Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Лексикалық ая – адамның тіл арқылы жанама қызметіне қатыспайтын 
сөз мазмұнының құрамдас бөліктері.
Лингвокогнитивтік деңгей – тұлғаның интеллектуалдық аясын қамтып 
зерттеушіге тіл арқылы, сөйлеу және түсінілім процестері арқылы адамның 
біліміне, санасына, таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді. 
Мәтінавтордың ойын объективтеу, оның шығармашылық түпниетін 
жарыққа шығару, Адам мен оның әлемі жөніндегі білімдерін жеткізу үшін, 
аталмыш ұғым-түсініктерін автор санасынан сыртқа шығарып, өзге адамдардың 
да игілігіне айналдыру мақсатымен жасалады. 
Метафора мен метонимия – семантикалық деривацияның арнайы 
тәсілдері; поэтикалық мәтіннің лингвосемиотикалық қырын танытатын 
лингвокогнитивтік құралдар. 
Нарратор – көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны баяндау 
қызметтері бөлінген тұлға. 
Оқырман – әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы 
тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын 
алатыны оқырманға байланысты.
Парадигма – англ. paradigm, фр. paradigme, нем. Paradigma, йог. 
paradigma. 1. Белгілі бір сөз табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын 
флективтік өзгерістер жиынтығы. 2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді 
түрлендіру формаларының жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз 
формаларының жиынтығы. 
Парадигматика – таңбаны басқа таңбалардың көптігіне жатқызуға негіз 
болатын байланыстар, кейін таңба сөзжұмсамда қолданылу үшін осы көптіктен 
шығарылып, іріктеліп алынады;
Прагматика – семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі; хабарлама 
адресатына әсер ету. 
Прагматикалық деңгей – тұлғаның мақсаттарын, уәждерін, мүдделерін, 
өмірлік ұстанымдары мен мұраттарын (интенционалдылық) (мұраттарын) 
қамтиды. Тілдік тұлғаны талдауда бұл деңгей оның сөйлеу әрекетін бағалаудан 
болмыстың қызметін түсінуге заңды және шартты түрде өтуді қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет