Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет



Дата29.01.2023
өлшемі14,34 Kb.
#63503

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет...
Қазақтың рухты, ермінезді батырларының бірі де бірегейі – Бауыржан Момышұлы туралы ойталғау жазудың өзі жүректілікті талап етеді екен. Неге десеңіз, Бауыржан атамыздың қайсар да қатал мінезі туралы көп естеліктерді оқи отырып, соны ұқтым. Оның рухы осы жазып отырған толғауымды оқып тұрғандай...
Қазақта батыр аз болмады. Сонау Сақ, Ғұн тайпалары кезінен күні бүгінге дейін қазақтың өршіл намысын қорғаған талай батыр жайлы аңыздар мен естеліктер тарихымыздың жадында жаңғырып тұр. Тарихқа үңілер болсақ, Екінші дүниежүзілік соғыста (Ұлы Отан соғысында) қазақ халқы талай батыр ұлдары мен қыздарын жеңіске жету жолында соғысқа аттандырды. Өз елінің аманатын арынан биік ұстаған арыстан ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы болатын. Бауыржан Момышұлының соғыста бүтіндей бір батальонды басқаруы тектен тек еместігін біліп отырмыз. Тұлғалық ерекшелігімен, көшбасшылық қабілетімен, ақылдылығымен дараланып, бүтін бір Одаққа үлгі бола білді. Оның қаншама қанатты сөзі ұрпақтарының жадында тұр. Күндіз майданда жүрсе, түнде қаламымен сөз майданында жүрген Бауыржан атамыз көптеген дана сөздерін, ақылын, естеліктерін келешек ұрпаққа қалдыра алды. Ер адамның бойында тау қопарар күш-қайраттың барын мойындаймыз, десек те, ол қайратын тиімді әдіспе қолданбаса, әдісін ақылымен ұштастырмаса мақсатына жетпейтінін Бауыржан атамыз айтады. Әрбір жігіттің ерлігінің артында ептілік пен ақылдылық тұрады. Менің ойымша соғыс кезінде тек ақылдылық ер жігітке аздық етер еді. Жүректе ерліктің рухы болуы тиіс сияқты. Себебі сұрапыл соғыс кезінде өз әрекеттеріңе ақылмен қоса батылдық та, батырлық та қажет еді.
Өз жанындағы жауынгерлерге рухты сөздерін арнап, олардың соғыс алаңында дұрыс әрекет жасауына тікелей ықпал жасай білгені тарихи мәліметтерде айқын айтылады. Осындайда сөздің құдіретін еске аламыз. Қазақша да, орысша да жетік білген Бауыржан атамыз қаншама жауынгердің жанына қуат бере алды, соның барлығы көркем сөздің құдіретін айқындайды. Адамның бойында, әсіресе ер жігіттің, патриоттың бойында кездесуі тиіс қасиеттерді әрбір жауынгерінен көре білген батыр атамыз тарихта мәңгі естелік, аңыз тұлға болып қалды. Ісі мен сөзі келіскен, мінезі мен рухы үйлескен, ақылды тұлға Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының мәңгілік мақтанышы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет