Айєабыл сјнімкїл



бет1/6
Дата06.02.2023
өлшемі58,5 Kb.
#65520
  1   2   3   4   5   6

Ерте жастан бастап ойлау ойлау қабілеттерін жаттықтыру
«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»
Халық даналығы
XXI-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Ойынның маңызы:
Тәрбиеленуші үшін
1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
2. Тәрбиеші үшін:
Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.
3. Ата-ана үшін
Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді
Мен мектептегі шағын орталықтың меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет