Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев



жүктеу 4.66 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата28.12.2016
өлшемі4.66 Mb.
1   2   3   4   5   6

Мәрия МАЙЛЫҚҰТОВА, 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті журналистика факультеті 

 баспа ісі және дизайн кафедрасының

 аға оқытушысы 

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№2 (684) 12.01.2012 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

– Кеңес аға, сіз Дінмұхаммед 

Ахмет ұлы Қонаевпен қатар жүріп, ете-

не араласып, елге еңбек еттіңіз. Осы 

тұрғыдан келіп, әңгімені Димекеңнен 

баста саңыз...

– Димекеңнің өмір жолы барлығымызға 

белгілі ғой. Өткен ғасыр тарихқа айналып 

барады. Ғасыр басында қиын уақыттар 

болды: ашаршылық, оның алдында рево-

люция, репрессия, Ұлы Отан соғысы және 

оның зардабы қазақ үшін оңайға соққан 

жоқ. Шынын айтқанда, өткен ғасырдың 

60-жылдары қазақтың қарны нанға тоя 

бастады. Ал Димекең болса – «елу жылда 

– ел ағасы» деген атаққа ие болып, тыныш-

тық заманда Қазақстанды басқарған аза-

мат. Димекең және сол кезең туралы көп 

әңгіме бар. Д.А.Қонаев 25 жыл Орталық 

партия комитетінің бірінші хатшысы бол-

ды. Оның 20 жылында Совет Одағы пар-

тия комитеті нің политбюросына – канди-

дат, кейін мүше болып, ел басқарды. 

Димекеңнің алдында, қиын уақыттарда ел 

басқарған азаматтар бар ғой. Олар да 

әрқайсысы қолдан келгенше еңбек еткен. 

Мысал үшін, Шаях метов соғыс уақытын да, 

соғыстан кейін бірінші хатшы болып істеді. 

Оңдасы 


нов Нұр 

тас ағамыз да – сол 

уақыттарда өкімет басқарып, ерекше орны 

қалған азамат. Ал Димекең 1942 жылы 

өкі меттің орынбасары болып келген. Ди-

ме кең бас қарған уақыт қазақ экономи ка-

сының  өр кен де ген,  мәдениетінің  гүлденіп, 

әде 


бие 

тінің биіктеп, көптеген көркем, 

құнды шығар малар жазылып, жазушы-

лары мыз дың ата ғы шы ғып, өскен кезі бо-

латын. Мен Орта лық комсомол комитетінің 

хатшысы болдым, идеология жағын бас-

қардым. Сол уақыт тарда «Қазақстан ком-

сомолының лауреаты» деген атақ алғаш 

енгізілген еді. «Гүл дер» ән-би тобы, «Дос-

мұқасан» ан сам блі, Қазақ циркі сол кез-

дерде құрылды. Совет ауданында мен 

партия хатшы сы болып жүрген кезде Сейі-

лов деген жігіт бар еді, соны цирктің ди-

ректоры етіп жібергенбіз. Сол уақытта 

шық қан ән дер, өлеңдер, композиторлар, 

мәселен,  Шәм ші  Қал дая қовтар,  Қазақстан 

комсомолы лауреат тығының бірінші ие-

герлері – әнші-ком позиторлардан Ескен-

дір  Ха сан ғалиев,  Нұр ғали  Нүсіпжановтар, 

ақын дардан  Тұ манбай  Молдағалиев, 

Қадыр Мырзалиевтер дүркіреп шыққан 

уақыт еді. Осының барлығы – Димекеңнің 

кезеңінде. 

– Осы жерде Димекеңді ел бас-

қаруға баулыған ұстаздары туралы 

айтуға бола ма?

 – Әрине! Бұл мәселеге тоқталғанда біз 

Димекеңнің қабілеті мен қасиетін айта ке-

туіміз керек. Ел басқару оңай емес. Диме-

кеңнің уақытында бодан ел екенімізді 

ұмытпайық. Біз Мәскеудің қарауында бол-

дық. Барлығы Мәскеу арқылы шешілетін. 

Бюджет те, қаржы да – мәселенің баршасы 

жоспармен төмен қарай жіберілетін. Осы 

тұрғыдан келгенде, басқалардан кемдік 

көрдік, баяғы патша өкіметі сияқты Ресей 

өзі көп алып, бізге аз берді деп айта ал-

маймын. Алматы қаласын 11 жылдай бас-

қардым. Мысалы, ақша бөлгенде, айта-

лық, Алматыда сол уақытта 1 мил лионға 

жуық халық болатын, ал Мәскеуде 10-11 

миллиондай еді. Бұл жақтан біз де есептеп 

отырамыз ғой. Мәселен, Мәскеуге 100 

миллион бөлсе, Қазақстанға 10 миллион 

беретін. Біздің ол уақыттағы өсуімізді, 

өркендеуімізді одақтас республикалар-

мен, тіпті Ресеймен салыстырып, халық 

басына шаққанда Қазақстан ешкімнен кем 

болған жоқ. Қайта көп мәселеде ішкі ре-

сурстарымызды, мүмкіншіліктерімізді, 

халық тың іскерлігін пайдаланып, көп нәрсе 

артығы рақ та болып жүрді. Бодандықтың 

зияны неде? Біздің өз басымызда билігіміз 

жоқ, көп нәрсені шеше алмайтынбыз. Мы-

салы, үлкен құрылыс салу үшін, егер оның 

қар жысы 3 миллионнан асатын болса, 

Қазақ станның өкімет басшысы қол қойып, 

шеше алмайтын. Рұқсатты тек Мәскеу бе-

ретін. Сонда кей уақыттарда Димекең ай-

татын: «Шіркін, егеменді ел болсақ, мы-

наның бәрі басқаша шешіліп жататын еді-

ау», – деп. 

Димекеңнің адамгершілік қасиеті, сал-

мақтылығы сонда, мәселені асықпай ше-

шетін, таластың ортасына түсіп, оны дәл 

үс тінде ғана қарамай, болашағын ойлай-

тын, осы мәселені қалай шешуге болады 

деп, сабырға жүгініп, ақылға салатын. 

Хрущевтың мінезі ерекше еді. Мәселені 

аяқастынан көтеріп, аяқастынан шешуге 

тырысатын. Қазақстанның үш ауданын 

Өзбекстанға беру, солтүстік өңірден облыс 

құру, оны да Ресейге беру туралы мәселелер 

көтерді, тіпті үш ауданды беріп те жіберді. 

Осындай тартыста бірден алқымнан алып, 

айқасып, айқайлап шыққан басшы аза-

маттар да болды. Мүмкін, мінезіне қарай 

батырлығы да бар шығар. Бірақ сая саткер 

олай істемейді. Саясаткер Диме кеңдей бо-

луы керек. Түкірігін бұрқыратып Хрущев 

сөйлеп жатқан уақытта үндемей де қал-

ған  шығар, бірақ ол кісі қорыққанынан 

үн демеген жоқ. Димекеңнің ойлағаны 

хал қы және жаңағы үш аудан болды. Түйі-

нін шешуді ойлады. Хрущевтың мінезін 

біледі. Ол кісі сабырлылық жасады, ақылға 

салды. Ақырында Брежнев келгеннен ке-

йін үш ауданды қайтарып алды. Сол сияқ-

ты талай мәселе сабыр мен ақыл дың ар-

қасында шешіліп жататын. Мұнай мен шұ-

ғылданатын Маңғыстау жақтағы жер ден 

Түрікменстанға беру туралы сөздер ай-

тылған. Мұның да ыңғайын тауып, жолына 

келтіріп, реттеп отырды. Соның арқа сында 

біздің жеріміз талан-таражға түскен жоқ. 

Ал енді қаладағы құрылыстар жөнінде мы-

салдар келтірейін. 1970 жылы Лениннің 

100 жылдығын тойлайтын болдық, соған 

дайындық жүріп жатты. Әрине, салтанатты 

жиналыстармен, басқа да ойын-сауық-

тармен Лениннің туған күнін өткізіп жібе-

руге болар еді. Бірақ Димекең бұған бас-

қаша жолмен қарады. Бәрімізді жинап 

алып: «Лениннің 100 жылдығын пайдала-

нып, той өткізетін үлкен сарай салып ал-

сақ...» – деді Димекең. Сол уақытта Ленин-

нің 100 жылдығына екі-үш жыл қалған 

болуы керек. Димекең сарайды бастатып 

жіберді. Ал ақшаны қайдан алған? Қазпот-

реб союздың бастығын шақырып алып: 

«Сенде ақша көп қой, кейін жұмсалған 

қара жаттың орнын толтырып, шешіп бе-

реміз. Сен мына сарайды баста! Мәскеудің 

жоспарына, бюд жетіне кіргізіп болғанша, 

тағы бір-екі жыл уақыт өтіп кетеді. Оған 

дейін Ленин нің 100 жылдығы келіп қалуы 

мүм кін. Қалай бол ғанда да, сарайды бітіріп 

алуымыз керек», – деп, бүгінгі Республика, 

сол кездегі Ле нин сарайының құрылысы 

басталған. Құ ры лыс жүріп, шамамен жар-

ты жыл, сегіз айдай өтіп, қабырғасы тұрып 

қалғанда «Правда» газетіне «бюджеттен 

емес, заң сыз жолмен бұрған» деген сияқты 

мақала да шыққан. Біраз уақыт құрылыс 

тоқтап та қалды. Түбі, әйтеуір, сол сарайдың 

жолын тауып, шешіп, салынды. 100 жыл-

дық сол сарайда өтті. Сонымен қатар той-

ды пайдаланып, Димекең Ленин даң ғылын 

жөндетіп алуды көздеді. Мысал үшін, жер 

тамдар және екі қабатты жаман үйлер бо-

латын. Бар лығын бұзып, 9-12 қабатты 

үйлер салып, Ленин даңғылын әдемілеп 

қойды. Әрине, жаман үйді бұзу үшін сол 

жердегі адам дарды көшіру керек қой. 

Олар – бұры 

ннан отырған жергілікті 

халық. 


Тағы бір мысал келтірейін. Мәскеу ор-

та лық комитеті «Қазақстан орталық ко-

мите ті ғимаратын салып алыңдар» деп, 

арнайы ақша бөлді. Өкіметтің басшысы – 

Бәй кен Әшімұлы, облыстық партия коми-

тетінің І хатшысы – Асанбай Асқаров, мен 

қаланы басқарып жүргенмін, Ихсанов 

ОК І хатшысы болатын. Димекең бар-

лығымызды шақырып алып, ғимарат салу 

жоспарымен таныстырып: «Құрылыс салу 

үшін жақсы жер табыңдар!» – деді. Барлық 

архитектор, сәулетшілер т.т. құ рылысқа 

қатысы бар азаматтардың басын қосып, 

ақылдастық. Бір күні Димекең: «Сендер 

барлығын қойыңдар! Бос жер іздеп әуре 

болмаңдар!» – деді. Ол уақытта Абай 

көшесі Арычный деп аталатын. Осы көшені 

жағалай тұрған үйлерді «Шанхай» дейтін. 

Қазақша айтқанда, біріне-бірі жабысып 

жатқан тоқал тамдар. Димекең: «Осыны 

пайдаланып, жаман үйлерді бұ зып, қайта 

тұрғызайық!» – деді. Мен бұл құ ры лыспен 

тікелей айналыстым. Қазіргі қала әкімшілігі 

ғимаратының орнынан кө ші рілген 700-

ден астам отбасына үй бе рілді және Фур-

манов көшесі мен Желтоқсан көшесінің 

ортасы түгел тазаланды, жаңа алаң пайда 

болды. Барлығын қосқанда 1500 отбасы 

үй алды. Әйтпесе көшіру керек, ақша ке-

рек деп жүрсең, бір Құдай біледі қай 

уақытта шешілетінін... Мысал үшін, «Ара-

сан» моншасы салынғанда әр қай сымыз 

бір-бір сөгістен алып шықтық. «Арасанның» 

шуы қатты болды. Димекең үлкен, көрнекі 

ғимараттар салынғанда бюро мүшелерін 

бөліп, бекітіп қоятын. Мен моншаға жауап 

бердім. Димекең осы жерді тікелей 

басқаруды маған тапсырды. Бұған да ар-

найы ақша бөлінген жоқ. Ол кезде Алма-

тыда 30 шақты монша болатын. Жылына 

жөндеу жұмыстарына кәдім гі дей ақша ке-

тетін. Төбесі ағып жататын, жылу жүйесі 

тесілетін т.с.с. проблемалар бітпейтін. Со-

ғыс жылдары, оның алдында салынған 

ес кі моншалар еді. Димекең республика-

мыз дың орталығы Алматыда жақсы мон-

ша болуы керек деп шешті. Сәулетшіле рі-

міздің бармаған жері жоқ. Берісі Өзбек-

стан нан бастап, алыс-жақын шетелдерден 

көріп, қазақтың мәдениетіне, дәстүріне 

сай етіп салу керек деген мақ сатпен осы 

«Арасан» моншасы тұрғы зыл ды. Ол уақыт-

та ауыл дарға құрылыс салатын министрлік 

болатын. «Арасанға» арнайы ақша бөлін-

бе ген діктен,  сол  министр ліктің  ақшасына 

салын ды. Қысқасы, екі жылдың ішінде 

монша бітті ғой. Димекең құрылысқа ан-

да-санда барып тұратын. Мен басында 

жүрдім. Ақыр аяғы заңдас ты рылды. Де-

генмен заң дастырылғанға дейін әр жерде 

қаралып, Мәскеуден комиссия келіп тек-

серіп, біраз адам сөгіс алды. Димекең сол 

сөгіс ал ғандарды жұба тып қоятын: «Ештеңе 

жоқ! Сөгістер кейін алып тасталады, ұмы-

тылады. Ал мынау ұрпаққа қалады!» – деп. 

Шынымен де, тұр ғой осы уақытқа дейін. 

Қандай тамаша монша! Мәселен, Ала тау-

дың бөктерінен бастасақ: «Медеу» мұзай-

ДАТ!

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Желтоқсан оқиғасы құрбандары туралы білгім келеді



1986 жылдың 16 желтоқсанында Д.А.Қонаевтың Қазақстан Коммунистік пар-

тиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатылуы қазақ 

жастарының наразылығын туғызып, соңы Желтоқсан оқиғасына ұласқан еді. Бұл 

көтеріліс Қонаевтың қазақ үшін қаншалықты ардақты екенін көрсетті. Менің біл-

гім келетіні, Желтоқсан оқиғасы құрбандары жөнінде мәлімет нақтыланды ма?

Анар МҰСТАФИНА, Алматы қаласы

Желтоқсан оқиғасына қатысты ресми 

мәлімет бойынша, 1986 жылдың 16-18 жел-

тоқсаны күндеріндегі ереуілге қатысты деген 

күдікпен 8500 адам ұсталған. Олардың 

1700-і құқық қорғау қызметкерлерінің соқ-

қысына ұшырады. 5324 адам прокуратура 

мамандарының жауап алуында болған. 850 

адам Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті орган-

дарында тергелді. 900 адам әкімшілік жа-

уапкершілікке тартылып, 1400-ге жуық ере-

уілші партиялық ескерту алды. 319 адам 

жұмыстан қуылып, 309 студент оқудан шы-

ға рылған. 99 желтоқсаншыға қатысты қыл-

мыстық іс қозғалды. Бір адам түрмеде қайтыс 

болды. Ал нақтыланбаған деректер бойын-

ша, ереуіл кезінде және одан соң 174 адам 

қайтыс болып, олардың дені «Батыс» зира-

тына жасырын жерленген.

Қонаевтың ғасырлық мерейтойы қалай тойланады?



Биыл қаңтардың 12-сінде Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл 

толатыны белгілі. Осы датаға орай оның туып-өскен, қызмет еткен қаласы – Алматы-

да қандай мәдени шаралар болады?

Жанарыс АЛАУБАЕВ, Алматы қаласы

Көрнекті мемлекет қайраткері, академик 

ғалым Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 100 

жылдығына арналған шаралар өткен жылдың 

орта шенінен бастап өткізіліп келеді. Ал дәл 

қаңтардың 12-сі, даңқ ты тұлғаның ме рейтойы 

күні оңтүстік астанада бір қатар ресми салтанат 

жоспарланып отыр. Бұл күні алдымен сағат 

10.30-да Қонаев және Бөгенбай батыр көше-

ле рінің қиылысындағы Дінмұхам мед Ахмет-

ұлының ескерткішіне гүл қойылады. Бұдан соң 

қайраткер тұрған үйден ашылған мұражай-

пәтер  жұрт шы лық қа  таныстырылмақ.  Осы 

шараның ізін ала Абай атындағы Қазақ мем-

лекеттік акаде миялық опера және балет теат-

рында салтанатты жиын өтеді. Оған ҚР Прези-

денті – Елбасы Нұр 

сұлтан Назарбаевтың 

қатысатыны хабарланды. Сағат 13.00-де 

Достық және әл-Фараби даңғыл да ры ның қиы-

лы сындағы  «Ритц-Палас»  бизнес  ор та лы ғында 

Қонаевтың 100 жылдығына келген құр метті 

меймандар салтанатты қабыл дауда бас қоса-

ды. Есімі күллі елге қастерлі болған Дін мұ хам-

мед Ахметұлының мерейтойына арналған ша-

ралар жылдың соңына дейін жалғаса бермек.

дыны, одан төмен Республика сарайы, 

Пионерлер сарайы, қазақ және орыс дра-

ма театрлары, Алматы мақта-мата комби-

на тының  жұмысшыла рына  салдырған 

ғима рат театрдан кем емес. Міне, осы-

лардың барлығы сол уа қыт та салынған. 



– Кеңес аға, Димекең туралы біле 

түссек дейміз ғой. Қайраткердің білімі 

мен білігіне тоқталсаңыз...

– Димекең білімді азамат болатын. Ол 

кісі сонау ашаршылық, қиын жылдары 

Мәскеудің Алтын және металл институтын 

бітірген. Ерекше білімді, Құдай берген 

қасиеттері де көп еді. Мәселен, Бәйкен 

Әшімұлы Димекең туралы мақала жазған. 

Сол мақалада Димекеңнің есте сақтау 

қабілетін айрықша атап өтіпті. Мысалы, 

сонау ерте кездердегі Балқаш өңірінде 

алғашқы қызметте жүргендегі цехтың бас-

тығы болған, директордың қабылдау бөл-

ме сінде отырған т.б. жұмыскерлердің аты-

жөнін айтып сөйлейтін дейді. Ол рас. Есте 

сақтау қабілеті ерекше болатын. Мен Ор-

талық комитеттің бюро мүшесі бол ған-

дықтан, күнде араласып жүрдім ғой. Шын 

мәнінде, солай. Баяғыда болған жағ дай-

ларды еске алып отыратын. Әрине, әр 

адамның түрлі қабілеті болады. Мәселе – 

сол қабілетті пайдалануында. Димекең ең 

бірінші елінің жағдайын ойлайтын. Кейін-

гі жылдары, қиыншылық бола бастаған 

кезде күн сайын телефон соғып: «Қарап 

отырсыңдар ма? Базарда ет қымбаттап 

кеткен жоқ па? Басқа жағдайлар қалай? 

Сүт, май бар ма?» – деп барлығын сұрап 

отыратын. Әдебиет, мәдениет дейсіз бе, 

жан-жақты еді. Мысалы, Мәскеуде оқып 

жүргенде, бұл кісі бос уақытының барлы-

ғында сол Мәскеуді аралап, көріп, құры-

лыс тарын байқап, барлық театрға барады 

екен. Барлық театрдың әртістерінің аты-

жөндерін білетін. Мысалы, Олжас Сүлей-

менов «Азияны» жазғанда Мәскеу жағы-

нан қандай қуғын болды! Сол кезде Ди ме-

кең ашық қорғауға шықты. Ақыры Олжас-

ты қорғап қалды, тіпті жақсылық жасап, 

қолпаштап, көтергісі де келді. Бір күні 

маған телефон соғып: «Олжастың үйі кіші-

рек екен. Жазушы ғой. Олжасқа үлкенірек 

үй беру керек», – деп тапсырма бергені де 

бар. Мәселен, Есенберлиннің «Көшпенді-

лері» шыққанда жазушылардың арасынан 

да қарсылар табылды: «байларды жазып 

жатыр, ескілікті аңсап жүр» деген сияқты. 

Димекең бірден Есенберлинді қолдау жа-

ғы на шықты. Комиссия құрылып, Орталық 

комитетте қаралғанда облыстық партия 

комитетінің І хатшысы Асанбай Асқаров 

қатысты. Ал Имашев комиссияны басқар-

ды. Сол кезде Асанбай Асқаров: «Бабала-



Димекең – 

«Елім! Қазақстаным!» 

деп өмір сүрген азамат

рымыз білектің күші, найзаның ұшымен 

қаншама жер қалдырып кетті. Елдің тұр-

мысын, сол уақыттағы батырларымыздың 

ісін жазған адамға біз неге қарсы болуы-

мыз керек?!» – деп турасын айтты. Осы 

сияқ ты Димекеңнің қолдаулары ауызекі 

емес, тікелей болатын. 



– Әңгіме барысында «егеменді ел 

болсақ, мынаның бәрі басқаша ше ші-

лер еді» дейтін деп қалдыңыз. Оңа-

шада, Ор талық комитеттің жұмысынан 

тыс уақыт тарда егемендік туралы бас-

қа да сөздер болатын ба еді? 

– Әрине, бодандығымызды барлы-

ғымыз білдік, тарихтан да хабарымыз бар. 

Кенесарының заманын, оның мақсатын 

түсінеміз. Бірақ оған келтірмеді ғой. Іштен 

кірді ғой. Ол уақытта облыстың бір басшы-

сы қазақ болса, екіншісі міндетті түрде 

орыстан қойылатын. Менің Алматы облы-

сының І хатшысы болып жүрген кезімде ІІ 

хатшы Машкунов деген орыс еді. Соған 

Мәс кеуден: «Сіздердің қалаларыңыз да 

60% орыс, 30% қазақ тұрады. Ал пар тия-

ға алғанда 30% орыс, 60% қазақ ала сың-

дар. Неге?» – деп телефон соғады екен. Ол 

байғұс осы жерде туып, Қазақ стан да өс кен 

азамат еді, маған: «КОКП ОК бө лім дерінен 

телефон соқты. Осылай да осылай деді. 

Неге олай айтады, түсін бей мін?» – деп ай-

тады. Тіпті ашық кеткен жағ дайлар болды. 

Жасырғанның өзінде пиғы лы арғы жағы-

нан көрініп тұратын. Мысалы, тың игеруді 

сылтауратып, қаншама ха лық келді. Орыс-

тардың саны жылдан-жылға өсе бастады. 

Ал бұл әрекетке қарсы шығу емес, сөй-

леудің өзі саяси қателікке жататын және 

жазаланатын. Ол – өте ауыр нәрсе. 

Димекең мен Брежнев, шын мәнінде, 

жақын араласты. Қонаев І басшы болып 

жүргенде Жазушылар одағының қасын-

дағы үйде көп жыл тұрды. Қазақстанға 

Брежнев бір келгенде Димекең үйіне ша-

қы рып, қонақ қылған екен. Содан кетіп 

бара жатқанда Брежнев: «Я не думал, что 

І секретарь ЦК Компартии Казахстана жи-

вет в таком доме», – деп айтыпты. Диме-

кеңнің еш уақытта жеке үйі болған жоқ. 

Қызметтен кеткенде тіпті жеке көлігі, сая-

жайы да болмады. Әрине, үйді сала алма-

ғандығынан емес, ол кісінің жүріс-тұрысы 

сондай қарапайым еді. Дүниеге қызығып, 

соның төңірегінде еш уақытта әңгіме 

көтер ген емес. Колбиннің тұсында Диме-

кеңді қудалау ерекше болды. Мәскеуден 

келіп тексеріп: «Сізге олимпиада кезінде 

үлкен теледидар сыйлаған екен. Сол қай-

да?» – деп сұраққа алыпты. Димекең: «Рас, 

сый лаған. Ол теледидар Колбиннің каби-

нетінде тұр. Барып көріңіздер!» – депті. 

Шынымен, кабинетінде қалыпты. 

Д.А.Қонаев – академик. Ал барлық 

ака демикке стипендия тағайындалатын. 

Ол кісі стипендиясын өсіп келе жатқан жас 

ғалым, жазушыларға конкурс арқылы 

беру үшін академияға қалдырыпты. Тіпті 

жеке дүние-мүлкін де үлестірген. Мысал 

үшін, бұрынғы Пролетарский көшесінде 

№105 балабақша бар. Соған Димекең пи-

аниносын, кілемдерін, вазаларын беріпті. 

Димекең қарапайым да болды, адамгер-

шілігі де өте жоғары еді, дүниеге қызық-

пайтын. Қызметтен кеткеннен екі-үш айдан 

кейін ғана көлік алуға мүмкіндік туды. Бұл 

кісі зейнетке шығуға дайын тұрған. Жел-

тоқсаннан кейін, шынын айту керек, Диме-

кеңе амандасуға жарамай қалғандар бол-

ды. Ол кісінің уақытында облыс, аудан 

бас қарғандар, Социалистік Еңбек Ері атан-

ғандар да жоламай кетті. Мен күнде ара-

ласып жүрген адаммын, еш уақытта қол 

үзген емеспін. Жақсылығын көрдім және 

өмі рінің соңына дейін бірге болдым. Ол-

жас Сүлейменов алғашқыдан араласып, 

еш уақытта қолын үзген емес. Олжекең 

көбі не сыртта жүрді, соның өзінде жол та-

уып келіп тұратын. Әлгі «есігі жабылып, 

үйін де қамалып қалыпты, ешкімді кіргіз-



«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы 

«Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы 

Авторы: Едiл АНЫҚБАЙ

Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сәрсенбі күні сағат 14:05-15:00

Алаш айнасы

Кеңес АУХАДИЕВ, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті:

бейді екен» дегеннің барлығы – бос сөз. 

Бұл барғысы келмей жүргендердің шығар-

ған сөзі деп ойлаймын. Димекең «егемен-

дік алғанымыз, бостандыққа жеткеніміз 

– халықтың бақыты» деп айтып жүретін. 

Бұл кісі өз басы үшін қызметке араласқан 

емес. «Болашақ – жастардікі! Жастарға 

жол беру керек! Жастардың жолы болсын!»  

– деп тілек білдіріп отыратын. Оны халық 

та, бас шылар да біледі. 

– Дінмұхаммед Қонаев атамыздың 

дінге көзқарасы қандай еді? «Бәлкім, 

намаз оқыған...» деген әңгіме бар...

– Ол кісі намаз оқымайтын. Димекең 

діннің адамы еді. Беріліп кеткен деп айта 

алмаймын, ниетімен, жүрегімен бе рілген. 

Бірақ шара қолданбаған. Аллаға сенетін. 

Жеңгеміз Зуһра Шариповна өмірде «Ал ла» 

деп өткен адам еді. Димекең шетелге бар-

са, Құран Кәрім алып келетін. Үйінде 20-

30 құран кітабы болатын. Димекең совет 

өкіметінің делегациясын шетелдерге бас-

қарып бар ғанда, ол мұсылман халық бол-

са, жолын тауып, мешітке кіріп шығатын-

ды ғы жайлы айтылады. Анық білемін, 

мы сал үшін, Иранға барғанда «мешітке 

несіне барасыз» дегендей сұрақтар қойы-

лып қалса: «Мешіт тің архитектурасы мық-

ты ғой. Көрмейміз бе?!» – дейтін. Сол 

жағы нан келіп, мешітке барып, құран 

оқытып қайтатын. Ол кісі әр нәрсенің жо-

лын іздеп табатын. Димекеңнің қолынан 

барлығы келетін деп айту қиын ғой. Ол 

уақытта да кемшіліктер болды. Мысалы, 

тіл жағы. Амал жоқ. Әртүрлі әңгімелер ай-

тылады «Димекең қарсы болмаған екен» 

деген сияқты. Қалай қарсы болады? Қарсы 

болса, ертеңіне алып тастайды. Одан кейін 

еліне қаншама жақсылық жасалмай қалар 

еді. Батырлыққа, ерлікке қарсылығым 

жоқ, бірақ саясаткер арғы жағын ойлауы 

керек. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Менің ойымша, баланы 18 жастан бас тап әскерге беріп, оның обалына қалып
pdf -> Әзірейіл емес едік…
pdf -> Заңдармен қорғалатынын білуі керек
pdf -> Дат! 6-б етте Раушан айтжанова
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала
pdf -> Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ
pdf -> «Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет