Қайролла мұҚанов



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата02.01.2017
өлшемі1,19 Mb.
#964
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

 
 
 
 
 
ҚАЙРОЛЛА МҰҚАНОВ 
 
 
 
 
 
АҚЫН IЗI 
СЛЕД ПОЭТА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Петропавл - 2008 

 

Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану 
мұражайы «Асыл мұра» орталығы 
 
Северо-Казахстанский областной историко- 
краеведческий музей, центр «Асыл мұра» 
 
 
 
ҚАЙРОЛЛА МҰҚАНОВ. АҚЫН IЗI. 
СЛЕД ПОЭТА 
Петропавл – 2008  
 
Қазақстан  журналистер  одағының  мүшесi, 
«
Асыл  мұра»  орталығының  қызметкерi  Қайролла 
Мұқановтың  бұл  кiтабына  халқымыздың  ұлы 
ақыны  Мағжан  Жұмабаев  туралы  әр  жылдары 
баспасөз  бетiнде  жарияланған  зерттеу  мақалалары 
енгiзiлдi.  Кiтап  оқушылар  мен  студенттерге, 
оқытушылар  мен  әдебиетшiлерге,  жалпы  оқырман 
қауымға арналған. 
 
В книгу члена Союза журналистов Казахстана, 
сотрудника 
центра 
«
Асыл 
мұра» 
вошли 
исследовательские  статьи  о  великом  казахском 
поэте  Магжане  Жумабаеве,  опубликованные  в 
разные  годы  в  периодической  печати.  Книга 
расчитана на широкий круг читателей. 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
Басқа жұрт өз өнерпаздарымен 
мақтанса, қазақ әдебиетi де бiр 
кезде суретшiлiк жөнiнен 
Мағжанмен мақтануында сөз жоқ. 
 
Жүсiпбек Аймауытов 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

СӨЗ  БАСЫ 
 
«
Мағжан! Мағжан!.. Ерек есiм киелi 
Ұмытпайды, халқың сенi сүйедi. 
Күннен туған пайғамбары өлеңнiң 
Алты алашың өзiңе бас иедi.» 
 
Кәрiбай Мұсырман. 
 
Жарты  ғасыр  бойы  қазақтың  ұлы  ақыны 
Мағжан  Жұмабаевтың  шығармалары  қамауда 
болды, тек өткен ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының 
соңында  ғана  халқымен  қайта  табысты.  Ақынның 
есiмiн  атауға  тыйым  салынған  жылдардың  өзiнде 
халқы  оны  ұмытпады.  Бiздiң  бала  кезiмiзде  ел 
iшiнде  үлкендер  жан-жақтарына  қарап  алып, 
«
Шiркiн, Мағжанның өлеңдерi-ай!» – деп, ақырын 
оның  өлеңдерiн  жатқа  айтып  отыратын  едi. 
Осының өзi  Мағжанның тек қатардағы  ақын  емес, 
есiмi,  өлеңдерi  халық  жүрегiнде  мәңгi  сақталатын 
ұлы ақын екенiн бiлдiрмей ме?! 
Ақын,  жазушы,  журналист,  фольклорист, 
тарихшы,  философ,  аудармашы,  ұстаз,  қоғам 
қайраткерi, саясаткер – Мағжан Жұмабаев артында 
мол мұра, мол iз қалдырды. Мағжан қазақ әдебиетi 
мен  мәдениетiнiң  өзге  елдер  әдебиетiмен, 
мәдениетiмен  тең  болуын  қалады.  Қазақ  елiнiң 
мәдениетi  мешеу,  тарихы  белгiсiз  «бұратана»  ел 
атануына  намыстана  қарады.  Мұның  өзi 
халқымыздың  тарихын  бiлмегендiктен  екенiн 
аңғарды.  Сөйтiп,  халқымыздың  тарихы  мен 

 

мәдениетiн терең зерделеп зерттеуiне кiрiстi. Өткен 
тарихымызға  терең  бойлаған  ақын,  орыстың  және 
әлем  әдебиетi  мен  ғылымын  меңгеруге  тырысты. 
Елiнiң 
тарихы 
мен 
мәдени 
мұраларына 
қызығушылығы  мен  сүйiспеншiлiгiн  өмiрiнiң 
соңына  дейiн  сақтады.  Ол  қазақ  халқының  асыл 
мұраларын келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажет 
деп санады. Сондықтан да өзiнiң шығармаларында 
ел  тарихын,  халықтан  шыққан  ұлы  тұлғалардың 
(Абылай,  Кенесары,  Сыздық…),  ел  қорғаған 
батырлардың  ерен  еңбегi  мен  ерлiгiн  көрсетуге 
ұмтылды. 
Мағжан  өзiнiң  қысқа  өмiрiнде  көп  қалада 
болды.  Ол  өзiнiң  Сасықкөл  жағасындағы  туған 
ауылынан  бастап  Қызылжар,  Уфа,  Қазан,  Омбы, 
Орынбор,  Ташкент,  Мәскеу  қалаларында  болды. 
Сол  қалалардың  қайсысында  болса  да,  туған 
халқын ұмытқан жоқ, соған қызмет етуге тырысты, 
тамаша  өлеңдер,  поэмалар,  ғылыми  еңбектер 
жазып, өз iзiн қалдырып отырды. Осы жолдарында 
ақын  Алаш  партиясының  басшылары  Әлихан 
Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мiржақып 
Дулатовтан  бастап  көптеген  зиялы  азаматтармен 
танысып  жолдас  болды.  Оның  ақындығын, 
бiлiмдiлiгiн,  отансүйгiштiгiн  Ахмет  Байтұрсынов, 
Мiржақып Дулатов, Жүсiпбек Аймауытов, Мұхтар 
Әуезов, Сәбит Мұқанов жоғары бағалады. 
Кеңес  үкiметi  орнағаннан  кейiн,  әсiресе 
Қазақстанға  бiрiншi  басшы  болып  Ф.И.Голощекин 

 

келгеннен кейiн оның шығармаларын сынап, өзiне 
ұлтшылсың,  байшылсың,  түрiкшiлсiң,  менменсiң 
деген сияқты кiнә тағу көбейiп кеттi. Соның өзiнде 
ол мойымады, өзiнiң бағасын бiлдi: 
Күннен туған баламын, 
Жарқыраймын, жанамын, 
Күнге ғана бағынам. 
Өзiм – күнмiн, өзiм – от, 
Сөзiм, қысық көзiм де – от. 
Өзiме - өзiм табынам, – деп қыр көрсеттi. 
Ұлы  ақын  қандай  қыспақ  көрсе  де,  халқына 
сыйлы  екенiн,  өзi  өлсе  де,  есiмi,  шығармалары 
өлмейтiнiн, халық жадында сақталатынын сездi. 
Мен өлмеймiн, менiкi де өлмейдi, 
Надан адам өлiм жоғын бiлмейдi. 
Өзiм – патша, өзiм – қазы, өзiм – би, 
Қандай  ессiз  не  қылдың  деп  тергейдi?  – 
деуi де сондықтан. 
50  жылдан  астам  сергелдеңi  мол  үзiлiстен 
кейiн  Мағжандай  ұлы  ақынымыздың  азаматтық 
арда келбетiмен халқымен қайта табысып, ақындық 
өр  дауысының  жаңадан  жаңғыра  естiлген  үнiн 
бүгiнгi  ұрпақ  зор  қуанышпен  қарсы  алды.  Ақын 
ақталып,  шығармалары  жарыққа  шығуы  елiмiздiң 
талай ақындарының шабытын оятып, оған арналған 
көптеген өлеңдер, поэмалар туды. 
Көрнектi  ақын,  жерлесiмiз  Кәкiмбек  Салықов 
ақын есiмiнiң халқына қайта оралауына арнаған бiр 
өлеңiнде: 

 

Есесiн ессiз күннiң тағдыр берсiн, 
Қайтадан Мағжан атты жаңғырды есiм. 
Жетедi ет – жүрекке әрбiр сөзi, 
Кетедi  еске  оралтып  тағдыр  көшiн  –  деп 
өзiнiң де, халықтың да зор қуанышын бiлдiрдi. 
Ұлы  ақын  ақталғаннан  берi  оның  өмiрi  мен 
шығармашылығын  зерттеген  көптеген  еңбектер 
жарық  көрдi.  Дегенмен  ақынның  өмiр  жолы  мен 
шығармашылығы  толық  зерттелiп  болды  деуге 
болмайды.  Әлi  талай  жылдар  бойы  талай 
әдебиетшi,  тарихшы  ғалымдар  бұл  жолда 
еңбектенерi хақ. 
Бiз де өз әлiмiзше ақын өмiрi мен шығармашы-
лығын  зерттеп  оның  әр  қалада  болғанда  өзiнiң 
шығармаларымен  қалдырған  iзiн,  асыл  мұраларын 
көрсетпек болдық. Сонымен қатар оның Мiржақып 
Дулатов,  Жұмағали  Тлеулин,  Нәзiр  Төреқұлов, 
Сәкен  Сейфуллин,  Сәбит  Мұқанов,  т.б.  сияқты 
қазақтың  зиялы  азаматтарымен  қарым-қатынасын 
көрсетуге  тырыстық.  Осыған  орай,  кiтаптiң  атын 
«
Ақын  iзi»  деп  қойдық.  Бұл  еңбек  ойдан 
шығарылған  жоқ.  Мұрағат  көмбесiнде  бұғып 
жатқан құжаттарды, баспасөз бетiнде жарияланған 
материалдарды екшеп, зерделеп пайдаландық. 
Еңбегiмiз  өскелең  ұрпаққа  ұлы  Мағжан 
ақынның  өмiрi  мен  шығармашылығынан  аз  да 
болса  қажеттi  мағлұмат  берсе  мақсатымыздың 
орындалғаны деп санаймыз. 
 
Автор. 

 

Мағжан Жұмабаевтың 
100- 
жылдығына
 
 
МАҒЖАННЫҢ «ТАҢДАМАЛЫСЫ» 
(4.02
.1993ж.) 
 
Қазақтың 
ұлы 
ақыны, 
халқымыздың 
мақтанышы  Мағжан  Жұмабаевтың  шығармалары 
60  жыл  бойы  жарық  көрмей  қапаста  қамаулы 
болды. Бiздер оның шығармаларын оқымай бiлмей 
өстiк. Тек 1988 жылдың қараша айында Мағжан өзi 
сияқты  бiр  топ  қазақ  зиялыларымен  бiрге  толық 
ақталғаннан  кейiн  ғана  оның  шығармаларын 
жарыққа шығаруға мүмкiндiк туды. 
1989 
жылы 
«
Жазушы» 
баспасынан 
Мағжанның  бiр  томдық  шығармалар  жинағы 
шыққан  болатын.  Мұнда  ақынның  192  өлеңi,  6 
поэмасы, он мақаласы, 19 аудармасы жарық көрдi. 
Әрине,  бұл  басылым  ақынның  мол  мұрасын  түгел 
қамти  алмады.  Соның  өзiнде  бұл  жинақ 
Мағжанның  өлеңдерiн  сағынған  жұртқа,  әсiресе 
оның  шығармаларын  бұрын  мүлде  бiлмеген 
бiздерге  шөлiркегенде  қолға  тиген  сусындай  әсер 
еттi.  Ақынның  бұл  жинағындағы  шығармаларын 
оқыған  бiз  оның  өлеңдерi  мен  дастандарының 
мiнсiз  сұлулығына,  сыршылдығы  мен  әуездiлiгiне, 
ақынның  суретшiлiгi  мен  өз  халқына  деген 
сүйiспеншiлiгiне тәнтi болдық. Сөйттiк те оның бұл 
жинаққа  кiрмей  қалған  шығармаларының  жарық 
көруiн асыға күттiк. 

 

Бiрақ  бiз  асыққанмен  астанадағы  кiтап 
шығарушылар  асықпады.  Обалы  не  керек, 
Қазақстан  Республикасының  Ғылым  Академиясы-
ның  М.О.Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер 
институты  филология  ғылымының  кандидаты 
Батырхан Дәрiмбетовтың құрастыруымен Мағжан-
ның  Таңдамалы  шығармаларын  әзiрлеп  баспаға 
1990 жылдың 16-шы наурызында тапсырады. Бiрақ 
бұл  «Таңдамалы»  кiтап  болып  тек  1992  жылы 
шықты.  Бұған  да  тәуба  деп  ендi  осы  кiтапта 
басылған Мағжан шығармаларын саралап көрейiк. 
Кiтапта  ақынның  таңдамалы  66  өлеңi,  4 
поэмасы, 2 зерттеуi, 2 аудармасы және соңғы кезде 
табылған  3  өлеңi  басылған.  Аталған  өлеңдердiң 
iшiнде  1989  жылғы  жинаққа  кiрмеген  3  өлең  бар. 
Олар «Ақсақ Темiр сөзi», «Сәлем хат», «Адастым». 
«
Ақсақ  Темiр  сөзi»  атты  өлеңде  Мағжан  Ақсақ 
Темiрдiң  қабiрiнiң  басына  қойылған  көк  тасқа 
жазылған  сөздi  жырға  айналдырған.  Онда  көк 
тәңiрiсi құдай болса, жер тәңiрiсi – Темiр деген ой 
айтылады. Өлең: 
«- 
Көк тәңiрiсi-тәңiрiнiң 
Тұқымы жоқ, заты жоқ. 
Жер тәңiрiсi – Темiрдiң 
Тұқымы – түрiк, заты – от!» – деп аяқталады. 
Осындай  сөздер  үшiн  кезiнде  қарсыластары 
Мағжанды түрiкшiлсiң деп айыптағаны белгiлi. 
«
Сәлем  хат»  атты  өлең  алғаш  1924  жылдың 
аяғында  жарық  көрген.  Бұл  кезде  Мағжан 

 
10 
Москвада  оқуда  болатын.  Ақын  Москвада  сол 
кезде  1923  жылы  Ташкентте  басылып  шыққан 
жинағындағы  өлеңдерi  үшiн  ауыр  сынға  ұшырап, 
ұлтшыл,  түрiкшiл,  байшыл  сияқты  сөздер  естiп 
қамығып  жүргенде  туған  елiн  сағынып  жазған 
көрiнедi: 
Сәлем сөзiм алыстағы елiме, 
Алыстағы ақ селеулi белiме. 
Айдан да айқын сендердi iздеп қайтуым, 
Күнiм бiтiп кiргенiнше көрiне. 
 
Қар қаланың тастап қызыл-жасылын, 
Сар даланың аңсап жусан-сасырын. 
Қайтуым хақ бiр күн қонып iңiрде, 
Қар  қаладан  қашып  шығып  жасырын,  -  деп 
қамығады. 
Одан  әрi  ақын  не  көрсе  де  елмен  бiрге 
көретiнiн бiлдiредi: 
Мен қайтармын болмақ үшiн елмен ел, 
Ел бел асса, аспақ үшiн бiрге бел. 
Аз ғана елдiң өмiрi құрғыр қалтылдақ, 
Ел шер тартса, тартпақ үшiн бiрге шер. 
Ақын  өлеңiн  елiне  арналған  мынадай  жүрек 
сөздерiмен аяқтайды: 
Қайтуым хақ. Белдi будым тас қылып
«
Кет!» деме елiм, ендi менi басқа ұрып. 
Дейтiн болсаң: «Қой жырыңды, жырауым!» 
Қобызымды қиратармын тасқа ұрып. 
 

 
11 
Сөзiм осы алыстағы елiме, 
Алыстағы ақ селеулi белiме. 
Жатсың демей, өзiмсiң деп баурыңа ал, 
Қолың берiп мендей саяқ серiңе. 
«
Адастым»  деген  өлеңi,  сiрә,  Қазан  төңкерiсi 
және  азамат  соғысы  кезiнде  жазылса  керек.  Оны 
мына жолдардан байқауға болады: 
Әлдеқайдан шу шықты, 
Қып-қызыл қан-ту шықты. 
Жердiң жүзiн түн басты – 
Шегiр көздi, сары шаш 
Бәрi тырдай жалаңаш, 
Жан-жағынды жын басты. 
Әлдененi бөлiсiп 
Ыржиысып күлiсiп 
Ән жер, мiн жер жалтта-жұлт 
Жел ұлиды өкiрiп, 
Жындар жалп-жалп секiрiп… 
«
Ертегi» 
атты 
поэмасында 
Мағжан 
Кенесарының  ұлы  Сыздықтың  батырлығын, 
батылдығын  ертегi-аңыз  түрiнде  мадақтайды.  Бұл 
шығармасын  ақын  20-шы  жылдардың  басында 
Қызылжарда  жазып  осында  өзi  қызмет  iстеп 
жүрген «Бостандық туы» газетiнде бастырған екен. 
Бұл  да  ақынның  жабығып  жүрген  кезi.  Оны 
поэманың кiрiспесiндегi мына жолдардан-ақ көруге 
болады: 
 
 

 
12 
Бүгiн жаным өртке оранған жанға ұсап, 
Бүгiн жаным тым аңсады от құшақ. 
Жынды жүрек тығылады аузыма, 
Тiлiм-тiлiм тiлсе келiп у пышақ… 
 
Аласұрад, жынданады жас жүрек 
Қорақ керек. Арақ керек! Не керек! 
Бәрiде жоқ, жалғыз жолдас – қиялым, 
Жұбатады айтып маған тәттi ертек… 
Осындай өзiнiң жабығып жүрген кезiнде ақын 
поэмасын Сыздық батырдың әкесiнiң жолын қуып 
елiн  азаттық  күреске  шақырғанда  соңынан  ешкiм 
ермегенiне өкiнiш бiлдiрумен бастайды: Дастаннан 
Мағжанның Сыздықты жақтайтыны анық көрiнедi. 
Жап-жас Сыздық қорғамақ боп қазағын, 
Ту көтерiп, қарға iледi садағын. 
Балаусасың қанды майдан көрмеген, 
Құтты қадам болғай едi, қарағым! 
 
Сыздық батыр тұлпар атын ерттеген, 
«
Алты алашым, ендi маған ер!» – деген. 
Көп соққы жеп, сүле болған сорлы алаш! 
Алты алаштан алты адам да ермеген. 
 
Алты алаштан алты адам да ермеген… 
Алаш сорлы келешегiн көрмеген. 
Патша алды, қимылдаған қазақ жоқ, 
Қайран Сыздық құса болды шерменен… 

 
13 
«
Толғау» 
атты 
дастаны  1927 
жылы 
«
Тоқсанның  тойымен»  қатарлас  жазылса  керек. 
Мұнда  ақын  халқының  отаршылықта  күйзелген 
қалпына  жаны  ашып,  не  көрсемде  елiммен  бiрге 
көремiн  дейдi.  Ақынды  сол  үшiн  «ұлтшыл»  деп 
сынағандарға ол  өз  өлеңiнде  «мен  мұны  айып  деп 
бiлмедiм» деп ағынан жарылады: 
Бұл айып деушi дей жатар, 
Мен мұны айып деп бiлмедiм, 
Мен елiме басшы емен, 
Мен елiме қосшымын. 
Күлкiсiн күлге бөлейтiн, 
Жыласа бiрге жылайтын, 
Жаны бiр жолдас жыраумын 
Жылағанда жалпы жұрт, 
«
Жылама, күл!» – дегенде, 
Көне алмадым көнбедiм. 
Ақын өлеңiнiң аяғында өзiн Кеңес елiне «жау» 
деп  пәле  жабатындарға  өзiнiң  «жау»  еместiгiн 
айтып дәлелдейдi: 
«
Жау» деген жаудың жаласы, 
Әдiл болсаң өмiрiмдi, 
Ақтарып әдiл қарашы. 
Отыз жыл өмiр бойында 
Жазғанымды жайып сап, 
Екi жар ғып санашы… 
Мен толқынға жау болсам, 
Жетi жыл бұрын осыдан, 
Төңкерiстiң таңында 

 
14 
Алты алашқа әйгiлеп: 
Не бостандық, не құлдық, 
Не езiлу, не теңдiк, 
Не патшалық, не Кеңес – 
«
Екiден бiр» – дер ме едiм. 
Ақынның  соңғы  кезде  табылған  өлеңдерiнiң 
iшiнде «Жас Мағжанға» атты өлең бар. 1936 жылы 
айдаудан  қайтқан  Мағжан  Омбы  жағындағы 
нағашыларына  қонаққа  барады.  Сол  күндердiң 
бiрiнде  сол  жақта  тұратын  Баймұқан  деген  кiсiнiң 
әйелi  босанып,  ұл  табады.  Баланың  атын 
шiлдеханаға  жиналған  жұрт  Мағжан  қояды.  Бұл 
iлтипатқа Мағжан осы өлеңiмен жауап бередi. Өлең 
жас сәбиге арналған мынадай сөздермен аяқталады: 
«
Мен туғанда ақын ағам келдi», - де, 
«
Келiп маған ақ батасын бердi», - де. 
Өс, бөбегiм, жас балауса құрақтай, 
Өмiр-керуен, бiр сәт тоқтап көрдi ме?! 
Сол  соңғы  табылған  өлеңдерiнiң  қалғаны 
ақынның нағашыларына арнап жазылған. 
Сонымен  қатар,  бұл  кiтапта  Мағжанның 
Мамин-Сибиряктан  аударған  «Ақбозат»  деген 
әңгiмесiмен,  П.Дорохов деген орыс  жазушысының 
«
Сын  большевика»  деген  әңгiмесiнiң  аудармасы 
басылған. 
Осы  кiтапта  Мағжанның  1922  жылы 
Орынборда жеке кiтап болып шыққан ғылми еңбегi 
«
Педагогика» оқулығы да берiлген. Оқулыққа 1922 
жылғы 15 сентябрьде жазған алғы сөзiнде Мағжан: 

 
15 
«
Бұл  кiтап  2-3  жыл  бұрын  қысқа  уақыттық 
мұғалiмдер курсында оқылған дәрiстерден тiзiлген 
едi» – дейдi. Соған қарағанда бұл оқулықты ақын-
педагог  Омбыда  бастап  Қызылжарда  бiтiргенге 
ұқсайды. Одан әрi Мағжан өзiнiң бұл кiтапты қалай 
жазғанын баяндайды: «Кiтапты бiр орыс кiтабынан 
тура 
тәржiма 
деуге 
болмайды… 
Тәрбие 
ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым. 
Шамам  келгенше  қазақ  қанына  қабыстыруға 
тырыстым».  Бұл  оқулық  шынында  да  қазақ 
тұрмысына,  қазақтың  халық  педагогикасына 
бейiмделiп  жазылған.  Кiтаптың  әр  бетiнен  бiлiмдi 
ұстаз  бен  тiлге  шебер  суретшiнiң  еңбегi  көрiнiп 
тұр.  Газет  бетiнде  бұл  оқулыққа  тереңiрек  талдау 
жасауға мүмкiндiк болмағандықтан онымен кеңiрек 
танысуды  оқырмандардың  өздерiне  ұсынамын. 
Айтайын  дегенiм,  бұл  оқулықты  облысымыздың 
барлық 
қазақ 
мұғалiмдерi, 
оқу-ағарту 
қызметкерлерi,  балабақшалар  тәрбиешiлерi,  ата-
аналар оқып пайдалануы қажет. 
Бiр  өкiнiштiсi  «Таңдамалы»  не  бары  10  мың 
дана ғана болып шығыпты. Ақынның 1989 жылғы 
бiр томдығы 25 мың дана мен шыққанда да жұртқа 
жетпей  қалып  едi.  Ендi  мына  «Таңдамалы»  кiмге 
жетедi?  Менiңше,  қазiр  бiздiң  облыста  бұл 
кiтаптың  көп  болса  он-шақты  ғана  данасы  бар. 
Дегенмен  ақынның  «Педагогикасы»  бұдан  бұрын 
«
Үйелмен  және  балабақша»  және  «Жұлдыз» 
журналдарында басылып шыққан болатын. Iздеген 

 
16 
оқырмандар  сол  журналдардан  тауып  алып 
оқуларына болады. 
Тағы  бiр  қуанышты  жәй,  жуырда  Алматыда 
«
Ана 
тiлi» 
баспасынан 
М.Жұмабаевтың 
«
Педагогика»  оқулығы  жеке  кiтап  болып 
шықпақшы  және  ол  кiтап  жоғары,  арнаулы  орта 
және кәсiптiк-техникалық оқу орындарында халық 
педагогикалық  негiзiнде  жүргiзлетiн  сабақтарда 
қолға тиюге тиiс. 
Сонымен  Мағжан  Жұмабаевтың  «Таңдамалы-
сынан»  оқырмандар  қауымы  ақынның  тағы 
бiрсыпыра  бұрын  оқымаған  шығармаларымен 
танысады. Ұлы ақынның 100-жылдық мерейтойына 
орай, оның басқа да шығармаларымен танысуымыз 
ықтимал.  Ақынның  бiз  үшiн  жаңа  шығармаларын 
асыға күтемiз. 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ – АҚЫН, 
АЗАМАТ, ПЕДАГОГ 
 
Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына арналған 
облыстық ғылми практикалық конференцияда 
1993 жылғы 25 наурызда жасалған баяндама. 
 
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарық 
жұлдыздарының  бірі  –  Мағжан  Бекенұлы 
Жұмабаев.  Өмiрі  мен  өлеңі  бір  кезде  аңызға 
айналған  ақынның  аты  соңғы  жарты  ғасыр  бойы 
айтылмайтын,  аталмайтын  болып  кеткен  еді. 
Сондықтан  кейінгі  буын  –  біздер  бұл  ақынды 

 
17 
білмей, оның өлеңдерін оқымай, тіптi көрмей өстік. 
Бірақ,  ол  заманның  жүзін  көрген,  егде  азаматтар, 
немесе  солардан  үйренген  көңілі  ояу  жандар 
Мағжанды  білген,  оның  өлеңдерін  жатқа  айта 
жүрген. 
Мысалы,  жазушы Жайық  Бектұров былай  деп 
жазады:  «Біз  жас  шағымызда,  20-шы  жылдарда 
Мағжан  өлеңдерін  жаттап  өстік,  алғашқы  совет 
мектептерінде оның термелерін тақпақ етіп айттық. 
Алғаш  бала  кезімізде  молда  алдынан  «әліп-би» 
«Әптиек», «Иманшарт» оқып хат таныған біздерге 
Мағжан  өлеңдері  мен  әндері  соқыр  адамның 
айналасындағы  жарық  дүниені  алғаш  көзін  ашып 
көргенiндей  әсер  етіп  еді.  Содан  да  Мағжан  ерте 
күннен  көңілімізге  қонған  ақын  еді». 
(Бес  арыс. 
Естеліктер, эссе және зерттеу мақалалар. Алматы.  «Жалын» 1992 жыл. 
306 бет). 
Ал біздің буын ақынның кітаптарын соңғы 3-4 
жылға  дейін  көре  де  алмады,  өйткені  Мағжан 
кітаптары аузы ашылмайтын кұлыптаулы сандықта 
сарғайып,  тозып,  жыртылып,  жоғалып  жатты. 
Өйткені оның атын атауға да, кітаптарын оқуға да 
тиым салынған еді. 
Ақын  бір  кездегі  ақты  қара,  қараны  ақ  деп 
түсіндірген  зорлық-зомбылық  дәуірдің  құрбаны 
болған еді. 
Сонда  бұл  Мағжан  Жұмабаев  кім?  Қайдан 
шыққан, қандай еңбегімен аты аңызға айналған? 
Не   үшiн қудаланған? 

 
18 
Не  себепті  оның  атын  атауға,  шығармаларын 
оқуға тиым салынған? 
Оның  «Мен  кім?»  деген  өлеңiнде  мынадай 
жолдар бар: 
«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Көкте – бұлт, жерде-желмін  гулеген, 
Жер еркесі – желдің жөнін кім сүрар?... 
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 
Құл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ
Көз қырымен күліп қана қарармын... 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, 
Надан адам өлім жоғын білмейдi. 
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би, 
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?» 
Осы  романтикалық  аскақ  шумақтардан 
ақынның  өз  күшiне,  өз  талантына,  өз  тағдырына 
кәміл  сенгенін  байқаймыз.  Бұл  жолдардан  асып-
тасуды, астамдықты – емес,  асылдықты, тектілікті, 
мықтылықты көреміз.  Ақын  сөзі  ащы шындықтың 
айнасы болып отырған. Өзі оны түсінген де, білген 
де. Асыл сөздерінің ардақты иесі бар екенін, ол иесі 
– 
ақыл-парасатты,  мейірімді,  үлкен  жүректі  туған 
халқы екенін де білген. Өйткені   Мағжан ақын бар 
өмірін,  өнерін,  білгенін  сол  туған  халқына,  еліне 
арнаған,  арнаған  да  сарнаған.  «Жан  сөзі»  деген 
әйгілі өлеңінде (1920 ж.) 
 

 
19 
«Қазақ елі, бір ауыз өзім саған: 
Болғайсың, сыншы болсаң әділ сыншы, 
Кінәні жүрекке қой, қойма маған, - деуінің де 
төркіні сонда жатыр. 
Мағжан өз тегін де, өз  жерін де  мадақтаумен 
өткен,  өміріндегі  азаматтық  орнын  адақтауға 
ұмтылған,  өлең  сөздің  асыл  маржанын  төгілткен, 
сұлу  жырымен  оқырманын  егілткен,  өне  бойы 
қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында 
мүлт  кеткен,  өзі  айтқандай,  соры  арылмаған 
халқының  зарлы  перзенті.  «Мен  өлмеймін,  менікі 
де  өлмейді»  дегенде,  қауіп-қатер  жоқ  демегені 
белгілі,  бірақ  сондадағы  қылша  мойын  талша 
қиылатынын  біліп  пе?  Жалпы  алып  қарағанда, 
«Мен  өлмеймін»  деген  сөздерде  терең  шындық 
жатыр. 60 жылдан аса уақыт бойғы деспотизм ақын 
үнін  шығартпай,  тұмшалап  келсе  де,  енді  естіліп, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет