Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата22.12.2016
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Барлығы: 28 

 

“Отбасы-некелік өмірге дайындық” факультативтік  



курсының бағдарламасы 

 

Кіріспе. Оқу пәні мен оның міндеттері 

Сабақтың мақсаты мен міндеттері. “Отбасы-некелік өмірге 

дайындық” факультативтік сабағының пән ретінде ж‰ргізілуінің 

басты  мақсаты — жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік 

өмірге  даярлау.  Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлау — 

жеке адамның азаматтық қасиеттерін қалыптастырудағы жалпы 

тәрбиенің  бір  т‰рі  ретінде.  Отбасы-некелік  өмірге  дайындық 

мәселесінің  қазіргі  таңдағы  өзекті  мәселелердің  бірі  ретіндегі 

к‰рделілігі мен жан-жақтылығы. Отбасы-некелік өмірге дайын-

дық  барысындағы  отбасының  т‰рлері  мен  қызметтері.  Отбасы-

некелік  өмірге  дайындық  ретінде  отбасының  экономикалық, 

тәрбиелік, репродуктивтік, реттеушілік  және т.б. қызметтерінің 

ерекшелігі. 

 

І-бөлім.  

Отбасы мен неке дамуының әлеуметтік-теориялық негіздері 

 

1. Қоғамның даму тарихында отбасы мен некенің өрістеуі 

Отбасы — қоғамның өзгермейтін әрі жойылмайтын маңызды 

бір  бөлігі  ретінде.  Қазіргі  таңға  дейін  отбасының  өзінің 

маңызын жоймағандығы. Қоғамның даму тарихында отбасы мен 

неке т‰лерінің өрістеуі. Олардың типологиясы.  

Қоғамның  отбасы  мен  некеге  деген  ықыласының  қазір 

қандай  маңызды  болса,  бұрын  да  дәл  сондай  маңызды  бол-

ғандығы.  Әр  уақытта  әлеуметтік  қоғамда  субъект  те,  объект  те 

болып,  өзінің  табиғатын  ‰немі  өзгертіп,  адамзат  тарихында 

қандай  да  әлеуметтік  міндеттерді  шешудің  әрқашанда  алдында 

болуы.  Отбасының  мемлекеттің  даму  жағдайында  өз  табиға-

 

124



тының белгілі бір тұрақтылығын жоғалтып, жаңа бір сапаларды 

қабылдауы.  



Пәнаралық байланыс: тарих, әлеуметтану, адам және қоғам. 

 

2.  Қазақ  халқындағы  отбасы  мен  неке  құрудың  ерекше-

ліктері 

Әрбір  ұлтқа  тән  ерекшелік  оның  отбасы  мен  неке  қаты-

настарына  да  тигізетін  әсері.  Ұлттық  психологияға,  тұрмыс-

тіршілікке, әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ халқының 

отау  құру,  некелесу  ерекшеліктері.  Отбасы-некелік  өмірге 

байланысты салт-дәст‰рлер. Қазақ халқының неке құру т‰рлері 

мен  ‰йлену  тойын  ұйымдастыру  тәртібі,  оған  байланысты 

қалыптасқан  әдет-ғұрыптары.  Некелесу  жасы.  Некелесудің 

негізгі  жолы — құда  т‰су.  Қазақ  арасында  жеті  атаға  толмай 

қыз  алыспау  себебі.  Неке  мәселесі  жөнінде  шариғат  қағидасы. 

Неке  құрудың  көне  т‰рі — әмеңгерлік  және  балдыз  алу 

әдеттері. 

Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, тарих, әлеуметтану, 

адам және қоғам, дінтану. 

 

3. Отбасы т‰рлерінің жіктелуі 

Ғылыми  әдебиеттерде  жиі  кездесетін  отбасының  ең  негізгі 

белгісіне  қарап  топтарға  жіктеу: 1. Құрамы  бойынша:  а)  нук-

леарлық  (қарапайым)  отбасы;  б)  к‰рделі  отбасы;  в) ‡лкен 

отбасы (10 және  одан  да  көп  м‰шелер  болғанда); 2. Балалар 

саны  бойынша:  а)  баласыз;  б)  бір  балалы;  в)  аз  балалы  (екі-‰ш 

бала);  г)  көпбалалы; 3. Отбасының  стажы  бойынша:  а)  жас 

жұбайлар;  б)  жас  отбасы;  в)  баладан  ‰міткер  отбасы;  г)  ба-

лалары бар жас отбасы; д) орта жастағы жұбайлар отбасы; е) ег-

де  жұбайлар  жұбы. 4. Географиялық  белгісі  бойынша:  а)  қала-

лық;  б)  ауылдық; 5. Отбасындағы  басшылық  типі  бойынша:  а) 

өктем  отбасы;  б)  эгалитарлық  отбасы; 6. Отбасындағы  қарым-

қатынас  сапасы  және  жағдайы  бойынша:  а)  сәтті  отбасы;  б) 

әлеуметтік  сәтсіз  отбасы;  в)  ұстаздығы  әлсіз; 7. Отбасындағы 

тұрмыс, отбасы тәртібі бойынша: а) шаруашылық-тұрмыс ұясы 

‰лгі  отбасы;  б)  балаорталық  отбасы;  в)  жұбайлық;  г)  пат-

риархалдық; д) пікірталас клубы немесе спорттық топ типіндегі 

отбасы;  е)  отбасы — “жұбаныш”; 8. Әлеуметтік  құрамның 


 

125 


біркелкілігі  бойынша:  а)  әлеуметтік-гомогендік  отбасы;  б)  әле-

уметтік-гетерогендік  отбасы; 9. Отбасы  өмірінің  ерекше  жағ-

дайы бойынша: а) дистанттық; б) студенттік. 

Пәнаралық байланыс: география, тарих, әлеуметтану, адам 

және қоғам, дінтану. 

 

ІІ-бөлім. Отбасының әлеуметтік-педагогикалық қызметі 

 

4.  Отбасының  репродуктивті  және  жыныстық  қызмет-

тері 

Отбасының қоғамның ұясы ретінде қандай типтегі болмасын 

көп  қызмет  атқаруы.  Отбасы  қызметінің  әлеуметтік  мәні. 

Отбасының әлеуметтік институт ретінде жиі өзгеріске ұшырауы. 

Отбасының  жыныстық  қызметінде  махаббаттың  алатын 

орны.  Жыныстық  махаббат  махаббаттың  басқа  т‰рінен  ‰лкен 

қарқындылығымен,  тартымды  өзгешелігімен,  толық  және  жан-

жақты  өзаралығымен  ерекшеленеді.  Махаббат — екі  адамның 

өмірде  бірге  болуына,  шынайы  және  берік  некенің  қалып-

тасуына негіз болатын шынайы сезім. 

Жыныстық  қызмет  эволюциясы  ‰дерісінде  отбасы  және 

некенің бірге өзгеруі.  Адамның  жыныс  сезімінің  хайуаннан 

айырмашылығы. Отбасындағы жыныстық қызметтің мағынасы. 

Адамның  жыныстық  қатынасын  әр  уақытта  биоәлеуметтік 

құбылыс ретінде қарастыру.  

Адамның  жеке  басының  жалпы  дамуының  жыныстық 

дамумен  байланыстылығы.  Жыныстық  ж‰ріс-тұрыстың  жеке 

бастың  жеке  аясы  ретінде  адамның  жалпы  даму  заңдарына 

бағынуы.  Адамның  жыныстық  қарым-қатынасы — ж‰ріс-

тұрысының  негізгі  белгілері.  Қоғам  және  адам  өміріндегі  жы-

ныстық қатынастың мәні мен маңыздылығы. Жыныстық қызмет 

отбасы с‰йенетін маңызды біріктіргіш негізі ретінде. 

Репродуктивтік қызмет — отбасының негізгі қызметінің бірі. 

Оның мәні.  

Репродуктивтік  қызметтің  адам  табиғатындағы  әлеуметтік 

және  отбасының  басқа  қызметтерімен  аз  байланыста  болуы. 

Оның  биологиялық  мәнге  көбірек  жататындығы.  Репродук-

тивтік  қызметтің  биологиялық  және  әлеуметтік  мәнін  айқын-

даудағы  көптеген  мамандардың  көзқарастары.  Репродуктивтік 

 

126



қызметке  тән  дуализм.  Репродуктивтік  қызметтің  отбасының 

орнықтылығына,  сондай-ақ  басқа  көп  себептерге:  отбасының 

материалдық  және  тұрғын  ‰й  жағдайына  және  т.б.  тікелей 

тәуелді болуы.  



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  әдебиет,  этнопедагогика, 

биология, тарих, әлеуметтану, адам және қоғам, дінтану. 

 

5. Отбасының тәрбиелік және экономикалық қызметтері 

Тәрбиелік  қызметтің  отбасы  эволюциясы  тарихында  өзге-

рістерге ұшырауы. Патриархалдық отбасында бала тәрбиесімен 

анасы  айналысса,  балаорталық  отбасында  бұл  ‰рдіске  ата-

ананың екеуінің де қатысуы. 

Біздің  қоғамда  жеке  адамның  тәрбие  жұмысына  мақсатты 

ықпал  жасайтын  нысан  ретінде  қарастырылуы.  Тәрбие — 

өзіндік  тепе-теңдік  сақтауды  қажет  ететін  іштей  қарама-қайшы 

‰рдіс.  Тәрбие — әлеуметтік  өмірді  реттеуші  ретінде  жеке 

адамды  қоғам  алдында,  жақындары  алдында  белгілі  жауапкер-

шілікті сезінетін адам ретінде тәрбиелеуге тиіс ‰рдіс.  

Құлықтылық — отбасының тәрбиелік қызметінде атқаратын 

рөлі. Құлықтық проблемалар туралы қарама-қайшы т‰сініктер. 

Отбасының тәрбиелік қызметінің бірнеше аспектілері: а) ба-

ланың  жеке  басының  қалыптасуы,  оның  қабілеттерінің  дамуы, 

бірінші  әлеуметтік  бақылауды  ж‰зеге  асыруы,  құлықтылық 

және әсемдік, рухани құндылықтарға, еңбекке көңіл бөлуі, ден-

саулықты нығайту және денені жетілдіру; б) отбасы ұғымының 

оның әрбір м‰шесіне барлық уақытта тәрбиелік ықпалын жасау; 

в) балалардың ата-анаға тәрбиелік ықпалы. 

Отбасының балаларға тәрбиелік әсерінің басты ерекшелігі — 

оның тұрақтылығы.  

Отбасындағы  тәрбиенің  ата-ана  мен  балалардың  өзара 

махаббатына байланыстылығы. Оның отбасынан тыс тәрбиеден 

айырмашылығы — көбінесе  оның  сезімдік  сипаты  бар  екен-

дігінде.  

Отбасының  тәрбиелік  қызметі — бұл  институттың  маңызды 

әлеуметтік  қызметтерінің  бірі.  Жеке  басты  әлеуметтендіруде, 

оны  белгілі  әлеуметтік  қоғамда  өмір  с‰руге  дайындауда, 

қабілеттерін  дамытуда,  баланың  болашақ  отбасына  мұратын 

қалыптастыруда белсенді фактор екендігі.  


 

127 


Отбасының  экономикалық  қызметі  немесе  шаруашылық-

тұтынушылық қызметі заңдастырылған тарихи кезеңде отбасын 

қоғамның  ұясы  ретінде  анықтауы.  Экономикалық  немесе 

шаруашылық-тұрмыстық  қызметтің  патриархалдық  отбасына 

зор әсер етуі.  

Отбасының экономикалық қызметіне байланысты отбасылық 

қарым-қатынастың  әрт‰рлі  аспектілері: ‰й  шаруашылығын 

ж‰ргізу,  отбасын  басқару,  отбасы  қаражатын  орнына  келтіру, 

отбасылық  шаруашылық  және  қосалқы  шаруашылықтың 

дамуы.  


Экономикалық қызметтің әлеуметтендіру рөлі. 

Экономикалық  қызметтің  отбасылық  ұжымның  өзара  қаты-

насына  әсері.  Отбасындағы  ‰й  міндеттерінің  жұбайлардың, 

‰лкендердің  және  жастардың  арасында  әділ  бөлінуі.  Отбасы 

билігінің  құрылымы  баланың  әлеуметтенуіне  және  отбасы 

ішіндегі  қарым-қатынасқа  әсері.  Б‰гінгі  к‰нгі  отбасындағы  әке 

мен ананың беделі.  

‡й  шаруашылығын  басқару  теңдігіне  әрбір  отбасы  м‰ше-

сінің ұмтылу қажеттігі және жұбайлардың теңдігі. 

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  әдебиет,  эт-

нопедагогика, тарих, әлеуметтану, адам және қоғам, құқық. 

 

6. Отбасының реттеушілік және бос уақыт қызметтері 

Реттеушілік  қызметтің  отбасы  м‰шелерінің  арасындағы 

қарым-қатынасты  реттеуі  және  отбасындағы  басшылық  типін 

анықтауы.  Қазіргі  отбасында  реттеуші  қызметті  моральдық 

ереженің,  отбасы  м‰шелерінің  жеке  басы  беделінің  және  ата-

ананың балалары алдындағы беделінің ж‰зеге асыруы. 

Жұбайлардың әлеуметтік рөлінің заңды анықтамалары.  

Қазіргі отбасының басшылық типі. Дәст‰р бойынша отбасы-

ның  басшылық  рөлін  еркектің  атқаруы,  бірақ  іс  ж‰зінде  бұл 

міндетті  әйелдің  орындауы.  Әйелдің  өндіріске  қатысуына  бай-

ланысты  м‰мкіндіктері  мен  құқықтары.  Отбасында  к‰йеудің 

немесе әйелдің басшылығының айқын анықталмауы. Жұбайлар 

отбасындағы  басшылық  аясын  өзара  бөлісуі,  бұл  міндеттің 

екеуіне ортақтығы.  

 

Отбасының  бос  уақыт  қызметі.  Эволюция  ‰рдісінде  бос 

уақыт  қызметінің  ескі  белгілерін  жоғалтып  және  жаңаларының 

пайда болуы.  

 

128


Отбасының  бос  уақытты  және  демалысты  ұйымдастыру 

қызметі.  Бос  уақыт — өте  маңызды  әлеуметтік  құндылықтың 

бірі. 

Бос  уақыт  қызметінің  тармақтары:  а)  жыл  сайынғы  дема-



лысты өткізу; б) қала сыртына, саяхатқа және жорыққа шығу; в) 

ата-ана  мен  туысқандарға  бару;  г)  достармен,  жақындармен, 

таныстармен кездесу; д) мейрамханаға, дәмханаға бару; е) театр-

ға,  кинотеатрға,  сауық  залына  бару;  ж)  спортпен  айналысу;  з) 

мерекелерді ұйымдастыру және өткізу. 

Отбасылық  бос  уақыт  ‰й  еңбегімен  қатар,  отбасын  топтас-

тыру құралы ретінде. Тәрбиелік міндеттерді орындаудағы, отба-

сындағы  қарым-қатынастарды  реттеудегі  маңызы.  Отбасылық 

бос  уақыттың  отбасы  м‰шелерінің  қажеттігін  іске  асыруға 

м‰мкіндік беруі. 



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  мәдениет-

тану, этнопедагогика, әлеуметтану, адам және қоғам, құқық. 

 

7. Отбасының фелицитологиялық қызметінің ерекшелігі 

Отбасы  мемлекеттің  туындысы  ретінде  қарастырылды,  сон-

дықтан құрылымы және қызметі бойынша оны жалғастырды. 

Прагмативтік  бейімделу. “Бақыт”  және  “отбасы”  ұғымдары. 

Отбасындағы махаббатқа негізделген гедонизм ұғымы. Отбасын 

құрудың негізі — махаббат және бақыт. 

Отбасы  деген  не,  неліктен  ол  адамға  соншалықты  қажет?

 

 

Отбасындағы  бақыттың  табиғаты.  Бақытты  отбасының 



феномені — адам  табиғатының  дуализміне  негізделген:  қа-

тынасқа  ұмтылу,  әлеуметке  көңіл  бөлу,  өзімен-өзі  болу, 

жалғыздықтан  құтылу,  өзін-өзі  іске  асыруға  ұмтылу,  өзінің 

“менін”  қорғап  қалу.  Бақытты  отбасы — осы  қажеттіліктерді 

қанағаттандыра алатын отбасы. 

Некеге  тұруға  дайындалып  ж‰рген  көп  жастардың  отбасына 

бақытты  болатын  жер  деп  қарауы.  Отбасын  құруға  т‰рткі 

болатын  себептер.  Жастардың  отбасы  бақыты  туралы  көзқа-

растары.  

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  әдебиет,  эт-

нопедагогика, әлеуметтану. 

 


 

129 


ІІІ-бөлім. Отбасы-некелік өмірге дайындық бағыттар 

 

8.  Отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  негізгі  бағыт-бағда-

рын талдау 

Отбасы-некелік  өмірге  даярлау — жалпы  мемлекеттік  ма-

ңызы  бар  мәселе.  Жастардың  отбасы-некелік  тәрбиесі  мен 

қалыптасуына  отбасының,  қоршаған  ортаның  ықпалы.  Отбасы-

некелік тәрбиені дұрыс ж‰ргізудің қажеттілігі.  

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттер  мен  зерттеулер  нәтиже-

лері көрсеткендей, отбасы-некелік өмірдің негізгі бағыттары: 1) 

Көзқарастар:  отбасы;  неке;  отбасы  бюджеті;  отбасындағы  тәр-

биенің  болу  қажеттігін  т‰сіну;  отбасын  құрудың  қажеттігі; 

отбасының әлеуметтік мәні; отбасы м‰шелерінің құқығы; неке-

лесуге  дейінгі  қарым-қатынас  қажеттігі;  ата-анаға  қамқорлық; 

отбасында  балаларға  дұрыс  тәрбие  берудің  қажеттігі;  отбасын-

дағы  қыз  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі;  отбасындағы  ұл  бала 

тәрбиесінің  ерекшелігі;  отбасы  м‰шелерінің  қарым-қатына-

сының  орнықты  болуы;  отбасында  кездесетін  қиыншылықты 

шешу жолдары және т.б.; 2) Білімдері: отбасы; неке; отбасы мен 

некенің  тарихи  дамуы;  қазақ  халқындағы  отбасы  мен  неке 

құрудың  ерекшелігі;  отбасы  т‰рлерінің  жіктелуі;  отбасы  қыз-

метінің  ерекшеліктері;  отбасының  репродуктивтік,  жыныстық, 

тәрбиелік,  экономикалық,  реттеушілік,  бос  уақыт,  фелицитоло-

гиялық қызметтері; отбасы мен некенің әлеуметтік мәні туралы 

ұғымдар  және  т.б.; 3) ‡лгілі  іс-әрекеттері:  отбасы  м‰шелері 

арасындағы  өзара  құрмет  қарым-қатынасын  орнату;  әлеуметтік 

ортамен  тығыз  байланыста  болу;  көпшілік-бұқаралық  ақпарат-

тар  мен  хабарлар  жайында  мағлұматтар  алу;  әдебиет  пен  өнер 

саласынан  хабардар  болу;  табиғи  ортаны  к‰тіп-баптау;  отба-

сындағы  әкенің  жеке  басының  қадір-қасиеті;  отбасындағы  ана 

рөлінің  ерекшелігі;  отбасындағы  ата  мен  әженің  орны;  ата-ана 

мен  балалар  арасында  дұрыс  қарым-қатынас  орнату;  ана  мен 

қыз  бала  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту;  әке  мен  ұл 

бала  арасындағы  байланысты  нығайту; ‰лкенді  сыйлау,  кішіге 

көмек көрсету; отбасында теріс іс-әрекеттерді болдырмау; салт-

дәст‰рімізді  сақтау;  әдет-ғұрпымызды  қадір  тұту;  тілімізді, 

дінімізді  қадірлеу;  еңбекс‰йгіштікке,  имандылыққа  баулу  және 

т.б.  

 

130



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  әдебиет,  эт-

нопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

9. Отбасылық бюджетті дұрыс шешу жолдарын қарастыру 

Отбасылық  бюджет  туралы  т‰сінік.  Отбасы  табысының 

негізгі  көздері:  жалақы,  жәрдемақы,  жеке  меншік  жерлерден 

т‰сетін  табыстар,  саудадан  т‰сетін  кірістер.  Отбасы  қаржысын 

жарату:  азық-т‰лік  сатып  алу,  пәтер  ақысын  төлеу,  көлік  және 

шаруашылық  шығындары,  оқу,  мәдени  қор,  ересектер  мен 

балалардың  к‰нделікті  жұмсайтын  қаржылары,  емделу  мен 

демалуға жұмсалатын қаражат, киім-кешекке, ‰й жиһаздары мен 

жеке  меншік  автокөлік  сатып  алуға  және  т.б.  жұмсалатын 

қаржылар. Табыс пен шығыстың арақатынасы. 

Отбасы  қаржысы  және  оларды  реттеп  жұмсау — ұқып-

тылыққа  тәрбиелеу  негізі.  Қазіргі  таңдағы  сәндер  мен  қажет-

тіліктерді  шама-шарқына  қарай  қанағаттандыра  білу.  Мате-

риалдық  және  рухани  қажеттіліктерді  дұрыс  пайдалану,  ажы-

рата білу. 

Балалар  және  қаражат:  оларды  заттардың  бағасымен  таныс-

тыру,  отбасы  қаржысының  жұмсалуына  қатыстырып  отыру. 

Еңбектің  құнын  бағалай  білу.  Отбасы  бюджетінің  жұмсалуын 

бақылап, оларды жоспарлап, есепке алып отырудың қажеттілігі. 

Экономикалық ‰немділікке қалыптастыру. 



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эко-

номика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

10. Отбасы м‰шелерінің отбасында атқаратын қызметін 

‰лестіру 

Отбасындағы  әкенің  атқаратын  қызметі:  әке — отбасы  бас-

шысы,  отбасын  материалдық  қамтамасыз  етуші,  отбасы  тірегі, 

отбасының  қорғаны,  ер  балалардың  ‰лгісі,  отбасының  қалған 

м‰шелерінің қамқоршысы және т.б. 

Отбасындағы ананың атқаратын қызметі: ана — отбасындағы 

ең  мейірімді  жан,  балалардың  к‰тушісі,  отбасының  ұйытқысы, 

діңгегі, отбасының материалдық жағдайын реттеуші, отбасында 

қолайлы ауа райын орнатушы және т.б. 

Отбасында ұл баланың атқаратын қызметі: ұл бала — әкенің 

көмекшісі,  ананың  жәрдемшісі,  қыз  баланың  қорғанышы,  кі-

шінің қамқоршысы, ‰лкеннің с‰йеніші және т.б. 



 

131 


Отбасында  қыз  баланың  атқаратын  қызметі:  қыз  бала — 

ананың  қолқанаты,  әкенің  мақтанышы,  ұл  баланың  қамқор-

шысы, отбасының жанашыры және т.б. 

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

11. Отбасында әке мен ананың рөлін айқындау 

Әке — отбасындағы  тәрбиені  реттеуші.  Отбасын  материал-

дық қамтамасыз етуші. Отбасы м‰шелерінің рухани к‰ш-жігері. 

Әкенің жеке басына қойылатын талаптар.  

Ана — мейірімділіктің көзі. Ананың жеке басына қойылатын 

талаптар. Ана махаббатының тәрбиелік мәні. 

Тәрбиенің т‰пқазығы — ата-ана өнегесі. 

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

12. Отбасындағы құқықтық қатынастарды меңгерудің қа-



жеттілігі 

Ата-аналар  мен  балалардың  құқықтары  мен  міндеттерінің 

пайда болу негіздері. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері. 

Отбасындағы  ата-ана  құқықтарының  теңдігі.  Бала  тәрбиесіне 

ата-ананың  бірдей  жауапкершілігі.  Кәмелеттік  жасқа  дейінгі 

балалардың  әрбір  іс-әрекетіне  ата-ананың  тікелей  жауапты 

болуы.  Балаларын  дұрыс  оқытып-тәрбиелеу — ата-ананың 

борышы. 


Балалардың ата-ана алдындағы міндеттері: ата-ананың айтқа-

нын  тыңдау,  әрі  сыйлау,  олардың  әрбір  шешіміне  құрметпен 

қарау,  еңбекке  жарамсыз  және  қартайған  ата-аналарын  к‰тіп, 

оларға  қамқорлық  жасап  отырудағы  міндет-борыштары  және 

т.б. 

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

13.  Отбасылық  қатынастардың  орнықты  болуы  және 



ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары 

Отбасылық  қарым-қатынасты  дұрыс  орнатудағы  отбасы 

м‰шелерінің көзқарастарының маңызы. Отбасы м‰шелерінің бі-

лімі  мен  іс-әрекет  ‰лгілері — ондағы  кездесетін  қиыншы-

 

132


лықтарды  шешудің  құралы.  Отбасындағы  ата-ана  өнегесі — 

дұрыс  қарым-қатынас  кепілі.  Балаларға  ж‰йелі  берілген  тәр-

биенің отбасылық қарым-қатнастың орнықты болуына тигізетін 

әсері.  Отбасы  м‰шелерінің  бойындағы  адамгершілік  қасиеттер 

— отбасылық қиыншылықты болдырмаудың бірден-бір негізі. 

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

14. Отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшелігі 

Отбасындағы  қыз  баланың  рөлі.  Әйелдік  нәзіктік  туралы 

т‰сінік.  Қыз  баланың  анатомиялық,  физиологиялық,  психоло-

гиялық  ерекшелігі.  Қыз  баланың  жыныстық  ерекшелігіне 

байланысты ж‰ргізілетін тәрбиенің маңызы. Әрбір қыз баланың 

қарама-қарсы  жыныс  өкіліне  тән  ерекшеліктер  мен  заңды-

лықтарды  білуі  және  дұрыс  т‰сінуі.  Қыз  бала  тәрбиесіндегі 

медициналық  тазалықтың  мәні.  Қызға  қырық  ‰йден  тыюдың 

тәрбиелік  маңызы.  Қазақ  халқындағы  қыз  бала  тәрбиесіне 

ерекше мән берудің себептері. 

Қыздың  болашақ  ана,  жар,  тәрбиеші  ретіндегі  атқаратын 

міндеттері. 

Отбасындағы  ұл  бала  тәрбиесінің  ерекшелігі.  Отбасындағы 

ұл  баланың  рөлі.  Ұл  баланың  анатомиялық,  физиологиялық, 

психологиялық ерекшелігі. Ұл баланың жыныстық ерекшелігіне 

байланысты  ж‰ргізілетін  тәрбиенің  маңызы.  Әрбір  ұл  баланың 

қарама-қарсы  жыныс  өкіліне  тән  ерекшеліктер  мен  заңды-

лықтарды  білуі  және  дұрыс  т‰сінуі.  Ұл  бала  тәрбиесінде  ұрық 

тазалығының  мәні.  Мақал-мәтелдердің  ұл  бала  тәрбиесіндегі 

маңызы.  Ұлттық,  елжандылық  тәрбиенің  маңызы.  Қазақ  хал-

қында ұл бала тәрбиесіне ерекше мән берудің себептері. 

Ер азаматтың болашақ жауынгер, елдің, жердің қорғаушысы, 

отағасы, тәрбиеші ретіндегі атқаратын міндеттері. 



Пәнаралық  байланыс:  физиология,  анатомия,  педагогика, 

психология, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқық. 

 

15. Отбасы-некелік өмір құрудың негізгі шарттарын анық-



тау 

Отбасы-некелік  өмірге  дайындықты  дұрыс  ж‰ргізу.  Отбасы-

некелік  өмір  құрудағы  басты  мақсат — ұрпақ  жалғастыру. 


 

133 


Отбасы-некелік  өмірге  дейінгі  қарым-қатынас  мәдениеті.  Жас-

тардың  отбасы-некелік  өмірге  деген  көзқарастары.  Отбасы-

некелік  өмір  жөніндегі  білімнің  маңызы.  Отбасы-некелік  өмір 

құруда  жастардың  қарым-қатынас  ‰лгілерінің  маңызы.  Неке-

лесуге әлеуметтік дайындық.  

Отбасын құру ‰шін жалпыға бірдей міндетті т‰рде білім алу, 

белгілі бір мамандықты меңгеруі, еңбектену әрекеттері, азамат-

тық  қасиеттерді  қалыптастыру,  қоғамда  өмір  с‰руге  бейімделу 

— отбасы-некелік өмір ‰шін қажетті шарттар. 

Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқықтану. 

 

16.  Отбасы-некелік  өмірдегі  жұбайлардың  құқықтарын 



айқындау 

Отбасы-некелік  өмір  құру  жасы.  Отбасы-некелік  өмір  құру-

дағы  екі  жақтың  бірдей  келісімі.  Отбасы-некелік  өмір  құруға 

м‰мкіндік  бермейтін  кедергілер.  Отбасы-некелік  өмірдің  қоғам 

алдындағы  жауапкершілігі.  Отбасының  қоғамда  алатын  орны 

мен атқаруға тиісті міндеттері. Ерлі-зайыптылардың отбасының 

әрт‰рлі қызметін атқаруда жауапкершіліктері.  

Отбасындағы бала тәрбиесінің әке мен анаға ортақтығы.  



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқықтану. 

 

17.  Отбасының  психологиялық  жағдайы  және  бұзылу  се-



бептерінің т‰рлерін көрсету 

Жұбайлардың  д‰ниетанымы  мен  мақсат-м‰дделерінің  бір 

болуы — олардың  бойындағы  адамгершілік  қасиетті  дамытып, 

бақытты  отбасы  болуының  шарты.  Жұбайлардың  темперамент 

ерекшеліктері  мен  мінез-құлықтарының  ‰йлесім  табуы.  Мінез-

дегі  ұнамсыз  көріністердің  (ашу-ыза,  к‰мәншілдік,  қызған-

шақтық, т.б.) пайда болу себептері және оларды  жеңудің амал-

тәсілдері.  Отбасындағы  ұрыс-керіс,  дау-дамай  жағдайлардың 

пайда  болу  себептері  және  оларды  жеңе  білу  жолдары.  Отба-

сындағы  т‰рлі  қарым-қатынастарға  байланысты  жағымды  пси-

хологиялық жағдай орната білу жолдары.  

Отбасының  ажырасу  себептері:  жұбайлардың  бір-бірімен 

с‰йіп  қосылмауы,  отбасындағы  баласыздық,  маск‰немдікке 

 

134



салыну,  жалқаулық  пен  жұмыссыздық,  отбасының  билігіне  та-

ласу,  есеппен  ‰йлену,  әрт‰рлі  дінде  болуы,  жұбайлардың 

әлеуметтік  жағдайларының  әрт‰рлі  болуы,  білім  дәрежесінің 

әрт‰рлі болуы және т.б. 



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  еңбек,  эконо-

мика, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, құқықтану. 

Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет