Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата23.06.2022
өлшемі2.11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
paradigm, фр. paradigme, нем. Paradigma, йог. paradigma. 1. Белгілі бір сөз 
табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын флективтік өзгерістер жиынтығы. 
2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді түрлендіру формаларының 
жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз формаларының жиынтығы» [5, 
298 б.]. Демек, екі анықтамадан сөздің сыртқы формаға да, ішкі мазмұнға да 
үлгі болатын құрылым жиынтығы екенін аңғаруға болады. Соған сәйкес ғылым 
әдіснамасындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылатын «парадигма» 
ұғымы белгілі бір саланың ғылыми пайымдалуының даму сатысын, оған тән 
сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.
«Парадигма» ұғымын ғылыми айналымға алғаш ұсынған – философ, 
тарихшы ғалым Т. Кун «Структура научных революций» атты еңбегінде 
парадигмаға қатысты мынадай пікірін айтады: «... белгілі бір уақыт ішінде 
ғылыми қоғамдастыққа мәселелер қою және оларды шешу моделін беретін 
барлық ғылыми жетістіктер мойындаған» [6]. Бұл пікірден қандай ғылым 
саласы парадигмасының өзгеріп отыруы және қандай да бір ғылыми 
қиындықтың шешімі осы парадигмада болатынын түсінуге болады. Т.Кун 
ғылыми пәндердің бірнеше кезеңін атап көрсеткен:
• парадигмаға дейін (парадигманы белгілегенге дейін); 
• парадигма үстемдігі (яғни, «қалыпты ғылым»); 
• бір парадигма екінші парадигмаға ауысатын, олардың өзгерісіне 
негізделген қалыпты ғылым дағдарысығылыми төңкеріс дағдарысы. 
Т. Кунның тұжырымына сүйенсек, парадигма – ғылыми қоғамдастық 
мүшелерін біріктіретін құбылыс. Әдетте, парадигма оқулықтарда, ғалымдардың 
еңбектерінде бекітілген және көптеген жылдар бойы ғылымның белгілі бір 
саласында, ғылыми мектепте проблемалар мен оларды шешу әдістерін 
анықтайды. Ғалым «Белгілі бір уақыт ішінде ғылыми қоғамдастыққа мәселелер 
қою және оларды шешу моделін беретін барлық көпшілікке белгілі ғылыми 
жетістіктерді парадигма деп түсінемін» дейді. Философтың бұл термині бүгінгі 
тіл саласында көптеген зерттеушілердің зерттеу нысанына айналып отыр.
Поляк ғалымы А. Киклевич «Ветка вишни. Статьи по лингвистике» 
еңбегінде тіл білімінің парадигмаларына қатысты, ой мен бейненің 
байланысына, лингвомәдениеттанымның кейбір мәселелеріне, В.Маньчак 


19 
теориясына, қазіргі тіл біліміндегі тіл мен қоғам қатынасына және т.б. күрделі 
әрі бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мәселелерге тоқталған. Ғалым 
осылайша тіл білімінің парадигмаларын зерттей келе, оның мынадай түрлерін 
ажыратып көрсетеді: 
1. Дәстүрлі формалды парадигма – (ерте кезден ХІХ ғ.д.) тілдік 
бірліктердің бір ізге түсуі. 
2. Семасиологиялық (психологиялық) парадигма – (ХІХ ғ.е.ж.) мәдениет 
байланысты қатып қалған тілдік бірліктердің бір ізге түсуі. 
3. Ономасиологиялық (экстенсионалдық) парадигма – (ХХ ғ.б.ж. және бұл 
кез ХХ ғ. 70-80 жж.) тілдік таңбалардың мазмұнының номинативті аспектісінің 
бір ізге түсуі, яғни олардың шындықпен қарым-қатынасы. 
4. Құрылымдық парадигма – тілдің құрылымының бір ізге түсуі, яғни 
әртүрлі формадағы бірліктердің арасындағы парадигмалық және синтагмалық 
қатынас (фонемалар, лексемалар, граммемалар, сөйлемдер арасындағы 
қатынас). 
5. Постқұрылымдық (антропологиялық) парадигма – (ХХ ғ. 70 жж. бастап 
қазірге дейін) тілдік жүйедегі мәтіннің (когнитивтік, мәдени, коммуникативтік) 
бір ізге түсуі. 
6. Әмбебаптық 
парадигма (холистикалық парадигма) – тиімділік 
қағидаттарының бір ізге түсуі [7, 29 б.].
ХІХ ғасырда антропоөзектік парадигманы зерттеу нысаны еткен В. фон 
Гумбольдт, Э. Бенвенист, Ф. де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ, Г. Штейнталь, 
Э. Сепир, Б. Уорф, Л. Вайсбергер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ұлт тілі 
мен мәдениетінің тарихы, әр халықтың танымдық ерекшелігі, тілге адамның 
қандай да бір қатыстылығы, тілді зерттеудегі адам мүмкіндігі мен тілдің берер 
мүмкіндігі сияқты мәселелерге ерекше назар аударылған. Бір сөзбен айтқанда, 
антрополингвистика теориясын зерттеу жұмысының өзегіне айналдырған неміс 
ғалымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет