Алғашқы болжам диагноз?



Дата10.11.2022
өлшемі25,88 Kb.
#49049

  • ХҚТУ емхананың хирургия бөліміне, 2 сағ бұрын көше кезген белгісіз ит қапқан науқас келіп түсті. Тексерген кезде, оның сол жақты аяқ балтырындағы алты жерден тістелген жаралар анықталды. Жаралар ұйыған қанға толы, айналасы ісінген, ауырсынады.

  1. Алғашқы болжам диагноз?

  2. Көмек мөлшері қандай болмақ?

  3. Қандай екпелер жасайсыз?

  4. Асқынуды болдырмау үшін қандай алдын-алу шараларын жүргізу қажет?

  5. Уақытылы емделмеген жағдайда қандай асқыну туындауы мүмкін?




  • ХҚТУ клиникасының қабылдау бөліміне оң жақ санының жыртылған жарасы бар науқас түсті. Жараны 13 сағат бұрын алған. Жара айналасы аздап ісінген, шеттері тегіс емес, көгерген.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Науқасқа қандай анестезия жасау керек?

  3. Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз?

  4. Сіз қандай емдеу тактикасын қолданасыз?

  5. Қандай екпелер жүргізген дұрыс?




  • Учаскелік ауруханаға жарты сағат бұрын жылан шаққан бала әкелінді. Бала сол жақ аяқ басының ауырғанына шағымданады, өзі әлсіз , ұйқылы-ояу халде. Оң аяғының үстінде екі нүкте тәрізді жара бар. Оның айналасы қанталап, ісінген.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Науқасқа қандай анестезия жасау керек?

  3. Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз?

  4. Сіз қандай емдеу тактикасын қолданасыз?

  5. Қандай екпелер жүргізген дұрыс?




  • Түнгі уақытта көшеде кетіп бара жатқан жолаушы жерде ессіз жатқан адамды көріп, жедел жәрдем көлігін шақырады. Оқиға орнындағы науқастың алдыңғы аксиллярлық сызығы бойымен сол жақ VI-қабырға арасына пышақ кірген. Науқастың есі шала, сөйлесе алмайды. Көз қарашығы кішірейген. Пульсі-130 рет мин, тек үлкен артерияларда ғана анықталып жатыр. АҚ-80/50 мм.сын.бағ. Тынысы сол жағында өте әлсіз.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Науқасқа қандай анестезия жасау керек?

  3. Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз?

  4. Науқасты қай бөлімге жолдайсыз?

  5. Сіз қандай емдеу тактикасын қолданасыз?

  • Жер сілкінісінен кейін 12-жасар бала құтқарылды. 3 сағат бойы баланың сол жақты аяғы бетонды плитамен қысылып қалғаны анықталды. Баланың жағдайы орта ауырлықта, тынысы еркін, жиілеген. Жүрек тондары ритмді, АҚ 120/70 мм.сын.бағ. Рефлекстер сақталған. Аяғының тері жамылғысы көгерген, ісінген, ауырсынады, ұстағанда мұздай, пальпаторлы крепитация анықталмайды. Өкпесін тыңдағанда тынысы везикулалық. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Науқасқа қандай анестезия жасау керек?

  3. Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз?

  4. Сіз қандай емдеу тактикасын қолданасыз?

  5. Науқаста қандай синдром дамиды?




  • Науқас А., ер адам стационарға жол апатынан кейін жарақат алып 1 сағаттан соң ес-түссіз күйде жеткізілді. Есіне келгенде, есеңгіреп тұрды. Науқаста бас айналу, құсу, сезімталдықтың бұзылуы болды. Тексеру барысында тынысы жиілеген, тахикардия байқалады, пульс 95 рет минутына, АҚ 100/70 мм.сын.бағ. Басының шүйде бөлігінде пальпаторлы ісінген, ауырсынады, қан құйылу анықталады.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Науқасқа қандай анестезия жасау керек?

  3. Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз?

  4. Науқасты қай бөлімге жолдайсыз?

  5. Сіз қандай емдеу тактикасын қолданасыз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет