4.15-суретте күштік трансформаторларының құралым сұлбасы берілген.
Қазіргі уақытта зауыттан қуаты 10 кВт-тан 800000 кВт-қа дейін трансформаторлар (автотрансформаторлар) шығарылады. Үш фазалы трансформаторлар мынадай параметрлермен шығарылады:
– кернеуі 220 кВ, қуаты 630 МВт – 1000 МВт-қа дейін;
– кернеуі 330 кВ, қуаты 1250 МВт;
– кернеуі 500 кВ, қуаты 1000 МВт.
Ал, бір фазалы трансформаторлардың тобы:
500 кВ- 3· 533мВА=1600 мВТ;
750 кВ- 3·417мВА= 1251 мВТ;
1150 кВ- 3·667 мВА= 2001 мВТ;
Трансформатордың түрін таңдап алу, олардың параметрлеріне жəне тұтынушылардың категориясымен (1,2,3-категория) жұмыс істеу графигіне байланысты.
4.15-сурет. Трансформатор құралымының сұлбасы
1 – ұлғайтқыш. 2 – сақтандырғыш труба. 3,4 – маймен толтырылған оқшаулатқыш.
5 – бак. 6 – магниттік өткізгіш (магитопровод). 7 – жоғары жəне төменгі кернеулі
орамалар. 8 – радиаторлық трубалар. 9 – оқшауламалық (изоляциялық) май. 10 – арба.
11 – газ релесі.
Жоғарлатқыш жəне төмендеткіш трансформаторлардың бір-бірінен айырмашылығы негізінен мына мəселелерге байланысты:
• құралымына;
• орамалардың өзара орналасуына (үш фазалы трансформаторлар мен
автотрансформаторлар);
• орамалардың негізгі шықпасындағы номиналь кернеудің мөлшеріне.
Көрсетілген трансформатордың орамаларының негізгі шықпасындағы номиналь кернеуінің шамасы төменде келтірілген.
Жоғарлатқыш трансформаторлар үшін:
Өндірісте трансформаторларды пайдаланғанда жоғарыда көрсетілген талаптар көбінесе орындалмайды. Жүктемелер артық немесе аз болуы мүмкін. Сондықтан трансформаторларды таңдағанда олардың рұқсат етілетін жүктемемен жұмыс істеуін ескеру керек.
Трансформатор құралымының сұлбасы
1 – ұлғайтқыш.
2 – сақтандырғыш труба.
3,4 – маймен толтырылған оқшаулатқыш.
5 – бак.
6 – магниттік өткізгіш (магитопровод).
7 – жоғары жəне төменгі кернеулі орамалар.
8 – радиаторлық трубалар.
9 – оқшауламалық (изоляциялық) май.
10 – арба.
11 – газ релесі.
Электр тізбегінің кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған
трансформаторларды іске қосудың қарапайым сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |