Акбанов Абубакир Кадырович Тақырып: Атыс жүргізу негіздері Оқ-дәрі зарядының жануы кезінде пайда болатын оқ-дәрі газдарының әсерінен ұңғыдан оқтың лақтырылуы ату деп аталады



Дата10.11.2022
өлшемі1,53 Mb.
#49231

Акбанов Абубакир Кадырович
Тақырып: Атыс жүргізу негіздері
Оқ-дәрі зарядының жануы кезінде пайда болатын оқ-дәрі газдарының әсерінен ұңғыдан оқтың лақтырылуы ату деп аталады.
Оқтан кейін ұңғыдан атылып шыққан қызған газ ауамен жанасқанда атыс кезіндегі дыбысты тудыратын жалын мен соққы толқынын қалыптастырады.
Оқтың атылуы рет-ретімен алмасатын төрт кезеңнен тұрады: бастапқы; бірінші немесе негізгі; екінші; үшінші немесе оқ-дәрі газының әсерінен кейінгі кезең.
Оқ жылдамдығының қисық сызығы
Газ қысымьның қисық сызьғы
Бастапқы
кезең
Бірінші кезең
Екінші кезең
Үшінші кезең
Оқтың атылу кезеңдері (1-сурет): Р0 - үдету қы- сымы; Рм - ең жоғарғы қысым; Р және V - оқ-дәрінің толық жанған сәтіндегі октың қозғалу жылдамдығы мен газ қысымы; Рв және Vв - оқтың ұңғыдан ұшып шыққан сәттегі қозғалу жылдамдығы мен газ қысымы; VM - оқтың ең жоғарғы ұшу жылдамдығы; Ратм - атмосфералық қысымға тең қысым.
Бастапқы кезең оқ-дәрі зарядының жануы басталғаннан оқ қабықшасының ұңғы ойық ізіне толық орнығуына дейін созылады.
Бірінші немесе негізгі кезең оқтың жылжуынан басталып, оқ-дәрі зарядының толық жану сәтіне дейін созылады. Осы кезеңде оқ-дәрі көлемін күрт өзгерте жанады.
Екінші кезең оқ-дәрі зарядының толық жанып біткен сәтінен оқтың ұңғыдан ұшып шығу сәтіне дейін созылады. Осы кезең басталғанда оқ- дәрі газының түзілуі аяқталады. Бірақ қатты қызған және қысымға түскен газдың көлемі кеңейіп, оқты қысыммен итеріп, оның қозғалыс жылдамдығын арттырады.
Үшінші кезең немесе оқ-дәрі газының әсерінен кейінгі кезең оқтың үңғыдан ұшып шыққан сәтінен бастап оқ-дәрі газының оққа әсер етуі тоқтаған сәтке дейін созылады.
Оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы деп оның ұңғыдан ұшып шыққандағы немесе ұшып шығу нүктесіндегі қозғалысының жыл- дамдығы аталады. Ол Vo мәнімен белгіленіп, секундына метр (м/сек.) өлшемімен өлшенеді.
Атыс кезінде қарудың (ұңғының) артқа қозғалысы кері жұлқу деп аталады.
Ұңғы өсінің атқанға дейінгі бағыты мен одан оқтың ұшып шығу сәтіндегі оқ бағыты арасындагы бұрыш ұшып шығу бұрышы деп аталады
Үшқан оқтың ауырлык центрі калдыратын қисык сызық траектория деп аталады.
Өзінің барлық қашықтығында оқтың ұшу траекториясы көздеу сызығының бойында көзделетін нысаннан жоғары көтерілмейтін ату тура ату деп аталады (4-сурет).
Тура атудың практикалық мәні ұрыстың қауырт сәтінде оқ атуды көздеуішті орнынан жылжытпай жүргізуде. Бұл нысананы жайратуды тездетуге, қарсыласқа қарымта оқ атуда одан жылдам болуға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет