Академиялық дербестік: кәсіпорын сұранысына сай кадрлар даярлау



Дата16.06.2022
өлшемі125,13 Kb.
#36935

ӘОЖ 37.01/37.09/377

Академиялық дербестік: кәсіпорын сұранысына сай - кадрлар даярлау




Ташбаев.А.Д

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы


«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК. Түркістан облысы,
23_kolledhz@mail.ru. aminjan@bk.ru


Аннотация
Кәсіптік оқудаға көпсалалы колледжі мен жұмыс берушілердің 2021-2022 оқу жылынан бастап колледждерге берілген академиялық дербестік аясында бірлесе әзірлеген білім беру бағдарламалары, олардың мазмұныны мен кадрлар даярлаудағы негізгі басымдықтары туралы сөз болады.
Түйін сөздер: кәсіптік практика, өндірістік оқыту, әлеуметтік серіктес, дуальды оқыту, білім беру бағдарламалыр.

Қазіргі өзгермелі заманымызда білім – дамудың негізгі көрсеткіші және басыңқы бағыты болып табылады. Оған қоса, қазір білім əлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасайтын, бастамашыл, құзыретті, қарқын дамып келе жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті азаматты тәрбиелеу орын алуда.


Білім берудің барлық деңгейінде мазмұнды жаңарту, жұмыс берушілердің талаптарын, қазақстандық экономиканың сұранысын ескеретін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу еліміздің заманауи білім беру моделін құру және дамытудың негізгі факторының бірі болып табылады. Сондықтан кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз ету үшін колледждерге академиялық дербестік беріледі. Колледждерге жұмыс берушілермен бірге кәсіби стандарттар негізінде және аймақтық ерекшелікті ескере отыра, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімі мен траекториясын анықтау мүмкіндігінің берілуін болжайды.
Қазіргі заман мұғалімі моделінің негізгі көрсеткіштерінен бірі, жаңа формациядағы мұғалімнің басты сапасы бұл - өзгерістерге дайындығы.
Егер бұрын ҚР БҒМ оқу мерзімін қатаң реттеген болса, енді бұл норма жоқ. Яғни, білім беру бағдарламасын да, оқу мерзімдерін де жұмыс беруші колледжбен бірлесіп айқындап жасап жатыр, бұл ретте мамандық, түлектің құзыреттілік деңгейі және талап етілетін оқыту нәтижесі толықтай ескеріліп түр. Бүгінгі таңда барлық колледждердің міндеті бұл өз жұмысына жұмыс берушілерді, еңбек нарығының мамандарын белсенді түрде тарту, олар өздеріне қанша, қандай деңгей мен сапа мамандары қажет екенін нақты біледі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестік негізгі шарттары.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін арнайы және жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету;
2. Оқу процесін тиімді ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық құралдарын пайдалану туралы идеяны кеңейту;
3. Білім беру бағдарламасының негізінде модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу әдістемесіне оқыту
4. Мамандыққа сәйкес ғылым мен практиканың озық жетістіктерін тәжірибеге енгізу негізінде колледжде академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру процесін модельдеуге әдістемелік көмек көрсету
Біз академиялық дербестікті есепке ала отырып жасаған білім бағдарламамыздың бірі бұл «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)» мамандығы білім бағдарламасы болды. Оңтүстікте ірі кәсіпорын саналатын мекеме «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)» мамандығы кәсіби стандарттар негізінде және аймақтық ерекшелікті ескере отыра, білім беру бағдарламасының мазмұнын, оқыту мерзімі мен траекториясын анықтап болжам жасау арқылы дайындадық. Бағдарлама жасауда «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШСның Ескі Иқан РЭС басшысы инженер Алимхан Эрметов қатысты.
Ол кісінің ұсынысымен кәсіби стандартынан «3W07130102 -Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша)» біліктілігіне «Тарату құрылғысының электр жабдықтарын монтаждау және демонтаждау, жөндеу.» № 4 кәсіптік модул болып қосылды.



Қазақстанның барлық білім беру жүйесін жаңартумен бірге үлгі жүйесінде жаңа трендтер белгіленді. Олардың қатарында жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктің әлемдік стандарттарын қалыптастыруға бағдарланған WorldSkills International халықаралық қозғалысының стандарттарын оқу процесіне енгізу бар. Соны есепке ала КМ.05 «Монтаждау жұмыстары» модульі қосылды.



Сонымен «3W07130102 -Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша)» біліктілігі базалық модульдеріне 192 сағат яғни 8 кредит, ал Кәсіптік модульдеріне 1176 сағат / 49 кредит берілді. Аралық атестаттау жүргізуге 72 сағат / 3 кредит болінді.


Ал екінші біліктілігіміз 3W07130101 - Электромонтер (түрлері және салалары бойынша) біліктілігіне КМ 5. «Бөлшектерді слесарлық өңдеу» (кәсіби стандарт негізінде) кәсіптік модул болып қосылды.

WorldSkills International халықаралық қозғалысының стандарттарын оқу процесіне енгізу барысында КМ.06 «Техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеу» модульі еңгізілді.



Осылай ша колледжге «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)» мамандығына оқуға түскен оқушы кәсіби стандарт және WorldSkills шеберлік стандарттарының модульдерінде қоса оқып білікті маман болып шығады деген үмітіміз бар.
Біздің «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» Сауран ауданындағы білікті жұмысшы мамандар дайындау бойынша бірден бір кәсіби білім беру мекемесі саналады. Оқыту үдерісі «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ (31. 10. 2017 ж, № 553) бұйрығымен бекітілген Кәсіби стандарттар негізінде өзектендірілген ТжКБ Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Колледжіміз барлық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп, кредиттік-модульдік оқытуды толығымен енгізген алаңға айналды.
Академиялық дербестікке көшуге дайындалу аясында тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Ең алымен жаңаша білім беру аясында маман даярлаудағы тиімді бағыттардың бірі – дуалды оқытуды қолдану ұсынылады. «Ауыл шарушылығын механикаландыру», «Жеміс көкөніс шаруашылығы», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша), және «Электр жабдықтары» (түрлері және салалары бойынша) мамандықтары бойынша 335 студент білім алуда. Жаңа бағдарламаларды енгізу барысында әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыстағы ынтымақтастық орнатылған. Осы жылдың 15 сәуірінде колледжде оқытылатын 7 мамандықтың 13 біліктілігі бойынша 2022-2023 оқу жылына жұмыс оқу жоспарлары қайта қаралып, оқу жұмыс жоспарларына кәсіптік стандарт, worldskills стандарттары негізінде жұмыс берушілер келісімімен арнайы кәсіптік модулдар енгізілді.
Нақты оқыту мерзімдерінің күші жойылып, студенттерге болашақ кәсіби қызмет үшін таңдалатын курстарға байланысты оқыту курсын, мерзімін өздігінен таңдау құқығы берілмек. Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі, академиялық дербестікті пайдалана отыра, жаңа білім беру бағдарламаларының енгізілуі, кəсіптік-техникалық білімнің бəсекеге сай дамуы студенттердің болашақ кəсіби құзыретті маман ретінде қалыптасуына орасан ықпал ететіні сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БжҒ министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет