Алгоритм және бағдарламалау



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі40,29 Kb.
#66385
  1   2   3



Алгоритм және бағдарламалау
Алгоритм ұғымы ақпарат ұғымы сияқты информатика үшін де маңызды. Алгоритмнің көптеген анықтамалары бар, өйткені бұл ұғым өте кең және ғылымның, техниканың және күнделікті өмірдің әртүрлі салаларында қолданылады.Алгоритм – объектіні бастапқы күйден ақырғы күйіне дейін түрлендіру процесін сипаттайтын әрекеттердің анық және дәл реттілігі. “Алгоритм” ұғымы IX ғасырда (783 – 850 ж) ондық санау жүйесіндегі арифметикалық амалдарды орындау ережесін (алгоритмін) алғаш Хорезм қаласының тумасы Мұхаммед Мұса – ұлы атты араб математигінің есіміне байланысты негізі қаланған болатын.Ол өзінің “Арифметикалық трактат” деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған. Енді осы тақырыпқа байланысты мысал қарастырып көрейік:
Студент атану үшін алгоритмнің мынандай қадамдарын орындау керек!
1) Орта мектепті бітіріп, аттестат алу;
2) Керекті құжаттарды белгілі бір жоғарғы оқу орнына өткізу;
3) Қабылдау емтихандарын жоғары бағамен тапсыру;
4) Конкурстан өту!
Яғни, білім алушы өзінің алға қойған мақсатына жету үшін әрбір қадамды белгілі бір реттілікпен орындап отырды.Бұл көрсетілген пунктердің орынын ауыстыруға болмайды.Олар көрсетілген ретпен кезектесіп орындалуы тиіс.Сонда ғана керекті нәтижеге қол жеткізе алады.
Алгоритм – алға қойған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нұсқаулар тізбегі болып табылады. Алгоритмнің қасиеттерін қарастыратын болсақ, негізі алгоритмнің бес қасиеті бар. Олар: түсініктілігі, дискреттілігі, анықтылығы, нәтижелігі және жан – жақтылығы. Әрқайсысының анықтамасына тоқталатын болсақ: Түсініктілігі – атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті және жазылу түрі дәл, толық болуы тиіс. Дискреттілігі немесе үзіктілігі – алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Анықтылығы – алгоритмнің әрбір қадамы бірнеше болмай, дәл және бір мағыналы болуы керек. Нәтижелігі – алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешім әкелуі тиіс. Жан – жақтылығыалгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез – келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылады.
Алгоритмді жазу жолдарыныңда бірнеше түрлері бар:алгоритмдік тіл, блок – схема, программалау тілі. Алгоритмдік тіл дегеніміз белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазылуы. Блок – схема деп амалдар белгілі бір геометриялық фигуралармен өрнектелуі. Блок – схемалардың қызметі: 1)алгоритмнің басы мен соңы; 2)енгізу жіне шығару; 3)есептеу және меншіктеу; 4)шарт; 5)цикл( қайталау ); 6)байланыс сызықтары. Программалау тілі – Python. Есепті шығару кезінде осы программалау тілін қолданамыз. Мысал қарастырайық:
Екі санның қосындысын және айырымын есептейтін программа жазыңыз.


  1. san1 = 25 2) a = 12 san2 = 30 b = 20

c = a - b
print( san1 + san2 ) ----------------------------- print( c ) Run: 55 -------------------------------
Run: 32


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет