«Қайран елім, қазағым!»



Дата27.10.2022
өлшемі14,4 Kb.
#45807

Авторы: Исаева Эланора
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді – мекені «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің 11 «ә» сынып оқушысы
«Қайран елім, қазағым!»
Көгілдір экраннан көргенде елім сұмдықты,
Шүберекке жандарын түйіп дүрлікті.
Мөлтілдеп көзім, Алладан сұрадым көмекті,
Айтыңыздаршы, жаратушыдан басқа кім бар құдіретті?!

Телеарналардың күл талқанын шығарды


Жазғырдым мен де не көрінген деп оларды.
Архивтерді де аямай өртеп тастады,
Ұлттық тарихты осылай міне қорлады.

Қиын екен, елдің басына күн туса,


Көтеріліс жасап, айналаны шарпыса.
Арандатушы, террористердің кесірінен,
Алматы мен Нұр - Сұлтанның ғажаптары ұрланса.

Бейбіт түрде шешу үшін шығып еді шеруге,


Бүлікшілер шеруді айналдырды қан төгісіне,
Қатыгездіктің сан түрлері болып жатты,
Кім кінәлі, боздақтардың өмірден тым ерте кеткеніне?!

Елбасымызды көріп, жүрегім менің сыздады,


Халқын қорғау үшін бар жанымен шырылдады.
Вирустың патшасы Отанымызды билеп жатқанда,
Қазір болып жатқан мәселе екі есеге ауырлады

Барлығымыз бірігіп, бұл сынақты жеңейікші,


Теке - тірессіз, барлығын бейбіт түрде шешейікші.
Тәртіпке бағынған құл болмас демекші,
Төтенше жағдайдың ережесін де сақтап жүрейікші.

Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде,


Мақсаты айқын болмаса сенбейік біреудің сөзіне.
Ақылдың таразысына салайық, жүректі тыңдап,
Адаспай хақ жолдан, тік қарайық шындықтың көзіне.

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ!


Азаттықтың ақ таңын көрмей кеткен жандар көп.
Ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын,
Сақтайық бәріміз, күшіміз бірлікте боп!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет