Айжұлдыз. А тақырыб Өмір және өлім. Өмірдің мәні. Жоспар



бет1/3
Дата31.10.2022
өлшемі61 Kb.
#46602
  1   2   3



Айжұлдыз.А
Тақырыб 8. Өмір және өлім. Өмірдің мәні.


Жоспар;
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).


2. Практикалық тәжірибеде өмірдің мәнін түйсінудің маңызды аспектілері: философиялық талдау.


3. Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде.
Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).

1 Адам болмысы. Адам болмысының маңызды категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім, жалпы сипаты және философиялық мәні.


2 Өмір ұғымы, философиялық мәні. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну.
3 Уақыт, мәңгілік және мақсат. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
4 Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы. Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім.
5 Адам қажеттіліктерінің пирамидасы, жалпы сипаты. Махаббат – адамның өмір сүру мәні.


Кілт ұғымдар: өмір, өмір мәні, өмір және өлім, бақыт, сенім, үміт, мақсат, уақыт, құндылық, махаббат

1 Адам болмысы. Адам болмысының маңызды категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім, жалпы сипаты және философиялық мәні.


Адам болмысының, адам өмірінің мәні мәселесі – философиядағы ең күрделі және бір мәнді шешілмейтін мәселелердің бірі. Әңгіме ең алдымен өмірге деген қарым-қатынастың жеке сипаттамасы, адам өмірінің мақсаттары мен міндеттерін түсіну туралы, индивидтің өз ұстанымын қоғамда қалыптасқан құндылықтар жүйесімен арақатынасы туралы, өзін әлеуметтік өмірге қосу (немесе қосылмау) дәрежесі туралы болып отыр.
Барлық осы мәселелерді қарау кезінде адам болмысының мәнінің қандай да бір нұсқасын мойындайтын ұстаныммен қатар оның бар болуын жоққа шығаратын ұстанымдардың да бар екенін естен шығармау осы тақырыпты талқылауда маңызды.
Адам болмысының оның өмірін анықтайтын негізгі категориялары – бұл ең алдымен еркіндік, өмірдің мәнін іздеу, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, өлім. Жалпы маңызды қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, қатынастар – категориялар деп аталады.
«Бақытты адам» болмысының аса маңызды философиялық категориясы ретінде, төрт түрлі қырынан қарастыруға болады:

  • Бақыт – тағдырдың адамға мейірімділігі, сәттілік;

  • Бақыт – қуаныщ күйі, қарқынды қуаныштағы жағдайы;

  • Бақыт – ең жақсы игіліктерге ие болу, өмірдің жағымды көрінісі;

  • Бақыт – өмірге қанағаттану сезімі.

Бақыт дегеніміз – адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.
Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы бағытты қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, өнер қайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ.
Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардың өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді.
«Бақыт» – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында. Шын махаббат екі жақтың психологиялық үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. «Махаббат» – адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысты бір маңызды қыры.
«Еркіндік» – адамның мәні мен өмір сүруін сипаттайтын философиялық категория ретінде. Еркіндік индивидтің моральдық және құқықтық жауапкершілігімен байланысты. Бостандық пен жауапкершілік – біртұтас-саналы адам қызметінің екі жағы. Жауапкершілік қоғамдық сананың алға даму, әлеуметтік қатынастары дәрежесімен, қазіргі әлеуметтік әрекеттермен байланысты.
Өмір мен өлім – адамзаттың рухани мәдениетінің мәңгілік тақырыптары.
Өмір – әлемде болу ретінде. Өмір өлімге және өлместікке дайындық ретінде. Өмір сүру – бұл өмірді сезіну, өмір сүруді сезіну. Өмір сүру – адамның әлемде болуын, толық қатысуын талап етеді. Өмір – бұл болашақпен қақтығысы, онда өткен және қазіргі өзінің мәні мен мәнін ашатын іс-әрекет. Өмір әлемнің үнемі қайталап туылатын туындысы.
Өлім – адам өмірінің маңызды факторы. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. «Өлімді шынайы гений, философияны шабыттандырушы» деп тұжырымдаған Сократ. Стоиктер өлім туралы өмірдің ең маңызды оқиғасы ретінде айтты, оның мәні: «жақсы өмір сүруді үйрену – бұл жақсы өлуді үйрену». Өз өлімінде адам өз даралығын ашады. Өлім – адамның тегі тең болатын жалғыз нәрсе.
Өмірдің мәнін таңдау – күрделі мәселе. Мұндай таңдаудың алдында болғандарды үйрете отырып, ежелгі Рим ойшылы Сенека адамдар пайымдаудан гөрі басқаларға сенуге бейім екенін әділ атап өтті. Сонымен қатар, мұндай таңдау ұзақ және ұнды ойлардың жемісі де болып табылады.
Өмірдің мәні, болмыстың мәні – өмір сүрудің түпкі мақсатын, адамзаттың, адамның биологиялық түрі ретінде қарастырылады, сондай-ақ адамның индивидум ретінде мақсатын айқындауға қатысы бар философиялық және рухани проблема және тұлғаның рухани-адамгершілік бейнесін қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар негізгі дүниетанымдық ұғымдардың бірі.
Шығармашылық – адам болмысының ең жұмбақ, толғандыратын және өзекті мәселелерінің бірі. Шығармашылық болмыстың объективті заңдары негізінде адам мен адамзаттың мақсаттары мен қажеттіліктеріне сәйкес табиғи және әлеуметтік әлемді өзгертеді.
2 Өмір ұғымы, философиялық мәні. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну.
Адам өмірінің мәні оның қызметінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады. Тарихтаң түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы-сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Француз ғалымы және философы Блез Паскаль (1623-1662): «Адам – бар болғаны құрақ, табиғат жаратылыстарының ішіндегі ең әлсізі, бірақ ол – ойланушы құрақ. Оны жою үшін бүкіл Ғаламның тіпті де керегі жоқ: желдің соғуы, су тамшысы да жеткілікті. Алайда, тіпті оны Ғалам жойса да, адам бәрібір де одан гөрі асқақтау, өйткені өмірмен қош айтысатынын және Ғаламнан әлсіздеу екендігін ұғынады, ал Ғалам ештеңені ұғынбайды» деп жазған. Басқа тірі жаратылыстардан айырмашылығы – адам өз өмірін ұғынады. Адамның саналы жаратылыс ретіндегі өз өмірі мен өзді-өзіне қатынасы оның өмірінің мағынасы мен мақсатында өрнектеледі.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол өзіміз жоғарыда талқылап кеткен бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Өмірдің мәні мен мақсаты неде? Неге бұл сұрақтың жауабын білу маңызды? Себебі, өміріңнің мәнсіз, мақсатсыз өтіп жатқанын білуден жаман нәрсе кемде-кем. Мұндай ой жаныңды жегідей жеп, күйзеліске ұшыратады. Ал керісінше, адам не үшін өмір сүріп жатқанын анық білсе, өзін әлдеқайда бақытты сезінеді. Холокосты басынан кешірген Виктор Франкл есімді невролог былай деп жазды: «Не үшін өмір сүріп жатқаныңды білу ең сұрапыл жағдайда да аман қалуға көмектеседі деп сеніммен айта аламын».
Бірақ, назар аударыңыз:
- «Адам өз еркімен туылмайды». Ол әлемдегі өзінің пайда болу актісіне жеке қатыспайды;
- «Адам өз еркімен өмір сүрмейді». Ол өз еркі бойынша өмірді тоқтата алады, бірақ өзінің өмірлік күшінің алғашқы себебі емес. Адамның барлық физиологиясы, қан айналымы, ас қорыту, тыныс алу, жүйке жүйесі және басқа органдар дербес жұмыс істейді;
- «Адам өз еркімен өлмейді». Өмірлі сақтау инстинктісі өте күшті және адам мәңгі өмір сүргісі келеді, дегенмен өлуге тура келеді.
Мұны түсінбей, адам бірден белсенділікті дамыта бастайды, өзін өмірдің толық иесі ретінде сезінеді, тағдырды «өз қолына» алуға тырысады және осы әлемде қалай «мәңгі» орнығуға болады.
Сол кезде де жаһандық сұрақ туындайды: перзентханадан зиратқа дейінгі барлық өмір процесі адамға не үшін берілді? Егер соңында өлсе, онда не үшін туу керек? Егер туған болса, неге өлу керек?
Өмір осылайша ештеңемен аяқталады ма?!
Сонымен, адамның өмір сүруі, оның туылуы мен өлімінің құпиясы оның өмір сүру мәні туралы сұраққа жауап береді және талап етеді. Оған және бүкіл адамзатқа не үшін өмір берілді? Өмір не үшін бұл әлемде бар?
Адам – өз өмірінің мәні туралы сұрақ қойып қана қоймай, оған жауап іздейді,сонымен қатар онсыз өмір сүре алмайды. Өз өмірлерін ұғыну адамның ақыл-ойы мен оның «менінің» болуын талап етеді.
Сол себепті, ақыл-ой өз өмірінің мәнін іздейді. Өйткені, адамның барлық құрамдас бөліктерінің мақсаты бар; демек, жалпы адамда да мағынасы болуы керек. Алайда, бұл жайлы адамдар түрлі әрі қарама-қайшы пікірлер айтады. Көпшілік өмірдің мәні мен мақсаты неде екенін әр адам өзі үшін өзі шешуі керек деп ойлайды. Ал эволюция теориясына сенетіндер өмірдің нақты бір мақсаты жоқ дегенді үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет