Қайырлы күн! Құрметті дебатқа қатысушы қонақтар және оқушылар! Жастарымыздың мамандық таңдауына байланысты негізделген



Дата23.03.2023
өлшемі14,61 Kb.
#75804

Қайырлы күн! Құрметті дебатқа қатысушы қонақтар және оқушылар! Жастарымыздың мамандық таңдауына байланысты негізделген « Қазіргі әлемнің экологиялық жағдайы қазіргі жастарды толғандырады ма? »атты бұл палатамызды бастауға рұқсат етіңіздер!Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.
Бұл палата: Қазіргі әлемнің экологиялық жағдайы қазіргі жастарды толғандырады ма?
Мақсаты:
экологиялық сауаттылық, мәдениет және жауапкершілік негіздері мен мектеп оқушыларының тәртібінің дамуын экологиялық тұрғыда қалыптастыру.

- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
- Оқушының эколог мамандығына деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
Түрі: Дебат (пікірсайыс)
Әдісі: Сұрақ - жауап, ситуация туғызу, нақты дәлелдер келтіру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты презентация,бейнеролик
Өту барысы: топтық
Экология» термині бұрын 1866 жылы пайда болған. Және бұдан әрі де қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие болады. Атмосфераға зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық әлемде бірінші орындардың бірінде экология мәселесін қояды.. Эколог – дүниедегі тірі заттар мен өсімдіктерді зерттеп, беймәлім тіршілік иелері мен өсімдіктерді ашу бойынша зерттеулер жүргізетін адам. Әлемге белгілі және біз күн сайын білетін жаңа ақпараттардың көпшілігі экологтар жүргізген зерттеулер мен сараптамалардың нәтижесінде пайда болды. Біздің елде көп таралмаған кәсіптің бұл түрі әлемнің көптеген елдерінде өте маңызды.

Бүгінгі әділ - қазылар мүшелерімен таныс болайық:

Әділ - қазылар мүшелері:

Бұл пікірталасқа 9 б,в сынып оқушыларынан құралған оппозиция парасат тобы және үкімет зерде тобы қатысады.


Оппозиция парасат топ мүшелері:
1.
2.

Үкімет зерде тобы
1.
2.

Тақырыпқа байланысты бейне сюжетке назар аударамыз.


Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:
1. Дебат ережесін сақтау
2. Тақырыптан ауытқымау.
3. Сөйлеу шеберлігі
4. Жоғары мәдениеттілік
5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы

Пікірталас ойын шарттары
1. Әр топ өзін таныстыру.
2. Екі топ өз ойларын ортаға салады
3. Регламент сақтау
4. Екі топ өзара сұрақ алмасады
5. Қарсыласыңды тыңдау, сыйлау.
6. Қарама - қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
7. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Енді сөз кезегін оқушыларға берсек:

Қорытындылай келе дебатымыздың әділ қазы мүшелеріне сөз кезегін береміз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет