Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1-тоқсан. Бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі395 Kb.
#13482
  1   2   3   4   5

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

1-тоқсан. Бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»

Тапсырма №1. Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

«Тілдарын» мектепішілік байқауы Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында «Тiлдарын» байқауы өткiзілді.

Байқаудың өткiзiлу мақсаты – үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау болатын. Байқауға оқу тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Байқау: 1. Өзін-өзі таныстыру. «Тұсаукесерін» өткiзу; 2. «Үш тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру; 3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру; 4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.

Жеңімпаздарды анықтау барысында оқушылардың тiлдердi меңгеру деңгейiне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, жауаптың орамдылығы мен сапасына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгіне назар аударылды. Байқау жеңiмпаздары түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Әрине, тілді білу – халықты, тарихты білу. Тілді неғұрлым көп білсең, өмір жолың ашық, жарқын болмақ.

____________________________________________________________________________________________________

Тапсырма №2. Берілген тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасаңыз. Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.

Қонаққа бару, ерекше қасиет, сыйластық, құрмет, достық ықылас, сыйлық, дастарқан басында, өнеге, ортақ әңгіме, қонақ шақыру, дастарқан мәзірі, үй иесінің жайдары қабағы, рұқсат сұрау, қоштасу.

_____________________________________________________________________________________________________

Тапсырма №3. Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. - Балалар, аман ба? - депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сонда Сырым жолдасына дауыстап: - Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! - дейді. Малайсары жалт қарап: - «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», - деген, сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? - дейді. - Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым. - Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,- деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырып алған екен. Шешендік сөз (90 сөз)

______________________________________________________________________________________________________

Тапсырма №4. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің түрін анықтап, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет