Алиакбарова Мафтуна жхб-011 Деңгейлік тапсырмалар



Дата07.01.2022
өлшемі26,83 Kb.
#20481

Алиакбарова Мафтуна ЖХБ-011

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Биология пәніне жалпы сипаттама



Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. 
2.Биология пәнінің даму тарихы

“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген.  1543 ж. бельгиялық ғалым А. Везалий “Адам денесінің құрылысы жайлы жеті кітап” атты еңбегін жарыққа шығарып, ғылыми анатомияның негізін қалады. 1670 ж. ағылшын ғалымы Дж. Рей “Өсімдіктер тарихы” атты еңбегінде 19 класқа топтастырылған 18 мың өсімдік түрлеріне сипаттама берді.
XVIII ғасырда швед ғалымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға бинарлық номенклатураны енгізді. 1865 ж. чех ғалымы Г.Мендель белгілердің тұқым қуалау заңдылығын ашты.
1900 ж. голланд ғалымы Де Фриз ғылымға “мутация” деген терминді енгізсе, американ ғалымы Т. Морган “Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты 
2-деңгей сұрақтары

1.Қазіргі кездегі биологиялық жаңалықтар мен ашылымдар Биология салалары

3- деңгей сұрақтары Заманауи эволюциялық ерекшеліктер Биологиялық ашылымдар және жаңа салалар
Жануарлардың жоғалуы мүмкін екендігі туралы хабардар болу

Денеден тыс өсетін алғашқы жасушалар

Гомеостаздың ашылуы

Бірінші фермент секрециясы

Алғашқы шарт - барлық өмірде ортақ аталар бар

Жасушаларды бояудың өнертабысы

Жасушалар теориясының дамуы

ДНҚ секвенциясы


Биология салалары
Альгология
 - балдырлар туралы ғылым.

Антропология - адамның шығу тегін, дамуын, нәсілдердің пайда болуын зерттейді.

Арахнология - өрмекшітектестерді зерттейтін ғылым.

Батрахология - қосмекенділерді зерттейтін ғылым.

Биогеографня - Жер бетінде турлердің таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Биоритмология - биологиялық ырғақ туралы ғылым.

Биосферология - биосфера туралы ғылым.

Биотехиология - тірі организмдер мен биологиялық процестерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану.

Бриология - мүктер туралы ғылым.

Валеология - салауатты өмір туралы ғылым.

Гельминтология - паразит құртгар туралы ғылым.

Гематология - канды және оның кұрамын зертгейтін ғылым.

Генетика - тұқым қуалаушылық пен озгергіштік туралы ғылым.

Генетикалық немесе ген инженернясы - генетика мен молекулалық биология негізіңде қалыптасқан ғылым, бұрын табигатта болмаган жаңа генетикалық бағдарламалар жасау.

Герантология - қарт адамдар мен ұзақ өмір сүру туралы ғылым.

Герпетология - бауырмен жоргалаушыларды зерттейтін ғылым.

Гинекология - аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін ғылым.

Гистология - ұлпалар туралы ғылым.

Дерматология - тері туралы ғылым.

Диалектика - қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары туралы ғылым.

Иммунология - организмнің қорғаныштық қасиеті туралы ғылым.

Ихтнология - балықтар туралы ғылым.

Кардиология - жүрек туралы ғылым.

Карцинология - шаянтекгестерді зертгейтін ғылым.

Кинология - иттердің мінез-құлқы туралы ғылым.

Лихенология - қыналар туралы ғылым.

Малакология - ұлуларды зерттейтін ғылым.

Маммалогия (терйология) - сүтқоректілер туралы ғылым.

Микология - саңырауқұлақтар туралы ғылым.

МикроБиология - микроағзалар туралы ғылым.

Миология - бұлшық еттер туралы ғылым.

Морфология - ағзаның сыртқы құрылысы туралы ғылым.

Невропатология - жұйке жүйесінің зақымдануы туралы ғылым.

Орнитология - құстар туралы ғылым.

Ортопедия - тірек-қимыл ауруларын зерттейтін және емдейтін ғылым.

Палеонтология - жойылып кеткен ағзалардың қалдықтары туралы ғылым.

Протозоология - қарапайымдарды зерттейтін ғылым.

Психология - әр адамның жеке қасиеттерін зерттейтін ғылым.

Стаматология - тіс туралы ғылым.

Урология - бүйрек, зәр шығару жүйесі туралы ғылым.

Фенология - табиғаттың маусымдық өзгерістерін зерттейтін ғылым.

Хронобиология - тірі организмдегі мерзімдік ырғақты зерттейтін ғылым.

Циогенетика – жасушалардағы хромосомаларды зерттейтін ғылым.

Цитология- жасуша туралы ғылым.

Экология - ағзалардың бір-бірімен және қоршаган ортамен байланысы туралы ғылым.

Эмбрнология - ұрықтың дамуы туралы ғылым.

Эндокринология - ішкі секреция бездері туралы ғылым.

Энтомология - бунақденелілер (насекомдар) туралы ғылым.

Этология - жануарлардын мінез-күлкын эерттейтін ғылым.

Эволюция – Жерде тіршілік пайда болуы мен дамуы туралы ғылым

Биологиялық жаңалықтар

  1. Антибиотик дәуірінің аяқталуы

  2. Өмірдің пайда болу уақытын нақтылады

  3. Құстардың жаңа түрінің пайда болуы

  4. Эволюция шексіз деп танылады

  5. Биоалуантүрлілік дағдарысының жаңа белгілері

  6. Ғалымдар естеліктерді іріктеп өшіруді үйренді

  7. Диета диабетті емдей алады

  8. Жақсы протездер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет