Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Алматы
2014
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: 
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
КӨПТОМДЫҚ
2 том
Қайрат САҚ

УДК 821.512.122.0 
ББК 83.3(5Қаз) 
С 17 
ISBN 9965-883-98-5
УДК 821.512.122.0 
ББК 83.3(5Қаз)
© Сақ Қ., 2014 
© «Қазақ энциклопедиясы», 2014
Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі сана-
латын тіл мәселесі қай заманда да өзекті болды және өз кезеңінде ел зиялыла-
рын бейжай қалдырмады. 
Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Дала уалаятының газетінен» 
бастап,  ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  шыққан  «Жас  Түркістан»  журналы 
аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мәселесіне қатысты құнды жари-
яланымдары топтастырылған. Сонымен бірге мұрағаттардан алынған тарихи 
құнды құжаттар мен алаш қайраткерлерінің жеке жинақтарына енген тілге қа-
тысты көсемсөздері енгізіліп отыр.
Кітап елдіктің тұғыры саналатын тіл мәселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, 
алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нәр 
алғысы келетін жалпы оқырмандарға арналады.
САҚ Қ.
АЛАШ  КӨСЕМСӨЗІ:  ТІЛ  МӘСЕЛЕСІ.  –  Алматы:  «Қазақ 
энциклопедиясы», 2014. 
Т. 2. – 400 бет. 
ISBN 9965-883-98-5
С 17 
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және Спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Ғылыми жоба жетекшісі 
және жалпы редакциясын басқарған:
Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің профессоры
Құрастырушылар: 
Эльмира Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері
Алтынтас Дәулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері.

3
«СӨЗІ жОҒАЛҒАн жұрТТЫң ӨЗІ ДЕ жОҒАЛАДЫ»
Алғы сөз орнына
Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тәуелсіздігі жолында 
күрес көрігін қыздырған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған 
көсемсөз мұраларын жүйелі жинау, егжей-тегжейлі зерттеу, нәтижелерін 
ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор. 
Ұлттық  құндылықтардың  ішінде  өзектісі  болып  саналатын  тіл  мә-
селесін  оң  шешу  қашанда  маңызды    болып  қала  беретініне  ешқандай 
күмәніміз жоқ.
ХХ  ғасыр  басында  Алаш  көсемсөзінің  көш  басшысы  Ахмет 
Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ  түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» 
деп  жазып,  қауіп-қатердің  қайдан  келіп  жатқанын  дөп  басып  танып, 
ұлттық  құндылықтарымызды  сақтап  қалудың  жолын  іздеді.  Әсіресе, 
біртіндеп  қолдану  аясын  қолдан  тарылта  бастаған  қасиетті  ана  тілі-
міздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша 
түсті,  қолы  қабарғанына  қарамастан  көсемсөз  жазып,  дамылдамай 
дабыл  қақты,  күрескерліктің  тың  даңғылын  салды.  Солардың  бірінде 
бүй  дейді:  «...Қазақ  деген  қашаннан  өз  алдына  ұлт  болып,  Еділден 
Ертіске,  Оралдан  Ауғанға  дейін  тұтас  тұрған  халық  еді.  Арамызға  әр 
түрлі  жұрт  кіріскенде  солармен  қатар,  атымыз  жоғалмай,  қазақ  ұлты 
болып  тұра  аламыз  ба?  Осы  біздің  төсекте  дөңбекшітіп  ұйқымызды 
бөлетін  нәрсе.  Басқа  жұртпен  араласқанда  өз  алдына  ұлт  болып,  өз 
алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не 
тұрады.  Өз  тілімен  сөйлескен,  өз  тілімен  жазған  жұрттың  ұлттығы 
еш  уақытта  адамы  құрымай  жоғалмайды.  Ұлттың  сақталуына  да, 
жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер 
әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт 
болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де 
сақталу қамын қатар ойлау керек. Қазақтың балалары қалай оқып жүр?
Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды. 
Шаһарда  оқыса,  я  сарт,  я  ноғай  медреселерінде  оқиды.  Рус  школында 
оқитыны русша кітап, үйренетіні русша жазу, қазақша көбі оқи да, жаза 

4
да  білмейді.  Мұсылман  медреселерінде  оқығандардың  естігені  әдеби 
тіл,  оқығаны  әдеби  тілмен  жазған  кітап,  жазғанда  да  сол  кітаптардың 
тіліне салып еліктеу. Ол әдеби тіл деген қандай тіл? Араби, фарсы сөздер 
көп  кірген  тіл.  Неғұрлым  араби,  фарсы  сөздер  көп  қосылса,  неғұрлым 
қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлым әдебиырақ 
болады  деп,  тұтынған  жолдан  шыққан  тіл.  Бұл  тіл  халықтан  тумаған, 
жаны  жоқ  тіл.  Мұсылманша  оқығандарымыз  әдеби  тілімен  сөйлейміз, 
әдеби тілімен жазамыз, қазақша жазсақ әдеби болмайды деп қазақ тілімен 
жазуға ұялады, қорынады. 
Русша  оқығандарымыз  қазақ  тілімен  пікірімізді  толық  айта  алмай-
мыз, жетпейді, русша жазғанымыз оңай дейді. Қысқаша, русша, мұсыл-
манша  оқығандарымыз  қазақ  тілімен  жазуға  қорынып,  біреуі  русша 
жазады, біреуі әдеби тілмен жазады.
Бұлардың өз тілінен қорынып жиренетін себебі не? Менің ойлауым-
ша, бұл әдеттенуден бірі русша оқып, бірі әдеби тілмен оқып қазақша 
жазу  әдетінде  болмағандық.  Әдетінде  жоқ  нәрсе  қалыптан  тысқары 
болып,  басында  ерсі  көрінеді.  Қазақ  тілі  мен  жазу  әдетінде  болмаған 
соң  русша  һәм  мұсылманша  оқығандарымыз  қорынады.  Бір-біріне 
жазған  хаттарында  қазақша  жазбайды.  Бұлай  істеулері  ұнамды  емес. 
Бірақ қазақ балаларын аталары осы күнгі оқытуына қарағанда «бұл неге 
солай?» деп ғажаптанар да іс емес. Сегіз, тоғыз жасынан оқуға түссе, 
оқыған тілі басқа болса, оқитын кітабы басқа тілде болса, жазғанда сол 
кітаптардан  үлгі  алып  жазса,  олар  қайдан  қазақша  жазуға  әдеттенер? 
Мұнан былай да осы бетімізбен жүре берсек, ақтығында қазақ тілі азып-
тозып, бірте-бірте тұтынудан шығып, әуелі қазақша жазу ұят көрінер, 
сонан  соң  қазақша  сөйлеу  ұят  көрінер,  онан  әрі  не  болары  белгілі. 
Оқыған жастарымыз қазақ тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға 
болмаса, қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан бұлтақтамай 
осы бастан істің бетін тура жіберу үшін анықтап ашатын нәрсе мынау: 
қазақ  тілін  сақтау  керек  пе,  болмаса  русша  болсын,  басқаша  болсын 
сөйлеуге  жараған  соң  бәрі  тіл  ғой,  қазақ  тілі  жоғалса  жоғала  берсін 
дейміз бе? Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды 
сақтау  Қазақтық  әрине  аты  мен  тілі  жоғалмаса  сақталады.  Бұл 
айтқанымыз  русша,  я  басқаша  оқымасын  деген  емес,  русша  тілін  де 
білу  керек.  Бірақ  өз  тілінен  жиренбеске  керек  деген  сөз.  Тұтынбаған 
нәрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып рус яки әдеби 
тілдерді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену қиын деп ешкім айта 
алмас». 
Ел  қамын,  «ұлт  сақталуына  себеп  болатын  нәрсенің  ең  қуаттысы  – 
тіл»  жайын  жеріне  жеткізе,  егіле  жазған  Алаш  арысынан  артық  ешкім 
айта алмасы хақ.

5
Көңілге  медет  тұтатынымыз,  Қазақ  елі  тәуелсіздігін  жариялағаннан 
кейін бірінші кезекте  қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, батпан-
дап енген дерттен мысқылдап айыға бастағандаймыз. Десек те, шешімін 
күткен мәселелер де аз емес.
Осы орайда, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруде қайраткерлік 
танытқан  еліміздің  тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «қа-
зақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген қағидасы Алаш арыстарының 
идеясымен ұштасатынын айтуға тиістіміз. Елбасы «Тарих толқынында» 
атты  тарихи  еңбегінде:  «Малшысы  мен  манабының  бір  деңгейде 
сөйлейтініне мақтана алатын халық әлемде сирек болар. Осы орайда, 
қазақ  тілінен  аударма  жасаушылардың  тарапынан  болып  тұратын 
күдік-күмән  еске  түседі.  Олар  қазақтың  әдебиетшілеріне  «осы  бір 
тұста әсіре сөз жоқ па?!» деген сұрақты жиі қояды. Жоқ. Себебі, тілдік 
шығармашылықтың  мың-миллион  ғажайып  мүмкіндіктері  арқылы 
жүзеге асатын қазақ санасының ерекшелігі, белгілі дәрежеде, төл мәде-
ниетімен  шын  мәнісінде  етене  болғандықтан,  қазақ  тіліндегі  көркем-
дік  сезімнің  барша  бояуы  мен  көзден  таса  мағыналық  тереңдігін  кез 
келген  қазақтың  парықтай  алатындығынан  болу  керек.  Сондықтан 
да  қазақ  тілінің  әдебиетшілдігі  дегеніміз,  түптеп  келгенде,  ойлаудың 
ұлттық ерекшелігі болып шығады. Дауға салса алмастай қиған, сезімге 
салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі 
қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен 
артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Әрине, одан қымбат 
ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі  
мәдени  тұтастығына  ең  негізгі  ұйытқы  болған  –  оның  ғажайып  тілі», 
– деп жазып, қазақ тіліне жоғары баға беруі Алаш көсемсөзшілерімен 
үндес келеді.
Қазақ  тілінің  дамып-жетілуі  бағытында  ізденген  Алаш  қалам  қай-
раткерлері,  ең  алдымен,  қазақ  тілінің  жүйелі  жазу  емлесін  қалыптас-
тыруды көздеді. Осы жолда аянбай қызмет етті.
Жинақты  құрастыру  барысында  байқағанымыз,  тіл  мәселесін  ең 
көп  көтерген  көсемсөзші  –  тұңғыш  қазақ  лингвист-ғалымы  Ахмет 
Байтұрсынұлы.  Ол  өзінің  алдына  жүйелі  мақсат,  айқын  бағдарлама 
қойып, сол бойынша өз бетінше жұмыс істеген тәрізді. Мәселен, оның 
бірінші мақсаты – қазақ баласының сауатын ашу болса, осыдан барып 
«Оқу  құралы»  пайда  болды,  содан  кейін  қазақ  тілінің  грамматикалық 
құрамын  ана  тілінде  талдап  беруді  мақсат  етеді  де,  «Тіл-құралды» 
жазады. Тілді дұрыс жұмсай білу тәртібіне байланысты ойға қалады да, 
«Тіл  жұмсарды»  ұсынады,  оқытудың  методикасын  жасау  мақсатында 
«Баяншыны» береді. Кезінде әлденеше басылуының өзі бұл еңбектердің 
зәрулігі мен бағасының қаншалықты дәрежеде болғанын аңғартса керек.

Осы орайда, Алаш қайраткерлерінің көсемсөздерінде көтерілген ой-
толғам, идеялар бүгінгі күні де  практикалық тұрғыдан өте құнды екені 
талас  тудырмаса  керек.  Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  кезеңде  елімізде 
қазақ  тіліне  байланысты  үлкенді-кішілі  іс-шаралар  жүзеге  асырылып 
келеді.  Көп  мәселе  айтылып  та,  жазылып  та  жатыр.  Бірақ  олардың 
басым  көпшілігі  бізге  жаңалық  емес.  Мұның  дені  –  кезінде  Алаш 
қайраткерлері айтып, көсемсөздерінде жетер жеріне жеткізе жазып кеткен 
мәселелер.  Сондықтан  тіл  мәселесінде  үлкен  жаңалық  ойлап  табамыз 
деп  шаршап-шалдықпай,  сол  Алаш  қайраткерлерінің  көрсетіп  берген 
бағыт-бағдарымен  жұмыс  істесек,  тіл  саласында  көп  мәселе  қазіргіден 
әлдеқайда тез, әлдеқайда жемісті шешілер еді.
Сақ Қайрат Өмірбайұлы,
Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ профессоры

7
«ДАЛА уАЛАяТЫнЫң гАЗЕТІ» 
(1888–1902)
«Дала  уалаятының  газеті»  –  «Түркістан  уалаятының  газетінен» 
кейін шыққан екінші қазақ тілді басылым болды. 1888 жылдың 1-қаң-
тарынан  бастап  1902  жылдың  12  сәуіріне  дейін  шығып  тұрды.  Дала 
генерал-губернаторлығының  ресми  органы  ретінде  Омбыда  жарық 
көрген  «Акмолинские  областные  ведомости»  газетінің  қосымшасы 
ретінде «Особое прибавление к Акмолинским ведомостям» деген атпен 
басылды.  1894  жылдан  бастап  «Дала  уалаятының  газеті»  болып 
шыға  бастады.  Орысша  нұсқасы  –  «Киргизская  степная  газета». 
Басылымға әр кезде редактор ретінде қол қойып отырғандар – И.Козлов, 
К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов және Д.Лавров. Ал, қазақшасын тұрақты 
редакциялағандар  –  Е.Абылайханов  пен  Д.Сұлтанғазин.  Р.Дүйсенбаев, 
Б.Чалымбеков  және  тағы  басқалар  газетте  аудармашы  әрі  әдеби 
қызметкер болып еңбек етті. Газеттің таралымы туралы нақты бір 
ақпарат жоқ, дегенмен басылымның бір мәліметінде 1332 деген дерек 
кездеседі. 
Газеттің тұрақты авторлары қатарынан О.Әлжанов, Ш.Айманов, 
Ж.Аппасов,  Д.Иманқұлов,  А.Қылышбаев,  А.Нөгербеков,  М.Ж.Көпеев, 
А.Шонаев,  Б.Әбдіков,  А.Құрманбаев  және  Қ.Жаңатаевтың  есімдерін 
кездестіруге болады. 
Сол  кездегі  өзге  газеттер  секілді  бұл  басылымның  да  ресми  және 
ресми  емес  бөлімдері  болды.  Ресми  бөлімінде  патша  үкіметінің  үкім- 
жарлықтары, заң-закондары, жергілікті басқару әкімшілігінің бұйрық-
тары мен шешімдері жарияланды. Оларды қарапайым халыққа түсін-
діре отырып, отарлық жүйені күшейтуді көздеді. 
Ресми  емес  бөлімі  түрлі  тақырыптарды  кеңінен  қамтыды.  Оқу-
білім саласындағы мәселелер, шаруашылық жайы, ғылыми зерттеулер, 
қазақтың  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  айтыс,  мақал-мәтелдер, 
дастан-жырлар  басылды,  сонымен  бірге  әдеби  аудармалар  мен  этно-
графиялық мақалалар, қоғамдық-публицистикалық жазбаларды кездес-
тіреміз. 
«Дала  уалаятының  газеті»  –  өз  кезеңінде  Ресей  патшалығының 
жергілікті  басқару  органдары  тарапынан  шығарылған  басылым  бола 
тұра,  қазақ  халқының  мәдени-әдеби,  қоғамдық-әлеуметтік  дүниета-
нымының жетіле түсуіне әсер еткені өз алдына, елдің саяси сауаты мен 
көзқарасына да зор ықпал еткен басылым болғаны сөзсіз. 

8
Ғылымға қарай 
тағы бір қадам
Өткен декабрьде Семейден отыз шақырым тұратын Аққөл-Қызылкөл 
қаласында қазақ, ноғай болып бір медресе ашты. Онда балалар орысша, 
мұсылманша  оқиды.  Мұны  байқау  керек,  Семей  облысының  ішінде 
орысша оқитын мұсылман медресесінің әуелі бұл, мұнан басқа жоқ.
Семейдің оязнай бастығы айтылмыш медресеге молла болуды қабыл 
көресіз бе деп, податной инспектордың переводчигі Ауафи Әбішұғлынан 
сұраған еді, бұл бек қабыл алды. Ауафи мырза өзі қазақ. Оқуды Омбы-
дағы учительский семинариядан 1893 жылы бітірген. Арыз ісін жақсы 
білетін  һәм  бала  оқытуға  түсінген  молда  алыпты.  Оның  үшін  Ақкөл-
Қызылкөлдегілерге құтты, қайырлы болсын айтамыз. Мұндай қуанышты 
хабарды білдіре тұрып ноғай, қазақ балаларына орыс тілін һәм ғылым 
білгізуге  тырысқанын  артық  болмас  деп  ойлаймыз.  Бұл  күнде  орысша 
өз  балаларына  білгізуге  әсіресе  қыр  қазағы  қатты  ұмтылып  тұр.  Бірақ 
бұларда  баласын  орыс  медреселерінен  оқытуға  қаражат  жоқ.  Көбінесе 
қырда  қалай  медресе  ашуын,  қайдан  істің  жөнін  білетін  молла  алуын 
білмейді, бұлардың көңіліне қандай адам жағады. Қазақтардың өздері де 
«Дала уалаяты» газетіне жазып жатыр ғой, біздерге қазақша һәм орысша 
тіл білетін молла керек деп. Тіпті жақсы болар еді, егерде бұл молдалар 
қазақтан болса. Бірлі-жарымды кісілер медресе ашайын десе, көңілдегі 
молла  жоқ  болған  соң  ілгері  күнге  қалдыра  береді.  Мысалы  Кереку 
оязының  Ақбеттау  елінің  қазағы  X.  П.  өз  аулымда  медресе  ашамын 
деп,  бір  жылдай  орысша-қазақша  білетін  молла  іздеп  жүрді.  Және  де 
Атбасар  оязына  қарайтын  Құмқоңыр  елінің  қазағы  былтырғы  жылы 
осындай молланы іздеді, анау да, мынау да табылмады. Бұлардан басқа 
да  балаларымызды  оқуға  берейік  десек  те  жерімізде  медресе  жоқ  деп 
жүрген көп қазақтарды көрдім. Бұл қазақтар айтады: «қалайша медресе 
ашуын  білмейміз  және  де  молла  табылмайды,  егерде  молла  табылса, 
медресе ашар едік», – дейді. Рас, қазақтарға молла болатын қырда бұл 
күнде ешкім де жоқ. Бұлай болған себебі қазақтардың қалауы жоғарғы 
ұлықтар молла табуға өздері жаһұт етсе екен демек.
Бұл  үшін  Омбыдағы  учительский  семинария  медресесінен  орын 
ашса екен. (Семинариядан шыққандар бала оқытатын молла болады). 
Бұл семинарияға осы күнде де түсуге мүмкін, бірақ оған қаражат жоқ. 
Егерде қауымнан ақша беріп тұрса, мұнда қазақтан оқитындар көбейер 
еді.
Отыншы Әлжанов

9
Қаріп турасының сөзі
Көп-ақ білетін шығар біздің қазақ халқының өз тіліне шығарған харпі 
жоқ болып, араб жұртының харпін ешбір қазақшаға түзетпей сол жұртта 
қалай жазылса, сол бойымен алған еді. Және де бұл араб әліпбінің қазақ 
сөздерін  жазуға  толық  емес  көп  кемдігі  бар  һәм  қайсы  бір  харіптері 
керексіз артық екені де оқу білетіндерге белгілі. Қайда болса да харіптің 
керексізі
 
дауысты харіп. Дауысты харіпсіз сөзді үн шығарып оқи алмайды. 
Оқыса  да  аса  қиын.  Мысалы,  «жаманат»  деген  сөздің  әліптерін  алып 
тастасақ,  «жмнт»  болып  қалады,  осыны  әліпті  қоспай  оқып  байқасаң 
дауысыңды шығарып оқу аса қиын. Шала хат танитындар оны тіпті оқи 
алмайды. Араб тілінде дауысты харіп аз. Бірлі-жарым дауысты харіптерін 
олар асты-үсті үтір қылып көрсетеді. Мысалы, біздің «мата» деген сөзіміз 
арабша «мт» деп жазылар еді. Бүйтіп астын-үстін қойып арабтар құран 
һәм  сондай  үлкен  кітаптарды  жазады,  жеңіл-желпі  кітаптарды  астын-
үстін қоймай-ақ жазады, мысалы, мата дегенді «мт» қылып қояды. Осы 
кейінгі  формамен  араб  дініне  кірген  түркі  һәм  өзге  халықтардың  көбі 
жазады.  Бұлардың  арасында  қазақ  та  солай  жазады.  Мысалы,  қазақ 
дегеннің орнына «қзқ» деп, халық дегеннің орнына «хлқ» деп жазамыз.
Мұндай дауыссыз харіппен жазған соң түзу оқу аса қиын екенін ай-
тып болмайды һәм ұйқас сөздер аса көбейіп, бек шатақ болады. Мұндай 
шатақтығы әсіресе бір аса белгілі емес сөздерді жазғанда білінеді. Өзге 
бір ұйқас сөздер орнына оқып кетпесін деп жазған кісі соның не сөз екенін 
білдіруге керексіз, бөгеті көп сөздер қосады. Егер сол сөздерді қазақ тіліне 
әдейілеп шығарған харіптермен жазса, бір де ұйқас болмас еді. Мысалы, 
«бөлінбек» деген сөзді екі түрлі ұғуға болады. Бірі – бұзылды деген сөз, 
бірі – екі бөлек болды деген сөз. «Мін» деген сөзді үш түрлі ұғуға болады:
Мін деп айыбын, кемдігін айтады.
Атқа мін деп бұйырғанын айтады.
Мен деп сөйлесіп отырған кісі өзін айтады.
«Сен» деген ол екеуі де үш-үш сөздің орнына жүреді.
Мұндай болатынының бәрі қазақтың дауысына дұрыс келетін харіп-
тің  жоқтығы.  Дауысты  харіптің  орнына  осы  күнгі  қазақ  жазуында  үш 
харіп жүреді: А, у, и. Анықтап байқасаң, қазақ тілінде 12 дауысты
1
 харіп 
бар.  Қатты  әліп  (мысалы,  ат  деген  сөздегі),  жұмсақ  әліп  (мысалы  бәсе 
деген  сөздегі).  Екі  деген  сөздегі  (е)  һәм  (и),  (у)  һәм  іні  деген  сөздегі 
(і)  дауысты  жазатын  харіп  тіпті  жоқ.  «Ол»  деген  сөздегі  (о)  қойылған 
дефисті жазатын екі түрлі, бірі қатты, бірі жұмсақ. Соларды да жазатын 
харіп жоқ. Мысалы, «ол» деген сөзді екі түрлі оқуға мүмкін. Біреуі өлмек 

Дауысты харіп деп мынаны айтады, мысалы ағаш деген сөздің харпін алайық, «а», «ә» 
бұл екеуі дауысты; «ғ», «ш» дауыссыз.

10
деген сөзден шыққан, біреуі (ол барды) деген жауаптағы сөз. Әуелгі сөзде 
«ә» жұмсақ, екіншіде қатты. Онан соң «у», «бұ», «ту» сөздерге «у» мен 
көрсеткен  харіп  жоқ.  Осынша  харіптердің  бәрін  «А»,  «О»,  «И»  мен-ақ 
бірдеме  қылып  іләлап  жазады.  Қайсы  уақытта  арабтардың  қылғанын 
қылып, сол үш харіптің өзін де жазбайды.
Осы турада Сұлтанғазыұғлы мынадай депті: «Араб харіптерінің түрік 
сөздерін анықтап жазуға онша ұнамды емес екенін недәуір заман болды, 
түрік жұртының ғұлама білімдәрі де байқаған екен. Сол жарықтықтардың 
бір бөлегі араб әліпбиін тастап, жаңадан әліпби шығарайық деп таласып, 
таласып ақыры араб әліпбиін қалдырыпты. Осы күнде түрік жұртында 
араб  әліпбиімен  жазса  да  өз  харіптері  бір  түрлі  болып  азырақ  өзгеріп 
кеткен,  парсыларда  өзгергендей  болып.  Сол  себептен  парсы,  түрік 
тілдерінде бір харіптермен жазатұғын екі халыққа бірдей сөздер де екі 
түрлі  болып  оқылады. Мысалы,  араб әріптерімен былайша  «тоты»  деп 
жазғанда,  түрікше  «додо»  деп  оқылады.  Парсылар  дұрысырақ  оқиды. 
Түрік жұрты араб әліпбиін тіпті түзеткен жоқ, сол бойымен осы күнге 
шейін  жүргізіп  тұрады.  Мұны  түрік  кітабын  оқысаң  көресің.  Олардың 
жазуында дауысты харіпті көбінесе біздіңше қоймайды. Және де түрік 
һәм  парсы  жұрты  «тоты»  деген  сөзді  әр  қайсысы  өз  тіліне  келтіріп, 
түзу оқығаны харіптерін түзеткенінен емес. «Екі» деген қазақ сөзін мен 
жазғанындай оқымай, қазақша қалай айтса, солай оқимын. Олар да «тоты» 
дегенді солай оқиды. Харіптің кемдігін Дінмұхамед мырза айтады, інжу 
кітабымен жеңгізу керек дейді. Інжу кітабы тоқтау қылар пәлен сөз солай 
жазылсын деп. Мысалы, мен шәкірттерге үйретсем, меніңше ойымның 
аймағының  форымын  «екі»  деген  сөз  деп  біліңдер  десем,  інжудің 
көрсеткені сол секілді болып кетпей ме, қозғалмаған әліпбидің кемдігі 
түзелмеген соң.
Қазақ тіліне жаңа харіп шығаруға, не болмаса осы күнгі жазып жүр-
ген әліпбиді түзетуге көп тіл білетін ғұлама адам керек дейді қайсы бір 
адамдар. Бір кісінің оқудан қайтқан баласы құдыққа құлап кеткен соң, 
әкесі  арқан  салып  келіп:  «мынадан  ұстап  шық,  мен  тартайын»  десе, 
баласы  айтқан  екен:  «әуелі  арқан  деген  нәрсе,  соның  мәнісін  маған 
айт, құдыққа түсіп кеткен кісіні тартып шығаруға өзгеше бір машина 
шығару  керек»  деп  шықпаған  екен.  Жоғарғы  айтқандардың  осыған 
ұқсайды.  Біздің  көп  тіл  білеміз  деген  ғұламамыз  түгіл  хатты  шала-
шала танитынымыз да аз. Бұ күнде құдықта жатқан баладаймыз. Әуелгі 
әліпбиді шығарған кісі көп тіл біле қойған жоқ шығар. Не жұмысқа да 
болса рас, білім керек, мен оған таласпаймын. Сөйтсе де, қандай ғұлама 
данышпан жер астынан шықса да қазақ тіліндегі осы күнгі бар әртүрлі 
дыбыстан артық-кем ойлап таба қоймас, сол дыбыс нешеу болса сонша 
харіп шығарады. Егерде біз өз көшімізге қарап шамамыздың келгенін-
ше ескі әліпбиді жетпегенін қосып түзетсек, аз-мұз қате кетсе соңына 

11
бір  ғұлама  шыға  қалса  түзетер,  онша  тілден  көп  білмесек  те  үлкен 
қателер бұл турадан кете қоймас. Және де мұндай ғұлама қазақ ішіне 
қайдан келеді, қашан шығады? Мен сіздерге мырзалар, айтайын, ғұлама 
өз тұсынан жерден тезінен шыға келмейді, ғұлама үлкен оқулы адамдар 
кішкентай  адамдардың  жаһұтымен  шығады.  Істі  жалғыз  ғұламадан 
басқа қыла алмайды емес, кім қыламын деп талаптанса, кім жақсылық 
қыламын  десе  сол  қылады.  Мұнда  қандай  әліпби  қазақ  тіліне  дұрыс 
келеді  яки  ескі  араб  әліпбиін  қалайша  түзетеміз  деген  жауап  көп  сөз 
болы жатқан. Әйтеуір қазақ тіліне анық жететін қылып әлібиді түзету 
керек. Әліпбисіз ешбір халық ғылым, білім болмайды. Осы күнгі білімді 
халықтардың бәрі әліпбиі болғаны үшін ғылым, білімді болды. Қайсы 
бір  халықтарда  әліпбиі  бар  да,  бірақ  қиын  шатағы  көп.  Сол  себепті 
ғылым, білім түгіл хат жазуды үйренуге аса бай адамдарының яки үлкен 
ұлықтарының  балаларының  ғана  шамасы  келеді.  Бұрынғы  Мысыр 
жұртында солай болған. Осы күнгі Қытай харіптері біздің қазақтікінен 
қиын  болған,  себебі  жалғыз  оқып  жаза  білуіне  онда  он  бестеп  жыл 
өткізеді.  Бұл  күнгі  Ағылшын,  Француз,  Италия,  Германия,  Испания, 
Америка халықтары әліпбиін сондай оңайлатқан, екі-үш күнде бала хат 
танып, жазу да жазады.
Және де олардың ауызша айтқанынан жазғанын жақсы ұғасың. Біздің 
жазғанымыздан үйтіп ұғу қиын, себебі ұйқас сөздер көп болады, харіп 
түгел болмағаны үшін Әліпби шықпай тұрып ғылым, білім жоқ. Онсыз 
бола алмаған. Әліпби шыққаннан кейін ғылым, білім де шықты. Әліпби 
бар  болғанымен  қиын  шатағы  көп  болса,  ғылым,  білімге  де  көп  бөгет 
қылады.  Бір  іс  бастап,  ол  ісің  оңай  болса,  көңілденіп  қызығына  кіріп 
жұмыстайсың. Егерде шатақ, бөгет шыға бастап, өзін ұға алмасаң көңілің 
қайтып, қылғың келмейді. Бала оқи бастағанда өзі түсініп оқытқанының 
байыбына барса, көңілденіп оқиды, мұнысы оқу бітіруіне көп себеп, әр 
қайсы уақытта бүтіл ғұмырына жақсы-жаман тұруына да себеп болады. 
Араб әліпбиінде қазақ тіліне кемдігі, шатағы бар. Харіптері басында бір 
түрлі  жазылады,  аяғында,  ортасында  әр  қилы  болып,  баланың  басын 
қатырады.  Менің  ойымша,  құран  кітабын  дін  жөнінен  оқығанда  араб 
әрпімен оқи берсін, қазақша жазылған хиса, өлең, ертегі сөздер һәм бір 
ғылым  жайлары  қазаққа  деп  оңай  қылып  әдейілеп  түзеткен  харпімен 
жазылса екен.
Өзге  жұрттардың  әліпбиінде  неше  түрлі  тыныстар  бар,  бізде  о  да 
жоқ.  Қазақ  тіліне  әлі  көп  қиын  кітаптар  жазылмаған  соң,  бұлар  керегі 
жоқ секілді көрінеді, қиын бірдеме жаза бастасаң бұл аса керек. Және де 
қазақ жазуында біреудің есімін құрмет тұтқаныңды көріп, басына жазуға 
үлкен харіптер де жоқ.
Рақымжан Дүйсенбаев

12


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет