Алдында тұрған ұғымдарды алдын ала енгізудің ұстанымы



бет1/9
Дата04.02.2022
өлшемі266,5 Kb.
#24839
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ІІ.1Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы......................................................................................................34-45 бет

ІІ.2. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен...........................................46-56 бет
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................57-59 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................60-61 бет

Ғылыми зерттеулердің болмауының негізгі жалпы білім беретін мектепте «ақпарат» түсінігін қалай дамытып енгізу қажет екендігі анық емес.

Бұл жәйт ақпарат түсінігін бастауыш мектепте енгізу қажеттілігі мен сәйкес әдістемелік жұмыстың жоқтығы арасындағы қайшылықтан тұрады.

Ақпарат ұғымын қалыптастыру әдістемесі негізгі тұрғыларға сүйенді: -Ақпарат ұғымын енгізудің және дамытудың негіздемелерін және тұрғыларын зерттеудің мақсатқа бағытталған ұстанымы;

-Алдында тұрған ұғымдарды алдын ала енгізудің ұстанымы;

-Ақпарат ұғымын енгізудің және дамытудың контекстілік ұстынымы;

-Ақпарат ұғымының негізгі астарларын бірізділікпен ашу ұстанымы. Ақпараттық және ақпараттық процестермен байланысты информатиканың негізгі ұғымдарға тек қана бір сабақта енгізілмей, бүкіл информатика курсын оқыту барысында жүзеге асырылады.

Күнделікті сабаққа бейне; аудио, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратгы көшіріп алып (дискетаға немесе аудио-бейне таспаларға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында еліміздің

білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі- білім

беру жүйесінің ақпараттандыру, оқытудың жаңа технолгиясын енгізу, бүкіл

әлемдік коммуникация желісіне шығу.

Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.

1.Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс -әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

2.Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканы құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

З.Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперементалды іскерлігін дамыту.

4.0қу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеу мен байланысты үрдістер болып табылады.

Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары (ЖАТ) ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, ЖАТ-мәтіндік редактор,

электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.Абдірәсілова болса, жаңа ақпараттық технологияны оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады. Н.Апатованың анықтауынша, ЖАТ-қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер.

М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді:

"ЖАТ-адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен

әдістерінің жиынтығы."

Д.Мотрос төмендегі шарт орындалғанда ғана ЖАТ туралы айтуға болады дейді:

-егер ол педагогикалық технологияны негізгі ұстанымдарын қанағаттандырса (алдын-ала жобалау, мақсатқа сәйкестік, біртұтастық, т.б);

-егер ол дидактикада теория және тәжірибе жүзінде бұдан бұрын

қарастырылмаса;

-егер ақпаратты дайындау және тасымалдау құралы компьютер болса.

Осыған қарағанда жаңа ақпараттық технологияға

дидактикаға мәселелерін есептеуіш техника көмегімен шешетін педагогикалық технология деген анықтама беруге болады. Осыған байланысты оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау-басты міндеттері болып табылады. Бұл багытта дүрыс шешім қабылдау үшін нақты стратегиялық бағдарлама қажет. Біздің ойымызша, оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет.

І.Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда моделдеуге үйрету.

2.Компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушы мен неғұрлым тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау қажет. Осылайша білім негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауды да күшейтіп оқушылардың білім сапасынның көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.

З.Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік ұстанымын ескеру қажет.

4.Оқытуды компьютерлендіруді оқушыны өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп, ойластырған жөн.

5.Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері, анықтамалықтар, т.б болуы тиіс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық,әдістемелік мәселелер туындайды.

Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді..

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.



Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

  • құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Мақсаты:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;

  • мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;

  • білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;



  • педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

  • педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет