отбасы 

өміріне  дайындығын  қалыптастыруға  отбасы  орасан  зор  ықпал 

жасайды,  мұнда  отбасының  және  мектептің  ынтымақтастығы 

өте қажет. 

Сөйтіп, біз жастарды өз бетінше отбасы өміріне даярлаудың 

негізін жетілдіру жолы мынада жатқанын көреміз: 

 

102


—  отбасы  иесін  жалпы  білім  беретін  мектепте  даярлауға 

ж‰йелі  келуде,  ол  тәрбие  ж‰йесінің  барлық  элементтерін,  тәр-

бие  нысанын  зерттеуден  әрекет  т‰рлерінің  нақты  бағыттары 

бойынша  нақты  сипаттамалар  жасауға  дейінгілерін  өзіне 

қосады; 

—  оқу  бағдарламасына  отбасы  өмірінің  әдебі,  жыныстық 

тәрбие, психология негіздерімен тынысуға бағытталған арнаулы 

пәнді енгізуді қажет етеді; 

—  отбасы  өміріне  даярлау  жөніндегі  сабақтарды  ж‰ргізетін 

білікті  мамандар  даярлауда,  бұл  оқытушылардың  мамандығын 

көтеру  курстарын  немесе  олардан  басқа  формаларын  жиі-жиі 

ұйымдастыруды; 

—  мектеп  пәндерін,  бәрінен  бұрын  гуманитарлық  пәндерді 

оқытқанда  отбасы  иесін  даярлауға  бағытталған  аспектілерге 

көңіл бөлуді; 

—  ата-аналармен,  соның  ішінде  психологиялық-педагогика-

лық  білім  беруді  қамтитын  жұмыстарды  көптеп  ұйыидасты-

руды. 


Отбасы  өміріне  даярлау  жөніндегі  сабақтардың  өзінде  пай-

далану  орынды  болатын  социологиялық  зерттеулердің  рөлі 

туралы айтқымыз келеді. 

Қазіргі  мектеп  жұмыстың  жаңа  формалары  мен  әдістерін 

іздеуге  мәжб‰р  болып  отыр,  себебі  ол  ‰немі  қоғамның  саяси, 

экономикалық  және  мәдени  өмірі  туғызған  өзгерістерге  еріксіз 

ұшырап  тұрады.  Қазіргі  жағдай  онша  жиі  талап  етпесе  де, 

социологиялық  зерттеулер  білім  беру  ж‰йесінде  бұрыннан 

өткізіліп  келеді.  Жалпы  білім  беретін  мектептегі  өзгерістер 

соншалықты  к‰шті  және  ағымды  болғандықтан,  зерттеу 

нәтижесінде  бірнеше  жыл  бұрын  алынған  мәлімет  қазір  істің 

нақты жағдайын байқатпайды. Бұдан басқа, жалпы білім беретін 

мектептің мұғалімі социологиялық  зерттеулерді  өз бетінше  жиі 

ж‰ргізбейді,  демек,  ол  б‰гінгі  жағдайда  білуге  міндетті  зерттеу 

әдісімен аз таныс. 

Социологиялық  зерттеулер  өзінің  ғылыми  мақсаттарынан 

басқа,  тәрбиелік  міндеттерді  де  орындай  алады;  зерттеу 

барысында,  мейлі  анкета  ж‰ргізу,  тест  ж‰ргізу  немесе  әрт‰рлі 

тақырыпқа  сұхбат  өткізу  болсын,  оқушыларда  өзінің  махаб-

батын,  сезімін,  ісін  талдау,  т‰рлі  өмірлік  жағдайларды  бағалау 



 

103 


ықыласынан  туған  белгілі  қызығу  пайда  болады.  Мұғалімге 

социологиялық  зерттеулерді  ж‰ргізу  біраз  уақытқа  өзін  тек 

ұстаз ретінде ғана емес, сонымен қатар ғалым, зерттеуші ретінде 

сезінуге м‰мкіндік береді. 

Отбасы  өміріне  даярлық  жөніндегі  сабақтарда  ж‰ргізілген 

зерттеулердің  нәтижелерінің  тек  мұғалімдер  ‰шін  ғана  емес, 

сонымен  қатар  мектеп  ‰шін  де  ‰лкен  мәні  бар,  солай  болған-

дықтан  зерттеу  барысында  алынған  нәтижелер  педагогикалық 

процестің тиімділігін көтеру ‰шін пайдаланылуға тиіс. 

Мектептің  қазір  ауыр  уақытты  бастан  кешіріп  отырғаны 

ешкімге  де  құпия  емес.  Бұл  қиындықтар,  сөзсіз,  біздің  қоға-

мымызда  өтіп  жатқан  әлеуметтік  жағдайлармен  тығыз  байла-

нысты,  алайда  сәтсіздіктер  және  қиындықтармен  қатар,  белгілі 

жетістіктер,  өзінің  барлық  қызметтері  бойынша  ашық  қоғамға 

сәйкес  келетін  білім  берудің  барлық  ж‰йесі  дамуының  жаңа 

жолдарын іздеу бар. 

Уақыт  бізден  өмірлік  тәжірибемен, ‰лкен  қиыншылықпен 

сыйысатын,  тез  және  батыл  шешімдерді  талап  етеді.  Өйткені, 

өмірлік  тәжірибе  бізді  ұқыптылыққа  және  сақтыққа  ‰йретеді, 

яғни қандай болса да проблеманы кейінге қалдыру м‰мкін емес. 

Осы  проблемалардың  бірі — жастарды  отбасы-некелік  өмірге 

даярлау. 

Қазір білім беру ж‰йесі уақыт қойып отырған барлық талап-

тарды  ескере  отырып,  болашақ  жауапкершілікті  отбасы  иесін 

даярлауды ж‰зеге асыру ‰шін барлық к‰шін жұмсауы керек. 

Оқушыларды  отбасылық  өмірге  даярлаудың  ең  нәтижелі 

шарттарының  бірі — оқушының  отбасылық-некелік  қарым-

қатынасы  туралы  т‰сінігі  мен  ‰лгілі  іс-әрекеттерін  білумен 

бірге,  қазіргі  кұндылықтардың  тез  өзгеретін  жағдайында  жал-

пыға  білім  беретін  мектептердегі  болашақ  отбасы  иесін 

даярлаудың т‰рлері мен әдістерін игеру. 

Жыныстық қызмет — отбасылық-некелік қарым-қатынастың 

ең  маңызды  қызметі  және  ол  тұрақтандыру  рөлін  атқарады. 

Отбасы  туралы  ілімде  ғылыми  зерттеулердің  нәтижесімен 

нығайтылған  кеңінен  белгілі  пікір — жалпы  жыныстық  өмірге 

қанағаттанатын жұбайлар некеде де қанағаттанады. Сондықтан, 

жастардың  отбасының  жыныстық  қызметі  мен  жалпы  жыныс-

тық т‰сінігі оларды отбасылық өмірге даярлауда өте маңызды. 

 

104


Қазір біздің мектептердің де алдында осындай мәселелер тұр. 

Мектептегі  балалардың  жыныстық  тәрбиесі  туралы  ата-ана-

лардың  пікірі  де  қызығарлық.  Оқушылардың  мектепте  жыныс-

тық  өмір  туралы  мәлімет  алуына  сұралғандардың 56%-ы 

келісетіндіктерін білдірді, ‰зілді-кесілді “жоқ” деушілер — 23%, 

қалған 21%-ы  нақты  жауап  бермеді.  Ерекше  айтылатыны, 

қарсылық  білдірмеген  ата-аналардың  көпшілігі  жоғары  білімді 

адамдар.  Қарсылық  білдіргендердің  айтуынша,  олардың 

балалары мұндай сабақтарда бұзылып кетуі м‰мкін, ең дұрысы 

жыныстық  сауаттылықты  ата-анаға  ж‰ктеу,  өйткені  олар  бұл 

міндетті сапалы орындайды деп есептейді. 

Жыныстық тәрбие бағдарламасының құрылымы және көлемі 

істің  нақты  жағдайы  мен  мақсаттың  арақатынасына  байла-

нысты. 


Көбінше  социумның  психосексуалдық  мәдениеті  кез  келген 

шараны  қолдануға  рұқсат  етуі  де  етпеуі  де,  м‰мкін,  бірақ  оқу-

лықтардың,  оқытушы  кадрлардың  жетіспеуінен,  педагогтардың 

осы пәнге деген субъективтік қарым-қатынасынан осы маңызды 

мәселенің  шешілуі  де  жыныстық  тәрбиені  ойдағыдай  ж‰зеге 

асыруға  м‰мкіндік  бермейді.  Жыныстық  тәрбие  бойынша 

бұрынғы енгізілген курстар да кешіктірілген және амалсыз шара 

болған,  себебі  жасөспірім  жыныстық  тәрбие  жайлы  мәлімет-

терді мектептен тыс алып отырған, міне осы алынған мәліметтің 

сапасы білім беру ж‰йесін жедел т‰рде шара қолдануға мәжб‰р 

етті,  әрине  шаралар  қолданылғанымен,  олардың  нәтижесі 

айтарлықтай емес. 

Кейбір  тақырыптар  жоғарғы  сыныптарда  өте  кеш  қаралған, 

ал  кейбіреуі  әрт‰рлі  себептермен  тіпті  елеусіз  қалып  қойған. 

Жұмыстың  осы  жағдайының  салдарынан  мектепте  жыныстық 

тәрбие  енді  бірінші  қадамдарын  жасай  бастады,  бірақ  мұндай 

курстар  біздің  мектептерде 1982 жылдан  бастап  енгізілген 

болатын.  Әрине,  мектеп  жыныстық  тәрбиемен  бұл  курстар 

енгізілгенше  де  айналысқан,  бұл  тәрбие  биология,  анатомия 

және  т.б.  сабақтардың  кейбір  тақырыптарына  кіретін,  бірақ  та 

бұл  алған  білім  жеткіліксіз  және  ж‰йесіз  болған.  Себебі,  олар 

оқушыларға  ұлдар  мен  қыздардың  жыныстық  дамуының 

ерекшеліктері туралы т‰сінік бермеген. Оқушылар отбасы, неке, 

ажырасу  және  т.б.  т‰сініктермен  таныстырылмады.  Әрине, 



 

105 


жастардың  жыныстық тәрбиесінің нашарлығына тек білім беру 

ж‰йесін айыптауға болмайды. 

Көп нәрсе отбасына байланысты, кейде ата-аналардың өздері 

баланың неке туралы теріс т‰сінік алуына ықпал етеді. Бала ата-

анасының  бірге  өмір  с‰руін  махаббатпен  емес,  басқа  да 

себептермен т‰сіндіруге болатынын көреді. 

Әрине,  мектепке  қарағанда  жас  ұрпақтың  қоғамның  толық 

құқықты м‰шесі ретінде өмір с‰руіне қажет белгілі бір ілімдер, 

ережелер  мен  байлықтар  ж‰йесін  меңгеру  процесінде  отбасы-

ның  рөлі  басымырақ.  Бірақ,  жыныстық  тәрбиеге  байланысты 

жағдайда мектептің ерекшелігі жоғарыда айтылды.  

Адамның  жыныстық  ортасында  пайда  болатын  барлық 

тартыстардың  себебі,  бір  жағынан  қоғамның  тарихи  дамуында. 

Әрт‰рлі  себептермен  адамның  жыныстық  әрекеті  тек  ұрпақ 

жалғастырудың  құралы  ретінде  қаралған,  екінші  жағынан, 

қазіргі  қоғамда  жеке  адамның  рөлі,  оның  дамуы,  өзін  ж‰зеге 

асыруы басымырақ. 

Мектепте  жоғарғы  сынып  оқушылары  жеке  адамның  өзіне 

қарама-қарсы  жыныспен  жаңа  байланыс  орнататыны,  ол 

онымен  алдағы  өмірде  өзін  ж‰зеге  асыра  алатыны,  сонымен 

қатар  ата-анасымен  байланыстан  бастайтыны  туралы  т‰сінік 

алуы  қажет.  Бұл  жерде  отбасының  репродуктивтік,  тәрбиелік, 

экономикалық ортасы мақсат емес, құрал ретінде қаралды.  

Мектептегі  жыныстық  тәрбие  беру  нәтижесінде  пайда 

болатын  негізгі  мәселелер,  ең  алдымен  жыныстық  әлеумет-

тенудің  мәдени,  әлеуметтік-демографиялық  аспектілеріне 

талдау  жасау  және  біздің  жыныстық  тәрбие  саласындағы  білі-

мімізді  тереңдету  болып  табылады.  Ашығын  айту  керек, 

жыныстық  тәрбие  мектепте  ‰лкен  қиындықтармен  ендірілуде. 

Жыныстық  білім  мектептің  к‰нделікті  өміріне  ену  ‰шін  әлі 

көптеген жұмыстар атқару қажет. 

Әрине,  жастарды  отбасының  жыныстық  қызметін  атқаруға 

даярлау  өте  к‰рделі  мәселе  және  де  оны  отбасының  тәрбиелік 

немесе  экономикалық  қызметін  атқаруға  даярлаумен  салысты-

руға болмайды. Себебі, осы уақытқа дейін бұл тақырып жабық 

болып  келген  және  жыныстық  тәрбие  қоғамдық  пікірде 

жастарды бұзады деп есептелген. 

 

106



Отбасылық  өмірдегі  келіспеушіліктің  бір  себебі,  біз  жы-

ныстық  сауатсыздықтан  және  де  білім  беру  ж‰йесінің  мақсаты 

осыны жою болғандықтан деп есептейміз. 

Репродуктивтік  және  тәрбиелік  қызметтер.  Бұрын  “отбасы” 

және  “балалар”  деген  т‰сініктер  бір-бірімен  тығыз  байланыста 

болған және бұл байланыс әлбетте осылай болуы қажет сияқты 

еді. 

Баласыздық  барлық  уақытта,  барлық  халықта  ‰лкен  бақыт-



сыздық  деп  есептелінген.  Қазіргі  кезде  бұл  көзқарас  шамалы 

өзгерді.  Кейбір  отбасында  баланың  жоқтығын  ‰лкен  бақыт-

сыздық  деп  есептемейді,  ал  кейбір  жұбайлардың  тілегі  де  осы 

болып табылады. 

Отбасылық  өмірге  даярлау  ‰шін  мынаны  айқындау  қажет: 

ана  мен  әкенің  отбасындағы  балаға  қатысты  міндеттері  және 

осы  міндеттермен  жоғарғы  сынып  оқушылары  танысып,  бала 

тәрбиесіне  байланысты  кездесетін  қиыншылықтарға  дайын 

болуы  қажет.  Қазіргі  айтылып  ж‰рген  себептердің  бірі — 

отбасындағы  ата-ананың  баламен  қарым-қатынас  жасауға 

уақытының  тапшылығы.  Көбіне  жеке  қатынас  процесімен 

айқындалатын  отбасының  адамгершілік  мәдениетінің  қалыпта-

суында әрқашан екі жақ қатысады — адам және оны қоршаған 

орта. 


Отбасы — адамның бесігі. Ол адамға өмір сыйлаумен қатар, 

өмірдің  мәдени  негізін  береді.  Отбасында  адам  және  оның 

моральдық  құндылықтары:  адамгершілік  т‰сініктері,  сезімдері, 

көніл-к‰йі, мінез-құлқы, қылықтары қалыптасады. 

Жоғарғы  сынып  оқушыларының  жұбайдың  идеалы  туралы 

т‰сінігі де қызық. Оларға мынадай сұрақ берілді: “Сіз өзіңіздің 

өмірлік жұбайыңыздың қандай ‰ш қасиетін жоғары бағалайсыз? 

Ер  балалар  мынадай  қасиеттерді  атап  көрсетті:  сұлулық, 

с‰йкімділік,  шыдамдылық,  ақыл, ‰й  шаруашылығын  ж‰ргізе 

білу,  балаларға  деген  с‰йіспеншілік,  талғам  мен  киіне  алу. 

Қыздар  болса,  мынадай  қасиеттерді  атап  өтті:  ақыл,  жігер, 

қайсарлық, ерлік, сыртқы пішім, жұбайының мәртебелі лауазы-

мы, айлығының көп болуы. 

Осылай некенің қиындығы немесе жеңілдігі, к‰йеудің немесе 

әйелдің  идеалы  туралы  т‰сініктері  көбірек  өзара  байланыста 

болады. Бірақ, к‰йеу (әке) болудың оңай және әйелдің (ананың) 



 

107 


идеалды,  мұнда  бірінші  орында  сұлулық, ‰й  шаруасын  ж‰ргізе 

білу,  талғампаздықпен  киіну  қасиеттерінің  болуы,  отбасы 

туралы т‰сініктердің өзара байланыста болуы заңдылық сияқты. 

Сонымен  қатар,  к‰йеу  болу  қиын  деген  пікірімен,  әйел  (ана) 

идеалында  басты  қасиеттер  ретінде  сұлұлық,  ақыл,  балаларға 

деген  махаббат,  әйелдің  тартымдылығын  атап  көрсетудің 

арасында  өзара  байланыс  бар  екендігі  байқалады.  Өзгермелі 

тақырыптардың  арасындағы  байланыс  тығызырақ.  Бұл  ер 

балаларға  қатысты.  Ал,  қыздарға  қатысты  төмендегідей:  әйел 

болу  оңай  деген  т‰сінік  к‰йеу  идеалымен,  ондағы  бірінші 

орында “ақыл”, “жалақының көптігі”, “сыртқы пішіні”, “мәрте-

белі мамандық” деген ұғымдармен тығыз байланысты. 

Біз  көріп  отырмыз,  ер  балалардың  да,  қыздардың  да  неке 

туралы жеңіл т‰сінігі к‰йеудің (әйелдің) жеңілдетілген идеалы-

мен  тығыз  байланысты  және,  керісінше,  сұралғандардың  отба-

сы-некелік  қарым-қатынастардың  жауапкершілігін,  қиындығын 

т‰сінетіндердің  санасында  жұбайдың  к‰рделенген  идеалы  бар 

екендігі байқалады.  

Жоғары  сынып  оқушылары  өздерінің  болашақ  жанұясында 

адамгершілік қасиеттерді бірінші орынға қоймайды, сондықтан 

тәрбиеші осы мәселеге ‰лкен көңіл бөлуі керек. 

Көбінесе  оқушылардың  отбасының  жыныстық  және  репро-

дуктивтік  функцияларын  іске  асыру  дайындығы  ұқсас,  себебі 

бала  туу  процесі  тікелей  адамның  жыныстық  әрекетімен 

байланысты және көбінесе оқушылардың жыныстық тәрбиесіне 

байланысты қиындықтар репродуктивтік функциялармен таныс-

тыру  кезінде  кездеседі.  Бұрын  тыйым  салынған  т‰сініктер  де 

бұл  жерде  ұшырасады.  Тәрбиелік  функцияға  даярлаудағы 

жағдай оңайлау, себебі бұл жерде ешқандай жабық тақырыптар 

болған емес. Тәрбиелік функцияға даярлау мектепте отбасының 

басқа  функцияларымен  салыстырғанда  бәрінен  бұрын  пайда 

болған  және  де  бұл  жерде  уақыт  айырмашылығын  ж‰зжыл-

дықтармен есептеуге болады. 

Болашақ  әкені,  ананы  даярлау — білім  берудің  бір 

функциясы, мектептегі барлық тәрбие жұмысы осыған арналған. 

Адамгершілік  қасиеті  жоғары  адамды  тәрбиелей  отырып, 

мектеп баланы жауапкершілігі мол ата-ана ретінде тәрбиелейді, 

себебі  аналық  және  әкелік  т‰сініктердің  өзі  адамгершілік 

құндылықтарға жатады. 

 

108



Мектеп  баланы  болашақ  ана  немесе  әке  ретінде  тәрбиелеп 

жатырмыз  деп  сирек  айтады,  ең  бастысы — азаматты, 

патриотты тәрбиелеу болып табылады. 

Айта кетерлік жай, баланы әке-ана болуға даярлау шектелген 

оқу сағаттарымен ешқандай оқу циклына кірмеген. Бұл даярлық 

мектепте  бірінші  сыныптан  бастап  соңына  дейін  барлық 

сабақтарда  және  қосымша  ж‰ргізілген  іс-шараларда  ж‰зеге 

асты, себебі біздің т‰сінігімізше, әке болу дегеніміз ерж‰ректік, 

ал  ана  болу  нәзіктік,  жұмсақтық  болып  табылды.  Басқаша 

айтқанда,  ұл  баладан  ер  адамды  тәрбиелеу  және  қыз  баладан 

әйелді тәрбиелеу, оларды ата-аналыққа әзірлеу болашақ ата-ана 

тәрбиелеудегі дайындық болып есептеледі. 

Мәселе — болашақ  ата-ананы  тәрбиелеудің  нәтижелі  болу, 

болмауында. Мектептің болашақ ата-ананы қаншалықты сапалы 

тәрбиелеуі,  оның  жалпы  тәрбиесінің  сапасына  байланысты,  ал 

ол әр мектептің өзіне және әр мұғалімге байланысты. 

 


Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет