Қайырлы күн, білім алушылар!



Дата12.05.2022
өлшемі265,86 Kb.
#34176

КҮні: 01 наурыз 2021 жыл

Тобы: М-Л-19



Қайырлы күн, білім алушылар!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Рационал теңсіздіктерді шешу
Егер теңсіздікте бөлшек рационал өрнек (бөлімінде айнымалысы) бар болса, ол бөлшек-рационал теңсіздік деп аталады.

Рационал теңсіздіктер шешудің стандартты тәсілін қарастырайық. Бұл тәсіл берілген теңсіздікті көпмүше теңсіздігіне келтіруінде негізделген. Ендеше, рационал теңсіздігін қарастырайық  f(x)>g(x),  мұндағы f(x) және  g(x) - рационал функциялар, яғни көпмүшелер қатынасы түрінде көрсетілетін функциялар. Рационал теңсіздіктің екі жағын сол жаққа көшіріп, оны екі көпмүше қатынасы түрінде көрсетейік    
P(x)/Q(x)>0 

Теңсіздіктің осындай түрін стандартты деп атаймыз). 
Келесіні байқайық:    
P(x)/Q(x)>0 ⇔P(x)⋅Q(x)>0, яғни екі көпмүшенің көбейтіндісі оң болса, сонда және тек қана сонда олардың қатынасы да оң болады.   
P(x)/Q(x)<0 ⇔P(x)⋅Q(x)<0, яғни екі көпмүшенің көбейтіндісі теріс болса, сонда және тек қана сонда олардың қатынасы да теріс болады.
Сонымен,
P(x)/Q(x)>0 ⇔P(x)⋅Q(x)>0,
P(x)/Q(x)<0⇔P(x)⋅Q(x)<0.


Рационал теңсіздіктерді шығарғанда, бөлшек бөліміндегі өрнекті ескеру керек.

Рационал теңсіздіктерді шығарудың алгоритмі :

1) теңсіздік құрамындағы барлық өрнектерді оның бір жақ бөлігіне шығару керек;

2) шыққан қосылғыштарды ортақ бөлімге келтіріп, оны бір бөлшек түрінде жазу керек;

3) бөлшектің алымын да, бөлімін де жай көбейткіштерге жіктеп жазу керек;

4) сан осін салып, аралықтар тәсілін қолдану керек;

5) есеп жауабын жазу керек.
Үй тапсырмасы:

                                                    



                 

             

                                                

                                                
1. Е. С. Кочетков Алгебра және элементар функциялар

2.Собалақов Математика тарихы

3.Мектеп математика, оқулығы, әдістемесі,

4. Математикалық журналдар «Математика және физика» , «Квант»

5. Ә.Бидосов. Математиканы оқыту методикасы. Алматы, 1989

6. А.Әбілқасымова Математиканы оқытудың теориясы меен әдістемесі. Алматы, 2005




    Техникалық құралдар, материалдар: www.nismath.org, www.bilimland.kz, https://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/1130.pdf

https://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/391.pdf сайтынан қазақша кітаптардан қараңыз

Құрметті, студент!

Лекция материалдары және ұсынылған сілтемелердегі ақпаратпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындап, жауаптарыңызды жүктеңіз

Рахмет! Жауабыңызды күтемін

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет